400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия

Материал туралы қысқаша түсінік
Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жылу құбылыстары
Сабақ тақырыбы: Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 8. 3. 1. 1 – Молекула - кинетикалық теорияның негізгі қағидаларын дәлелдейтін мысалдар келтіру және тәжірибені сипаттау.
Сабақ мақсаттары Оқушылар білуі тиіс:
• Броун тәжірибесін сипаттау;
• молекулардың үздіксіз қозғалыста болуының дәлелі броундық қозғалыс екенін түсіндіре білу;
• диффузия құбылысын МКТ қағидалары негізінде түсіндіру.
Бағалау критерийлері 1. Броун тәжірибесін сипаттайды;
2. молекулардың үздіксіз қозғалыста болуының дәлелі броундық қозғалыс екенін түсіндіре алады;
3. диффузия құбылысын МКТ қағидалары негізінде түсіндіре алады.

Сабақтың басы
1. 7. 4. 1. 2 "Заттар атомдар мен молекулалардан түзілетінін білу" оқу мақсаты бойынша 7 сыныпта химия пәнінен алған білімдерін еске түсіреді. Заттың құрылысын еске түсіру мақсатында видео көрсетіледі.
Оқушылар МКТ негізгі үш қағидасын тұжырымдайды:
• Барлық денелер микробөлшектерден (атомдардан немесе молекулалардан) тұрады.
• Дене бөлшектері үздіксіз бей - берекет қозғалыста болады.
• Ол бөлшектер өзара әрекеттеседі, бір - біріне тартылады немесе бір - бірінен тебіледі.
Бағалау критерийлері:
Заттың құрылысын дұрыс сипаттайды.
МКТ негізгі үш қағидасын дұрыс тұжырымдайды.
Мұғалім кері байланыс жасай отырып, толықтырулар енгізеді.
2. Ой қозғау.
Неліктен әтір иісі бөлмеге тез тарайды? Оқушылар бірнеше себеп айтуы мүмкін. Әтір немесе басқа заттардың иісінің таралуы зат бөлшектерінің қозғалыста болуының бірден - бір дәлелі екенін мұғалім түсіндіреді.
3. Мақсатты болжау. Оқушылармен бірге сабақ мақсаты анықталады:
• Броун тәжірибесін сипаттау;
• молекулалардың үздіксіз қозғалыста болуының дәлелі броундық қозғалыс екенін түсіндіре білу;
• диффузия құбылысын МКТ қағидалары негізінде түсіндіру.

Сабақтың ортасы
4. Түсіндіру.
а) Мұғалім Броундық қозғалысқа
видео фрагмент көрсетеді, содан соң оқушыларға сұрақтар жазылған парақшалар беріледі.
1. Зат бөлшектерінің қозғалысы неден тәуелді?
2. Броундық қозғалыстың себептері қандай?
3. Броундық қозғалыс теориясын қашан және кім құрды?
Мұғалім кері байланыс жасай отырып, броундық қозғалысты түсіндіреді.
b) Мұғалім Диффузия құбылысына видео фрагмент көрсетеді. Оқушылар диффузия құбылысы қандай ортада жүретінін және неліктен жылдам немесе баяу жүретіні жайлы ақпарат алады

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
27.03.2019
658
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі