400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жылытқыш құралдар 1-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаратылыстану пәнінен қысқа мерзімді жоспар дайындауда пайдалауға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Жаратылыстану

Сабақ:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Салықбаева Гүлмира

Сынып: 1

Қатысқандар:

Қатыспағандар

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

1.5.4.1 жылыту жабдықтары мен құрылғыларын анықтау



Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: жылыту жабдықтары мен құрылғыларын анықтайды.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: жылыту жабдықтары мен құрылғыларын анықтайды, дәлелдеулер жасай алады.

Кейбір оқушылар орындай алады: жылыту жабдықтары мен құрылғыларын анықтайды, дәлелдеулер жасай алады,өмірмен байланыстыра алады.

Бағалау критерийлері

-жылытуға арналған құралдарды анықтайды;

- қоршаған әлемнің құбылыстарын, үдерістерін және нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсінеді;

Тілдік мақсат

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:

Жылу


Алдыңғы оқу

Жылу туралы түсінік қалыптасқан.

Жоспар

Жоспарланған кезең

Жоспарланған әрекет

Ресурстар

Білу,түсіну





































Қолдану





























Талдау



























Жинақтау

(МК) Оқушыларға жылынғысы келген кішкентай жолбарыс туралы «Күнбағыстың үстіндегі шөнжік» атты мультфильмді көрсету. Осы фильмді оқушылармен бірге талқылау. Неліктен жылу көптеген тірі ағзалардың өмір сүруінің басты маңызды жағдайы екенін айту.


Оқулықпен жұмыс.

Балалар суретке назар аударайық, кімдерді көріп тұрмыз. (оқулық,64 бет)

Негеш пен Эврика неге тоңып қалды?

Олар жылыну үшін не істеді? (от жақты)

Балаларға от жағуға кім көмектесті? (үлкендер көмектесті)

Балалардың өздері отты жағуына бола ма? (жоқ, үлкендердің қадағалауынсыз балаларға оттың қасына жақындауға болмайды, от қауіпті!)

Ақпарат: Ежелгі заманда адамдар жылыну және суықтан қорғану үшін ашық отты пайдаланған. От, алау алғашқы жылытқыш құрал болып есептелген. Адамдар ең алдымен отты пайдалануды, содан кейін ғана оты жағуды үйренген деген болжам бар.

Жетелеуші сұрақ: Сендер қалай ойлайсыңдар, ежелгі адамдар отты қайдан алды? (Олар найзағай түсіп тұтанған ағашты тауып алып пайдаланған.)

Екінші суретке назар аударайық.

Негеш пен Эврика не істеп жатыр?

Олар жылыну үшін нені пайдаланды?

Қыс мезгілінде үйлерің жылы болды ма? Жылу қайдан келеді?


Жылы болу үшін не істейді?

Ақпарат: Көп қабатты үйлерде радиаторлар мен батареялар сияқты жылытқыш құралдарды пайдаланады.

Жетелеуші сұрақ: Ал ескі сарайларда адамдар үйді қалай жылытады?

(Кейбір үйлерде, ескі сарайларда адамдар пеш жағып, ошақта пайдаланады)

Қорытынды сөз: Жылытқыш құралдар деп - жылу беретін және тарататын, үйді жылытып әрі жайлы ететін құралдарды атайды.

Ойлану сұрағы: Егер біздің үйлерімізде жылытқыш құралдар болмаса, онда не болар еді?

Оқулық, 65 бет. Суреттерге назар аударайық. Суреттермен жеке-жеке танысып өту.

Ал ендеше, жылытқыш құралдардың түрлеріне тоқтала кетейік:

Алды ашық пеш(камин) (грек тілінен kaminos –ошақ) Ежелгі Римде пайдалана бастаған. Ол ашық оттығы және одан төбеге кететін мұржасы бар пеш сияқты болған.

Кейіннен түтін шығатын мұржасы бар пештер пайда болған. Олар сазбалшықтан және кірпіштен жасалған.

Техниканың дамуына байланысты жаңадан жылытқыш құралдардың түрлері мен модельдері пайда болды. Оларға радиаторлар мен батареялар жатады.


Оларды пайдалану үнемді. Олар газ, электр, сұйық немесе қатты отын арқылы жұмыс істейді.

Соңғы жылғы ең белгілі жылытқыш құралға конвектор жатады. Оған төмен жағынан суық ауа келеді де, арнайы қондырғының көмегімен қызады, содан кейін жоғары көтеріледі.



(Ж) 1 –тапсырма.

Бұл суреттерді қандай екі топқа бөлуге болады? Суреттерді екі топқа ажыратып, жабыстырыңыздар.


Дескриптор: Білім алушы

- Суреттерді екі топқа (жылытқыш құралдар, жылытқыш емес құралдар) бөледі;

-оларды жабыстарады;

-жылыту құралдарын атайды.

Жинақтаушы сұрақ: Үйді үтіктің, шәугімнің, қысқатолқынды пештің көмегімен жылытуға бола ма?

Қорытынды сөз: Үйді үтік, шәугім, қысқатолқынды пештер қызады, бірақ олар үйді жылыту үшін пайдаланбайды.

Топтық жұмыс.

2 –тапсырма. Әр түрлі ғимараттарда қандай жылытқыш құралдарды қолданады? Ауызша толық жауап беруге дайындалу.

1 – топ. Жер үй

2 – топ. Тұрғын үй

3 – топ. Киіз үй

Дескриптор:

- Әр түрлі ғимараттарда қандай жылытқыш құралдарды пайдаланатынын табады;

-оларды жабыстарады;

-жылыту құралдарын атайды.

Күнбағыстың үстіндегі шөнжік» мультфильмі

Әртүрлі жылытқыш құралдардың суреттері;

А4 форматты парақ;

Үй-жайлардың: көпқабатты, сарай, шағын ағаш үй, қала сыртындағы үй, киіз үй суреттері;

Интернет ресурстар:алғашқы қауым адамдарының үңгірде қалай жылынғаны туралы қысқаша бейнефильм


Бағалау

Рефлексия

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Түсіндім Түсінбедім

Ағашқа аты жазылған стикер жабыстыру


Рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты мен табыс критерийлері орындалды ма?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай

ауытқулар болды ма,неліктен?

























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
704
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі