400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Калачи туралы бірер сөз

Материал туралы қысқаша түсінік
Калачи ауылындағы түсініксіз жағдайларға қысқаша шолу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Калачи

Калачи Ақмола обылысында Есіл ауданындағы ауыл,Красногор кенттік әкімдігінің құрамына кіретін ауыл болып табылады.Осыдан бірнеше жылдар бұрын осы Калачи ауылынан белгісіз бір ауру пайда болған еді.Дәрігерлер диагнозды анықтай алмаған ұйқы дерті ауыл халқын алаңдатқан болатын.Оның себебі де құпия болды.Халық арасында көп болжамдар айтылып жатты.Нақтылай айтсақ 2013 жылы наурыз айында осы бір тылсым,құпия сырға толы белгісіз диагнозді ұйқы дерті пайда болды. 1 немесе 2адам емес, 70-ке жуық адам осы бір ауруға шалдыққан болатын .Бұл ауруға еңбектеген баладан,еңкейген қарияға дейін шалдығып жатты .Алайда бұл аурудың себебін ешкім түсінбеді.Бұл ауру кезінде адамдардың жүрегі айнып,көздері қарауытып,бастары айналып ұйықтап кетіп жатты .Тіпті ұйқыдан 5-7 күннен соң оянып қалай не болғанын естерінде жоқ екенін айтады.Ресейдегі Томск политехникалық университетінің профессоры Леонид Рихванов осы ауыл маңында біраз жылдар бұрын уран өндіріліп,көмілген шахталардан көтерілген радон газы болуы мүмкін деп болжады.Сонымен қатар бұл аурудың себебін анықтау үшін көптеген зерттеу жұмыстарын жүргізді.Нақты айтатын болсақ ауруға шалдыққан адамдардың шашын,түкірігін,қанын тексерді, бірақ ауыз толтырып айтарлықтай ештеңе айта алмады.

Қазақстандық зерттеуші ғалымдар бұл ауру туралы біле алмады, шет елге жіберу туралы айтты.Қазақстандық зерттеушілер біз таба алмағанда олар не таба алады деп сенім білдіріп, қолдау көрсетпеді және шет елге яғни Ресейдегі ғалымдарға жіберу үшін көп ақша талап ететінін айтты.Осы ауру пайда болған соң ауыл тұрғындарын көшіру басты тақырыпқа айналды,алайда қарапайым халық туып өскен жерінен кеткісі келмеді.Осы ұйқы дерті туралы Ресейліктер фильм де түсірген болатын. Зерттеу барысында Ұлттық ядролық орталықтың мамандары Калачи ауылының тұрығын үйлеріде көміртегі тотығының жоғарылағанын айтады.Атмосфералық ауада жүргізген бақылауларға сәйкес,көмірқышқыл газы мен көміртегі диоксиді мөлшерінің жоғарылау кезеңдері,оттегі мөлшері аз,ал «ұйқы ауруы» көбейген.Бірақ спектрофотометрлік қан анализінің нәтижелері «ұйқы ауруынан»зардап шеккендерге көміртегі тотығының уытты әсерінің жоқтығын көрсетті.

Ұзақ уақыт бойы ғалымдар инфекцияның көзін анықтай алмады,ал ұйықтап жатқан науқастар Астананың ғылыми орталығына жіберілді.Қазақстандық сарапшылар мен ресейлік әріптестерімен бірге ластанған аймақты егжей-тегжейлі зерттеді.Дозаланған жағдайда радон қауіпті болады.Радиоктивті газ суда ериді және ұзақ уақыт бойына берілмейді.Адам денесіне түскен уақытта жыныстық,гемопоэтикалық және иммундық жасушаларды бұзады.Зақымдалған ішкі органдар мен бездер толық жұмыс істей алмайды,бұл мутация мен адамның барлық жүйелерінің істен шығуына әкеледі.«Радонның қауіптілігі-бұл адам ағзасы үшін онкологиялық қауіпті туғызады,ал радон дәл шөгінділерде,уран кен орындарында және уран өндірумен бірге жүреді,өйткені бұл ыдырау өнімі»-деп түсіндірген болатын химия ғылымдарының кандидаты Нұргүл Нұрмұханбетова.

2013 жылға дейін Калачи ауылында үш жүзден астам отбасы тұрды.Көбісі көшуді шешті.Сонымен қатар шенеуніктердің айтуынша бұл ауылда жыл сайын ондаған адам

қайтыс болады,тағы бір себеппен.

«Жыл сайын 35-40 адам қайтыс болады.Бұл онкологиялық аурудан және қан айналымынан туындайды»,-дейді Есіл ауданының әкімі Аманбек Қалжанов.

Ол жерде тұру керек емес.Әсіресе жастарға,балаларға.Бұл ауру радонмен,газбен,көмірқышқыл газбен байланысты»-деді Қалжанов. 2016 жылдың қаңтарынан бастап Калачиде жаңа жағдайлар енген жоқ.Бірақ ғалымдардың пікірінше бұл жұмсақтық уақытша болып табылады.10-15 жылдан кейін инфекцияның жаңадан өршуі мүмкін,оған адамдар дайын болмауы мүмкін.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 қыркүйек
500
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі