400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жылықанды жануарлардың тұрақты температураны сақтауындағы терінің рөлі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың материалы биология пәнінің мұғалімдеріне арналған, биология пәнінің мұғалімдеріне әдістемелік көмек болады деп сенемін.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қысқа мерзімді жоспар


Мектеп: № 15 мектеп - гимназиясы

Күні: 14.03.2019

Мұғалімнің аты-жөні: Толкимбекова Шынар Керимбековна

Сынып: 8 - А

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жылықанды жануарлардың тұрақты температураны сақтауындағы терінің рөлі. Температураға сезімталдық. Терморецепторлардың температураның өзгеруіне бейімделуі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.7.8 – жылықанды жануарлардың дене температурасын сақтаудағы терінің рөлін сипаттау

Сабақ

мақсаттары

Оқушылар:

-мәтінді оқып, мазмұнын түсінеді, жылу реттеу ұғымының мәнін ашады;

-терідегі жылу реттеу жолдарымен танысады, талқылайды:

-жылу реттеудің түрлерін анықтайды, салыстырады, ерекшелігін талдайды.;

-шынығудың ағза үшін маңызына баға береді.

Бағалау

критерийлері

Оқушылар:

-жылу реттелу ұғымын түсіндіреді.

-күн суықта және күн ыстықта терідегі жылу реттелу жолдарын мысалмен дәлелдейді.

-жылу реттелудің екі үдерісін салыстырады, ерекшеліктерін айқындайды.

- адам үшін шынығудың маңызын болжайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Оқытудың тілдік мақсаты :

Сабақ барысында пән мазмұнының ұғымдaрын қолдануға қажетті айтылым – жазылымға сәйкес жұмыс тілін қалыптаcтыру (мысалы: топтық жұмыстар, сұрақты дұрыс қоя білу, жағдайды талдау және пікірталас жүргізу үшін қажетті тіркестер).

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Жылу реттелу, шынығу, термоадаптация, жылуға сезімталдық, жылу беру,

жылу өндіру

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

1.Көрпені адам жылытады ма, әлде көрпе адамды жылытады ма? Не себепті көрпе жамыламыз?

2.Неліктен суға түсіп шыққаннан кейін суықты сезінеміз? Ол суықты сезінуіміз жел тұрғанда күшейе түсетіні неліктен?

Құндылықтарды

дарыту

Өзара пікір алмаса отырып, бір - бірлерінің ойларын бағалап, жауапкершілікті сезіну, өзара сыйластықпен бір командада жұмыс жасау. Құндылықтарды дарыту жұптық және топтық жұмыстар арқылы жүзеге асырылады.

Пәнаралық

байланыстар

Ағылшын тілінде терминдерді кіргізу және қысқа мәтіндермен жұмыс. Оқушыларға алған биологиялық білім мен дағдыларды физика пәнінде, практикада қолдану арқылы ғылыми дүниетанымның қалыптасуына ықпал етеді.

АКТ қолдану

дағдылары

Интербелсенді тақтаны қолдану дағдыларын жетілдіру.

Бастапқы білім

Графикалық диктант

«иә» –, «жоқ», ^ белгілерімен көрсетеді.

1.Ауруды сезетін рецепторлар ноцицепторлар деп аталады.

2.Қысымды сезетін рецепторлар теріде біркелкі орналасады.

3.Теріде жылуды сезетін рецепторлар саны суықты сезетін рецепторлардан көбірек болады.

4.Механикалық рецепторлар көздері көрмейтін адамдар үшін өте қажет.

5.Кейде тері дыбыс толқындарын да сезеді.

6.Теріде кездесетін рецепторлар басқа жерде мүлдем болмайды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы



Ұйымдастыру кезеңі.


Үйге берілген тапсырма тексеріледі:

Графикалық диктант

«иә» –, «жоқ», ^ белгілерімен көрсетеді.

1.Ауруды сезетін рецепторлар ноцицепторлар деп аталады.

2.Қысымды сезетін рецепторлар теріде біркелкі орналасады.

3.Теріде жылуды сезетін рецепторлар саны суықты сезетін рецепторлардан көбірек болады.

4.Механикалық рецепторлар көздері көрмейтін адамдар үшін өте қажет.

5.Кейде тері дыбыс толқындарын да сезеді.

6.Теріде кездесетін рецепторлар басқа жерде мүлдем болмайды.

Түстер арқылы топқа бөлу





Жеке жұмыс

Графикалық диктант



Сабақтың ортасы



















Жаңа білім:

1.Сабақ мақсатымен және бағалау критерийлерімен таныстыру.

2.Жаңа термин сөздермен жұмыс.

3.Топтық жұмыс. Топта жұмыс жасай отырып жаңа материалды түсіндіру, бірлескен оқу.

Олай болса үш топқа тапсырма үлестіріп беремін. Сол бойынша топта дайындаламыз. Ойымызды постерге түсіреміз және топ бойынша қорғаймыз.

I топқа: Жылу реттеу

II топқа: Жылу реттеудің механизмі

III топқа: Шынығу

Дескрипторлар:

-Жылу реттелу ұғымын түсіндіреді.

-Күн суықта және күн ыстықта терідегі жылу реттелу жолдарын мысалмен дәлелдейді.

-Жылу реттелудің екі үдерісін салыстырады, ерекшеліктерін айқындайды.

-Адам үшін шынығудың маңызын болжайды.

Кері байланыс: Үш шапалақ.

Bilim lаnd сайты




Сабақтың соңы



Сабақты қорытындылау.

Оқушылар сабақ соңында өз ойтолғаныстарын білдіру арқылы бүгінгі тақырып бойынша рефлексия жасап, өздерінің қандай көңіл – күйде екенін анықтайды.


Үйге тапсырма беру: §44 оқу.



Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Саралаудың диалог және қолдау көрсету тәсілдері:

-не түсініксіз?

-қандай сұрағың бар?

-қандай көмек қажет?

сұрақтарына жауап алу арқылы орындалады;

Саралаудың қорытынды тәсілі қалыптастырушы бағалауды орындауда жүзеге асады;

Саралаудың дереккөздер тәсілі ИТ арқылы Bilim lend сайты мен оқулық материалымен танысу барысында орындалады.

Ашық сұрақтарға жауап алу, жеке жұмыста бірін- өзін өзі бағалау, жұптар арсында бағалау, мұғалімнің шолуы, дескриптор арқылы . Әр жұмыстан кейін кері байланыс жасап отыру.

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жасайды.


Дұрыс отыруын қадағалау, жұмыстану кезінде емін - еркін қозғалыста болу.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 наурыз
979
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі