400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Как употребляеть в речи имена существительные общего рода

Материал туралы қысқаша түсінік
Существительные общего рода — это одушевленные существительные первого склонения с окончанием -а/я, которые обозначают лицо женского или мужского пола в зависимости от смысла контекста.
Материалдың қысқаша нұсқасы

23.12.2019.

Келіндерге арналған жыр шашу

Автор.Байбала Оразкүл.

  1. Мал жайылар қамыстың құрағына,

Қуанады әркім-ақ шырағына.

Адал болса келіндер ақыл есті,

Ата-енесі оның да ұнауында.



2.Құдай берген әулеттің келіндерім,

Баладай барлығыңның көңілдерің.

Апаларың сендерге жыр арнады,

Тарылмасын ешқашан пейілдерің.



3.Келіндердің патшасы Сәрсенкүлім,

Келіндерге тәрбиені сен де бердің.

Менің жүрген ізіммен сен де жүрдің,

Бәрі енемнің тәрбиесі деп білемін.



4. Соняға менің айтар алғысым көп,

Отбасыңа сіңірген еңбегің көп.

Ата-ене бағудан маман болдың,

Келіндер енді сенен үйренсін тек.



5.Аузын ашса жүрегі көрінетін,

Қасымдағы бір жүрген Балнұр келін.

Күнделікті сәлемін бір үзбейді,

Келіндердің алды да өзің болғын.



6.Абысын боп кейінгі келіндерге,

Алла береді несібені пейіліңе.

Сәкең екеуіне Алла тағы бір ұл берсін,

Үлгі болып жүре берші кейінгіге.







7.Алматыға передача берер кезде,

Қуанады баладай айы түзде.

Мал сойғанда қиналмай жиып теріп,

Шаршадым деп айтпайды ешбір кезде.



8.Салтанат атандың сен пысық келін,

Біздерге дари берсін салған емің.

Ұлпанды күттің сен бар жігеріңмен,

Жақсылығың Алладан қайтсын деп тіледім.



9.Қосағыңмен Салтанат қоса ағарғын,

Берекесі болсыншы босағаңның.

Бір Алла оңай етіп толғағыңды,

Өмірге торсықтай ұл келсін жаным.



10. Енді кезек Майра келін саған келді,

Тірлігіңе енеңнің көңілі толды.

Биконайды жақсылап сен де күттің,

Бұл тірлігің кейінгіге үлгі болды.



11.Алматыда үлкен жанұя сендерсіңдер,

Отбасыңа қонақты жиі күткенсіңдер.

«Қонақ келсе,сол үйге құт келеді»

Деген сөзді ойларыңа түйгенсіңдер.



12.Отбасыңа сенің де бақыт келсін,

Толғағығыңды оңай етіп Алла берсін.

Айткүл әпшеңнің жолын беріп,

Дәулет, Сәулет үйіңе қатар келсін.



13.Ұлпан менен Биконай келіндерім,

Үйретер тәрбием көп әлі менің.

«Ене мектебі» деген бар салтымызда,

Сол мектептен өтулерің керек деймін.



14. Ол мектептен өтуге бес жыл керек,

Көп нәрсені келіндер үйрену керек.

Екеуің де түсінікті келінсіңдер,

Ол мектептің сендерге берері көп.



15.Екеуің де апаға ренжімегін,

Өмір солай өтеді ойнап күлгін.

«Кісі есігі,тоң есік» деген сөз бар,

Сендерді әлі біздер тәпбиелегін.



16.Алдыменен болдыңдар бала келін,

Екеуің де атандың ана келін.

Ана келін атану шын бақыт қой,

Бес жылдан соң атанасыңдар дана келін.





17.Айналайын саңғылдың келіндері,

Көп дария секілді пейілдері.

«Абысын тату болса, ас көп» деген,

Мақалдың айтылуы тегін бе еді.



18. Осы мақал ойларыңнан кемпей жүрсін,

Сендерге ынтымақты мен тіледім.

Зор денсаулық, ұзақ өмір баршаңызға,

Күйеулеріңмен бірге жүрі, ойнап күлгін.



19. 2019 жыл әулетімізге құт жыл болды,

Бақошым Ұлпан келінді алып келді.

Нұрәлі, Бақсұлтандар өмірге кеп,

Доңыз жылы рахмет,қош бол енді.



20. Тышқан жылы бәріңе құтты болсын,

Дастархандар әр түрлі дәмге толсын!

Қариялар, бала шаға, бәріміз аман болып,

Осы жыл бәрімізге құт жыл болсын!





Жаңа жылдарыңмен!!!







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11.12.2021
739
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12