400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кәдесый жасау өнері

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

«№27 жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі






АШЫҚ САБАҚ

Тақырыбы: Кәдесый жасау өнері







Пән мұғалімі: Мырзабеков Сәкен













Түркістан, 2018

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Сәндік-қолданбалы өнер элементтерін қоса отырып, материалдарды көркем өңдеу

Мектеп: №27 ЖОМ

Күні: 14.03.2018

Мұғалімнің аты- жөні: Мырзабеков Сәкен

Сынып: 8 «б»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Кәдесый жасау өнері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

Өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін анықтау және зерделеу.

Шығармашылық идеяларды зерттеу мен дамыту үшін ақпарат көздерімен жұмыс істеу (ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолдану арқылы)

Сабақтың мақсаты:




Барлық оқушылар: оқушылар ПВХ-ның не екенін біледі. Желіммен жапсыру әдісін меңгереді.

Оқушылардың көпшілігі: технологиялық карта бойынша жұмыс жасай алады.

Кейбір оқушылар: бұйымды құрастырып, жасай алады

Бағалау критерийі

  • Топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

  • Қобдишаны технологиялық карта бойынша жасай алады

Тілдік мақсат:

Пәнге тән лексика мен терминология

  • Кәдесый;

  • Қобдиша;

  • Технологиялық карта;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • Кәдесый-сувенир-souvenir

  • Қобдиша-шкатулка-casket

  • Технологиялық карта-технологическая карта-routing

Құндылықтарға баулу


- ынтымақтастықпен жұмыс жасай отырып, бір-бірлерінің ойын сыйластықпен тыңдай біледі;

- өмір ойы еңбектену арқылы өзіне бай және қажетті қор жинақтайды;

- шығармашылық жұмыс жасай отырып қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік құндылықтары артады.

Пәнаралық байланыс


геометрия,тарих, физика, химия т.б

Бастапқы білім

Сәндік-қолданбалы өнер түрлерін біледі. Топпен жұмыс жасай алады. Технологиялық картамен жұмыс жасай алады.

Сабақтың барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы




Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу,түгелдеу, жігіттердің көңіл-күйін анықтау.

Сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру.

















Сабақ ортасы













Үй тапсырмасын тексеру. Ас үй аспаптарының түрлері


«Бұл қандай аспап?» Мен сендерге бірнеше аспаптардың суретін көрсетемін. Сол аспапты сендер атайсыңдар.

Кебеже

Күбі

Торсық

Саба

Астау

Қазан-ошақ





Жаңа сабақ

Біз бүгінгі сабақта ПВХ материалынан кәдесый жасауды үйренеміз. ПВХ (поливинилхлорид) – түссіз, не ақ түсті пластмасса, винилхлоридтің термопластикалық полимері. ПВХ материалы минералды майларға төзімді. Ыстықта +70 градусқа дейін, ал суықта -15 градусқа дейін төзеді. ПВХ электр кабельдерін жасауда, құбырларды жасауда, термопластикалық есік-терезе жасауда қолданылады. ПВХ-ны тіпті киімге де, аксессуар жасауға да қолданады. ПВХ материалынсыз қазіргі таңда өндірісті елестете алмаймыз. Кез-келген жерлерде ПВХ-дан жасалған материалдар табылады.

Сарамандық жұмыс

Жұмыс жасау алдында оқушыларға мынадай қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігі ескертіледі.

Техника қауіпсіздік ережелері:

1.Пышақтың жүзі өткір болуы тиіс.

2.Қию кезінде қайшының қысқа жүзі астында болуы керек.

3.Кесу кезінде пышақты дұрыс пайдалану қажет.

4.Пышақты берген кезде жабық жүзін өзіне қаратып беруі керек.

5.Пышақтың сынған бөлігін тастауға болмайды.

6.Желім тез жабысатын болғандықтан, оны абайлап пайдаланған жөн.

7.Желімді қатты қысып сығуға болмайды.

8.Кесу кезінде пышаққа саусақты тым қатты жақындатуға болмайды.

9.Пышақтың өткірлігін саусақпен тексеруге болмайды.

Жұмысты бастау үшін оқушыларға технологиялық карта таратылып беріледі.

ПВХ материалынан кәдесый жасауға арналған

технологиялық карта. Қосымша 1

Сабақты бекіту

Сабақты бекіту бөлімінде екі топ оқушылары бір-бірінің жасаған бұйымдарын бағалайды.





Оқушылардың дұрыс жауабына қарай топ басшылары бағалап отыру
































Сурет













Сурет























































Интернет материалы

















Оқулық





Сабақ соңы:



Үй тапсырмасы:  ПВХ материалының өндірісте қолданылуы

Кері байланыс. ЖЖЖ әдісі

Жасай аламын

Жасадым

Жасағым келеді







Күні________








Саралау-Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау- Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Жалпы бағамдау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты )?

1:

2:

Сабақты бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты )?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері,қиыншылықтары туралы не анықтадым,келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
1242
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі