жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Калашников автоматы және қол пулеметі.Автоматты бөлшектеу,жинақтау.
Сабақтың тақырыбы: Калашников автоматы және қол пулеметі.Автоматты бөлшектеу,жинақтау.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға автомат пен пулеметтің арналу мақсаты мен ұрыстық қасиеттерін ұғындыру.Автоматты (пулеметті) бөлшектеу және жинау жүргізуге үйрету.
Уақыты:
Өткізілетін орны: АӘД бөлмесі,1бағам.
Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, плакаттар.
Сабақтың барысы:
б) Негізгі бөлім
Калашников автоматы мен пулеметі.
Автомат пен пулемет қарсыластың тірі күшін жою мен атыс құралдарын құртуға арналған. Қарсыласты қоян-қолтық шайқаста жеңіліске ұшырату үшін автоматқа сүңгі-пышақ орнатылған. Түнгі уақытта ату және бақылау үшін түнде атуға арналған әмбебебап көздеуіш бекітіледі.
Автоматтан атыс жүргізу үшін кәдімгі, жарқырауық және сауыт бұзғыш-өртегіш оқтары қолданылады.
Автоматтан (пулеметтен) автоматты немесе жекелей атыс жүргізіледі. Автоматты атыс автоматтан атудың негізгі түрі болып табылады: ол қысқа (5атысқа дейін) және ұзақ (10атысқа дейін, пулеметтерден 15 атысқа дейін) кезекпен және үзбей жүргізіледі. Оқжатар қорабында автоматта 30 патрон, пулеметте 45 патронға дейін болады. Автомат пен пулеметтің оқжатарларын өзара алмастыруға болады.
Сипаттамалары
АК 74
АК 74Н
АКС74
АКС 74Н
РПК74
РПК74Н
РПКС74
РПКС74Н
Атудың көздеу қашықтығы, м.
1000
1000
1000
1000
1000
1000
1000
1000
Оқтың шекті ұшу алыстығы, м.
3000
3000
3000
3000
3150
3150
3150
3150
Нақты атыс қашықтығы, м.
500
500
500
500
600
600
600
600
Шоғырланған атыс қашықтығы, м.
1000
1000
1000
1000
1000
1000
1000
1000
Атыс жылдамдығы, ату/мин.
600
600
600
600
600
600
600
600
а) кезекпен атқанда
100
100
100
100
150
150
150
150
ә) жекелей атқанда
40
40
40
40
50
50
50
50
Жарақталған оқжатармен
қосқандағы салмағы, кг
3,6
5,9
3,5
5,8
5,46
7,76
5,61
7,91
Сүңгі-пышақтың салмағы, г
450
450
450
450
-
-
-
-
Автомат (пулемет) мынадай негізгі бөліктерден тұрады:
1- ұңғы қорабы, көздеу аспаптары және тапанша сабы (пулеметте сирағымен);
2 – ұңғы аузындағы тежеуіш компенсатор (пулеметте жалын сөндіргіш);
3 - ұңғы қорабының қақпағы;
4 - газ поршені мен бекітпе жақтауы;
5 - бекітпе;
6 - қайтармалы механизм;
7 – ұңғы бастырмасы мен газ түтігі;
8 – құндақ;
9 – оқжатар;
10 -сүңгі-пышақ;
11 – сүмбі;
12 – жабдығымен пенал;
Суретте автоматтың (пулеметтің) негізгі бөліктері мен механизмдері
және оның жабдықтары: а-автоматтың; ә-пулеметтің; 1- ұңғы қорабымен, соққы-ағытқыш механизмімен, көздеу жабдықтарымен, дүмі және тапанша сабымен, ал пулеметте сирағымен берілген ұңғы; 2-ұңғылы тежеуіш компенсатор; 3-ұңғы қорабының қақпағы; 4-газ поршенді бекітпе жақтауы; 5-бекітпе; 6-қайтармалы механизм; 7-ұңғы жабуы бар газ түтігі; 8-құндақ; 9-оқжатар; 10-сүңгі-пышақ; 11-сүмбі; 12-жабдығымен пенал; 13-жалын сөндіргіш.
Автоматтың автоматтық әрекеті ұңғы арасынан газ камерасына бөлінетін оқ-дәрі газдарының қуатын пайдалануға негізделген.
Ату кезінде оқтың соңынан ілескен оқ-дәрі газдарының бір бөлігі ұңғы қабырғасындағы саңылау арқылы газ камерасына ұмтылады, газ поршенінің алдыңғы қабырғасына қысым түсіріп, поршень мен бекітпе жақтауы бар бекітпені артқы орынға итеріп тастайды. Кейін итерілгенде – бекітпе ұңғы арнасын ашады, оқтықтан оқсауытты олып, сыртқа лақтырады, ал бекітпе жақтауы қайтармалы серіппені қысып, шүріппені қайырады (оны ұрыстық дайындыққа қояды).
Бекітпе жақтауы бекітпесімен алдыңғы орынға қайтармалы механизм әсерінен оралады, бұл ретте бекітпе оқажатардан кезекті патронды іліп алып, оқтыққа береді де, ұңғы арнасын жабады, ал бекітпе жақтауы автоілмектің дөңесін шүріппенің автоілмегінен шығарады. Бекітпенің жабуы оның оңға қарай бұрылуымен және бекітпенің ұрыстық дөңесінің ұңғы қорабының ұрыстық тіректеріне кірумен жүзеге асырылады.
Егер аустырғыш автомат жағдайындағы атысқа қойылса, онда атыс ағытқыш ілмек қысылып тұрғанда және оқжатардағы патрондар біткенше жалғасады.
Егер аустырғыш жекелей атысқа қойылса, ағытқыш ілмекті басқан кезде тек бір ғана атыс болады. Келесі атысты жүргізу үшін ағытқыш ілгекті босатып барып, қайта басу керек.
Автоматты (пулеметті) бөлшектеу және жинақтау.
Автоматты (пулеметті) бөлшектеу толық және толық емес болуы мүмкін: толық емес бөлшектеу- автоматты (пулеметті) тазалау, майлау және тексеру үшін; толық бөлшектеу-жаңбыр мен қар астында қалғанда не жөндеу кезінде автоматты (пулеметті) қатты ластанудан тазалау үшін жүргізіледі. Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеу үстел үстінде немесе таза төсеніш жайылып жүргізіледі; бөлшектер мен механизмдер бөлектенген ретімен қойылады.
Автоматты (пулеметті) жинақтау кезінде оның бөлімдеріндегі нөмірлерді салыстыру керек; әр автоматтың (пулеметтің) ұңғы қорабындағы нөмір газ құбырындағы, бекітпе ергенегіндегі, бекітпедегі, ұңғы қорабы қақпағындағы және басқа бөліктердегі нөмірге сәйкес келуі керек.
Автоматты (пулеметті) бөлектеу мен жинақтау аса сақтықпен ғана жүргізіледі.
Пулеметті бөлектеу алдында оның ұңғы бөлігін солға қарата сирағымен қою керек.
Пулеметті жинақтау соңында оны сол қолмен тік ұстап, оң қолмен оның сирақтарын аздап ажырата, ұңғыға тақап және серіппелі ілмекпен бекіту арқылы оның сирақтарын жинайды.
Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеу тәртібі:
1). Оқжатарды бөлектеу. Автоматты (пулеметті) сол қолмен дүмінің маңдайшасынан не құндағынан ұстап, оң қолмен оқжатарды орай ұстайды, бас бармақпен бекіткішті қысып, оқжатардың төменгі жағын ілгері ұмсындырып, оны бөлектеп алады. Содан кейін оқтықта оқтың бар жоғын тексереді, бұл үшін ауыстырғыш төменге түсіріледі, оны «АВ» ( автоматты ату) немесе «ОД» (жекелей ату) жағдайына қойып, бекітпе жақтауының тұтқасы кейін жылжытылады, оқтықты тексеріп, бекіткіш жақтауы жіберіліп, шүріппені ұрыстық қайырудан (взводтан) босатады.
2) Жабдықтар пеналын дүм ұясынан шығарып алу. Оң қолдың сұқ саусағымен дүм ұясының қақпағын пенал серіппенің әсерімен ұядан шығатындай етіп басады; пеналды ашып, одан сүрткішті, тазалағышты, бұрауышты, қаққышты шығару қажет.
3) Сүмбіні алу. Сүмбінің ұшын оның басы қарауылдың негізіндегі тіректен шығатындай етіп ұңғыдан тартып, сүмбіні жоғары суырып алады.
4) Автоматтан – ұңғылық тежеуіш-компенсаторын, пулеметтен – жалын сөндіргішін бөліп алу. Бұрауышпен ұңғылық тежеуіш компенсатордың орнықтырғышы батырылады.Ұңғылық тежеуіш компенсатор қарауыл негізіндегі бұрандалы дөңестен сағат тіліне қарсы бағытта бұралып шығарылады. Ұңғылық тежеуіш компенсатор (жалын сөндіргіш) тым қатты бұралған жағдайда ұңғылық тежеуіш компенсатордың әйнегіне қойылған сүмбінің көмегімен бұрап алуға болады.
5) Ұңғы қорапшасының қақпағын бөлектеу. Сол қолмен дүмнің мойнын қамти ұстап, осы қолдың бас бармағымен қайтармалы механизмнің бағыттаушы өзегінің дөңесін басады, оң қолмен ұңғы қорабы қақпағының артқы бөлігін жоғары көтеріп қақпақшаны алады.
6) Қайтармалы механизмді бөліп алу. Автоматты (пулеметті) дүмнің мойнынан сол қолмен ұстап тұрып, оң қолмен қайтармалы механизмнің бағыттаушы өзегін оның өкшесі ұңғы қорабының бойлық ойығынан шыққанша ілгері қарай ұмсындырады; бағыттаушы өзектің артқы шетін көтеріңкіреп, қайтармалы механизмді бекітпе жақтауының арнасынан шығарады.
7) Бекітпемен қоса бекітпе жақтауын алу. Автоматты (пулеметті) сол қолмен одан әрі ұстап тұрып, оң қолмен бекітпе жақтауын артқа тірелгенше тартып, оны бекітпемен бірге көтеріңкіреп барып, ұңғы қорабынан бөлектеп алады.
8) Бекітпені бекітпе жақтауынан алу. Бекітпе жақтауын бекітпе жоғарыда болатындай етіп сол қолға алады; оң қолмен бекітпені кейін шегеріп, бекітпенің жетекші дөңесі бекітпе жақтауының фигуралы ойығынан шығатындай етіп, бекітпені алға қарай шығарып алады.
9) Ұңғылық бастырмасымен газ түтігін босатып алу. Автоматты (пулеметті) сол қолмен ұстап тұрып, оң қолмен жабдық пеналын газ түтігі тұйықталғышының шығыңқысына тік бұрышты саңылаумен кіргізеді, жапқышты өзінен тік жағдайға дейін бұрып, газ түтігін газ камерасының келте түтігінен шығарып алады. Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеуден кейін жинастыру реті.
Газ түтікшесін ұңғылық бастырмасымен қосу. Автоматты (пулеметті) сол қолмен ұстап тұрып, оң қолмен газ түтігін алдыңғы шетімен газ камерасының келте түтігіне ұмсындырады және ұңғы бастырмасының артқы шетін ұңғыға қысады; тұйықталғышты оның орнықтырғышы көздеу қалыбының ойығына кіргенше бұрайды.
Бекітпені бекітпе жақтауына қосу. Бекітпе жақтауын сол қолмен оң қолға алып, оны цилиндрлі бөлігімен жақтау арнасына сұғады; бекітпені оның жетекші дөңесі бекітпе жақтауының фигуралы ойығына кіретіндей етіп бұрап, бекітпені алға қарай сұғады.
Бекітпемен қоса бекітпе жақтауынұңғы қорабына қосу. Сол қолмен дүмнің мойыншасын қамти ұстайды. Бекітпесіне қоса бекітпе жақтауын оң қолда бас бармақпен қысылған бекітпе алдыңғы жағдайда болатындай етіп ұстап тұрып, газ поршенін көздеуіш қалыбының қуысына кіргізеді де ұңғы қорабының қайырмалары бекітпе жақтауының ойықтарына кіретіндей етіп бекітпе жақтауын ілгері жылжытады, оны сәл-пәл күштеп ұңғы қорабына қосады да, ілгері ұмсындырады.
Қайтармалы механизмді қосу. Оң қолмен қайтармалы механизмді бекітпе жақтауының арнасына кіргізеді, қайтармалы серіппені қысып, бағыттаушы өзекті ілгері итереді де, біршама төмен түсіріп, оның өкшесін ұңғы қорабының бойлық ойығына кіргізеді.
Ұңғы қорапшасының қақпағын қосу. Ұңғы қорабының алдыңғы шетімен көздеу қалыбындағы жартылай шеңбер ойыққа кіргізіледі, қақпақтың артқы шетін оң қолдың алақанымен қайтармалы механизмнің бағыттаушы өзегінің шығыңқысы ұңғы қорабының қақпағының ойығына кіретіндей етіп алға және төмен ұмсындырады.
Шүріппені ұрыстың қайырмасынан босатып, сақтандырғышқа қою. Ағытқыш ілмекті басып, ауыстырғышты тірелгенге дейін жоғары көтереді.
Автоматқа ұңғылы-тежеуіш компенсаторды, пулеметке – жалын сөндіргішті қосу. Дүмді тежеуіш-компенсаторды қарауыл бойындағы шығыңқы бөлікке тірелгенше бұрайды. Егер ұңғылы тежеуіш-компенсатордың (жалын сөндінгіштің) саңылауы орнықтырғышқа сәйкес келмесе, ұңғылы тежеуіш-компенсатор ұңғысына немесе жалын сөндіргішті саңылау орнықтырғышқа орналасқанша айналдырады (бір айналымнан артық емес)
Сүмбіні қосу.
Пеналды дүм ұясына салу. Сүрткішті, тазалағышты, бұрауышты, қаққышты пеналға салып, қақпағын жабады да, пеналды түбімен дүм ұясына қақпақша жабылатындай етіп кіргізеді. Жиналмалы дүмді автоматта пенал оқжатарға арналған сөмке қалтасына салынады.
Оқжатарды автоматқа қосу. Автоматты сол қолмен дүм мойыншасынан немесе шетмойыннан ұстап тұрып, оң қолмен оқжатардың ілгішін ұңғы қорабының терезесіне енгізіп, оқжатардың ілмегі оқжатардың тірек шығыңқысынан асатындай етіп өзіне бұрады.
Атыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары.
Атыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік олардың нақты ұйымдастырылуымен, атыс алаңында немесе ТИР-де белгіленген тәртіп пен ережелерді білу және қатаң сақтау арқылы, барлық атысқа қатысушылардың жоғары тәртіптілігімен қамтамасыз етіледі.
Атыс алаңында немесе ТИР-де атыс жүргізушілермен қатар айналадағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сәтсіз жағдайларды болдырмау мақсатында:
атысты ақаулы қарудан жүргізуге және ақ жалау көтерілгенде атыс жүргізуге;
атыс басшысының пәрменінсіз қаруды алуға және оқтауға;
тіпті оқталмаған автоматтың өзін айналадағы адамдарға, сондай-ақ нысанаға, тылға, осы бағытта адамдар бар болатын болса, бағыттауға немесе көздеуге;
оқтаулы қаруды атыс шебінен шығаруға;
атыс басшысының пәрменінсіз оқтаулы қаруды басқа адамдарға беруге немесе оны қай жерде болсын қалдыруға;
«Ат!» пәрменінен «Тоқтат!» пәрменіне дейін бөгде адамдарға атыс шебінде болуға тиым салынады.
Атқыш қаруды оқталғанына немесе оқталмағанына қарамай, бұрышын 60град асырмай жоғары қарата ату бағытында ұстап тұруға міндетті.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген