400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Кабинет жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
кабинетте жүргізілетін жоспарлар туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»

Бөлімі: «Экология негіздері»

Тақырыбы: «Үрмебұршақты отырғызу»

Мақсаты:

1. Үрмебұршақты отырғызу арқылы өсімдіктердің көбеюі туралы алғашқы білім беру..

2. Тұқым отырғыза білу дағдыларын игерту.

3. Еңбекқорлыққа баулу.

Қажетті құрал–жабдықтар мен көрнекіліктер: бала санына қарай алжапқыш және топырақ салынған стақан, піскен үрмебұршақ, қоапшадағы үрмебұршақ, өсімдік суреттері, аламан ойыншығы, стекалар..            

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың іс-әрекеті



Мотивациялық –

қозғаушылық

Тәрбиеші сабаққа аламанның (тышқанның бір түрі) келгенін хабарлап айтады.

- Балалар, аламан сендерден үрмебұршақ отырғызуға көмектесулеріңді сұрайды. Бірақ оны қалай отырғызу керектігін білмейді. Балалар, аламанға көмектесеміз бе?

Балалар сабаққа белсене қатысады, алжапқыштарын киеді.

- Көмектесеміз.



Ұйымдастырушылық - ізденітік




1. Білімді өзектендіру.

Үрмебұршақтың суретін көрсетеді.

- Бұл ненің суреті?

2. Үрмебұршақ туралы түсіндіру.

Үрмебұршақ – жылу сүйгіш өсімдік. Сондықтан ол ыстық жақтарда өседі. Үрмебұршақ біздің елімізде де өсіріледі. Үрмебұршақты суық топраққа отырғызбайды. Сондықтан оны күн жылынған кезде отырғызады. Үрмебұршақ өсу үшін жылу, су, жарық және ауа қажет. Біз бүгін үрмебұршақты қалай отырғызу керектігін үйренеміз жіне оны аламанға қалай отырғызу керектігін көрсетеміз. Тәрбиеші қорапшадан үрмебұршақтарды алып, балаларға таратады. Оның тұқым екенін айтады.

- Балалар, үрмебұршақты алақан арасына салып есіп көрейік, қолға қалай сезіледі? Түсі қандай?

3. Билингвальды компонент: үрмебұршақ – фасоль, отырғызу – посадить.

4. Сергіту жаттығуы.

Шақ-шақ-шақ,
Отырғызайық бұршақ.
Өс-өс-өс,
Алақаныңды тос!

 Суретті қарап, үрмебұршақ туралы білетіндерін айтады.



















Көру арқылы үрмебұршақты зерттейді.





Әсерлерін бөліседі.

- Қатты, сопақша тәріздес.


5. Үрмебұршақ отырғызу.

Тәрбиеші балаларды бір–бірден шақырып, қолдарына үрмебұршақтың дәнін таратады, балалар орнына жайғасқан соң отырғызу реттілігін айтады.

- Стекамен шұңқыр жасаймыз.

- Шұңқырға үрмебұршақтың дәнінің өсімі бар жағын аратып саламыз.

- Топырақпен көмеміз.

- Су құйғышпен аздап су құямыз.

Балалардың алдына отырғызу реттілігі көрсетілген үлгіні ұсынады.

Балаларға керекті құрал  жабдықтарды таратып береді. Үрмебұршақты отырғызу барысында тәрбиеші әр баланың еңбегін қадағалап, мадақтап отырады.

6. Жеке жұмыс өткізеді.

Қайталайды.





Саусаққа арналған жаттығуды орындайды.







Тәрбиеші тындап, үрмебұршақты отырғызу реттілігін естеріне сақтайды.





Бұршақ отырғызады.

Рефлексиялық-

түзетушілік

Сұрақ–жауап әдісі арқылы оқу іс–әрекетінде алған білімдері қорытындыланады.

Сұрақтарға жауап береді.

Бір–бірінің жауаптарын тыңдайды.

 

Күтілетін нәтежелер:

Жасайды: үрмебұршақты отырғызуға берілген тапсырманы;

Түсінеді: үрмебұршақты отырғызу арқылы өсімдіктердің қалай көбейетіндігін, яғни олардың өсіп – жетілуі үшін топырақ, су, жарық және жылу қажеттігін;

Қолданады: тұқым отырғыза білу дағдыларын.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 қаңтар
612
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі