Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жылыту құралдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған бағдарламасы бойынша қорғалған сабақ .Әріптестеріме көмегі тиеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Пән:Жаратылыстану

Сынып:1

Мектеп: №54 жалпы орта мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Жумабаева Тамара

Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: 4-бөлім. Жер және ғарыш («Саяхат» ортақ тақырыбы аясында)

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жылу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу

бағдарламасына сілтеме)

1.5.4.1 жылыту құрылғыларын анықтау

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

жылыту құрал жабдықтарының атын атайды және ажыратады

Көптеген оқушылар:

Жылыту құралдарының қызметін сипаттайды

Кейбір оқушылар: сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Жетістік критерийлері




Жылыту құрал-жабдықтарын көрсетеді.

Жылыту құрал-жабдықтарын сипаттайды.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология: батерия,радиатор

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

-Жылу бізге қажет пе?

-Үйді немен жылытамыз?

-Жылу бізге қай кезде қажет деп ойлайсыңдар?


Құндылықтарды дарыту


Мәңгілік Ел патриоттық актісі.

Мәңгілік Ел, бұл – Жалпыұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.

Біздің Отанымыз бір, ол – Тәуелсіз Қазақстан, біздің еліміз бір – тағдырымыз ортақ.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары


Алдыңғы меңгерілген білім


1.4.3.2 Уақытты өлшеу құралдарын анықтау

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


Ынтымастық атмосферасын қалыптастыру

«Шаттық шеңбері»

Армысың жаңа күн!

Армысың жан досым!

Жылуыңа жылу қос ,

Міне менің қолым!-деп балалар бір-бірінің қолынан ұстау арқылы жүрек жылуын бөліседі.

Шар ішіндегі қар ,мұз,қырау суреттері арқылы

3 топқа бөлу

«Миға шабуыл» әдісі

-Балалар топтың аты жылдың қай мезгіліне сай болады?

-“Қыс” сөзіне сипаттаушы сөздерді кім атап бере алады ?

(мысалы:боран,үскірік, суық, аппақ, аязды, қарлы т.б.).

-Күн суығанда бізге не қажет болады ?

-Иә, дұрыс айтасыңдар жылу қажет.

  • Ежелгі адамдардың тіршілігінен түсініктеме беріп өту.

Ежелгі адамдар жылыну және суықтан қорғану үшін ашық отты пайдаланған. От, алау алғашқы жылытқыш құрал болып есептеледі.

Техниканың дамуымен адамдардың өмірін

ыңғайлы да жайлы ететін түрлі жылытқыш құралдар пайда болды. Жылытқыш құралдар — ол жылу тасымалдағыштан қоршаған ортаға жылу беретін құрылғы.

-“Қыс мезгілінде үйлерің жылы бола ма? Неге?

-Ол үшін не істейді?

- “Егер біздің үйлерімізде жылытқыш құралдар болмаса, не болар еді?”











Сабақ ортасы


Топтық жұмыс «Ойлан.Бірік.Бөліс» әдісі

1-топ Тапсырма: Суретте берілген заттардың арасынан жылыту құрылғыларын атаңдар


2-топ Суреттегі жылыту жабдықтарының суреттері мен атауларын сәйкестендіріп табулары керек.


Пеш ,ошақ,кондиционер,батерия.

3-топ . Күнделікті тұрмыста олардың қайсысын және не үшін қолданасыздар?


Дескриптор:

- Жылу беретін құралдарды тауып атайды.

- жылыту құралдарын атымен сәйкестендіреді. -жылыту үшін қолданылатын заттарды анықтайды ,өзіне таныс құрылғыны сипаттайды.

Қ.Б.Басбармақ . Топтар өзара бағалау

Жеке жұмыс . Дәптермен жұмыс

Жылыту құралдарының қасына

  • белгісін қой және боя

Қ.Б. Мадақтау





суреттер











Жылыту жабдықтарының суреттері жиынтығы және олардың атауы жазылған карточкалар

















Жұмыс дәптері












Сабақтың соңы

Жұптық жұмыс

Зерттейік. Жұптық жұмыс. Оқушыларға әр түрлі ғимаратты үйлердің суреттері беріліп, таңдаған суреттегі ғимаратқа қандай жылытқыш құралды қай жерге орнатуға болатынын айтып суретін салуды тапсырамыз. Орындалған тапсырмадан көрме ұйымдастырамыз.

Дескриптор:

Жылыту құрылғыларын ажыратады және сипаттама береді.



Қ.Б .Жұлдызша

Ө.Дәптермен жұмыс Суретші қатесін табу.

Тапсырма: Суретші нені шатастырды? Суретке мұқият қарап, суретші жіберген­ қателерді анықтау .

Дескриптор: тұрмыстық құрал­ дардың орнын анықтап, сызық арқылы өз орын­ дарымен қосады.



«Серпілмелі доп» әдісі бойынша доп арқылы жеке оқушыларға сұрақ беру.

-Жылыту құралдары дегеніміз не?

-Жылыту құралдары деп жылу беретін және тарататын , үйді жылытып әрі жайлы ететін құралдарды атайды.

-Жылыту құралдарын ата.

Сен білесің бе?

-Киіз үй деген не?

-Киіз үйде батерея орнатуға бола ма?

-Киіз үйде жылыну үшін не істейді?

Кері байланыс «Жетістік баспалдағы» әдісі

- Балалар, сендерге сабақ ұнады ма?

-Олай болса, бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді баспалдақ арқылы бағалайық.

Түсінбедім- төменгі баспалдақ

Енді түсініп келемін-ортаңғы баспалдақ

Түсіндім-жоғарғы баспалдақ







А4 форматты парақ, желім, түрлі түсті қарындаш, жылытқыш құралдардың суреттері, әртүрлі ғимараттардың суреттері

















Жұмыс дәптері























Саралау– оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Саралау жұмысына «Қорытындытәсілін таңдап алдым.- Барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әртүрлі болады.

- Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу керек.
«Зерттеу» арқылы жұпта орындауды ұйымдастырдым.

Тапсырма:Бұл тапсырмада әр түрлі үйлердің суреттері беріліп, таңдаған суреттегі үйге қандай жылытқыш құралды қай жерге орнатуға болатынын айтып, суретін салуды тапсырамын. Орындалған тапсырмадан көрме ұйымдастырамыз.

Дескриптор:

Жылыту құрылғыларын ажыратады және сипаттама береді.

Қ.Б.жұлдызшамен бағалау.

Тапсырмаларды орындауда қалыптастырушы бағалауды дер кезінде орындау тиімді. Бас бармақ арқылы топтық жұмыста өзара кері байланыс береді.

Жұптық жұмыста «Жұлдызша», жеке жұмыста «Мадақтау» арқылы бағалау.

Кері байланыс «Жетістік баспалдағы» әдісі бойынша оқушылардан кері байланыс алу




Денсаулық сақтау технологиялары белсенді іс-әрекет түрлері кезінде қауіпсіздік ережелері туралы түсінік қалыптастыру.






Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?


Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қысқа мерзімді жоспарламас бұрын орта мерзімді жоспарға сүйене отырып жаздым.

Оқушылардың барлығы оқу мақсаттарына тапсырмалар беру арқылы қол жеткізді.

Уақытты үнемді пайдаландым.

Сабақ жоспарынан ешқандай ауытқулар болмады.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:Оқушыларды сабақтың әр кезінде бағалау.

2:Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу;

2:Кері байланыс;

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

1:Оқушыларға топтық тапсырма дайындау;

2:Мақсатқа байланысты ашық,жабық сұрақтар дайындау;






Мен, Шымкент қаласы №54 жалпы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жумабаева Тамара Избасаровна

Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша 1-сыныптың Жаратылыстану пәнінен таңдаған сабағымның мақсаты «Жылу»

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаты: 1.5.4.1 «Жылыту құралдарын анықтау

Сабақ мақсатын құруда оқушылардың сабақ барысында не істей алу керектігін,немен айналысатынына назар аудара отырып,оқу мақсатына сәйкес сабақ мақсатын смарт формада құрдым.Сабақ мақсатын құруда пәннің ерекшелігін ескере отырып,оқушының белсенділігін, оқу нәтижесінде не үйренуге тиіс екенін ескердім. Сабақ мақсатын тұжырымдау барысында беретін нәтижелер

Барлық оқушылар: жылыту құралдарын атайды және ажыратады.

Көптеген оқушылар: жылыту құралдарының қызметін сипаттайды.

Кейбір оқушылар:сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Сабақ мақсатын анықтаған соң осы мақсатқа қол жеткізу үшін бірқатар белсенді оқу тәсілдерін қолданамын.

Мұғалімге арналған нұсқаулықтың 20-бетінде белсенді оқу оқушылардың белсенді қызметпен айналысу арқылы мұғалім берген ақпараттың мәнін ұғынып, алған білімдерін есте сақтап, оны қолдана алуын қамтамасыз етуді көздейді. Сондай-ақ, мұғалімнің сабағын қызықты ұйымдастыруына, оқушыларының танымдық әрекетін күшейтіп, өзінің кәсіби шеберлігін шыңдай түсуіне ықпал етеді делінген. Сабақ барысында жеке, жұптық, топтық және бүкіл сыныпты қамтитын жұмыс түрлерін араластырып қолдануды жоспарладым.

Сабақтың басында ұйымдастыру кезеңінде оқушылардың арасында жағымды ахуал қалыптастыру мақсатында «Шаттық шеңбері» әдісін қолдандым және шар ішіндегі суреттер арқылы 3 топқа бөлдім.

Сабақтың басында оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту мақсатында «Миға шабуыл» әдісі қолданылады. Бұл әдіс тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін

-Балалар,топтың аты жылдың қай мезгіліндегі құбылыстарға сай келеді?

-«Қыс» сөзіне басқаша қандай сипаттама беруге болады?

-Күн суығанда бізге не қажет болады?

-Егер үйде жылыту құралдар болмаса,не болар еді?- деген сұрақтар арқылы сабақтың мақсатын ашуды жоспарладым. Және ежелгі адамдар мен қазіргі техника дамуымен жылыту құралдарының пайд болуын айтамын.Жылыту құралдарымен таныстырамын.

Сабақтың ортасында білімді шығармашылықпен қолдана білу дағдысын дамыту мақсатында «Ойлан.Бірік.Бөліс»әдісін топтық жұмыс түрінде алдым. Оқушылар ойына келген жауаптар немесе идеяларды барынша көп жазу арқылы, кейін өз идеяларымен бөліседі.

1-топ. Суреттегі жылыту құралдарын анықтау

2-топ.Суреттегі жылыту құралдары мен атауларын сәйкестендіруді;

3-топ. Жылыту үшін қолданатын заттарды анықтап, сипаттап айтуды жоспарлап,топта бөлісіп,бір шешімге келіп,ортаға шығып қорғайды.

Және жеке жұмыс ретінде оқушылардың білімді шығармашылықпен қолдана алу мақсатында жұмыс дәптерімен жұмыс жүргізілді. Онда оқушылар жылыту құрылғыларын танып белгілеп,түстермен бояйды.Сабақ соңында оқушыны жылдам әрі тұжырымды ойлауға дағдыландыру мақсатында «Серпілмелі доп» әдісімен сабақты қорытындыладым.Онда

-Жылыту құралдары дегеніміз не?

-Жылыту құралдарын ата.

-Киіз үй деген не?

-Киіз үйде батерея орнатуға бола ма?

-Киіз үйде жылыну үшін не істейді?

Саралау

Оқушылардың қажеттіліктерін анықтау және қанағаттандыру жаңартылған білім беру бағдарламасының оқу жоспарын әзірлеуде маңызды болып табылады. Оқушылардың дербес ерекшеліктерін ескере отырып және қажеттілігін қанағаттандыру мақсатына сәйкес саралау әдісімде оқушыларға зерттеу ретінде жұптық тапсырма беремін. Саралаудың «Қорытынды» тәсілі бойынша іске асырылады.

Тапсырма: Суретте бейнеленген үйлерде қандай жылыту құрылғылары қажет және қай жерге орнатуға болатынын анықтайды. сонымен бірге бөлмеге орналастырып жылыту құрылғысының суретін салады.

Жұмыстарынан көрме ұйымдастыру.

Критериалды бағалау

Оқушылардың дағдысының қалыптасу және білімді меңгеру деңгейі туралы ақпарат алу, оқу үдерісін түзету, оқушыларға кері байланыс ұсыну және оқушыларды ынталандыру үшін оқу үдерісінде қалыптастырушы бағалау жүргізіледі.

Мен оқушыларды оқу мақсаты мен бағалау критерийлеріне сәйкес тапсырмалардағы дескрипторлар арқылы оқушыларды бағалаймын

Әр тапсырма соңында қалыптастырушы бағалаумен яғни жеке жұмыстарда смайликтермен , топтық жұмыста-Басбармақ арқылы, жұптық жұмыста мадақтау,жұлдызша арқылы бағалаймын.Сабақ соңында тақырыпты қандай деңгейде меңгергенін байқау мақсатында «Жетістік баспалдағы» әдісі бойынша кері байланыс жүргізіледі .

Төменгі баспалдақ: тапсырманы орындай алмадым

Ортаңғы баспалдақ: аздап қиналдым

жоғарғы баспалдақ: тапсырманы орындай алдым

Жаңарудың бастауы-ықшам сабақ дей келе,сабақты жоспарлау үшін Ықшам сабақтардың ықпалы өте зор болатынына көз жеткіздім.

Не қиын болды?

  • Сабақты тиімді етіп ҚМЖ жоспарлауда, дескриптор құруда қиналдым

  • Не үйрендім?

  • Белсенді әдістерді тиімді пайдаланып қмж құруды үйрендім;

  • Тренерім мен әріптестерімнің кері байланысын ескеріп, оқушыларға деңгейіне қарай тапсырма беруді ;

  • дескриптор құруды ,сол арқылы бағалауды үйрендім

  • Алдағы уақытта жоспарлаймын

*Жаңартылған бағдарлама бойынша теория мен практиканы ұштастырып,белсенді оқу әдіс-тәсілдерін жүйелі қолданып,өз тәжірибемді шыңдап, саналы да білімді тұлға тәрбиелеуді жоспарлаймын.

Білім алу-батылдық, оны толықтыру-даналық,ал шебер

қолдана білу-өнер десек, сабақты тиімді жоспарлау да өнер деп сөзімді аяқтағым келеді. Назарларыңызға рақмет!!









МАН-ның 36-бетінде қалыптастырушы бағалау оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады. Оқушылардың дағдыларының қалыптасуын және білімді меңгеру деңгейін көрсетеді. Оқудағы қиындықтарды анықтап, оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізуге көмектеседі делінген.

Қалыптастырушы бағалау оқу үшін бағалауды мақсат ете отырып, белсенді әдістерді тиімді пайдалануға негізделген. Мұнда бағалау мен оқуды ажырату мүмкін емес, олар білім сапасын арттыруда бірін бірі толықтырып отырады. күтілетін нәтижелері алдын ала анықталады.Оқушылардың тапсырмаларды орындау мүмкіндіктерін анықтау мақсатында бағалау критерилеріне сүйене отырып ҚБ-ды жүргіземін.

Оқушылар жеке, жұптық жұмыс барысында «Жұлдызшалар» арқылы бағаланады. Топтық жұмыс барысында оқушылар бір–бірін «Басбармақ» арқылы бағалайды. Оқушыларды мақтап, еліктіре, қызықтыра отыру мақсатында сабағымда «Жарайсың.Керемет» деген мақтау сөздермен бағалап отырамын.

Сабақтың соңында оқушыларды тақырыпты қандай деңгейде меңгергенін байқау мақсатында «Жетістік баспалдағы» әдісі бойынша кері байланыс жүргізіледі.


  • Әр түрлі белсенді оқу тәсілдерін қолдана отырып сабақты тиімді етіп ҚМЖ жоспарлауда, дескриптор құруда қиналдым

Не үйрендім?

  • Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты жақсарту үшін сабақтарды қызықты әрі тартымды етіп,белсенді әдістерді тиімді пайдаланып қмж құруды үйрендім;

  • Тренерім мен әріптестерімнің кері байланысын ескеріп, оқушыларға деңгейіне қарай тапсырма беруді ;дескриптор арқылы бағалауды үйрендім

Алдағы уақытта жоспарлаймын

*** Жаңартылған бағдарлама бойынша теория мен практиканы ұштастырып,белсенді оқу әдіс-тәсілдерін жүйелі қолданып,өз тәжірибемді шыңдап, саналы да білімді тұлға тәрбиелеуді жоспарлаймын.



















  • сабақты жоспарлаудың тиімді жолдарын, әдіс тәсілдерінің тиімділігін;

  • оқушылардың қажеттілігіне байланысты сабақ мақсаттарының саралануын;

  • белсенді әдіс-тәсілдерді құру;

Әріптестерім мен тренердің ұсыныстарынан

Кері байланыс:

  • белсенді әдістерді сабақтың мақсатына бағыттау;

  • қалыптастырушы бағалаудың ортақ тақырыппен үйлестіру;

  • тапсырмаларды саралау;

Келешекке бағдар:

  • белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану;

  • қалыптастырушы бағалауды оқушының қажеттілігіне бағыттай отырып саралау;

  • ресурстардың тиімділігін басты назарға алу;


Білім алу-батылдық, оны толықтыру-даналық,ал шебер

қолдана білу-өнер десек, сабақты тиімді жоспарлау да өнер деп сөзімді аяқтағым келеді.

Назарларыңызға рақмет!!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.11.2018
1245
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12