400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жылулық қозғалыс,Броундық қозғалыс,диффузия

Материал туралы қысқаша түсінік
8 сыныптың физика пәнінің мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: физика

Күні:.

Мұғалімнің аты жөні: Уруунбеков,Т

Бөлімі:

Жылу құбылыстары


Сынып: 8

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы:

Жылулық қозғалыс, броундық қозғалыс, диффузия

Осы сабақта жүзеге асатын оқу мақсаты (оқу жоспарына сілтемесі)

8.3.1.1 – Молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидаларын дәлелдейтін мысалдар келтіру және тәжірибені сипаттау

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: Молекула-кинетикалық теорияның негізгі

қағидаларын білу.

Оқушылардың басым бөлігі: Молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидаларын дәлелдейтін мысалдар келтіру

Кейбір оқушылар: Молекула-кинетикалық теорияның негізгі

қағидаларына тәжірибе көрсету

Бағалау критерийі

  1. Молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидаларын біледі

  2. Молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидаларын дәлелдейтін мысалдар келтіреді.

  3. Молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидаларына тәжірибе көрсетеді

Тілдік мақсаттар

Арнайы пәндік лексика мен терминология:

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Ауа

Воздух

Air

Күн

Солнце

Sun

Қозғалыс

Движение

Motion



Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» ұлттық идеясы: Жалпыға бірдей еңбек қоғамы еңбекке,шығармашылық өсуіне, ортамен ынмақтастық қатынас орнатып, өмір бойы білім алуына баулу.

Пән аралық байланыс

Информатика- ғаламтор желісінде ақпарат жинақтау, АКТ ны пайдалану

Химия – химиялық реакцияларды дәлелдейді

Алдыңғы білім

7 сынып

Атомдар мен молекулалар. Заттардың молекулалық құрылысы

Молекулалардың қозғалысы. Диффузия.

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған қызмет (іс-әрекет)

Ресурстар

Сабақтың басы

8 минут

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, сынып тазалығына мән беріп, оқу құралдарын тексеру.

Ынтымақтастықтың атмосферасын қалыптастыру мақсатында «Шаттық шеңберін» құру. Жылулық шеңберінде балалар бір-бірілеріне жылы лебіз білдіріп,сәттілік тілейді.







Жасырын жатқан жұмбақ парақшалары










«Миға шабуыл» әдісі бойынша сабақтың тақырыбын анықтаймыз. (жұмбақтың шешімін тауып, орыс, ағылшын тіліне аударып топтарға біріктіру)

Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.

(ауа, воздух, air)

Жұрттың бәрі соны сүйеді,

Бірақ қарағысы келмейді.

(күн, солнце, sun)

Жылдамдық сипаттар шапшаңдықты,

Тағы да бір белгісіз шама шықты.

(қозғалыс, движение, motion)


I топ. Air

II топ. Sun

III топ. Motion

Қалыптастырушы бағалау



Сабақтың ортасы

27 минут


«Ой қозғау» әдісі арқылы жаңа сабақ түсіндіру

Молекулалардың ретсіз қозғалысын жылулық қозғалыс деп атаймыз.

Диффузия – бір заттың молекулаларының екінші заттың молекулаларалық кеңістігіне еніп кетуі.

Диффузия сұйықтарда, газдарда, сұйықтарда және қатты денелерде жүреді.(видеофрагмент көрсетіліп, тәжірибелер жасалады).

Диффузия құбылысынан мынадай қорытынды туады: денелерді құрайтын бөлшектер бір-бірінен белгілі бір қашықтықта орналасады және үздіксіз қозғалыста болады. Сөйтіп, дене  көлемінің үлкен бөлігін бос кеңістік алып  тұрады.

Броундық қозғалыс – сұйықта немесе газда қалқып жүрген қандай да бір қатты заттың өте ұсақ бөлшектерінің сұйық немесе газ молекулаларының соққыларының әрекетінен бейберекет қозғалуы.

(G). Жаңа сабақты меңгерту мақсатында «Айнамалы бекет» әдісі арқылы топта ізденуге тапсырма беремін.


I топ.

Заттың құрылысы жөнінде не білесіндер?

II топ.

Қандай тәжірибелер молекулалардын қозғалысын дәлелдейді? Осы қозғалыстың сипаты қандай?

III топ.

Қандай тәжірибелер молекулалар арасындағы өзара әсерлесуді дәлелдейді?

Критерий

Дескриптор

Белгі

1

  1. Заттың құрылысы жөнінде біледі.

Shape1



2


1.Өмірден мысал келтіреді

2.Диффузия құбылысыныңзияндығына мысалдар келтіреді

Shape2 Shape3

3

1. Қандай тәжірибелер

молекулалардын қозғалысын дәлелдейді айтады

2.Қандай тәжірибелер молекулалар арасындағы өзара әсерлесуді дәлелдейтінін түсіндіреді

Shape5 Shape4




(Е.) Тапсырмаларды күрделендіру мақсатында «Зерттеу» әдісі арқылы тәжірибе жасауға тапсырма беремін.

Эксперименттік тапсырма. Диффузия және сұйықтағы броундық қозғалысты бақылау.

  1. Микроскопты жұмысқа дайындаңдар.

  2. Шыныны үстелшеге орналастырыңдар.

  3. Шыныға су тамызыңдар.

  4. Осы су тамшысына аз мөлшерде графит ұнтағын себіңдер. Шыныдағы араласқан қоспаның бетін арнаулы әйнекпен жабыңдар.

  5. Микроскоп тубусын дайындалған шыныға бұрып, жүріп жатқан процестің анық кескінін алыңдар.

  6. Броундық қозғалысты бақылау нәтижесі бойынша қалықтаған графит бөлшегінің әрбір 30 секундтағы қозғалысының орнын белгілей отырып, сызба нұсқасын салыңдар.

  7. Графит бөлшектерімен не болатынын сипаттап айтып беріңдер.

Көргенін сипаттау.




Критери

Дескриптор

Белгі

3

1.Микроскоп арқылы тәжірибе

жасайды.

  1. Броундық қозғалысты бақылау нәтижесі бойынша сызба нұсқасын салады.

  2. Графит бөлшектерімен не болатынын сипаттап айтып береді.


Shape6


Shape7 Shape8

Қалыптастырушы бағалау




( W. ) Тақырыпты жинақтау мақсатында «Кім жылдам» әдісін қолданамын (деңгейлік тапсырма).

●Shape9 Shape10

А

 Дененің бір молекуласы туралы не білесіз?

● Молекулалардың ретсіз қозғалысын неліктен

жылулық қозғалыс деп атайды?

●Shape12 Shape11

В

 Жылу құбылысына мысалдар келтіру

● Диффузия құбылысына мысалдар келтіру

●Shape14 Shape13

С

 Броундық қозғалыстың себебі неде?

● Диффузия құбылысы нені білдіреді?


Критерий

Дескриптор:


белгі

А

  1. Молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидаларын біледі

●Дененің бір молекуласы туралы біледі

*

● Молекулалардың ретсіз қозғалысын атайды

*

В

  1. Молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидаларын дәлелдейтін мысалдар келтіреді.

● Жылу құбылысына мысалдар келтіреді

* *

● Диффузия құбылысына мысалдар келтіреді

**

С

3. Молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидаларына тәжірибе көрсетеді

● Броундық қозғалыстың себебі зерттеу барысында біледі.

***

● Жылулық құбылыс заңдылықтарын өмірде қолдана алады

***





















Сабақтың соңы

5 мин

Кері байланыс


« Білім ағашы» стикерлер

Үйге тапсырма

Жылулық қозғалыс, броундық қозғалыс, диффузия

тақырыбын оқу.

Диффузия құбылысына тәжірибие жасау.


Саралау – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

СБлок-схема: узел 1 Блок-схема: узел 2 Блок-схема: узел 3 Блок-схема: узел 4 Блок-схема: узел 5 Блок-схема: узел 6 Блок-схема: узел 7 Блок-схема: узел 8 Блок-схема: узел 9 Блок-схема: узел 10 абақ барысында оқушылардың алдыңғы материалдар бойынша білімін тексеру мақсатында «Жылулық сезім» әдісі пайдаланылды. Бұл әдіс оқушылардың теориялық сұрақтарды бағалауға, тілдік мақсаттардың орындалуына көмек береді және оқушыларды өз еркімен сөйлеуге итермелейді.Сабақ басында «Миға шабуыл » әдісі бойынша оқушылар өмірмен байланысты сұрақтарға жауап бере отырып, жаңа тақырыпты өздері ашады. «Айнамалы бекет» әдісі арқылы топта ізденугежәне ұйымшылдыққа тәрбиелену. «Зерттеу» әдісі арқылы тәжірибе жасау барысында өмірде қолдана алады. «Кім жылдам» әдісін қолдану барысында шапшаңдықа үйренеді



Деңгейлік тапсырма беру барысында критерий, дескриптор арқылы бағаланды.

смайликтер, басбармақ арқылы.

Тәжірибе жұмысын жасау кезіндегі қауіпсіздік техникасының сақталуын қадағалау.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
1 қараша
478
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі