400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жуық есептер

Материал туралы қысқаша түсінік
Жуық есептер
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алгебра,7 №86-87 __________________

Сабақтың тақырыбы: Жуық шамалардың пайда болуы. Абсолюттік қателік.

Сабақтың мақсаты: Жуық шамалардың шығу себептерімен, сандардың жуық шамасының абсолют қателігі ұғымымен таныстыру, санның жуық шамасының абсолют қателігін табуды үйрету.

Түйінді идеялар: дәл мән, жуық шама, абсолюттік қателік

Күтілетін нәтиже: жуық сандардың шығу тарихын біледі, жуық шаманың абсолют қателігін табуды үйренеді.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақты ұйымдастыру әдісі: жекелей, топтық, сыныптық.

Сабақты меңгертудің әдіс-тәсілдері: ой қозғау, проблема қою, іздендіру

Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелер

Техникалық жабдықталуы: тест кітапшалары

Сабақ кезеңдері:

І. Ұйымдастыру..

Қосымша тапсырма: 632,127; 36,0151; 100,2749; 11,6797 сандарын

а) жүздік үлеске, ә) ондық үлеске, б) бірлікке, в) ондыққа дейін дөңгелектеу.

1-топ. Жүздік үлеске дейін дөңгелектеген жауап бойынша: 632,13; 36,02; 100,27; 11,68

2-топ. Ондық үлеске дейін дөңгелектеген жауап бойынша: 632,1; 36; 100,3; 11,7.

3-топ. Бірлікке дейін дөңгелектеген жауап бойынша: 632; 36; 100; 12.

4-топ. Ондыққа дейін дөңгелектеген жауап бойынша: 630; 40; 100; 10.

4. Сабақтың тақырыбымен таныстыру

5. «Ой қозғау» - тақырыптың мағынасын ашу: «Жуық шама», «қателік», «абсолюттік қателік» деген сөздерді қалай түсінесіңдер?

6. Оқушылармен тақырыптың мақсатын анықтау, проблема қою.

ІІ. Жаңа білімді меңгерту.

Проблемалы іздену – практикалық жұмыс.

1. Топтарға 1- тапсырма

1) 1-топ. Партаның ұзындығын өлшеп, нәтижесін жазу;

2-топ. Сынып бөлмесінің ұзындығын өлшеу, нәтижесін жазу;

3-топ. Әр қорапта 12 қарындаш бар, осындай 100 қорапта неше қарындаш бар?

4-топ. Кез келген бұрыш салып, бұрыштың шамасын транспортирмен өлшеп, нәтижесін жазу.

2) Орындаған өлшеу жұмыстарының нәтижесін айтады және 1, 2, 4 – топтардың орындаған өлшеу жұмыстарының мәні жуық шама, 3-топтың есептеген 100 қораптағы 1200 қарындаштың нақты мән екенін айтады.

2. Топтарға 2- тапсырма.

1) 1және 3-топтарға:

у=х2 функциясының х=0,8 және х=1,5 болғандағы мәндерін есептеу

2 және 4-топтарға:

у=х2 функциясының х=0,8 және х=1,5 болғандағы мәндерін график арқылы табу.

  1. Әр топтан бір-бір оқушы тапсырма нәтижесін тақтаға жазады.

  2. Осы нәтижелер бойынша топтарға тапсырма: Анықтау керек:

  1. қай орындауда жуық шама?

  2. қайсысында дәл мән?

  3. жуық шаманың қателігі қанша?

  4. Жуық шаманың қателегін қалай есептейміз?

  5. Қателікті – α, дәл мәнді – А, жуық шаманы - а деп белгілеп, қателікті есептеу формуласын жазыңдар, анықтамасын қорытыңдар.

Топта есептейді, формуласын жазады, талдайды

Бір топтан бір оқушы тақтада қорғайды, қалған топтар өздерінікімен салыстырады, қатесі болса түзетеді.

Сонымен α=│А- а│екені қорытылады. Анықтамасы айтылады.

ІІІ. Топтарға 3-тапсырма

  1. Оқулықтан өздері танысады, топта талқылайды.

1-топ. Санның мәнді цифрлары

2-топ. Дұрыс цифрлар

3-топ. Санның жуық мәні

4-топ. Артығымен, кемімен алынған жуық мәні

  1. Әр топтан бір оқушыдан шығып, тақырыпшаларды түсіндіреді.

  2. Осы тақырыпшаларға әр топ мысал келтіреді, топта бір-бірін үйретеді

  3. Бекіту. №307, 309 (топта орындайды, нәтижесін тақтада жазады)

Үй жұмысы. §16 №307-309 №314,317

  1. Бағалау – бағалау парағындағы ұпай саны бойынша қорытынды баға шығару.

  2. Қорытындылау.

Рефлексия – стикерлермен ͐Үміт ағашына͐ тілектерін жазу

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
833
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі