Жусан иісі
Сабақтың тақырыбы: «Жусан
иісі». С. Мұратбеков
Сабақтың мақсаты: 1) Оқушылар әңгіменің мазмұнымен танысу, әңгімеге
талдау жасату, тақырыптың мәнін ашу.
2) Оқушының танымдылығы арттыру, ақыл - ойын, өзіндік талдауы,
болжауын дамыту.
3) Шығарма мазмұны арқылы адамгершілікке, достыққа, мейірімділікке
тәрбиелеу. Өз ойын ортаға салып, басқалардың пікірін тыңдауға
үйрету.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру сабағы.
Сабақтың әдіс тәсілдері: әңгімелеу, талдау, сұрақ - жауап,
көрнекілік.
СТО жобасының стратегиялары: Болжау, аялдамамен оқу, хат жазу, ой
қозғау
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, жусан шөбі, дәптер,
бөлікке бөлінген парақтар.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Сәлемдесу
2.Оқушылардың назарын
сабаққа аудары
3.Психологиялық
дайындық.
Топқа
бөлу
ІІ.Үй тапсырмасын
тексеру
«Жүзіп шығу» стратегиясын
қолдана отырып үй жұмысын тексеру
Сұрақтары: 1.ІІ дүниежүзілік соғысы туралы не
білесің?
2.Әңгімеде жау ұшақтары
мен танкілерін неге теңеген?
3.Жақия қандай ерлік
көрсетті?
4.Ұлы отан соғысына
қатысқан Қазақстаннан қанша адам қатысты?
5.«Мен соғысты жек
көремін» бөлімінде соғыс жайлы жазған қандай авторларды
білеміз?
6.Совет одағының батыры
атағын алған қазақстандықтар саны қанша?
ІІІ.Жаңа
тақырып
Оқушыларың зейіндерін сабаққа аудару.
1. Қызығушылықты ояту.
- Алдарыңдағы конвертті ашып көріңдер.
- Бұл қандай шөп?(Жусан)
Ой қозғау:
- Жусан деген қандай шөп?
- Бұрын жусан туралы естігендерің бар ма?.
--Жусан туралы класстер
құрастыру
- Бүгін біз С. Мұратбековтің «Жусан иісі» әңгімесімен
танысамыз.(Слайд)
- Мәтіннің авторы С. Мұратбеков туралы мағлұмат беру.(Слайд)
Болжау:
- «Жусан иісі» әңгімесі не туралы деп ойлайсыңдар?
Оқушылар топта ақылдасып, сыныпқа болжауларын айтады.
2. Мағынаны ажырату.
Қазір мәтіннің бірінші бөлімін оқимыз. Сендердің болжамдарың сәйкес
келді ме, байқап көрейік.
І - бөлім таратылып беріледі. Оқушылар іштей оқиды.
Сұрақ: Болжағандарың сәйкес келді ме?
- Әңгімеде қай кездегі оқиға баяндалады?
- Соғыс не үшін болды деп ойлайсың?
- Қаралы қағаз деген не? Әскери комессариаттан келетін жауынгердің
қайтыс болғаны тулы анықтама(Сөздік жұмысын интерактивті тақтадан
көрсету)
3. Ой толғаныс:
Болжау.
- Ары қарай не болады деп ойлайсыңдар? (Жеке, топта, сыныпқа
айту)
ІІ бөлім таратып беріледі. Оқушылар іштей оқиды, болжауларымен
салыстырады.
- Келген қара қағаздың басқалардан айырмашылығы неде?
- Аян қалай қабылдады? Қалай әсер етті деп ойлайсың?
- Аян жылай білмей ме?
(Соғыс кезіндегі балалар өмірі туралы слайд көрсете отырып
мұғалімнің әңгімелеуі)
Болжау.
Сеніңше ары қарай мәтінде не айтылуы мүмкін? Жусан иісі туралы
айтыла ма? Оқушылар жауабы.(Топта талқылап, ойларын айтады)
ІІІ бөлім таратылып беріледі, оқушылар оқып, танысады,
болжауларымен салыстырады.
- Ат қораның іші қандай?
- Ол неге қараңғы қораға келіп жылады?
- Кімнен жасырынды? Неге жасырынып жылап отыр?
- Аянның қандай бала екенін байқадың?
(Соғыс салған қиыншылық жалғыз Аянның басында ғана болған жоқ, сол
кездегі мыңдаған бала басынан өткерген тағдыр екендігін айту.)
(Слайд)
Болжау.
- Мәтіннің жалғасында жусан иісі туралы айтыла ма? Әкесінен
айырылған Аян енді не істеуі мүмкін? Оқушылар болжауы.(Топта
талқылайды)
ІҮ бөлім таратылады, оқушылар іштей оқып, танысады.
- Болжауларың сәйкес келді ме?
- Аян кімнің үйінде тұрушы еді?
- Аян қайда жиналып жатты?
- Есікбай кім, оның көңіл - күйі неге өзгерді?
-Аянның жетімдер үйіне
кетуінің себебі неде?
(Интернат, балалар үйлері туралы айту, слайд
көрсету.)
Болжау.
- Мәтін қалай аяқталады деп ойлайсың? Оқушылар болжауы.
Ү бөлім таратылады, оқушылар іштей оқып, танысады.
- Болжауларың сәйкес келді ме?
- Балалар Аянды қалай естеріне алушы еді?
- Әңгімені айтып отырған балаға жусанның иісі кімді есіне
түсіреді?
- Жусан иісі арқылы автор қандай ой тастайды?
Дәптермен жұмыс.
Қора іші:... тауып жазу
Тапсырма.
-
Жетім деген сөздің
мағынасын қалай түсінесіңдер?
-
Осы тақырыпқа байланысты
қандай мақал-мәтелдер қолдануға болды?
-
«Жетім» сөзіне венн диаграммасы
|
Сол
кездегі жетім балалар
|
Ұқсастығы
|
Қазіргі
кездегі жетім балалар
|
І топ: «Аянның болашағы» тақырыбында әңгімені жалғастырып жазып
аяқта.
ІІ топ: Аянға хат жазу.
ІІІ топ: Аянның портреті. (Аян қандай бала?)
Аян бейнесін
ашу,постермен
жұмыс.
Қорытындылау.
- Аян бұл күні қайда болуы мүмкін?
- Әңгіме неліктен «Жусан иісі» деп аталған?
- Мәтінді оқығаннан кейінгі сенің көңіл - күйің
қандай? (Басбармақ)
Үйге тапсырма: 1.«Туған жерге сағыныш» тақырыбына
эссе жазу.
2. Біздің елімізде бүгінгі күнде жетім балаларға қандай қамқорлық
жасалуда?