Материалдар / "Жылуға толы жанұя" әлеуметтік жоба
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Жылуға толы жанұя" әлеуметтік жоба

Материал туралы қысқаша түсінік
Әлеуметтік жоба жұмысы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қараша 2020
293
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Б ілім беру ұйымының атауы мен мекен-жайы: Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы кенті № 121 орта мектебі, Қорқыт ата №62

Жоба авторының аты-жөні, лауазымы: Еленова Ақмарал Киікбайқызы, әлеуметтік педагог

Жобаның тақырыбы: «Жылуға толы жанұя»

Жобаның құрастырылған жылы: 2019-2020 оқу жылы

Түсінік хат: балалар мен отбасының әлеуметтік ортада бейімделуі, әлеуметтік ортада өз орнын дұрыс таба білуі, олардың құқықтық қорғалуы, үлкендер тарапынан зорлық – зомбылыққа ұшырамауы үшін әлеуметтік қолдау ұйымдастыру.

Бағыты: әлеуметтік

Жаңалығы, өзектілігі: баланың дамуына байланысты мұқтаждықтарды болдырмау, ата-анасының қамқорлық жасау қабілетін арттыру, баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік ортаға икемдеу, әл-ауқатын жақсарту.

Мақсаты: әрбір әлеуметтік қолдауға мұқтаж жанның әлеуметтік жағдайын, өзіндік ерекшелігін, микро ортасын, өмір сүру дағдысын, өмірге талпынысын анықтай отырып, баланың білім мен тәртібін қадағалап, жеке бас мүддесін, құқығын қорғауға алу.

Міндеті:

  • баланың тұлғалық дамуына жол ашу;

  • баланың құқықтары мен қызығушылықтарын қорғауға алу;

  • отбасына әлеуметтік көмек түрлерін көрсету;

  • салауатты өмір салтын ұйымдастыруына жағдай жасау;

  • әлеуметтік топтарда әлеуметтік үдерісіне бағыт сілтеу;

  • ата-аналарға әлеуметтік – педагогикалық кеңес беру.

Ерекшелігі: өмірдің қиын жағдайына тап болған балалармен ата-аналарға әлеуметтік көмек көрсету.


Күтілетін нәтиже:

  • әлеуметтік әрекеттер жоспарлы түрде ұйымдастырылады;

  • отбасы мүшелерінің құқықтық сауаттылығы артады;

  • балалардың қызығушылықтары есепке алына отырып қажеттіліктері орындалады;

  • отбасының әлеуметтік- педагогикалық сауаттылығы толықтырылады.

Әдіс - тәсілдері: лекция сабақ, кездесу сағаты, тренинг, құқықтық-әлеуметтік-психологиялық кеңес сағаттары, мәдени сағаттар.

Нормативтік бөлім: «Жылуға толы жанұя» жобасына арналған бағдарлама өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар мен отбасыларға арналған әлеуметтік қызмет түрлеріне лайықталып жасалған. Жоба 8 бөлімнен тұрады:

1.Әлеуметтік - тұрмыстық

2.Әлеуметтік - медициналық

3.Әлеуметтік- психологиялық

4.Әлеуметтік - педагогикалық

5.Әлеуметтік- еңбек

6.Әлеуметтік – мәдени

7.Әлеуметтік – құқықтық

8.Әлеуметтік - экономикалық



1. « Әлеуметтік – тұрмыстық» бөлімінде қайырымдылық көмек түрлері аясында азық-түлік, киім-кешекпен және жалпыға міндетті оқу қоры есебінен көмек түрлеріне ұсынуды көздейді.

2. «Әлеуметтік – медициналық» бөлімінде медициналық-санитарлық көмек түрлері қажеттіліктері орындалады.

3. «Әлеуметтік- психологиялық» бөлімінде психологиялық кеңес, психологиялық түзету, психологиялық тренингтер жүргізу.

4. «Әлеуметтік – педагогикалық» бөлімінде өзін – өзі ұстау дағдыларын үйрету,оқу құралдары мен оқу жабдықтарына қол жеткізу.

5. «Әлеуметтік- еңбек» бөлімінде қоғамдық пайдалы жұмыстармен айналысуына арналған жұмыстар жүргізу.

6. «Әлеуметтік – мәдени» бөлімінде бос уақытын тиімді ұйымдастыруда үйірмелерге қатыстыру.

7. «Әлеуметтік – құқықтық» бөлімінде арнайы әлеуметтік қызмет алуына және мүдделерін қорғау, заң аясында көмек беріп, қажетті құжаттарын әзірлеуге көмек көрсету.

8. «Әлеуметтік – экономикалық» бөлімінде жеңілдіктер мен жәрдемақыларға қол жеткізу мәселелерінің шешімін табуға көмек беру.



Пайдаланатын әдебиеттер:

1) «Өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға/отбасыларға арналған әлеуметтік қызметтер жолбасшысы» , 2018 жыл

2) «Жергілікті деңгейдегі әлеуметтік жұмыстағы кейс-менеджмент», 2012 жыл

3) «Мектептегі әлеуметтік педагогтыңқызметін ұйымдастыру және іс-қағаздарды жүргізу» әдістемелік нұсқаулық /А.К.Бөкешова, М.М. Раимбаева, Ж.Игілік /



«Жылуға толы жанұя» авторлық жоба

Р/с

Бөлімі

Тақырыбы

мерзімі

1




1.Әлеуметтік - тұрмыстық


Жалпыға міндетті оқу қоры есебінен:

- лагермен;

- ыстық тамақ;

- қыстық киіммен қамту.


тамыз

2

«Мектепке жол» акциясы аясында ұялы байланысқа бірлік салу.

Айына бір рет

3

«Қайырымдылық көмек»: азық-түлік, киім-кешекпен қамтамасыз ету.

Қыркүйек,

ақпан

4

2.Әлеуметтік - медициналық


Медициналық – санитарлық көмекке арналған нұсқаулық ұсыну.

Қазан


5





3.Әлеуметтік- психологиялық


Отбасына психологиялық кеңес, сауалнама

Айына бір рет

6

Шұғыл психологиялық көмек

Қажеттілігіне орай

7

Отбасына , балаға психологиялық түзету жұмыстарын жүргізу

Айына бір рет

8

Отбасы мүшелері арасында психологиялық тренинг ұйымдастыру

Айына бір рет

9



4.Әлеуметтік - педагогикалық


Қашықтықтан оқыту жағдайына орай оқу техникалық құралмен қамту.

Тамыз


10

Өзін – өзі ұстау, сауатылығын арттыру бағытында сабақтар өткізу.

Күн сайын

11

5.Әлеуметтік- еңбек


Отбасына пайдалы еңбек көмегімен айналысу

Бос уақытында

12



6.Әлеуметтік – мәдени


Қоғамдық жетекшісімен бірлікте үйірмеге қатысуы

Сәрсенбі, жұма

13

Отбасы мүшелерімен мәдени орындарға баруы

Қажеттіліктеріне орай

14



7.Әлеуметтік – құқықтық


Мектеп инспекторының отбасының құқықтық сауаттылығын артыруына арналған кеңес сағаты

Айына бір рет

15

Қажетті құжаттарды әзірлеуде әлеуметтік педагогпен кеңес

Қажеттілігіне орай

16

8.Әлеуметтік - экономикалық


Атаулы әлеуметтік көмек, жәрдемақы және де басқа мәселелердің шешімін табу.

Қажеттілігіне орай





Мазмұны:

Әлеуметтік педагогтың «Жылуға толы жанұя» жобасын құрып жұмыс жасауына өмірдің қиын жағдайына тап болған балалар мен отбасылар себеп болуда.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!