жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Калашников автоматын қол пулеметін атуға даярлау.
Сыныбы: 10
Сабақтың тақырыбы: Калашников автоматын қол пулеметін атуға даярлау, автомат жабдықтары, атудан кейін
автоматы тазалау және майлау тәртібі, автоматы сақтау, автомат пен оқтарды тексеру
және атуға даярлау, ату кезінде болуы мүнкін кедергілер және оларды жою амалдары.
Сабақтың мақсаты:Оқушыларға автоматты (пулеметті) тазалап майлау тәртібі және атыс кезіндегі кедер-
гілерді жою туралы түсіндіру.
Өткізілетін орны: АӘД бөлмесі.
Өткізілетін күні:
Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, плакаттар.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут. Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.
Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеу не үшін жүргізіледі?
Автоматты (пулеметті) жинақтауды ретімен айтып беріңдер.
Автоматты жинақтаудың пулеметті жинақтауға қарағанда қандай ерекшелігі бар?
б) Негізгі бөлім – 25 минут. Автоматты (пулеметті) тексеріп қарау және оны атысқа дайындау.
Автоматтың (пулеметтің) атуға жарамдылығын, тазалығын, майдың сапасын тексеру және автоматты атысқа дайындау үшін автоматты (пулеметті), керек-жарақтарды және оқжатарды тексеріп қарау жұмыстыры жүргізіледі.
Жауынгерлер мен сержанттар автоматты (пулеметті):
күн сайын;
сабаққа шығар алдында, күзетке түсер алдында, ұрыс жағдайында – күніне бірнеше рет, жауынгерлік міндетті орындау алдында;
тазалау кезінде тексеру керек.
Автоматтың (пулеметтің) оқжатарлары мен керек-жарақтарының ақаулары дер кезінде жойылуы керек.
Автоматтың (пулеметтің) қалыпты жағдайын бұзатын негізгі ақаулары мыналар болып табылады:
қарауыл майысқанда немесе соғылғанда, бір жағына төменге немесе жоғарыға қарай орнынан жылжығанда – оқтар қарауыл ұшының орнына қарама-қарсы жаққа ауытқиды;
көздеу тақташасы майысқанда немесе қисайғанда – оқтар көздеу тақташасы қырының кесігі ауысуы жағына ауытқиды.
ұңғы майысқанда – оқтар ұңғының ауыз жағындағы қайырма жағына ауытқиды.
ұңғы арнасының қажалуы, ойық өрістері бұрыштарының дөңгеленуі мен тозуы, көздеу тақташа, қарауыл, дүм тербетілуі – мұның барлығы оқ шашырауын көбейтеді.
Жауынгерлер мен сержанттардың автоматты (пулеметті) тексеріп қарау тәртібі
Күнделікті қарау кезінде автоматтың (пулеметтің) барлық бөліктерінің болуына көз жеткізіп, сыртқы бөліктерінде таттың, балшықтың, сондай-ақ майысу, сызат түскен және механизмдердің қалыпты жұмысын бұзуы мүмкін басқа да зақымдардың болуын сүмбінің бекітілуінің беріктігін, автоматтың майлану жағдайын, белдігінің, керек-жарақтарының, оқжатардың, олар салынатын сөмкелердің болуы тексеру керек.
Сабаққа шығар, күзетке түсер алдында және тазалау кезінде күнделікті тексеруден басқа көздеуіш пен қарауылдың жарамдылығы және ұңғы арнасы тексеріледі.
Қарауыл көздеуішінің жарамдылығын тексеру кезінде көздеуіш тақташасы қырындағы кесікте шалыстардың болмауына, қамытшаның көздеуіш тақташасында жатық жылжуына және белгіленген жағдайда ілгішпен сенімді бекітілуіне, серіппенің көздеуіш тақташасын сенімді ұстауына, көздеуіштің бүгіліп қалмауына және табанда нық тұруына, табандағы белгілердің негізіндегі белгілермен сәйкес келуіне көз жеткізу керек.
Бөліктер мен механизмдер жұмысының дұрыстығын тексеру кезінде:
а) ауыстырғышты АВ-ға қойып, бекітпе жақтауын кері шегіне дейін тартып, қайта жабу керек; бұл кезде бекітпе жақтауы алдыңғы жағдайға қайта оралып келуі керек; бекітпе жақтауын қайта артқа қарай тартып, ағытқыш ілмекті басып, бекітпе жақтауын сабынан ұстап тұрып, қайта жіберу керек. Бекітпе жақтау алдыңғы жағдайға жақындағанда «СЫРТ» еткен дыбыс естілуі керек - шүріппе соққышқа соғылады.
ә) ауыстырғышты ОВ-ға қойып, ағытқыш ілмекті басып, бекітпе жақтауын кері шегіне дейін тартып, ағытқыш ілмекті жібермей тұрып бекітпе жақтауын жіберу керек; ағытқыш ілмекті босатқанда, шүріппе ұрыстық қайырмаға қойылады, бұдан соң автоматты сақтандырғышқа қояды, ағытқыш ілмекті басады; автоматты сақтандырғыштан алып ағытқыш ілмекті басқанда, шүріппе соққышқа соғылады.
Автоматты (пулеметті) тазалау кезінде оның темір бөліктерінде майысу, ал ағаш бөліктерінде жарылу мен соғылу болмауына көз жеткізу керек. Ұңғы арнасы, газ камерасы, газ түтігі, газ поршені жағдайына аса көп көңіл бөлу керек.
Керек-жарақтарды қарау кезінде олардың болуы мен жарамдылығын тексеру керек.
Сүмбі, сүрткіш және тазалағышты тексеру үшін, алдымен олардың майыспағандықтарына көз жеткізу керек.
Пеналда жарылу, жаншылу, майысу болмауы керек. Оның бүйір тесігінен сүмбінің басы өте алуы тиіс.
Майлағышта жарылулар мен тесіктер болмауы керек.
Бұрауыш жүзі жаншылмаған, шығарғыш майыспаған болуы керек.
Қаққыш бүгілмеген болуы керек. Оқжатар мен бұрама сұқпа жарылған, ұрылған, майысқан болмауы керек. Оқсауыттар оқжатар саңылауында жеңіл қозғалуы керек.
Бұрамасұқпа оқжатардың жоғары бөлігіне еркін киілуі керек; мұнда өткізгіш бүгілмелері оқжатар мойнындағы тиісті саңылауға енуі керек.
Автоматты (пулеметті) қарау кезіндегі табылған ақаулар туралы өз командирлеріне дереу хабарлау керек.
Ұрыстық оқсауыттарды қарау.
Ұрыстық оқсауытты атыс алдында, күзетке түсу кезінде және командир бұйрығы бойынша тексереді.
Оқсауытты қарау кезінде:
оқсауыттарда тат басқан және майысқан жерлерінің болмауы, оқтың оқсауыт аузында берік тұруы;
капсюльде жасыл қақтың болмауы, капсюльдің оқсауыт түбінің бетінен шығып тұрмауы;
ұрыс оқсауыттарының арасында жаттығу оқсауыттарының болмауы тексеріледі.
Барлық бүлінген оқсауыттар қоймаға тапсырылады. Егер оқсауыттарда шаң басқан, ластанған, жасыл қақ немесе тот тұрған болса, оларды құрғақ шүберекпен сүрту керек. Оқсауыттарды майлы шүберекпен сүртуге, сондай-ақ оқжатарда көп майланған оқсауыттармен жарақтауға тиым салынады.
Автоматты (пулеметті) атысқа дайындау.
Автоматты (пулеметті) атысқа дайындау – оның атыс кезінде тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жүргізіледі.
Автомат (пулемет) атысқа бөлімше командирінің басшылығымен дайындалады.
Автоматты (пулеметті) атуға дайындау кезінде:
автоматты (пулеметті) бөлшектенген түрде қарап, тазалап, майлау;
автоматты (пулеметті) жиналған түрде қарау;
оқжатарды қарау қажет.
Тікелей атыс алдында ұңғы арнасы (ойықта бөлік пен оқтық) құрғатылып, сүртіледі.
Егер автомат (пулемет) ұзақ уақыт аязда болған болса, оны оқтау алдында оқжатарын ағытқан қалпында бекітпе жақтауын қолмен ілгері-кейін қозғап алу керек.
Автоматтан (пулеметтен) ату кезіндегі кідірістер және оларды жою әдістері.
Автомат (пулемет) бөліктері мен механизмдерін дұрыс қарап күтсе, ол ұзақ уақыт сенімді де кідіріссіз жұмыс істейді. Алайда механизмдердің ластануы, бөліктердің тозуы және ұқыпсыз ұсталуы, оқсауыттардың жарамсыздық салдарынан атыс кезінде кідірістер болуы мүмкін.
Атыс кезінде болған кідірісті, ең алдымен қайта оқтау арқылы түзеп көру керек. Бұл үшін бекітпе жақтауын тұтқасынан ұстап, тез кейін тартып барып босатып жіберу керек те, атысты жалғастыру керек. Егер кідіріс қайталанса, оның себебін анықтап, кестеде келтірілген әдістердің бірімен жою керек.
Кідіріс және оның сипаты |
Кідірістің себебі |
Кідірісті жою әдісі |
Оқсауыттың берілмеуі. Бекітпе алдыңғы жағдайда, бірақ атыс болмады-оқтықта оқ жоқ. |
2. Оқжатар ілгішінің ақаулығы. |
Автоматты (пулеметті) қайта оқтап, атысты жалғастыру. Кідіріс қайталанғанда оқжатарды алмастыру. Оқжатардың бекітпесі ақаулы болса, автоматты жөндеу шеберханасына жіберу. |
Оқсауыттың кептелуі. Оқсауыт оғымен ұңғының оқталатын бөлігіне тірелген, жыл- жымалы бөліктер ортаңғы жағдайда тоқтаған. |
Оқжатардың ақаулығы.
|
Бекітпе жақтауының тұтқасынан ұстап тұрып, кептелген оқсауытты алып тастап, атысты жалғастыру. Кідіріс қайталанса, оқжатарды ауыстыру. |
Атылмай қалу. Бекітпе алдыңғы жағдайда, оқсауыт оқтықта, шүріппе босатылған - атыс болмады. |
1 Оқсауыттың жарамсыздығы. 2. Соққыштың немесе соққыш-ағытқыш механизмнің ақаулы-ғы; ластануы, майдың қатып қалуы (соққыштың капсюльді соқпауы немесе бәсең соғуы). 3. Соққыштың бекітпеде кептеліп қалуы. |
Автоматты (пулеметті) қайта оқтап, атысты жалғастыру. Кідіріс қайталанса, соққыш пен соққыш-ағытқыш механизмді қарап тазалау; бұзылған, тозған болса, автомат жөндеу шеберханасына жіберіледі.
Соққыш бекітпеден ажыратылып, бекітпедегі соққыш астындағы саңылау тазаланады. |
Оқсауыттың алынбай қалуы. Оқсауыт оқтықта, кезекті оқсауыт оған оғымен тірелген, жылжымалы бөліктер ортаңғы жағдайда тоқтаған. |
1.Оқсауыт лас немесе оқтық ластанған.
2.Лақтырғыштың немесе оның серіппесінің ластануы не ақаулығы. |
Бекітпе жақтауының тұтқасын кері тартып оны артқы жағдайда ұстай тұрып, оқжатарды бөлшектеп, тірелген оқсауыт алынады. Бекітпе немесе сүмбімен оқсауыт оқтықтан шығарылады. Кідіріс қайталанса, оқсауыт пен оқтық тазалануы керек. Лақтырғышты қарап, тастан тазартып, атысты жалғастыру. Лақ-тырғыш-ақаулы болғанда, автомат жөндеу шеберханасына жіберіледі. |
Оқсауыттың шағылыстыр-ылмауы. Оқсауыт ұңғы қорабынан лақтырылмай, сонда бекітпенің алдында қалған немесе бекітпе арқылы қайтадан оқтыққа жіберілген. |
1.Үйкелуші бөліктердің, газ жолдарының немесе оқтықтың ластануы.
2.Лақтырғыштың ластануы немесе ақаулылығы.
|
Бекітпе жақтауының тұтқасын кері тарту, оқсауытты лақтырып, атысты жалғас-тыру. Кідіріс қайталанса, газ жолдарын, үйкелуші бөліктерді және оқтықты тазалау; үйкелуші бөліктерді иайлау. Лақтырғыш ақаулы болса, автоматты жөндеу шеберханасына жіберу. |
Бекітпе жағдайының алдыңғы жағдайға жетпеуі. |
Қайтарма серіппі сынған. |
Серіппені алмастыру (урыс жағдайында серіппенің алдыңғы бөлігін жарақталған ұшымен артқа бұрап, атысты жалғастыру). |
в) Қорытынды бөлім – 10минут.Сұрақтар мен тапсырмалар:
Автоматтың (пулеметтің) механизмдері мен бөліктерінің құрылысын атаңдар.
Ұңғы не үшін арналған?
Ұрыстық оқсауыттарды қарау қалай жүзеге асады?
Автоматтан (пулеметтен) ату кезіндегі кідірістер және оларды жою әдістері?
- Автоматты (пулеметтің) қалыпты жағдайын бұзатын негіз

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген