400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Журналистика мамандығының қоғамдағы орны

Материал туралы қысқаша түсінік
Болашақ журналистика мамандығын таңдап отырған оқушыларымызға қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Журналистика мамандығынының қоғамдағы орны


Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Газет–халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деген. Журналистика – қиындығы мен қызығы қатар жүретін, көп ізденісті талап ететін сала. Бұл өткен дәуірде, қазіргі кезде, келешекте де өз құндылығын жоғалтпайтын мамандық.          Олай дейтініміз, алыс-жақыннан ақпарат алмай томаға тұйық өмір сүру мүмкін емес. Сондықтан журналистика мамандығы үнемі ізденісте болуды, жаңарып, жасарып отыруды қажет етеді. Журналистика дегеніміз - баспасөздерде жылт еткен жаңалықтарды жазумен шектелмейді. Өткен ғасырларда халық тек қана газет, радио, толық кемелденбеген телеарналар арқылы ғана өз қажетін қанағаттандырып отырды. Қазіргі жаһандану дәуірінде, ғарыштап дамыған өркениетті, ғаламтор желісімен, космостық тың жүйелер арқылы таратылатын, көрсетілетін ақпараттар, озық технологиялар арқылы барлық адамдар үшін қызмет ете бастады. Ол біз көріп, біліп, қолданысқа енгізіп отырған интернет саласы. Келешекте бұдан да озық, тың жобалардың біздерді күтіп тұрғаны сөзсіз. Жалпы журналистика саласы көп біліммен қатар жаңа ақпараттық технологияларды толық меңгеруді бізден талап етеді.      

Демек, журналистер ел ішінде және әлемде болып жатқан жағымды-жағымсыз оқиғаларды баяндап, халықты құлағдар етіп отырады. Жақсыдан үйренуге, жаманнан жиреніп, бойды аулақ ұстауға ой салады. Жаһандану дәуірінде интернет-журналистика ақпарат алмасудың күшті құралына айналды. Жетістігімен қоса, қиыншылық жағы да жетіп-артылады. Интернет-журналистиканың пайдалы да, зиянды тұстарын тиімді қолданған абзал. Қазіргі жас­тарымыздың санасын интернет жаулап алып, оларды көзге көрінбейтін әлдекімдердің мүддесіне қызмет етуге мәжбүрлеп жатқан жағдайлар да, өкінішке қарай, орын алып отыр. Сондықтан, біз ұлттық контентті толтыра отырып, өзіміздің мемлекеттік мүддемізді ойлағанымыз жөн.
«Қазіргі уақытта баспасөздің керегі жоқ» деген де пікір туа бастады. Шындығына келсек, мұндай пікір өткен ғасырда бастау алған. Телевизия шыққан кезде газет-журналдардың күні қараң дегенді айтушылар болған еді. Одан бері бір ғасырға жуық уақыт өтті. Оның бәрі құр далбасаекенін өмір өзі дәлелдеп шықты. Газет-журналдарды жауып, оның орнына онлайн басылымдар шығару керек деп қателесудеміз. Міржақып Дулатов айтқандай, «Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің болашағы зор» екені айдан анық.Журналистика бүкіл әлемде құрметке ие және елдің көз алдында бақылауда болатындықтан да, сынға көп ұшырайтын мамандық. Басқа кәсіп иелерінің қателіктерін халық көп біле бермейді, ал журналистің олқылығы бірден жария болады. Себебі, оның айтқандарын миллиондаған адам тыңдап, көріп, оқып отырады. Бізге үлгі-өнегені алыстан іздеудің қажеті жоқ. Кешегі Алаш азаматтары нағыз идеал болуға әбден лайық. Олар халыққа қалтқысыз қызмет етудің нағыз үлгісін көрсетті. Журналистика тек пайда табудың құралына айналып кетсе, онда қоғамда үлкен қақтығыстар туғызуы мүмкін. Оған жол бермес үшін журналистика қоғамның бейбіт дамуына қызмет етуге тиіс. Яғни, қазақ журналистикасы, ең алдымен, халықтың білім-білігін, талғамын арттыруға қызмет еткені жөн.Әр салада өзінің кәсіби маманы болғаны дұрыс. Ол сапалы өнім шығарады, сонда ғана бәсекеге қабілеттілік артады.

Журналистиканың функциясын, жауапкершілігін, жанрларын, тілі мен стилін, олардың ерекшеліктерін терең білмей, журналист бола алмайды. Журналистің университеттік білімі болғаны дұрыс, жауапкершілігі өте зор маман. Журналистика саланың тізгінін қолына ұстаған мамандар жұмыстарының қоғамдағы орнын терең түсінбесе, көптеген ереуілдерге, төңкерістерге себепші болуы мүмкін. Төңкерістер адам баласын еш уақытта жақсылыққа әкелмеген. Оны болдырмауға бірден бір кепіл – журналистика. Қоғамның эволюциялық дамуына әсер ететін үлкен әлеуметтік институт болып отырғаны да осы себептен. Келелі мәселелерді қоғамдық пікір мен санаға ықпал ету арқылы шешуге болады. Ол үшін журналистерімізде кемел білім болуы қажет. Ондай болмаған жағдайда журналистиканы әртүрлі күштер өз мүдделеріне пайдаланып кетеді. Саналы түрде шешім қабылдауына оның білімі көмектеседі. Сондықтан, университеттік білім оның мамандығын терең сезінуге мүмкіндік береді. Біз қадірлейтін журналистика шығармашылық пен талантты ұштастыра білетін мамандық екені даусыз. Аталмышмамандықтыңтереңболмысынсезінгенадамдарғана журналист бола алады. Маманбойындағыдарынынкемелбіліміментуғанхалқыныңигілігінежұмсайбілуітиіс. Бүгінгітаңдазаманталабынасайжұмысістейтінбіліктіжурналистер мен қоғамменбайланысмамандарыжоғарысұранысқаие. Л.Н.ГумилеватындағыЕуразияұлттықуниверситетінің Журналистика жәнесаясаттануфакультетінде,оқу-тәжірибеліктелестудиясыболашақжасмамандардыңақпараттандырутехникасынжан-жақтымеңгеріп, білімдерініңұшталатүсуінеықпалынтигізуде. ТМД Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шетелде білімдерін жалғастыруына мүмкіндік жасалған. Осының бәрі сайып келгенде, бәсекеге қабілетті маман болып шығып, ел сеніміне бөленуіне апарар жол.Менің ойымша, журналистика мамандығын таңдаған студенттер өз кәсібіне өте адал болуы керек. Сонымен қатар қағазы мен қаламы арқылы қорғансызға пана болып, әділеттілікті жақтағандары жөн. Қоғамдағы болып  жатқан жетістіктермен қатар келеңсіздіктерді аямай жариялаудан адасып қалмағаны жөн. Дей тұрғанмен, тың ақпараттарды жариялаған кезде дерек пен дәйек толық болуы шарт. Елден, көшеден естіген жалаң сөздерге сеніп жаза берсе ондай жаңалықтардың көк тиындық құны болмайды. Бір елді немесе бір адамды негізсіз қаралай берсе, жала жапса басы пәлеге қалуы мүмкін. Біз осыған абай болуымыз керек. Ақпарат әділ таразы болып, адам мен қоғам үшін кіршіксіз қызмет етсе ғана біз көздеген мақсаттарға жете аламыз.  Баспасөздерде, газет- журналдарда қазақ тілінің грамматикасына, жинақылыққа, емле дұрыстығына, тақырып қоюға үлкен шеберлік қажет. Ал радио-телевизия саласында қызмет атқаратындар әр сөзінің дұрыстығына әрі тұнықтығына, тұлғасы мен әлпетінің сәйкестігіне айрықша назар аударуы тиіс. Журналистика адам мен қоғам үшін адал қызмет етіп, біздің ұстанатын жолымыз, адастырмайтын темірқазығымыз болса ғана көздеген мақсатқа жетеміз.     

Қорыта айтқанда, білікті журналист болу үшін біз көп оқып, көп біліп жалпы жаңалық атаулыны дәлме-дәл, боямасыз, шындықты ту етіп халыққа жеткізу арқылы ғана мәреге жете аламыз. Сол үшін біз әрқашан сергектік, қағілездік, дәлдік, тездік  қағидаларынан көз жазып қалмасақ болғаны. Міне журналистика мамандығының қоғамдағы орны ерекше екені айдан анық.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
1139
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі