Мәтінмен жұмыс: «Түртіп алу»
әдісі. Өсиет әңгіме
Жағдайлы бір отбасы баласын
ешкімнен кем өсіргісі келмей барлық жағдайын жасайды. Қазіргі
заманның озық технологиясымен жасалынған ойыншықтар, компьютер,
тіптен қымбат телефонды да алып береді. Бірақ баласы осының бәріне
қанағаттанбай, күнде ата - анасының жұмысқа кетпеуін өтінеді. Ата -
анасы жұмысқа бармаса болмайтынын, ақша табатынын баласына
түсіндіреді. Ал, баласы осы сәтте ата - анасының күніне қанша ақша
табатынын сұрап біледі. Бала сол күннен бастап ата - анасының өзіне
тастап кетіп жүрген ақшасын жұмсамай жинай бастайды. Жинаған ақшасы
ата - анасының бір күндік табысына жеткен күні бала ата - анасына
өтініш жасайды.
— Әке, ана! Бүгін жұмысқа бармай
бір күндеріңізді маған қиыңыздаршы. Бір күнгі табыстарыңызды мен
төлейін депті. (Қалай ойлайсыздар бала неге
өтінді?) Міне, ата - ананың аялы
алақанының әсері балаға күн сәулесімен бірдей, мұны басқа ешбір
нәрсе ауыстыры мүмкін емес.
Қорытынды: «Күнді қолмен
бүркеуге болмайтыны сияқты, барлық проблемалардан құтыла
алмаймыз,балаларымызды тек қана компьютер, қымбат киім алып берумен
,ақшамен қамтамасыз етумен шектелмей,олардың өміріне белсене
араласып, мәселелерді шешуге қол ұшын беріп
жүрейік.»
Мағынаны
тану
1. Менің балам:
Кеше
Ата-аналар балаларының кіші
жасындағы мінез-құлқына тоқталады.
1. Менің балам:
Бүгін
А) Өзекті проблема: білімі,
тәртібі жөнінде
3. Менің балам:
Ертең
«Менің баламның болашағы»
туралы айтып береді
Қортынды: Баланы – жастан, асылды –
тастан”, – дейді дана халқымыз. Баланы жастайынан
жинақы,тәртіптілікке баулып, әрбір іске жауапты етіп тәрбиелесе ол
ұққанын әдетке айналдырып келешек тұрмыс барысында да оны еркін
қолдана біледі. Адамға жасынан бұлақ суындай мөлдір, айнадай таза
болып өмір сүруге машықтану үшін аса үлкен тәрбие беруіміз
қажет.
"Жанды үй"
жаттығуы.Әр адамның өз үйі бар, бірақ
ол үй тек баспана ғана ретінде емес, сол үй жақсы көріп және
күтетін жер болу керек. Сондықтан сіздердің міндеттеріңіз қазір
үйдің суретін салу.Нұсқау: Ақ параққа түрлі-түсті қаламмен үйдің
суретін саламыз.Міндетті түрде үйдің шатыры, қабырғалары,
терезелері, іргетасы,(фундаменті), есігі, табалдырығы салыну
керек.
Салып біткен соң өзіңізден
бастап, отбасы мүшелерін үйдің әр бөлшегіне жазып
көрсетіңіздер.Мысалы шатырына өзіңізді, іргетасына жұбайыңызды тағы
сол сияқты.
Суреттердің
нәтижесі:
Сіз үшін әрбір отбасы мүшесі
қандай роль атқаратындығын айқындайды.
Фундамент
(іргетас)-отбасының тіреуі, асыраушысы,
материалдық жағынан да рухани жағынан да қолдаушы болып
табылады.
Қабырға-отбасының және сіздің
де эмоцианалды жай күйіне әсер етеді.
Терезе-болашақ, отбасы бұл адамнан
болашақта үміт күтеді, сенім артады.Көбінесе бұл жерде
балалары
Шатыр-сізді әрқашан қорғап жүретін,
сізге жаны ашитын, қауіпсіздік сезімін білдіреді
екен.
Мұржа-сіз ол адамнан ерекше
қолдауды, қамқорлықты күтетін жан және де ол адамға сіз ішкі
сезімдеріңізді білдіре аласыз.
Есік-бұл адам сізге өмірде
әлеммен, басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсуді үйреткен
адам.
Табалдырық, босаға –болашақта
осы адаммен қарым-қатынас жасағың келетін
жан.
Қорытынды:Әрине әр отбасы мүшесі сіздер
үшін маңызды. Сондықтан үйлеріңіздің шатыры биік, терезелері тең,
керегесі кең, босағаларыңыз берік, түтіндеріңіз түзу болсын деп
қортындылағып келіп тұр.
|