Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жумаканова Раушан Айтказыновна, АҚПАРАТТЫҚ – ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОБА «Туған жерде қыстап қалатын құстары»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл жоба экологиялық тәрбие берудегі шешуші фактор болып табылады. Ол экологиялық ақпараттар және арнайы материалдармен кең көлемде таныстыра отырып, балаларға экологиялық тәрбие беру өте тиімді деп санаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған оңалту орталығы" КММ
















АҚПАРАТТЫҚ – ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОБА

«Туған жердің қыстап қалатын құстары»

(өз тәжірибе жұмысымнан)










Дайындаған: Жумаканова Р.А.

















Өскемен қаласы,2021жыл





Жумаканова Раушан Айтказыновна

"Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған оңалту орталығы" КММ

Кіріспе

Бізді қоршаған табиғаттың өзі адамзат баласының алдына айнала қоршаған әлемді жаңаша қабылдауға қабілетті, жаңаша ойлайтын, жан-жақты білімді «Жаңа адамды» тәрбиелеп шығару міндетін жүктеп отыр.

Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр-сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет. Баланың қабілетін қаншалықты ерте ашып, дамытса, оның нәтижесі де соншалықты жемісті болмақ. Табиғат – баланың ақыл-ойының балалық деңгейден нақты түсініктер бойынша қалыптасқан жоғары деңгейге жеткізетін қор болып табылады. Табиғатты танып, білу - мектепке дейінгі жастағы баланың бойында табиғатпен қарым-қатынас жасаудың базасын құрай отырып, сонымен бірге оны қорғап, аялай білуге үйретеді.

Өз тәжірибе жұмысымда ересек «Ақбота» тобында жоба өткізілді.

Жобаның түрі: ақпараттық- шығармашылық. Топ мамандықтармен, ата-аналармен бірлесіп жұмыс жасалды.


Жобаның өзектілігі:

Бұл жоба экологиялық тәрбие берудегі шешуші фактор болып табылады. Ол экологиялық ақпараттар және арнайы материалдармен кең көлемде таныстыра отырып, балаларға экологиялық тәрбие беру өте тиімді деп санаймын. Жыл мезгіліне қарай құстарды бақылауға жол ашады. Қыстайтын құстарға үлкен қауіп төндіретін суық емес, тамақтың жетіспеушілігі. Сондықтан, құстарға мұндай шаралардың ерекше мәні бар, жемсалғыш жасап беру, азықтандыруы. Көптеген құстардың тағдыры адамның мейірімділігіне, жомартылығына, қайырымдылық етуге тәуелді. «Кім тоқ, сол суықтан қорықпайды» деген мақалды түсіне отырып, былай деп айтамын, қанатты достарымызға көмектесуді қажет.

Жобаны жоспарлаған кезде алдыма мынандай мақсат және міндеттер қойдым.








Тақырыбы: «Туған жердің қыстап қалатын құстары»


Мақсаты:


«Мектепке дейінгі балалардың туған жердің қыстап қалатын құстары туралы экологиялық білімдерін, олардың өмір салты туралы, қоршаған ортамен байланысын, адам өміріндегі құстардың маңызын қалыптастыру»


Міндеттері:

1. Қыстайтын құстар туралы білімдерін кеңейту бұл- сыртқы түріне қарап тани және ажырата білу, мекен ететін орнын және көректенуі.

2. Балалардың шығармашылық, зияткерлік мүмкіндіктерін дамыту.

3. Ата- аналарды жоба жұмыстарына тарту.

4. Балаларды табиғатқа сүйіспеншілікпен және ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.


Жобаның І кезеңі.

  1. Балалардың қыстайтын құстар туралы білім деңгейін анықтау.

  2. Жобаны іске асыру үшін қажетті жағдай жасау.

  3. Мәселе бойынша жоспар құрау, әдістемелік материалдарды әзірлеу.


Жобаның ІІ кезеңі.

Балалармен жұмыс бойынша іс-шаралар:

-көркем әдебиет оқу;

-м\ф көру, телехабарлар;

-сабақ, әңгімелесу;

-құстарды бақылау, қоректендіру;

-сурет салу, жапсыру, мүсіндеу;

Ата-аналармен жұмыс бойынша іс-шаралар:

- жемсауыт жасау;

- балалар жұмыстарының көрмесін ұйымдастыру: суреттер, аппликациялар, табиғи материалдан жасалған бұйымдар, ермексаз;

- ата-аналарды азықтандырғыштар, ұясы, ұсақ-түйектер жасауға қызығушылық туғызу мақсатында жеке әңгімелер өткізу:

- қимылды ойындар;

- дидактикалық ойындар.


Жобаның ІІІ кезеңі.

-қыстап қалатын құстар туралы альбом шығару

-ашық зияткерлік ойын «Не? Қайда? Қашан?» өткізу.






Бірінші апта.

Максаты: Балалардың қыстайтын құстар туралы, қыстайтын құстардың өміріндегі адамның рөлі туралы білімдерін бекіту.


Өткізілетін іс-шаралар:

1. Әңгіме: «"Құстар туралы не білесің?"»

2. Д/ойын: «Бұл қандай құс»

3. Көркем сөз: Жұмбақтар шешу.

4. Бақылау: «Аулаға қандай құстар келіп қонады?»

5. Мүсіндеу: «Торғай»


Екінші апта.

Мақсаты: «Жоба тақырыбы бойынша пәндік-дамыту ортасын материалдармен және жабдықтармен толықтыру»

  1. Кітап бұрышына құстар туралы әдебиеттерді іріктеуді, енгізу.

  2. Д/о: «Төртінші артық»

3. «Менің сүйікті құсым» сурет салу.

  1. Құс іздерін сурет арқылы қарастыру.

  2. Ертегі оқу "Қотыр торғай".


Үшінші апта.

Мақсаты: «Құстарға қиын уақытта көмек көрсетуге тәрбиелеу»

1. «Құстарға қыстау қиын» әңгіме.

2. Көркем әдебиет оқу: «Торғай ағаш қорғайды» Ж. Смаков

3. Ата аналарға кеңес: "Құстарды қыста тамақтандырамыз, оларға көмектесеміз".

4. Бақылау: «Астауға қандай құстар ұшып келеді»

5. Құстарға арналған ата-аналармен бірге астаулар жасау.

6. Д/о: «Ас мәзірі», «Қандай құстарды жемсалғышта көреміз»


Төртінші апта.

Мақсаты: « Балаларды қыстайтын құстар туралы түсініктерін жинақтауға үйрету»

  1. Д/о: «Қандай құс жасырылды?», «Құстардың бөлігін жина»

  2. Қ/о: «Шымшықторғайдың балапандары және мысық»

3. Қыстайтын құстар туралы сипаттамалық әңгіме құрастыру.

«Суықторғай мен сарнауық торғайды салыстыру».

4. Оригами: « Қарға»

5. Бақылау: «Қардың үстіндегі іздер»


Бесінші апта.

Мақсаты: «Балалардың құстар туралы білімдерін байыту, әр түрлі тәсілдерді қолдана отырып білімдерін кеңейту»

1. Көркем сөз: «Торғай»

2. Д/о: «Судоку»

3. Жапсыру: «Біздің ауладағы құстар»

4. Құстардың әдеттерін бақылау

5. Ата-аналармен бірге көрме ұйымдастыру.





Алтыншы апта.

Мақсаты: «Көркем сөз, бақылау, ойындар арқылы табиғатқа деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу»

  1. П. И. Чайковскийдің "Жыл мезгілдері"сериясынан құстардың дауыстарының

аудиожазбасын тыңдау(шымшық, торғай, қарға, сауысқан).

2. Бақылау: «Құстар қандай дыбыстар шығарады?

3. Жұмбақтар шешу

4. Қ/о: «Автомобильмен торғайлар»


Жобаны іске асыру нәтижелері:

Осы жобаны іске асыру барысында балаларда:

- топта пәндік-дамыту ортасы байытылды;

- қыстайтын құстар туралы білім жүйесі, табиғатқа деген ізгілікті қарым-қатынас,

туған өлкеге деген қызығушылық пен махаббат қалыптасты;

  • балалар экологиялық мәселелерді өз бетінше шешуге және қиын жағдайларда шешім табуға үйренді;

  • ата-аналар топ пен балабақша өміріне белсене қатысты.



Ашық зияткерлік ойын «Не? Қайда? Қашан?»


Қыстап қалатын құстар туралы альбом.


Балалар ата-аналарымен бірлесіп жемсауыт жасау кезі.


Көрме: суреттер, аппликациялар,табиғи материалдан, ермексаздан жасалған бұйымдар; Табиғат бұрышындағы жұмыс: құстар туралы әңгімелеу, сипаттау, көректендіру т.б.


Қимыл-қозғалыс ойындар; дидактикалық ойындар:

Оригами: « Қарға», «Торғай»; аппликация: «Шымшықторғай, суықторғай»

Д/о: «Судоку», «Қандай құс жасырылды?», «Құстардың бөлігін жина», «Ас мәзірі».












Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.02.2021
309
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12