400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ЖЫЛЫЖАЙ ЖАҒДАЙЫНДА ӨСІМДІКТЕР ӨСІРУДІҢ АГРОТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттердің технологиялық практикадан өтуіне
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЖЫЛЫЖАЙ ЖАҒДАЙЫНДА ӨСІМДІКТЕР ӨСІРУДІҢ АГРОТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ

Авторы:Қаппарова Салтанат Саматқызы

ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖ ., ТАРАЗ , ҚАЗАҚСТАН

Жылыжай қиярының жоғары және сапалы өнімін алу үшін барлық кешенді шараларды өз уақтында жоғары деңгейде жүргізу керек. Барлық агротехнологиялық күтіп-баптау шараларын дұрыс сақтау кезінде ғана өсімдікті суару, тыңайтқыш, қорғау және т.б. сияқты шараларға қосымша шығындарды төмендетіп, өндірістің пайдалылығын жоғарылатуға болады. Сондықтан жылыжай жағдайында қиярдың жоғары өнімін алу үшін өсімдіктерді кешенді технологиялармен өсіру – ең маңызды компонент. Бұл технологияларға әртүрлі негізделген топырақ-субстраттарын қолдану, топырақтың қолайлы ауа және су режимдерін жасау, органикалық және минералдық тыңайтқыштардың үйлестірілген мөлшерлерін беру, өсімдіктерді егу және түптерін қалыптастырудың қолайлы сұлбаларын жасау кіреді. Сондай-ақ, зиянкестер, аурулармен және арам шөптермен күресуде негізгі агротехникалық шаралардың бірі - ауыспалы егістерді меңгеру және енгізу.

Басқа көкөніс дақылдары сияқты қияр өсімдігінің өнімділігіне тұқымдарды себу мерзімдері мен көшеттерді отырғызу үлкен әсер етеді. Қиярдың барлық будандары мен сорттары үшін себу және отырғызу мерзімдері бойынша жалпыланған мәліметтер бар. Зерттеушілер қиярды себу және отырғызудың қолайлы мерзімдері сорттың ерекшелігі мен жарық аймағының жарықтылық жағдайларымен анықталады деп есептейді. Олар үшінші жарық аймағы үшін, бірінші кезекте, ұзын жемісті будандарды, ал қысқа жемістілерді 7-10 күнге кейіндеу себуді ұсынады. Өйткені олар төмендетілген жарықтылыққа сезімтал болып келеді. Отырғызу қиярдың өнімділігі мен сапасына тығыздығы өте үлкен әсер етеді. Қияр жарықсүйгіш дақыл бoлғандықтан, өсімдікті тығыз отырғызбау керек. Бұл жарық режимінің нашарлауына алып келеді. Жүйектерде өсімдіктің қатар аралығы 30-40 см болу керек.

Жылыжайда өсімдіктерді тығыз отырғызса, аурулардың тез таралуына алып келіп, өсімдіктер шіри бастайды. Бұл туралы көптеген ой-пікірлер бар.

Көптеген ғалымдар отырғызу тығыздығы сорттан, жарықтан, сондай-ақ топырақтың қоректену жағдайына байланысты деп тұжырымдайды. Мысалы, В.А. Уклюдованың пікірінше, қиярдың партенокарпиялық будандарын 160 см жүйекте, өсімдіктердің қатар аралығы 40-50 см болуы тиіс. Д.И. Нацетов екі тармақты ленталармен, қатар аралығын 65-70 см, өсімдіктер арасын 25-35 см етіп отырғызуды ұсынды. Оның ойынша, шпалерлік дақылда өсімдіктің шамадан тыс тығыз орналасуы өте қауіпті, себебі олар көлеңкелеуге алып келеді. Осының нәтижесінде, төменгі жапырақтары мерзімінен бұрын өліп, бүйір өркендері мен түйіндері нашар қалыптасады.

Қияр өсімдігі жылуды талап етеді. 20º С температурадан төмен болған кезде, барлық даму кезеңдері ұзаққа созылады, ал 10º С температурада өсу тоқталып, 0º С-та қиярдың барлық сорттары өледі. Қияр көленкелі жағдайда әлсіз өсуі мүмкін, бірақ толық жарықта оның өнімділігі артады. Қысқа күнгі өсімдікті ұзақ күнде өсіру кезінде оның жеміс беруі айтарлықтай кейіндейді .

Жоғары өнім алудың негізгі алғышарттарының бірі - қиярдың өсуі мен дамуы үшін қолайлы жағдай жасау. Қиярдың өсу үрдістері алғашында қарқынды жүреді, ол үшін температура жоғары болу керек. Қолайлы температура өсімдік жасының ұлғаюына әсер етеді.. Түнгі температура қиярдың өсуі мен жеміс беруіне едәуір ықпал жасайды: күндіз жиналған температурадан жоғары болған сайын, фотосинтез өнімдері тез таралады. Қиярлардың тезірек пісуі үшін түнгі температураның 21-23º С дейін көтерілуі тиімді. Алайда бұл жағдайда өсімдіктер тез қартаяды. Түнде жоғары температуралардың ұзаққа созылуы (жеміс берудің 2-3 аптадан өте) өсімдіктерді әлсіретеді. Жаңа бүйір өркендері нашар дамып, түйіндерінің айтарлықтай бөлігі қурап, стандартты емес жемістерінің бөлігі арта түседі. Сондықтан жеміс беру ұзақтығын қамтамасыз ету үшін өсімдік қалпына келетіндей, 7-10 күнге түнгі температураны 16-18º С дейін төмендету керек. Мұндай температуралардың жоспарлық алмасуы өсімдіктерден, біріншіден, негізгі өркендерінен, содан кейін бүйірлерінен барынша мол өнім жинап алуға мүмкіндік береді. Ауа температурасы 25° С жоғарлауынан, аталық гүлдерінің саны ұлғая түседі. Ал 20° С төмендеткен кезде, аналық гүлдерінің саны көбейеді. Сондықтан, жылыжайда ауа температурасын реттей отырып, қиярдың өнімділігін айтарлықтай мөлшерде жоғарлатуға болады.

Жылыжайда қиярдың өсуіне әсер ететін негізгі факторға топырақ пен ауа ылғалдылығы және суару жүйесі жатады. А.Г. Матвиец және А.А. Матвиецтің көпжылдық зерттеулерінің мәліметтері бойынша, нақты ауа-райы жағдайы мен өнімділікке байланысты 1 ц өнімді қалыптастыруға 10-20 су қажет. Транспирациялық коэффициент жыл мезгіліне байланысты 300-ден 500 шамасында ауытқып, басқа жылусүйгіш дақылдармен салыстырғанда өте жоғары болып табылады. Өсімдіктің ылғалға талабы жоғары, ең алдымен терең емес орналасқан түптері және олардың сору қабілеттілігі әлсіз, сондай-ақ жоғары өнімді қалыптастыратын қысқа вегетациялық кезеңіне байланысты түсіндіріледі. Одан басқа қиярдың тамыр жүйесі әлсіз болып келеді. Топырақтың негізі жыртылатын жоғары қабатында (0-20 см) ылғал қоры тұрақсыз болады. Сол себепті топырақта ылғалдың жетіспеушілігінен жапырақтары сола бастайды, өсімдіктің өсуі тоқтап, олардың өнімділігі едәуір азаяды. Жылыжай жағдайында қияр үшін ең аз ылғал сыйымдылығынан қолайлы ауа ылғалдылығы - 80-90%, топырақтың 70-80% болу керек.

Тараз инновациялық көпсалалы колледжінің «Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафт құрылысы» мамандығының 2 курс студенттері Р.Әбілханов, Т.Тотанов, Т.Жатқанбаев, Б.Биболсын, Н.Тұрғынбеков, Б.Боранбаев, Е. Русланұлы, Е.Биболат жылыжай жағдайында қиярды өсірудің негізгі технологиясына сүйене отырып, обылыстық қатынас жағдайында жылыжай өнімін өндіруші әрбір студенттер құрамы бір шаршы метр ауданнан жоғары өнім алуға көңіл аударып, өз мақсаттарына жету үшін барлық тиісті агротехникалық шараларды пайдалануда.

Жылыжай қияры дақылында зерттелген будандар, тыңайтқыш, биоәдіс, агрономиялық шаралардың тиімділігіне экономикалық талдау жасау үшін келесі көрсеткіштер ескерілді:

- отандық селекциясы жылыжай қиярының жаңа будандарын өсіруден жемістерінің қосымша өнімі;

- әртүрлі топырақ субстраттарын және минералдық тыңайтқыштардың түрлері мен нормаларын пайдаланудан алынған қиярдың қосымша өнімі;

- дақылдың зиянкестеріне қарсы инсектицидтер мен биоагенттерді (энтомофагтар) пайдаланудан қиярдың сақталған өнімі;

- жылыжай қияры өніміне орташа көтерме сауда бағалары (орташа маусымдық, баға ауытқуын есепке алусыз);

- жылыжай қиярының сақталған және қосымша өнімінің құны (таза табыс);

- қияр зиянкестерінен сақталған (биоагенттерді пайдалану есебінен) өнімді жинау және сату шығындары;

- қиярдың қосымша алынған өнімдерін жинау және сату шығындары (жаңа будандар мен тыңайтқыштарды пайдалану есебінен);

- биоагенттер мен тыңайтқыштарды сатып алу мен пайдалану шығындары;

- жылыжайда биоәдіс пен тыңайтқышты пайдаланудан таза табыс (таза пайда);

- жылыжайда биоагенттер мен тыңайтқыштарды пайдалану тиімділігі.

Бұдан басқа, көкөніс өнімін арттыратын, өнімділігі жоғары будандар мен жаңа агротехнологияларды пайдалануда. Сондықтан «Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафт құрылысы» мамандығының 2 курс студенттері жылыжай көкөніс өндірісінде шығындарды азайту үшін зиянкестерден қорғауда озық тәсілдерді пайдаланып, сорттар (будандар) мен сорттық агротехнологияларды жасау және енгізу маңызды мақсаттарының бірі болып отыр.



Аннотация

Қазақстанда жылыжай жағдайында қиярдың жоғары өнімін алу үшін өсімдіктерді кешенді технологиялармен өсіруді қамтамасыз ету керек. Бұл технологияларға әртүрлі негізделген топырақ-субстраттарын қолдану, топырақтың қолайлы ауа және су режимдерін жасау, органикалық және минералдық тыңайтқыштардың үйлестірілген мөлшерлерін беру, өсімдіктерді егу және түптерін қалыптастырудың қолайлы сұлбаларын жасау кіреді. Сондай-ақ, зиянкестер, аурулармен және арамшөптермен күресуде негізгі агротехникалық шаралардың бірі, ауыспалы егістерді менгеру және енгізу болып табылады.







Пайдаланған әдебиеттер:

1 Юсупов Ш.Б. Инновациялық негіздегі жылыжай. Әдістемелік топтама. 2011ж

2 Қарлыға Е.Е. Қазіргі уақытта жылыжайлардың маңыздылығы. Жаршы 2010/5 басылым

3 Абдуллаев С.А. Тамшылатып суғару технологиясы. Оқу құралы -2004ж





































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 қазан
755
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі