400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кабинетт34 ашылуы сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепте жаңадан ашылған кабинеттің сценарийі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өтетін күні: 24.02.2024

Басталатын уақыты: 10:00

(би)

Келген қонақтарды қарсы алу (мектеп ауласында)

Қонақтарға значоктарын тағады.

(Қазақша киінге қыздар: Айгерим К, Дильназ К, Күнсұлу Н, Жанар К)

(Лента ұстайтындар: Нұргүл Х, Махаббат М)


1-жүргізуші:Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Мәуия Әбікеев құрметіне ашылғалы тұрған кабинеттің салтанатты жиынға қош келдіңіздер!

Бүгінде елімізде туған жерінің, туған ауылының барын бағамдап, жоғын түгендеуге, перзенттік борышын өтеуге ниетті азаматтар қатары көбейіп келеді. Бұл – қуантарлық жайт.

Әбікеев Мауия 1900 жылы Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Жарылғап ауылында аңшы әулетінде дүниеге келген. Ол аң аулайтын жыртқыш құстармен саятшылық құрумен айналысты. Аңшылық кәсібінің жоғары жетістіктері үшін М.Әбікеев 1957 жылы "аңшылық кәсібінің үздігі" атағын иеленіп, есімі жазылған бесатар карабинмен марапатталған.

Олай болса, арнайы салтанатты жиынға арнайы келген құрметті қонақтармен таныстырып өтуге рұқсат етіңіздер.

Абикеев Ертоғай Мәуияұлы

Абикеев Босаға Мәуияұлы – Мәуия Әбікеевтің ұлдары.

Білім бөлімінің басшысы - Абдыкаримов Мереке Талқайратұлы.

Мәуия ағамыздың шәкірті – Окасов Төлеген ағай

Сонымен қатар, Баянауыл ауданының 8 қырлы, бір сырлы серілері қатысып отыр.

Ата салтым – асыл мұрам, ардағым,

Бабалардың жалғастырар арманын.

Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,

Өткенімді бүгінменен жалғадым-демекші кейінгі ұрпаққа мұра қылу мақсатында ашылғалы отырған кабинетке түрткі болған атақты құсбегінің немересі, Баянауыл ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювеналдық полиция тобының учаскелік полиция аға инспекторы, полиция подполковнигы, кабинеттің ашылуына бірден-бір себепкер болып отырған Дәметкен Бо­са­ғақызын ерекше атап өтуіміз қажет деп ойлаймыз.


Олай болса, сөз кезегін Мәуия Әбікеевтің ұлдары Ертоғай Мәуияұлы,

Босаға Мәуияұлы сөз кезегін берсек.


1-жүргізуші: Баянауыл аудандық «Баянтау» газетінде жарияланған сон­дай бір хаттан үзінді келтірейік: «Сəле­метсіз бе, газет арқылы таныс та бейтаныс Мəуия Əбікеев. Менің мұңым өзіңізге жазуға мəжбүр етті. Газеттен бүркітпен аң аулау туралы мақаланы оқыдым. Төрт баланың жəне науқас ұлдың анасы ретінде сізден көмек сұрауды жөн көрдім. Үш жыл болды, үлкен ұлымның ұстамасы кетпеді. Бұл ауруды қасқырдың бауырымен емдейміз, бірақ оны алу өте қиын. Əке ретінде, дос, жолдас ретінде қасқырдың бауырын жіберуіңізді сұраймын. Мен өте риза болар едім. Асыға күтемін, Чернявская А.Н. Бұл тектес хаттар өте көп болған. Ал, Сұлтанмахмұт Торай­ғыровтың немере інісі, ақын Шай­мерден Торайғыров 1967 жылы жазған «Саятшы Мәуия» поэмасында қарт аңшының бейнесін шынайы суреттейді. Ендеше сол үзіндіге кезек берсек.

(Айғаным мен Жания, Аяулым поэманы оқиды)


1-жүргізуші:

Құрметті қонақтар ендігі кезекті кабинеттің ашылу рәсіміне береміз. Сол себепті баршаларыңызды келесі залға өтулеріңізді өтінемін! Кабинеттің ашылу салтанатын ұлдары Ертоғай Мәуияұлы мен Босаға Мәуияға және білім бөлімінің басшысы Мереке Талқайратұлына береміз.

(барлығы кабинетке барады. Арай таныстырады)























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
24 ұстаз жүктеп алған
14.05.2024
1613
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі