400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Жыр дүлдүлі-Жамбыл

Материал туралы қысқаша түсінік
Жыр алыбы Жамбылдың өмірбаяны мен шығармашылығын таныту , ақын жырларын насихаттай отырып, елін, жерін сүйе білуге тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: Жыр дүлдүлі-Жамбыл


Мақсаты: Жыр алыбы Жамбылдың өмірбаяны мен шығармашылығын таныту , ақын жырларын насихаттай отырып, елін, жерін сүйе білуге тәрбиелеу


Кіріспе:

1-жүргізуші:

Жүзге кеп бақыт тапқан ақын – Жамбыл,

Дүниеге түгел кеткен атың Жамбыл.

Тілекке көп аңсаған бүгін жеттің,

Далада жасасаңда ғасыр Жамбыл.

Француз, испан , үнді, бүкіл Одақ

Оқыдың арнап жазған хатын, Жамбыл

Ел сөзі әрі мақтан, әрі міндет,

Сөзіңді терең ойға батыр Жамбыл.

Жыр дүлділі, халқымыздың талай-талай дүбірлі оқиғасына куә болған Жамбыл ақын Шу өзенінің бойында, Жамбыл тауының бауырында 1846 жылы ақпан айында дүниеге келген. Ақынның «Менің өмірім» атты өлеңінен үзінді оқысақ.


2-жүргізуші: Қақаған қар аралас соғып боран,

Ел үрей, көк найзалы жау торыған.

Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын,

Жамбыл деп қойылыпты атым содан,

Ел үркіп жүрген кезде күні-түні

Сары аяз көш жөнекей боран күні,

Қар қауып мұзға түскен Жамбыл екем,

Жұтынып суық ауа шыққан үні.

Жамбылдың әкесі Жабай, шешесі Ұлдан баласының атын өздерінің көшіп-қонып жүрген Жамбыл тауының атымен атаған.


1-жүргізуші: Жамбыл 14 жасынан бастап өлең айтып, 15 жасынды атақты Сүйінбай ақыннан бата алған. Бірнеше жыл Сүйінбайдың қасында жүріп, өнер мектебінен үйренген.


Сүйінбайдың Жамбылға берген батасы:

О, Жамбыл, «бата» десең бердім саған:

Бақытты , өмірлі бол, жүргін аман.

«Батасын ат орнына берді ғой» деп

Қоймағын былай шығып кінә маган

Соңынан Сүйінбайдың орнын басып

Тіліңнен балың тамсын сарғалаған

Жапаға, риза болсын, айта барғын.

Осымен өкпелемей жүрсін маған.


2-жүргізуші: Жамбыл Сүйінбай ақынды озіне ұстаз тұтты 35 жыл өнегесін үйренді.

Менің пірім- Сүйінбай

Сөз сөйлеймін сыйынбай,

Сырлы, сұлу сөздері

Маған тартқан сыйындай

Сүйінбай деп сөйлесем

Сөз келеді бұрқырап

Қара дауыл құйындай


Жамбыл жас кезінен байлық пен атақ даңқты бас ұрмай, ақиқатты пір тұтты.Ғасырлар бойы ел жадында жатталып келе жатқан халық жырын сұйіп өскен жас ақын осынау құнарлы топырақты қанатын еркін сермеп кокке самғады.


1-жүргізуші: Жамбыл өз тұсында небір бұлбұл, дүлдүл ақындармен бетпе-бет келіп айтысып тізе бүктірген.Айтыста ешкімге дес бермейді.Жамбыл айтыстың қанатты құсы аталды.

Ақынның 10-нан астам айтыстары сақталған. Жамбыл Бөлек қызбен, Айкүміспен, Бақтыбаймен, Сары ақынмен, Бөлтірікпен, Шыбыл шалымен, Майкөтпен, Сарыбаспен, Құлманбетпен, Досмағанбетпен, Шашубаймен айтысқан.


2-жүргізуші: Жамбылдың атақ абыройын аспандатқан әйгілі туындысы-Құланаян Құлманбетпен айтысы. Айтыс 1881 жылы өткен.

Жамбыл ақын қазақ қырғыздардың ерлік, батырлық эпостарын жатқа айтқан. «Көрғұлы» деген дастанды 15 күн жырлаған.


1-жүргізуші: Жамбыл «Мың бір түн», «Шахнаме», «Ләйлі-Мәжлүн», «Көрғұлы сұлтан», «Тотықамал», «Сейіт-Баттал», «Қыз Жібек», «Шора батыр», «Қабанбай», «Бөгенбай», «Сұраншы батыр» дасатандары жырлаған.

Алматының уездік әкімдері 1913 жылы Жетісу жеріндегі халық ақындарын жинап алып, Ресей патшасы Романов тұқымының таққа отырғанына үш жүз жыл толуын құттықтап өлең айтуға жарлық береді. Осы үлкен жиында Жамбыл патшаны мақтамай керісінше шексіз көрсеткен қиянатын сынап өзінің «Өстепкеде» деген әйгілі өлеңін шығарды.


2-жүргізуші:

Үйсін Найман сандағы

Өстепкеде жиылдың

Жолдың ұшып шаңдағы

Алматыға құйылдың.

1916 жылығы патшаға қарсы ұлт-азаттық қозғалысы кең өріс алғакн кезде Жамбыл «Патша әмірі тарылды», «Зілді бұйрық» деген жалынды өлеңдерін шығарды.

Патшаның құлауымен Қазан төңкерісін Жамбыл халыққа жақсылық әкелер деген үмітпен қарсы алды.Жамбыл жаңа өкіметті қолдап жырлар шығарды. «Менің бақытым» деген әңгімесінде. «Мен шыңыраудан шығып, тамаша гүлдерді, жұпар иісті шөптерді, қыруар аралдарды, сымбатты үйлерді көрдім.Мен нағыз күнді көрдім.Менің жанымда алма ағашындай гүлдеді.Өлеңдерім Іле өзеніндей тасыды.МЕН жасардым 18 жасар жігіттей шағыма келдім» деп ағынан жарылған.


1-жүргізуші: 1934 жылы Алматы қаласында қазақ көркемөнер қайраткерінің бірінші слетінде Жамбылдың жұлдызы жанып, мемлекеттік бас бәйгеге ие болды.

Жамбыл 88 жасында «Кемеңгер ақын» атанып мемлекет қамқорлығына алынды.

1936 жылы халық таланттарының екінші слетінде Жамбыл жеке-дара, үздік шықты. Жамбыл осы жолы шешендік пен импровизаторлық өнерде ерекше құбалас деп танылды.

1936 жылы Мәскеу қаласында қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігі өтті.Жамбылды Мәскеу құшақ жая қарсы алды.

Жамбыл 1937 жылы Қазақстан делегациясын бастап грузин халқанаң ұлы ақыны Шота Руставелидің «Жолбарыс терісін жамылған» деген поэмасының 750 жылдық тойына қатысты. Ақын «Кавказға сәлем» өлеңін шығарды.

2-жүргізуші: Жамбыл ұрпақтарын отансүйгіштікке, ерлікке, адалдыққа, білімге шақырды. Жамбылдың «Шәкірт балаларға»,«Бесік жыры», «»Жүз жасаған жүректен», «Балаларға» тағы басқа өлеңдері балалар әдебиеті тарихынан үлкен орын алады.

Жамбылға «Еңбек Қызыл Ту», «Ленин», «Құрмет белгісі» ордендері және «КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты» деген атақ берілді.


1-жүргізуші: 1941 жылы 4 қыркүйекте Ленинград жау қоршауында қалды «Ленинградская правда» газетінде Жамбылдың «Ленинградцы дети мой!» деген жалынды өлең жарияланды. Ленинградты қорғаушы жауынгер жазушы В.Вишневский «Плакаттардан Жамбылдың «Ленинградттық өренім» деген өлеңін оқығанда барлығымыз көзімізге жас алдық. Жылап тұрып оқыдық. Сонда қазақ халқының достығымен сүйіспеншілігіне риза болдық!» деп жазған еді.

Жамбыл шығармаларында халықтар достығы басым. Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанды мекендейтін түрлі ұлт өкілдерінің достық қатынастарының тамыры тереңде жатыр. Сан ғасырлық жемісі бар достық, ынтымақтыстықты егеменді еліміздің өркендеуімен, елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сараптал саясаты мен байланыстыруымыз керек.

Келесі кезекті Жамбыл атамыздың өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысына келіп отырған оқушыларымызды шақырайық.




1. Мергенбайқызы Дариға 5-сынып оқушысы «Жеңіс пен шаттық», «Одақ» өлеңі




2.Тәңірбай Нұрлан 5-сынып оқушысы

«Балама хат» өлеңі





3.Айдарова Ақерке 5-сынып оқушысы

«Балаларға», « Күләшқа» өлеңі






7.Шынберген Алмагүл 7а-сынып оқушысы

«Аттандыру» өлеңі











10.Жанболатова Жұлдызай 7б-сынып оқушысы

«Алғадай туралы әрбір ой» өлеңі











11.Жанболатова Құндызай

7б-сынып оқушысы «Алатау» өлеңі









12.Жәмет Алдияр 7б-сынып оқушысы

«Сараң бай мен Жомар кедей» өлеңі









Әділ қазылар: Ізтілеуов.Т тәрбие ісінің меңгерушісі

Әбдікаримова.А кітапханашы

Әбдешова.Б қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

мұғалімі

Жүрген.А тіл маманы




Соңғы сөз.


Сөндің бе, жарқыраған шамшырағым

Қалдың ба тас бітеліп, қос құлағым,

Жатсам да төсек тартып дәрменім жоқ

Сеп болып сөйлетсең, жалғыз жағым


Қалыппын ие болмай өзіме өзім

Әлім жоқ, күш қайратты өтті кезім

«Баллалар өлгенімше болысыңдар»-

Сендерге сол ақ айтар соңғы сөзім.


2-жүргізуші: Жамбыл шығармалары 40 астам шет тілдеріне аударылды. Ұлы жырау, 20 ғасыр Гомері атанған Жамбыл қазақ халқын, оның поэзиясын әлемге танытты. Жамбылдың 100, 125, 150,170 жылдық мерейтойлары жоғары дәрежеде салтанатпен аталып өтті.

1945 жылы 22 маусымда 7 сағат 55 минутта ұлы ақын Жамбылдың жүрегін соғуын тоқтатты.

Жакеңнің акедемиялық толық жинағы шықты. Мұрасы әлі зерттелуде. Кітаптары ұрпағының қолында. Жамбыл атаның үйі кәзір мұражай, туған жұрты жыраудың өмірімен, өнерімен танысады, аруағына тәу етеді. Жамбыл атында обылыс, аудан, ауыл, мектеп, көше аттары бар. Тескенсу ауылындағы мектеп Жамбыл атамыздың атымен аталады. Барлықтарыңызға Жамбылдың жасын берсін!


Жамбыл ата Алатаудай алыпсың

Қасиетті аруағысың халықтың

Қастекпенен Қаскелеңде жүріп- ақ

Қазақ елін кең әлемге таныттың


Жүз жасағын Жамбыл ата,

Сүйінбайдан алдың бата

Қалықтаттың кең әлемге

Қазағымның даңқын ата


Жамбыл ата, жанға шуақ жырлырың

Аялайды Алатаудың шыңдарын

Суықтөбе, Сұлутөбе шарықтап

Аралайды Сарыарқаның қырларын


Жамбыл ата, жүз жасаған жасың бар

Бір өзіңдей бола бермес асылдар

Өлеңдерің өлмейтіндей мұра боп

Жасай берер жалғасып сан ғасырлар


Келесі кезекті Әділ қазылар алқасына береміз.

Марапаттау.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 сәуір
1167
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі