15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Кабелді жүргізу, жөндеу, бұзу жане электр қондырғыларды жөндеу барысындағы техника қауіпсіздік шаралары
Пән: Еңбекті қорғау және өндірістік экология негіздері
Сабақтың тақырыбы: Кабелді жүргізу, жөндеу, бұзу жане электр қондырғыларды жөндеу барысындағы техника қауіпсіздік шаралары
Сабақтың мақсаты:
білімділік: білімалушыларға кабелді жүргізу, жөндеу, бұзу жане электр қондырғыларды жөндеу барысындағы техника қауіпсіздік шараларын терең меңгеруді қамтамасыз ету.
дамытушылық: оқушылардың «Еңбекті қорғау және өндірістік экология негіздері» пәні бойынша (туралы) білімдерінің белсенділігін арттыру
тәрбиелік: пәнге деген қызығушылына тәрбиелеу
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: теориялық сабақ
Оқыту әдістері: ауызша (дәріс, сұрақ - жауап)
Оқыту құралдары: интерактивті тақта, анықтамалар, слайдтар
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу; оқушыларды түгендеу; зейіндерін сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын сұрау: (білім алушыларға тапсырма)
тест тапсырмасын орындау.
3. Жаңа тақырыбты түсіндіру. (тірек конспект қосылған)
Электрмен дәнекерлеу жұмыстары кезінде пайда болатын қауіп-қатерлер.
Қауіпсіздіктің жалпы талаптары.
Жұмысқа дайындық кезіндегі қауіпсіздік шаралары.
Электрмен дәнекерлеу жұмыстары кезінде қауіпсіздік шаралары.
Электр қондырғыларды жөндеу барысындағы техника қауіпсіздік шаралары
4. Сабақты бекіту. (білім алушыларға тапсырма)
Тақырыпқа байланысты тест тапсырмасын құрастыру.
5. Сабақты қорытындылау: білім алушылардың білімі мен белсенділігіне сәйкес бағалау, қойылған бағалардың негізділігін түсіндіру.
6. Үй тапсырмасы: 5.2.тақырыбына конспект жазу
Пән оқытушысы: ____________ Нусупов Д.Б.
Тірек конспект №32
Сабақтың тақырыбы: Кабелді жүргізу, жөндеу, бұзу жане электр қондырғыларды жөндеу барысындағы техника қауіпсіздік шаралары
І. Электрмен дәнекерлеу жұмыстары кезінде пайда болатын қауіп-қатерлер.
1.1. Электрмен дәнекерлеу жұмыстары кезінде сәулелі энергияның қуатты ағыны: көрінетін ( жарықтық) және көрінбейтін ( ультракүлгін және инфрақызыл ) сәулелер пайда болады.
Көрінетін жарықтық сәулелер қысқа сәулелену кезінде (бірнеше секунд) көзге шағылысып көрсетпей тастаса, ал ұзақ сәулелену кезінде көру қабілеттілігінің жоғалуын тудырады.
1.2. Электрмен дәнекерлеу жұмыстары кезінде неше түрлі электр жабдықтар және электр қондырғыларының үлкен саны пайдаланылады. Оларды пайдалану ережелері бұзылған кезінде дәнекерлеуші электр тоғымен зақымдануы мүмкін.
1.3. Электрлік доға түзілетін орындардағы пісірілетін және балқымалы бөлшектер бірнеше мың градус Цельсий температураға дейін қызады; қызған орындарға (бөлшектерге) байқаусыз жанасқан кезде адам күйіктер алу мүмкін. Дәнекерлеу процессі кезінде жеке басты қорғау құралдарынсыз жұмыс істеу, дәнекерленетін бұйымдардың балқытылған металының шашырауынан күйіктер алуға әкеліп соғады.
1.4. Дәнекерлеу процесстері кезінде зиянды газдар мен шаңның үлкен мөлшерінің бөлінуі болады, олар адам ағзасына түскен кезде ауру мен улануды тудыруы мүмкін.
Дәнекерлеушілер
осы нұсқауда берілген қауіпсіздік
талаптарын қатаң сақтаған кезде электрмен
дәнекерлеу жұмыстары кезінде пайда
болатын қауіп-қатерлер олардың
денсаулығына әсер етпейді.
ІІ
Қауіпсіздіктің жалпы талаптары.
2.1. Электрмен дәнекерлеушілердің қауіпсіздік техникасы бойынша біліктілігі ІІ дәрежеден төмен кем болмауы керек.
2.2. Электрмен дәнекерлеушілердің жұмыстарды жүргізуге құқық беретін арнайы біліктілік куәлігі болуы қажет.
2.3. Электрмен дәнекерлеушілер үшін қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар үш айда бір өткізілуі қажет.
2.4. Биіктіктегі дәнекерлеу жұмыстарына медициналық қарсы көрсеткіштері бар адамдар жіберілмейді.
2.5. Жұмысшы жұмысты орындау алдында қорғау жабдықтары мен құрылғылардың болуын және ақаусыздығын тексеру керек, сонымен қатар тұйықтаушы өткізгіштердің қосылуының сенімділігін тексеруі керек.
2.6. Жұмысшыға дәнекерлеу жұмыстарын орындау үшін ақысыз жеке басты қорғау құралдары беріледі: арнайы киім, арнайы аяқ киім, бас киім және қорғау құрылғылары. Олармен қамтамасыз етілмесе, дәнекерлеуші жұмысқа жіберілмейді.
2.7 Дәнекерлеушінің жұмыс орынында шылым шегуге тыйым салынады- кәсіпорындарда бұл үшін арнайы орындар беріледі.
ІІІ. Жұмысқа дайындық кезіндегі қауіпсіздік шаралары.
3.1. Жұмысты бастау алдында электрмен дәнекерлеуші арнайы киімді (брезентті костюм, аяқ киім, диэлектрлік қолғаптар) киюі керек және қорғау құрылғыларын (шлем, қорғағыш) қалыпқа келтіруі керек. Арнайы киім және қолғаптар құрғақ, май сіңбеген болуы керек.
3.2. Дәнекерлеу доғасының сәуле шығаруының зиянды әсерінен көз бен бетті сақтау үшін дәнекерлеу тоғы күшіне байланысты арнайы жарық сүзгілерімен қорғалған шлемдерді қолдану қажет
3.3. Бір құрылғының тұйықталған корпусын басқа құрылғыны тұйықтау үшін пайдалануға тыйым салынады. Әр аппараттың тұйықтаушы өткізгіштерін жалпы тұйықтауға жеке қосу керек.
3.4. Жұмыс орнының жарықтандыруының ақаусыздығын тексеру керек. Дәнекерлеу орнының жеткіліксіз жарықтандырылуы кезінде 36В кернеуліктегі электрлік шамды қолдануға рұқсат етіледі.
3.5. Электрмен дәнекерлеуші жұмысты бастамас бұрын төменгі әрекеттерді атқаруға міндетті:
а) желдету жүйесін іске қосуға ( желдету жүйесінде ақау болса, жұмыс істеуге тыйым салынады );
б) жалпы өндірістік орындардағы дәнекерлеу орнын тасымалы қорғағыштармен немесе қалқаншалармен кем дегенде үш жағынан қоршауға алуға;
в) электр жабдықтарында ақауларды анықтаса, электромонтерді шақыруға міндетті. Ақауларды өздігінен қалпына келтіруге тыйым салынады.
3.9. Шатыр жоқ болған жағдайда қар, жаңбыр кезінде электрмен дәнекерлеу жұмыстары тоқтатылуы қажет.
3.10. Электр дәнекерлеу өткізгіштер сымдарын ацетилен және оттегі түтіктерінің және құбыр өткізгіштердің жанына орналастыруға тыйым салынады.
IV. Электрмен дәнекерлеу жұмыстары кезінде қауіпсіздік шаралары.
4.1.Тек қана ақаусыз электродұстағыштармен жұмыс істеу. Электродұстағыштардың тұтқасы ток өткізбейтін және отқа төзімді материалдан жасалуы керек.
4.2.Электрдәнекерлеуші өздігінен электржелісіне дәнекерлеу транс-форматорын және т.б дәнекерлеуші қондырғыларды қосуына тыйым салынады. Бұл жұмысты электр жөндеуші іске асыру қажет.
4.3. Тұйық ыдыстардың сыртындағы және ішіндегі электрмен дәнекерлеу жұмыстары, сонымен қатар сұйық жанар-жағармай, жеңіл тұтанатын сұйықтар, газдар және т.б. болған металлды сауытты жөндеуді, оларды алдын-ала және жете тазалаудан кейін кейін жүргізілуі керек. Ыдыстар ішіндегі дәнекерлеу кезінде тек қана төмен вольтты, 12 В кернеулікті жарықтанды-руды қолдану керек.
Дәнекерлеу жұмыстары кезінде міндетті түрде қақпақтар, тығыңдар, ауыз-дар ашық болып, желдету жүйесі іске қосылуы қажет .Электрдәнекерлеуші жұмыс кезінде әлсін-әлсінүзілістер жасап, резервуардан шығуы қажет.
4.4. Металлды жабық тұйық ыдыстарда дәнекерлеу жұмыстарын жүргізген кезде механикалық немесе электр блокировкалы электрод-ұста-ғыштар қолдану керек. Оларэлектроток қосылып тұрған жағдайда элек-тродтың ауысуын болдырмауды қамтамасыз етеді.
4.5.Жабық ыдыс ішінде дәнекерлеу жұмыстарын жүргізгенде дым-қыл бөлмелерде және ауа райы дымқыл болса , жұмыс кезінде резеңкелі төсеніштер, резеңкелі етік және т.б. қорғағыш заттар қолданылады.
4.6. Басқа орынға электрдәнекерлеуші өткізгіш сымдарды тасымал-дау кезінде міндетті түрде оларды орап алу қажет. Электрөткізгіш сым-дарды жермен немесе еден бойынша сүйретуге тыйым салынады.
4.7.Жұмыс биіктікте жүргізілсе астыға ештеңе лақтырылмауы қажет және биіктікте бекітілмеген заттарды қалдырмау керек. Биікте сақтық белбеусіз, жабдық салатын, электродтар, электрод қалдығын салатын сөмкелерсіз жұмыс істеуге болмайды.
4.8.Электрмен дәнекерлеу жұмыстарын жүргізген кезде тыйым салынады :
а) электрдәнекерлеуші және көмекші жұмысшыларға шлемсіз, қорға-ғыш қалқаннемесе жарық сүзгісісәйкес келмейтін көзілдіріксіз жұмыс істеуге;
б) жабдықтардың ток жүретін бөлігінің қоршауын ашып, жабуға немесе шешуге;
в) дәнекерлеу қондырғысына жөндеу жүргізуге;
г) қысыммен тұрған аппараттар ыдысын, құбырларда дәнекерлеу жұмыстарын жүргізуге;
д)
тез тұтанатын немесе өртке қауіпті
заттардан 6 метрден жақын жерде дәнекерлеу
жұмыстарын жүргізуге.
Электрмен
дәнекерлеуші жазатайым оқиға кезінде
адамға алғашқы медициналық көмек
көрсетудің ережелері мен тәсілдерін
білуге міндетті.
Электр қондырғыларында барлық жұмыстар әкімшілік, техникалық, кезекші және операторлы – жөндегіш адамдармен жүргізіледі. Бұл кезде ескерілетін жайт, зақымдану деңгейі жұмыс жасау шарттарына байланысты.
Жұмыстарды үлкен төрт топқа бөлуге болады: ток жүретін бөліктерде кернеуді толық сөндіру; кейбір бөліктердің кернеуін сөндіру, кернеу астында жүргізу.
Жұмыс категорияларына байланысты ұйымдастыру жұмыстары әртүрлі болуы мүмкін. Электр қондырғыларында жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ұйымдастыру шараларына мыналар жатады: өкім немесе наряд бойынша жұмысты беру, жұмысқа рұқсат ету, жұмыс кезінде бақылау, демалыс уақытын беру, басқа жұмыс орнына ауысу және жұмыстың аяқталуы.
Электр құрылғыларындағы барлық жұмыстар наряд бойынша, бұйрық бойынша және келесі пайдалануға рет-ретімен өту бойынша орындалады. Наряд - қалыптасқан форманың бланкісінде безендірілген жұмыс орындауға арналған жазбаша есеп. Нарядта бригада құрамы, жұмыс орны, басталу уақыты және жұмыстын аяқталуы; оның қауіпсіз орындалу шарттары, қауіпсіздікке жауап беретін адамдар көрсетілген. Жұмыстың қауіпсіздігіне жауап беретіндер деп наряд шығаратын, жұмыс басқарушы, бригаданың мүшесі болатын адамды айтамыз.
Наряд екі экземплярда шығарылады. Нарядтың мерзімі – 5 тәуліктен көп емес.
Бригада жұмысқа нарядты бергеннен кейін жіберіледі. Жіберуші жұмыстың мақсатын, қандай топ жіберуші бөліктерден кернеу түсірілгенін көрсетеді, қайсысы кернеуде қалғанын, қай жерде өтпелі жерлендіру орналасқанын, жұмысшы қандай оқшауланған қорғаныс құралдарын қолдануын білуі қажет. Алынғаннан кейін бригада жұмыс орындауға кіріседі. Бақылаушы жұмысқа тікелей қатыспайды, тек қана қорғаныстық бағыты бойынша орындалуына қарап, адам өміріне қауіп төнген жағдайда, жұмысты тоқтатады.
Үзіліс кезінде бригада жұмыс орнынан шығарылады, ол туралы белгілі кестеде белгіленуі керек. Жұмыс уақыты аяқталған кезде, жұмыс орны жиналып, орын ауыстыратын жерлеткіштер шешіліп, қорғау, плакаттар, содан соң наряд жабылады. Наряд жабылғаннан соң ғана электр құрылғы іске қосылады.
Өкім - өнеркәсіптік жұмыстарға ауызша тапсырма беру, ол бір түрде сипатталады. Бұйрық беру тікелей немесе байланыс жүйелері арқылы беріледі және оперативтік журналда тіркеледі. Ол журналда бұйрық берушінің жұмысты орындаушының және бригада мүшелерінің аты – жөндері, жұмыс орындары және оны орындау уақыты, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін техникалық және кәсіптік жөндеулер тізімі жазылады. Өкім бойынша қысқа уақыт аралығындағы жұмыс орындалады (1 сағат артық емес). Егер жұмыс бір смена аралығындағы аяқталмаған болса, онда өкім қайта беріліп және жаңадан орындалады.
Пайдалану кезіндегі орындалатын жұмыстар, әрқашан шешілген болады және олар нарядтың немесе бұйрықтың берілуін талап етпейді. Бұл жұмыстардың түрі жұмыс тізіміне жазылып отырады, ол пайдалану кезіндегі кәсіпорынның басты инженерімен немесе бас энергетигімен бекітіледі.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген