400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

К дыбысы мен әрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
1.К дыбысы бар сөздерді   сөздерді  оқи, жаза  білуге  үйрету.  Мәтінді оқи отырып, талдау жасау. 2.Оқушылардың  сөздік қорын дамыту, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту. 3. Кітап  оқуға, кітапты  күтіп ұстауға шақыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы

«№3 жалпы орта білім беретін мектеп-кешені» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Кутешова Жадыра Серикалиевна

Сауат ашу

Тақырыбы:  К к  дыбысы  мен  әрпі

Мақсаты:Дауыссыз  К  дыбысы  мен  әрпі туралы білімдерін пысықтау,тиянақтау.

Сабақтың міндеттері:

1.К дыбысы бар сөздерді   сөздерді  оқи, жаза  білуге  үйрету.  Мәтінді оқи отырып, талдау жасау.

2.Оқушылардың  сөздік қорын дамыту, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту.

3. Кітап  оқуға, кітапты  күтіп ұстауға шақыру.

Сабақтың әдісі:  түсіндіру, ой қозғау, ой қорыту, талдау, жинақтау.

Сабақтың көрнекілігі:суреттер, плакат,мәтін жазылған парақ.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ 

Сабақтың   барысы:        І. Ұйымдастыру

Сабақтың  ұраны:    «Оқу – білімде,

Білім — кітапта»

ІІ. Өткен  сабаққа  шолу

- Өткен  сабақта қандай дыбыспен, әріппен  таныс  болдық?

- К дыбысымен, әрпімен.

Сөздік диктант

Кеме, кесе, терек, шелек, мереке, береке, кебеже, текемет.

- «Кеме»  мәтінін  тізбектеп  оқимыз. Мәтінді талдау.

ІІІ.  Жаңа  сабақ

1.Ой  қозғау  . Көбелек өлеңін оқу.

Қызыл, сары, қоңыр, көк

Алуан-алуан көбелек

Торға түсіп қалмашы,

Торғайға жем болмашы.

К дыбысы бар сөздерді табу.

2. «Сөз ойла, тез ойла!» ойыны (Сөздер  ойлай  отырып, к  дыбысының орнын анықтату)

К – дауыссыз  дыбыс. Сөздің  барлық  буынында  кездеседі.

3. «Сауатты  оқып  дағдылан!»

► Бағандағы жаңа сөздерді оқып таныстыру, мағыналарын түсіндіру.

Кесте кептер кеше еңбек

кеспе керуен кешен кетпен

► Сөздерді оқушыларға оқыту

4.« Дәптермен жұмыс Дыбыстарды  анықта!» (дыбыстық талдау жасау)

► кебек, керек, кесек, кеуек.

5. Мәтінмен  жұмыс

► «Спорт алаңы» мәтінін оқып  түсіндіру

► Оқушыларға тізбектей оқыту

► Мазмұнын  сұрау

Сергіту сәті

Қанатымызды жаямыз,
Көбелек боп ұшамыз.
Жұпар иісі аңқыған,
Гүлге келіп қонамыз.
6.«Сен  білесің  бе?»

► Дүние жүзіндегі ең кішкентай құс – колибри

► Мүлдем  ұя  салмайтын  құс – көкек

► Дүние  жүзіндегі ең үлкен  балық – көк  кит

► Хат  таситын  құс – кептер

7.Сызбасын сал.

- Анау не? 

- Ол – кептер.

- Ол қайда отыр?

- Ол шатырда отыр.

8. «Білгенге маржан»

- Жыл мезгілдері нешеу?

- Жыл мезгілдері төртеу.

- Солардың ішінде к дыбысынан басталатын мезгіл бар ма?

- Көктем, күз.

- Олай болса, осы екі  мезгіл  туралы әңгіме өрбітейік

9. Бекіту сұрақтары:- К дыбысы қандай дыбыс?

- Сөздің қай жерінде кездеседі?

- Қандай мәтінмен таныстық?

- Онда не туралы айтылған?

- Бүгін тағы не білдік?

ІУ. Қорытындылау. Мадақтау.

10.Мақалдың мағынасын  ашу. «Кітап – білім бұлағы, Білім  — өмір   шырағы» (Кітап оқуға,кітапханамен  байланысуға  шақыру)

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
461
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі