жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Калашников автоматты бұзып жинау АК-74 сайысы
Н.Мейірманов атындағы жалпы білім беретін мектебі.
Сыныптан тыс жұмыс
Тақырыбы:Калашников автоматын бұзу және жинау.АК-74
Орындаған. Н.Б.Бортин.
2019 жыл
Автоматты толық емес шашып жинау.АК-74
Автоматты
бөлектеу толық және толық емес болуы
мүмкін: толық емес бөлшектеу- автоматты
тазалау, майлау және тексеру үшін; толық
бөлектеу - жаңбыр мен қар астында
қалғанда, не жөндеу кезінде автоматты
қатты ластанудан тазалау үшін жүргізіледі.
Автоматты толық емес бөлшектеу мен
жинақтау үстел үстінде немесе таза
төсеніш жайылып жүргізіледі; бөлшектер
мен механизмдер бөлектенген ретімен
қойылады. Оларды абайлап ұстап, бірінің
үстіне бірін қоймай, күштемей және
соққыламай жүргізу керек.
Автоматты
толық емес бөлектеу тіртібі Оқжатарды
бөлектеу. Автоматты сол қолмен дүмінің
мойыншасынан не құндағынан ұстап, оң
қолмен оқжатарды орай ұстайды, бас
бармақпен бекіткішті қысып, оқжатардың
төменгі жағын ілгері ұмсындырып, оны
бөлектеп алады. Содан кейін оқтықта
оқтың бар-жоғы тексеріледі, бұл үшін
ауыстырғыш төменге түсіріледі, оны «АВ»
/автоматты ату/ немесе «ОД» /жекелей
ату/ жағдайына қойып, бекітпе жақтауының
тұтқасы кейін жылжытылады, оқтықты
тексеріп, бекіткіш жақтауы жіберіліп,
шүріппе ұрыстық қайырудан /взводтан/
босатылады.
Сүмбіні алу. Сүмбінің
ұшын оның басы қарауылдың негізіндегі
тіректен шығатындай етіп ұңғыдан тартып,
сүмбіні жоғары суырып алады. Сүмбіні
алу қиындық тудыратын болса, онда
қаққышты қолдануға рұқсат беріледі.
Оны сүмбінің басындағы саңылауға сала
отырып, ұңғыдан сүмбінің ұшын тартып
суырып алады.
Автоматтан - ұңгылық
тежеуіш-компенсаторын бөліп алу.
Бұрауышпен ұңғылық тежеуіш-компенсатордың
орнықтырғышы батырылады.
Ұңғылық
тежеуіш-компенсатор қарауыл негізіндегі
бұрандалы дөңестен сағат тіліне қарсы
бағытта бұралып шығарылады. Ұңғылық
тежеуіш-компенсатор тым қатты бұралған
жағдайда ұңғылық тежеуіш-компенсатордың
әйнегіне қойылған сүмбінің /қаққыштың/
көмегімен бұрап алуға болады.
Ұңгы
қорапшасының қақпағын бөлектеу. Сол
қолмен дүмнің мойнын қамти ұстап, осы
қолдың бас бармағымен қайтармалы
механизмнің бағыттаушы өзегінің дөңесін
басады, оң қолымен ұңғы қорабы қақпағының
артқы бөлігін жоғары көтеріп, қақпақшаны
алады.
Қайтармалы механизмді
бөліп алу. Автоматты дүмнің мойнынан
сол қолмен ұстап тұрып. оң қолмен
қайтармалы механизмнің бағыттаушы
өзегін оның өкшесі ұңғы қорабының бойлық
ойығынан шыққанша ілгері карай
ұмсындырады; бағыттаушы өзектің артқы
шетін көтеріңкіреп, қайтармалы механизмді
бекітпе жақтауының арнасынан
шығарады.
Бекітпемен қоса, бекітпе
жақтауын алу. Автоматты сол қолмен одан
әрі ұстап тұрып, оң қолмен бекітпе
жақтауын артқа тірелгенше тартып, оны
бекітпемен бірге көтеріңкіреп барып,
ұңғы қорабынан бөлектеп алады.
Бекітпені
бекітпе жақтауынан алу. Бекітпе жақтауын
бекітпе жоғарыда болатындай етіп сол
қолға алады; оң қолмен бекітпені кейін
шегеріп, бекітпенің жетекші дөңесі
бекітпе жақтауының фигуралы ойығынан
шығатындай етіп, бекітпені алға қарай
шығарып алады.
Ұңғылық бастырмасымен
газ түтігін босатып алу. Автоматты сол
қолмен ұстап тұрып, оң қолмен жабдық
пеналын газ түтігі тұйықталғышының
шығыңқысына тік
бұрышты
саңылаумен кіргізеді, жапқышты өзінен
тік жағдайға дейін бұрап, газ түтігін
газ камерасының келте түтігінен шығарып
алады.
Газ түтікшесін ұңғы
бастырмасымен қосу. Автоматты сол қолмен
ұстап тұрып, оң қолмен газ түтігін
алдыңғы шетімен газ камерасыньщ келте
түтігіне ұмсындырады және ұңғы
бастырмасының артқы шетін ұңғыға қысады;
тұйықталғышты оның орнықтырғышын көздеу
қалыбының ойығына кіргенше
бұрайды.
Бекітпені бекітпе
жақтауына қосу. Бекітпе жақтауын сол
қолмен оң қолға алып, оны цилиндрлі
бөлігімен жақтау арнасына сұғады;
бекітпені оның жетекші дөңесі бекітпе
жақтауының фигуралы ойығына кіретіндей
етіп бұрап, бекітпені алга қарай
сұғады.
Бекітпемен қоса бекітпе
жақтауын ұңгы қорабына қосу. Сол қолмен
дүмнің мойыншасын қамти ұстайды.
Бекітпесіне қоса, бекітпе жақтауын оң
қолда бас бармақпен қысылған бекітпе
алдыңғы жағдайда болатындай етіп ұстап
тұрып, газ поршенін көздеуіш қалыбының
қуысына кіргізеді де, ұңғы қорабының
қайырмалары бекітпе жақтауының ойықтарына
кіретіндей етіп бекітпе жақтауын ілгері
жылжытады, оны сәл-пәл күштеп ұңғы
қорабына қосады да, ілгері
ұмсындырады.,
Қайтармалы механизмді
қосу. Оң қолмен қайтармалы механизмді
бекітпе жақтауының арнасына кіргізеді,
қайтармалы серіппені қысып, бағыттаушы
өзекті ілгері итереді де, біршама төмен
түсіріп, оның өкшесін ұңғы қорабының
бойлық ойығына кіргізеді.
Ұңгы
қорабының қақпагын қосу. Ұңғы қорабының
алдыңғы шетімен көздеу қалыбындағы
жартылай шеңбер ойыққа кіргізеді,
қақпақтың артқы шетін оң қолдың алақанымен
қайтармалы механизмнің бағыттаушы
өзегінің шығыңқысы ұңғы қорабы қақпағының
ойығына кіретіндей етіп алға және төмен
ұмсындырады.
Шүріппені ұрыстың
қайырмасынан босатып, сақтандыргышқа
қою. Ағытқыш ілмекті басып, ауыстырғышты
тірелгенге дейін жоғары көтереді.
Автоматқа
ұңгылы тежеуіш-компенсаторды қосу.
Дүмді тежеуіш-компенсаторды қарауыл
бойындағы бұрандалы шығыңқы бөлікке
тірелгенше бұрайды. Егер ұңғылы
тежеуіш-компенсатордың саңылауы
орнықтырғышқа сәйкес келмесе, ұңғылы
тежеуіш-компенсатор ұңғысына айналдырады
/бір айналымнан артық емес/.
Сүмбіні
қосу
Пеналды дүм ұясына салу.
Сүрткішті, тазалығышты, бұрауышты,
қаққышты пеналға салып, қақпағын жабады
да, пеналды түбімен дүм ұясына кіргізеді;
оны қақпақша жабылатындай етіп ұяга
батырады. Жиналмалы дүмді автоматта
пенал оқжатарға арналған сөмке қалтасына
салады.
Оқжатарды автоматқа қосу.
Қауіпсіздік ережесі.
Автоматты дұрыс ұстау ,арнайы пртаға және үстіне мата жабылуға тиіс.Жатығу орындаған жағдайда жақын жерде адамның болауын қадағалау керек.Өзінің дене мүшесін,қолдарына абай болған жөн.Автоматты ұқыпты бұзып жинау қажет.
Қатысушылар аты-жөні.
№ |
Аты –жөні |
1 уақыт |
2 уақыт |
1 |
|
|
|
2 |
|
|
|
3 |
|
|
|
4 |
|
|
|
5 |
|
|
|
6 |
|
|
|
7 |
|
|
|
№ |
Аты –жөні |
уақыты |
1 |
|
|
2 |
|
|
3 |
|
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген