жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жылытқыш құралдар
Пән: жаратылыстану ҰМЖ бөлімі: Табиғат физикасы: Күні: Сынып: 1
|
Мектеп: Қант зауыты ОМ Мұғалім: Мошанова А.Б. Қатысқан оқушылар саны: Қатыспаған оқушылар саны: |
||
Сабақтың тақырыбы:
|
Жылытқыш құралдар
|
||
Осы сабаққа қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.5.4.1 жылыту жабдықтары мен құрылғыларын анықтау
|
||
Сабақтың мақсаттары:
|
Барлық оқушылар: жылытуға арналған құралдарды анықтайды; Көптеген оқушылар: қоршаған әлемнің құбылыстарын, үдерістерін және нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсінеді Кейбір оқушылар: өмірде қажетті жылу құралын ойлап табады. |
||
Бағалау критерийі |
жылыту жабдықтары мен құрылғыларын анықтайды
|
||
Тілдік мақсат |
Қарапайым жылыту жабдықтарының өзгешеліктерін салыстырып түсіндіреді. Су радиаторы, электр май радиатор, пеш, көмір, отын, газ
|
||
Құндылықтарды дарыту |
Достық, сыйластық, үлкендерді тыңдау, жауапкершілік құндылықтарын дарыту |
||
Пәнаралық байланыс |
Сауат ашу, көркем еңбек, дүниетану |
||
АКТ қолдану дағдылары |
Бейнефильм көрсету арқылы есте сақтау қабілетін, тыңдалым, айтылым дағдысын қалыптастыру. АКТ мен жұмыс барысында сәйкестендіру жұмысын орындайды |
||
Бастапқы білім |
Оқушылар «жылы», «суық», «ыстық» заттардың сапалық белгілерін біледі. Өсімдіктер, жануарлар,адам бөлімдерінен олар жылуды Жердегі өмір сүруге қолайлы маңыздылықтың бірі ретінде біледі. |
||
Жоспарланған уақыт |
Сабақ барысы : |
Бағалау түрлері |
|
Басталуы 10 минут
Сабақтың ортасы Ортасы 25 минут
|
Сәлемдесу. Алғашқы қауым адамдарының үңгірде қалай жылынғаны туралы қысқаша бейнефильм көрсету. Талдау. «Миға шабуыл» стратегиясы -Жер үйді қыста қалай жылытады? -Ал көп қабатты үйді пешті жағу арқылы жылытуға болады ма? -Егер біздің үйлерімізде жылыту құралдары болмаса не болар еді? ҚБ: ауызша Бүгінгі біздің тақырыбымыз: жылытқыш құралдар. Мақсатымыз: жылыту жабдықтары мен құрылғыларын анықтау
Сен білесің бе?
— Киіз үйде батарея орнатуға бола ма? — Киіз үйде жылыну үшін не істеуге болады? (МК) Киіз үйде жылыну үшін тастан немесе кірпіштен
жасалған, темір мұржасы бар пешті, темір пешті, ошақты пайдалануға болады. Пештер киіз үйдің ортасына орналастырылады. Пешті қалай жағамыз? Қалай ойлайсың, егер сенде сіріңке мен қорап бар болса, отты үйкелеп шығаруға бола ма? ҚБ: фишка Зерттейік. Қорапқа сіріңкені үйкелеу арқылы от шығару. Қауіпсіздік ережесі түсіндіріледі.
|
АКТ https://www.youtube.com/watch?v=3rE6OPRo-zuKM
АКТ киіз үйдің суреті
Қызыл, жасыл, сары фишка |
|
Белсенді жаттығулар: (МК) «Суреттер сөйлейді» әдісі Сурет бойынша білетіндерін сұрау. Толықтыру
Алды ашық пеш Ежелгі Римде пайдаланыла бастаған.
Радиатор мен батарея. Оларды үлкен ғимараттарды жылытуға пайдаланады, үнемді болғандықтан. Газ, электр, сұйық немесе қатты отын арқылы жұмыс істейді.
Оған төмен жағынан суық ауа келеді де, арнайы қондырғының көмегімен қызады, содан кейін көтеріледі. ҚБ:түрлі-түсті таяқша Сабақ барысында қолданылатын терминдерді айтқызу: Су радиаторы, электр май радиатор, пеш, көмір, отын, газ Жұптық жұмыс. «Зерттеу айдары» Жұптағы оқушылар қажет ғимараттардың суреттерін таңдап алады.
А4 парақта оқушылар осы ғимаратта орналасқан бір бөлменің суретін сала алады. Содан кейін жылытқыш құралды таңдап алады да, оны қай жерге орналастыруға болатынын анықтап, сол жерге суретін салады. Тапсырманы орындап болған соң, оқушылардың жұмыстарынан көрме ұйымдастыру. Оқушылардың әр жұбына өздерінің таңдауларын түсіндіріп беруді тапсыру. Жұмыс барысында оқушылар жылытқыш құралдар туралы неғұрлым көп мәлімет алады. ҚБ: Таяқша Жеке жұмыс: Дәптермен жұмыс
ҚБ: смайликтер Жауабы Электр радиаторы, инфрақызыл жылытқыш, батарея, алауошақ, пеш. (Ұ) АКТ жұмыс:«Суретші нені шатастырды?» Суретке мұқият қараңыз. Тұрмыстық құралдардың өз орындарына қойыңыз.
Жауабы: Аспашам терезенің астында емес, төбеде. Үтік плитада емес, киім үтіктейтін тақтайдың үстінде. Жылытқыш радиатор киім үтіктейтін тақтайдың үстінде емес, терезенің астында. Шәугім үстелде емес, плитада. ҚБ: от шашу
Дәптермен жұмыс
ҚБ: смайликтер
Орындап көр: оқушыларға дәптермен жұмыс барысында қолдау көрсету. Өз үйіндегі жылыту құралының суретін сал. Жылыту құралының маңыздылығын айт. Келешектің жылыту жабдығын салуды ұсыну. Сыныпта ұйымдастырылған көрмеге ілу. ҚБ: «Шәкіл» әдісі |
АКТ
А4 форматты парақ, желім, түрлі түсті қарындаш, жылытқыш құралдардың суреттері,
АКТ
Дәптер, түрлі түсті қарындаш
А4 парақ Түрлі-түсті қарындаш Термометр суреті |
||
Сабақты соңы 5 минут |
ҚБТ: Оқушыларға жылыту жабдықтарының суреттері жиынтығын тарату. Әрбір жылыту құралының астына атауын жазу керек.
Дескриптор: - Білім алушы -жылыту құралдарын белгілейді; -жылыту құралдарын атауын жазады.
ҚБ: кері байланыс жазбаша |
үлестірме |
|
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?
оқушыларға дәптермен жұмыс барысында қолдау көрсету. Өз үйіндегі жылыту құралының суретін сал. Жылыту құралының маңыздылығын айт. Келешектің жылыту жабдығын салуды ұсыну. Сыныпта ұйымдастырылған көрмеге ілу.
|
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
ҚБТ арқылы қорытындылайиын. ҚБ кері байланыс жазбаша «Миға шабуыл» ҚБ: ауызша
Сен білесің бе? ҚБ: фишка «Суретші нені шатастырды?» отшашу «Зерттеу айдары» ҚБ: түрлі-түсті таяқша Дәптермен жұмыс ҚБ: смайликтер «Орындап көр» ҚБ шәкіл әдісі ҚБТ: кері байланыс жазбаша
|
Пəнаралық байланыс Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы Байланыс
АКТ мен оқушы арасындағы арақашықтық, АКТ-дағы суреттердің орнын қаламсаппен қозғалту кезіндегі қауіпсіздікті сақтау. топтағы тыныштық |
|
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен? |
|
||
Қорытынды бағамдау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? |
|||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген