400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

К дыбысы мен әрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: сауат ашу

Күні:

Сынып: 1 «ә»

79-сабақ

Мектеп:№73

Мұғалімі:Алданазарова Г.А

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Мен және табиғат. К дыбысы мен әрпі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.9.1Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.

1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.

1.3.5.1 Тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызба, сурет, белгілер қолдана отырып, жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу.

1.3.10.1 Заттың атын, санын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді ажырата алу және оларды қолдана білу

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Мен және табиғат. К дыбысы мен әрпі туралы білімді меңгереді.

Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

Мен және табиғат. К дыбысы мен әрпі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

Қолдарыңды көтеріңдер – бір дейік.

Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік.

Қолды создық, басты бұрдық – екі деп,

Қозғалыспен әрбір адам жетіледі.

Алға, артқа қарадық та – үш дедік.

Тағы жаңа жаттығулар істедік.

Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып,

Отырайық көңілді енді марқайтып.

/Б.Бөрiбаев/

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!





Шаттық шебері








Сабақтың ортасы

8 минут



  1. (МК;Ө;Қ)

«К» дыбысы және әрпімен таныстырамын. «К»-нің дауыссыз екенін, оның сөз басында, ортасында, соңында келу үлгілерін көрсетемін. Таңбасын үйретемін.

Күшік сөзіне дыбыстық талдау жасатамын.

  1. №1 Оқылым (МК;Ж;Қ)

«К» әрпі бар сөздер оқытып, сөздік және сөз мағынасымен жұмыс жүргізіледі.

«Текемет», «кесіртке», «кесте», «елік», «терек» сөздерінің суреттері көрсетіледі. «Ерлік» сөзінің мағынасы өмірден мысалдар келтіру арқылы түсіндіріледі.

№2 Жаңылтпашты жатқа айт. (МК,Ө,Т,Қ)

Оқушыларға жаңылтпаш оқытылады. Жаңылтпашты оқушыларға оқытып, жатқа айтқызу жұмысы орындалады. Оқушылар осы жаңылтпашқа ұқсас өз нұсқаларын құрастырады.

Шеше,шеше

Неше кесе

Сынды кеше?


Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

Сергіту сәті

1 минут

Оңға түзу тұр,

Солға түзу тұр.

Алға бір адым

Артқа бір адым.

Оңға бұрылып,

Солға үңіліп

Жоғары, төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

Сергіту сәтіне арналған жинақ

Қызықты тапсырма

8 минут


Аяқталуы


16 минут




№3 Кім? Сұрағына жауап беретін сөздерді тап.(МК;Ө;Қ)

Shape1

Кім?







Іздену жұмысы ұйымдастырылады. Алдымен сөздерді оқытып, буынға бөлдіріп, буын санын анықтатып, дыбыс түрлерін ажыраттырамын.

Әрі қарай сөздерің мағынасына талдау жасату. Кім? сұрағына жауап беретін сөздерді таптыру. Сөздерден сөйлем құрату.

Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді оқушылар топтайды:

Кім? – Еркін, етікші, кісі.

Не? – ірімшік, ешкі, кілт, кіші.


Оқушылардың Кк әрпі мен ол кездесетін сөздерді қатесіз, әрі көркем жазуын қадағалау. Оқушылардың әріптерді жазу дағдыларын қалыптастыруда бастырып жазу әдісі мен генетикалық әдісті тиімді қолдану.






Оқулық, дәптерлер.


Сабақтың соңы

2 минут


Рефлексия


Кеменің суреттері

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?



1. (МК; Ө; Қ)

«К» дыбысы мен әрпін ажырата алу, әріпті дыбыспен сәйкестендіру білігін бағалау.

2. (МК; Ж; Қ)
Оқу түрлерін қолдана
алу білігін бағалау.

3. (МК; Ө; Т; Қ) Жаңылтпашты жатқа айтып, өз нұсқасын құрастыра алу білігін бағалау.

4. (МК; Ө; Қ) Сұрақ қоя білу білігін, іздену жұмысын жасай алу деңгейін бағалау.

5. (МК; Ө; Қ) Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгісін қою білігін бағалау.

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.


Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)


Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қаңтар
395
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі