жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
К витамині (филлохинон , антигеморрагиялық витамин)
|
Класы: 10 |
Пәні: биохимия |
Күні: |
||||
|
Сабақтың тақырыбы : |
К витамині (филлохинон , антигеморрагиялық витамин) |
|||||
|
Сабақтың мақсаты : |
1.К
витамині олардың ағзадағы маңызы, олар жетіспегенде
және ағзада көп болғанда туындайтын аурулар туралы түсінік
қалыптастыру. |
|||||
|
Күтілетін нәтиже : |
Оқушының орындау мүмкіндігі: |
-бұрыннан таныс мәліметті жаңа мәліметпен ұштастыра алады; -проблема туралы өз білімін ұсынады; -берілген ақпаратты сыни тұрғыдан бағалайды; -жеке, жұптық, топтық жұмыстар орындай алады; -бірін-бірі тыңдауға үйренеді; |
||||
|
Сабақтың түрі: |
Білімді өз бетімен меңгеру, зерттеу |
|||||
|
Сабақтың әдісі: |
Білімді меңгеру, шығармашылық қабілеттерін арттыру, сұрақ – жауап, қалам столдың ортасында, түртіп алу, көзге көрінетін айғақтар негізінде сын тұрғысынан ойлау, сурет бойынша «миға шабуыл» әдісі, «Қалам столдың ортасында» әдісі; |
|||||
|
Көрнекіліктер: |
Интерактивті тақта, бейнематериалдар, компьютер, витаминдер суреттері, электрондық оқулық, постер,стикерлер, маркерлер, суреттер, клей, қайшы; |
|||||
|
Сабақ кезеңдері: |
Мұғалімнің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Жұмыстың белс/форма |
Бағалау |
||
|
Қызығушылықты ояту Мағынаны тану Рефлексия Үйге тапсырма |
Мұғалімнің әрекеті Сергіту сәті: Капитан 1 адам, матрос 2 адам (еден жуушы), құтқарушы шеңбері 3 адам (ортада бір адам), түскі ас 4 адам(тамақ), қайық 6 адам (ескек есу) Топқа бөлу Сабақ барысымен таныстыру.Бағалау парақшаларын тарату.Балалардың назарын сабаққа шоғырландыру. «Қадам басу» бір оқушы суда еритін витаминдерді атайды: аскорбин қышқылы С, тиамин В1, никотин қышқылы РР, биотин Н, Бір оқушы майда еритін витаминдерді атайды: ретинол А, кальциферол Д, токоферолЕ, филлохинон К Бір оқушы интерактивті тақтада қаламсабын пайдаланып жазып тұрады. «Қарлы кесек» ойыны оқушылар бір-біріне сұрақтар лақтырып, сұрақты алған оқушы сол сұраққа жауап береді. 1. Витаминдердің адам ағзасында жетіспеуінен болатын ауру.(Авитаминоз) 2. Витаминдерді сақтау үшін қандай ыдыстарды пайдаланады? (эмаль, шыны) 3.Антиденелердің қалыптасуын жүзеге асырады(С) 4.Жүрек,бұлшықет,эпителий ұлпасының қызметін жақсартады (В тобы)
5. Ағзаның өсуіне, дамуына әсер етіп, түрлі
ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады.(А
витамині) «Түртіп алу»әдісі: /Оқушылар мәтінге белгілер қояды/. К витамині (филлохинон, антигеморрагиялық витамин) 1929 жылы дат ғалымы Дам алғашқы рет балапандарды төмендегідей құрамнан тұратын жасанды тамақпен: 66 пайыз крахмал, 18 пайыз казеин, 4,5 пайыз тұз қоспасы, 2,5 пайыз клетчатка мен ашытқылар экстрактысы, А мен Д витаминдері бар балық майымен қоректендіргенде 1– 2 аптадан кейін ет пен тері арасында немесе бұлшық еттерге, миға және ішектерге қан құйылуын байқаған. Бұл К витаминінің жетіспеуінен болатын құбылыс екен. Ал егер жасанды тағамның құрамындағы крахмалды астық тұқымдастары қоспасымен алмастырғанда, жоғарыдағыдай қан құйылу құбылысы мүлдем тоқталған. К витамині өсімдіктердің жасыл бөліктерінде, әсіресе беде мен жоңышқа жапырақтарында көп кездеседі. Шіріген балық ұны құрамынан да табылды, оны К2 витамині деп атайды, ал жаңадан дайындалған балық ұнында ол кездеспейді, себебі микроорганизмдер балықта филлохинонды синтездейді екен. 1939 жылы швейцар химигі Каррер К витаминінің химиялық табиғатын анықтады. К витамин- дері қызметі- ол қанның ұюына қатысады.Тікелей қан ұюы жүйесіне кірмейді.К витамині жетіспеген кезде протромбиннің, антигемофильдік глобулин шамасы төмендейді.Протромбин бауырда түзіледі және ол К витамині жоқ кезде оны томбинге айналдыратын кальций иондарын байланыстыра алмайды.Фибриногеннің фибринге айналуы үшін тромбин қызметін атқарады, қан ұюының мағынасы осы негізге байланысты. К витаминдері күнделікті жиі пайдаланылатын тағамдарда жеткілікті мөлшерде кездесіп отырады және ішектегі кейбір бактерияларының әсерімен жаңадан пайда болады. Сондықтан, бұл витаминнің ағзада жетіспеуі тек кейбір аурулардың салдарынан, көбінесе өт қабы, бауыр және өт жолдарының зақымдануынан байқалады. Себебі К витамині өтте еріп, ішектен бүкіл денеге сіңіріледі. Әдетте филлохинон ішектен майлармен бірге лимфатикалық жүйкеге қабылданады. К витаминіне әсіресе бұршақ тұқымдас өсімдіктер, сәбіз, капуста, томат, қалақай жапырағы бай келеді. Сол сияқты К витамині бауырда, жұмыртқада, сүтте кездеседі. К витамині жануарлар мен адамдардың ішек- қарынында микроорганизмдер синтездеп дайындайды. Сондықтан оның ағзада қажетті тәуліктік мөлшерін анықтау қиын. Адамға қажетті мөлшері күніне 0,2 – 0,3 мг.К3 витамині (викасол) медицинада қолданылады.Викасол ерітіндісінде цистеин мен сілті қосқанда лимон сары түске боялады да, соңынан қызыл – сары түс пайда болады.К-авитоминоз сырқатына тән белгі-терінің астына және бұлшық еттерге қан құйылуы (геморраги) Ондай жағдай қан ұюы жылдамдығының төмендеуінен болады. І.Көзге көрінетін айғақтар негізінде сын тұрғысынан ойлау. Фото суреттермен лайықтап жұмыс жасауға бағыттау. Фотосуреттерді іріктеу ерекше тақырыпты көрсету үшін іске асырылады.(Дәрумендер)Зерттеудің негізгі мақсаттары әрекет басталмай тұрып айқындалуы керек. Дәрумендердің суреттерін беріп, оларды әртүрлі критерийлер бойынша топтап, түсіндіру. І.Топта берілген дәрумендер суреттерін қарап, талқылайды.Суреттер әр параққа сәйкес сұрыпталады. (сызбалар жасайды)
«Бәрі сенің қолыңда»
Парақ бетіне сол қолыңызды салыңыз.Әр саусақ сіздің көзқарасыңызды көрсетеді, сол бойынша өз ой-пікіріңізді білдіресіз. -Бас бармақ - мен үшін маңызды және қызықты болды. -Сұқ саусақ - осы сұрақ бойынша мен өзіме қажетті мәлімет алдым. -Ортаңғы саусақ - бұл маған қиынға соқты...(маған ұнамады)... -Шылдырлы саусақ - менің психологиялық ортаны бағалауым. -Кішкене саусақ - мен үшін жеткіліксіз болды...
Бағалау парақшаларын жинастыру.
Қорытынды: Пән мұғалімі: Балалар, бүгін біздер көкейімізде жүрген көптеген сұрақтарымызға жауап алдық деп ойлаймын. Сондықтан болашақта күнделікті ішіп жүрген тағамымыздың құрамына назар аударайық, халқымыз « басты байлық – денсаулық» деп текке айтпаған. Дені сау, білімді адам үлкен биіктерді бағындыратыны бәрімізге аян.
«Ас жүрген жерде ауру жүрмейді» дейді халық.
Сондықтан да адам ішкен тамағына көп көңіл бөлуі
қажет. Сонымен
витаминдер нәр десе нәр, жан десе жан беретін
дәнекерлер. |
Оқушының әрекеті (Тренингтегі қимылдарды жасап, өз топтарын табады) Топ ережесін ұстану Ітоп. ІІ топ. ІІІ топ. Тақырып бойынша өз көзқарасын шығармашылық тұрғыдан көрсетеді. Бірге кластастарымен талқылау. Сен білесің бе? (қандай жеміс-жидек туралы айтылып тұрғанын табу керек) 1.Адамдардың тамаққа қолданатын жемістерінің 4/5 –бөлігі. Оны ежелден ем – дәмдік тағам ретінде және ас қорыту бұзылуын реттейтін амал ретінде қолданған. Дәрумен жетіспегенде, безгекке қарсы да жеген. Ол тәнге күш беріп, ағзаның әртүрлі аурулармен күресуіне көмектеседі. Сырқатқа шалдыққандарға да, сау адамдарға да жеу пайдалы. (алма) 2.Оның шырыны несепті айдау үшін өте пайдалы. Оның шырынын қуыққа тас байланғанда да ішеді. Оның шырыны мен тұндырмасы несептің бөлінуін күшейтіп қана қоймай, түсін де ашып, бактерияларды жоюға әсер етеді. Оның азықтық, шипалық қасиеті мол. (алмұрт) 3.Оның шырынының құрамында калий, күкірт, фосфор, хлор көп. Соның нәтижесінде терідегі дақты оның шырынын ішіп кетіруге болады. Ағзаны тазалауға таптырмайтын әдіс, әсіресе, сәбіз шырынын қосқанда айрықша пайдалы. (картоп) 1- қадам: мәтінді оқу, мынадай белгілермен «V»- маған таныс; «+»-мен үшін жаңа; «-»-мен білетін түсінікке сәйкес келмейді; «?»-бұл туралы тереңірек білгім келеді. 2-қадам: өз бетінше оқыған мәтіннің нәтиженсін әуелі жұпта, сосын топта талқылау Топтық тапсырмалар беріледі І топ. «Топтастыру», Венн диаграммасы (Е және К дәрумендерін салыстыру) ІІ топ. «Жарнама, қолдану аясында» ІІІ топ. «Сұрыптау» топтық жұмыстар жасауға бағыт беріледі және әр топтан екі оқушыдан компьютерге отырғызып осы тақырыпқа екі беттік слайд презентациялар жасау ұсынылады. Компьютер желіге қосулы. 15-20 мин уақыттан кейін постер қорғалады.Постер қорғаларда «Қалам столдың ортасында» әдісі бойынша әр топтан оқытушы столда жатқан кез-келген қаламды ала-сала, қатысушының үлесін сұрай алады. ІІ.Шағын топтағы қатысушылар сурет таңдайды.Сурет бойынша «миға шабуыл» әдісі арқылы ықтимал сұрақтар қойылып, суреттің айналасына жазылады. «(түсті орамжапырақ, бауыр суреті ) Бұл сурет қандай себеппен салынған? Қатысушылар барынша көбірек сұрақтар құрастыруы қажет. Бақылау сұрақтары: Орамжапырақтың құрамында қандай дәрумендер бар? Шешім қабылдауға арналған сұрақтар:Осы дәруменді қандай мақсаттар үшін пайдалануы мүмкін? Талдау сұрақтары: Бұл жемісті ұтымды пайдалану денсаулығымызды мінсіз ете ала ма? Қиял-ғажайып сұрақтар: Кешенді витаминдерді қолданып,өмірімді қалай ұзарта аламыз?Кешенді витаминдерді үнемі пайдалансақ, өз сұлулығымды сақтап қала аламыз ба? Гемофилияның тұқым қуалау сызбанұсқасы (Аса қауіпті тұқым қуалайтын ауру-гемофилия.Бұл аурумен ауырған кезде қанның ұюы кеміп, соған байланысты адам жарақаттанғанда қан тоқтамайды. Мұндай ауру көбінесе ер адамдарда кездеседі, себебі оны анықтайтын рецессивті ген Х-хромосомада болады.Ал осы ген бойынша гетерозиготалы болып келетін әйел адамда қан қалыпты ұйиды, бірақ ол гемофилияның генін тасымалдайды. -дені сау қыз бала -дені сау ер бала -тасымалдаушы қыз бала -гемофилиямен ауыратын ер бала) |
Бағалау парағы бойынша топ басшылары бағалайды Жедел жауаптар Оқушылар тапсырма ларын орындайды Жаңа сабақты өздері меңгереді. Белсенді жұмыс әрбір оқушыны ақпаратты сұрыптау үрдісіне итермелейді.
Үрдістерді терең ұғынып, өз ойын білдіру дағдысы дамиды Бағалау парағы бойынша бағалау |
Үш шапалақ арқылы бағалау
Бағалау критерийі:
1. Ой шақыру кезеңіне белсене араласса Толық жасалса 5 Жартылай жасалса 3 Мүлдем болмаса 0
2. Постер жұмысының мазмұнға сай болуы Дәл толық айтылса 5 Жартылай жасалса 3 Мүлдем болмаса 0
3.Презента- цияның сапалы орындауы Толық көрсетілсе 5 Жартылай жасалса 3 Мүлдем болмаса 0
4. Ой толғаныс кезеңіне белсенділігі Толық 5 Жартылай 3 Мүлдем болмаса 0
5.Қорытын- ды баға Толық 5 Жартылай 3 Мүлдем болмаса 0 Бағалау парағы бойынша бағалау |
||
|
Ой шақыру кезеңіне белсене араласса |
Постер жұмысының мазмұнға сай болуы
|
Презентацияның сапалы орындауы
|
Ой толғаныс кезеңіне белсенділігі |
Қорытынды баға |
|
Дәл толық айтылса 5 Жартылай жасалса 3 Мүлдем болмаса 0 |
Мүлдем болмаса 0 Толық жасалса 5 Жартылай жасалса 3
|
Толық көрсетілсе 5 Жартылай жасалса 3 Мүлдем болмаса 0 |
Толық 5 Жартылай 3 Мүлдем болмаса 0 |
Толық 5 Жартылай 3 Мүлдем болмаса 0 |
Квитамині (филлохинон, антигеморрагиялық витамин ).
|
р/с |
Оқушының аты жөні |
Ой шақыру кезеңіне белсене араласуы |
Постер жұмысының мазмұнға сай болуы |
Презентацияны сапалы орындауы |
Ой толғаныс кезеңіне белсенділігі |
Қорытынды баға |
|
1 |
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
|
|
|
4 |
|
|
|
|
|
|
|
5 |
|
|
|
|
|
|
|
6 |
|
|
|
|
|
|
|
7 |
|
|
|
|
|
|
|
8 |
|
|
|
|
|
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген