400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Жылулық толы жүректе

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілері мен психологтарына
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тараз қаласы. №36 «Бүлдіршін» бөбекжай-бақшасы.

Марат Ләйлә Маратқызы, Психолог


Оқу қызметі: Психология

Тақырыбы: «Жылулық толы жүректе»

Мақсаты :
Баланың дамуына, психологиялық  тұрғыдан дені сау жеке  тұлға болып қалыптасуына жағымды қарым-қатынас орнату. Балалардың көңіл-күйлерін көтеру, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу, құрбыларының алдында өзін еркін ұстауға үйрету.

Әдіс тәсілдер: Көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап,ойын

Құрал-жабдықтар :Слайд,аңдардың суреттері.

Іс-әрекет

бөлімдері

Психологтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық оятушылық

Шаттық шеңбері

Аспан түрді түндігін

Жерге сәуле шашылды.

Неткен ашық күн бүгін,

Қайырлы таң,қайырлы!

Сәлемдесу үлкенмен Тәрбиенің басы ғой,

Ал,қанекей бәріміз.

Сәлем дейік үлкенге.


Балалар шеңберге тұрып,психологпен бірге өлең жолдарын айтады.

Ұйымдастырушылық кезең

Психологиялық сәт.

-Балалар,бүгін сендердің балабақшаға келген көңіл-күйлерің қандай?Мен соны білгім келіп тұр.

-Балалар,сендер тағы қандай көңіл күй түрлерін білесіңдер?

-Сендер ренжігендеріңді қалай көрсетесіңдер?

-Қорыққандарыңды ше?

-Таңқалғандарыңды ше?

Қуанғанда,көңілді болғанда ше?

Балалар, сендердің көңіл-күйлеріңді білдім.Әрқашан күліп,қуанышты болып жүріңдер.


Енді орнымызға жайғасайық.

Ерте,ерте,ертеде бір орманда қоян көжегімен өмір сүріпті.

Бақтар гүлдеп,құстар сайрап,көкте тырналар ұшып барады екен.Алыста сылдырап аққан бұлақтың ерке үні естіледі.Қоян мен көжегі орманда күнде серуендейді екен. Тамаша табиғатты тамашалап жүріп, көжек анасынан адасып қалады.

Көжек ары-бері жүгіріп анасын іздейді.

Көжектің көңіл-күйі түсіп жылап келе жатса алдынан мыршай,қонжық,кірпі шығады.

Олар:-Көжек ,саған не болды дейді?

-Көжек:-Мен анамнан адасып қалдым, деп жылайды.

-Кірпі:жылама көжек мен сенің үйіңді білемін,сені үйіңе апарамыз,- дейді.

Олар көжектің көңілін көтермекші болады.

Мыршай:- көжек кел, кішкене ойнап алайық сен көңіліңді көтер, сенің жылап тұрғаныңды анаң көрсе көңілі бұзылар.

Сөйтіп, олар ойнап,көжектің көңілін көтеріп үйіне анасына апарады.Қоян көжегімен табысып қуанып қалады.

Қоян қуанып,көжектің достарын дастарханға шақырады.

-Балалар:

-Кішкентай көжек анасынан адасып қалғанда қандай көңіл күйде болды?

-Достары көжектің көңілін қалай көтерді?

Қандай жағдайда болмасын,қай уақытта болсын қуантуға бола ма?

Сергіту сәті: «Көңілді күн»










Осы жақсы көңіл-күймен

қазір бір-бірімізге жақсы көңіл күй сыйлау үшін,бәріміз

бір-бірімізге сыйлық жасаймыз.(тұзды қамырдан

әр түрлі заттар жасайды)



.

Балалар көңіл күйдің түрлерін айтады .



Қандай көңіл күймен келгендерін айтады.

Балалар түрлі көңіл-күйлерге байланысты іс-әрекеттер жасайды.


Балалар орындарына жайғасады.
































Балалардың жауабы.


Сергіту сәтін орындайды.



Балалар тұзды қамырдан әр түрлі заттар жасайды,бір-біріне сыйлайды.





Рефлексия.

Балалар,бүгінгі оқу іс-әрекетіне қатысты көңіл-күйлеріңді сезім белгілерімен белгілеулеріңізді сұраймын.Кім қандай сезім-белгісін,неге таңдағанын айтқызу.

-Күлімдеу,адамдарға қуаныш сыйлай білу-өзің де,олардың да өмірін,жасын ұзартып,денсаулығын жақсартады.Барлық адамдармен күліп амандасу,үнемі ақжарқын жүру,мүмкіншілігінше айналаңа қуаныш сыйлау-асыл қасиет.



Балалардың жауаптары

Күтілетін нәтиже:адамгершілік

Нені білу керек:жақсы көңіл күйде жүру керектігін білді

Нені игерді:Ойындарды ойнай білді

Педагог- психолог: Марат Л.М.























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 ақпан
456
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі