400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кальций. Периодтық жүйедегі орны, қасиеттері

Материал туралы қысқаша түсінік
Кальций. Периодтық жүйедегі орны, қасиеттері
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Кальций. Периодтық жүйедегі орны, қасиеттері

Мақсаты:

1) Периодтық жүйедегі орны бойынша сілтілік жер металы кальцийге сипаттама беру;

2) Кальций және оның қосылыстарының табиғатта кездесуі, физикалық, химиялық қасиеттері, биологиялық маңызы, қолданылуы туралы оқушылардың түсініктерін кеңейтіп, теориялық білімдерін практикамен ұштастыру арқылы пәнге деген қызығушылығын, таным белсенділігін, ойлау қабілеттерін арттыру;

3) Қауіпсіздік техникасының ережелерін басшылыққа ала отырып, оқушылар - дың дүниетанымын кеңейтіп материалдық байлыққа, оны игеру мен сақтауға көңіл бөлуге дағдыларын қалыптастырып, дамыту.

Сабақ типі: жаңа сабақ

Сабақ түрі: дәстүрлі

Сабақта қолданылатын әдістер: сұрақ - жауап, түсіндіру, практикалық жұмыс

Пәнаралық байланыс: биология, тарих



Сабақ жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

“Металдардың адам өміріндегі және табиғи ортадағы маңызы” тақырыбы бойынша химиялық диктант;

“Қ. Сәтбаевтың Қазақстан металлургиясына тигізген үлесі” тақырыбында хабарламалар тыңдау;

ІІІ. Жаңа білімді меңгеру кезеңі:

Өлең жолдары арқылы сабақ тақырыбын ашу, мақсатымен таныстыру;

“Қайталау – оқу айнасы” /кальций элементіне ПЖ орны бойынша сипаттама беру/;

“Білгенге – маржан” /кальций элементінің ашылу тарихы, табиғатта таралуы және маңызды қосылыстары/;

“Са - тіршілік тірегі”/ кальций элементінің биологиялық маңызы/;

Кальций элементінің физикалық қасиеттері мен алынуы;

“Химияны болжаммен ұға алмайсың” /кальций элементінің химиялық қасиеттері,

химиялық тәжірибе/;

Кальций және оның қосылыстарының қолданылуы.

ІҮ. Бекіту кезеңі

“Зерек болсаң, шешіп көр”/деңгейлік тапсырмалар орындау/

Бекіту сұрақтары

Ү. Үйге тапсырма

ҮІ. Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау

Химиялық диктант

Жер бетінде металдарды пайдалану осыдан 10 мыңға жуық жыл бұрын басталған.

2. Біздің заманымызға дейін қанша және қандай металдар белгілі болған?

7 металл: алтын, күміс, мыс, темір, сынап, қалайы, қорғасын.

Металдар мен олардың құймаларының аттарымен аталған тарихи дәуірлер:

мыс, қола, темір

Табиғатта металдардың ішінде таралуы бойынша І орын алатын қай металл?

алюминий

Қалайы мен мыстың құймасы қола деп аталады.

Қоршаған орта факторларының әсерінен болатын металдың бүліну құбылысы –

жемірілу

Тірі организмде ең кем дегенде қанша металл бар және қалай аталады?

10 металл: темір, мыс, магний, кобальт, мырыш, марганец, молибден,

натрий, калий, кальций

Алхимиктердің арманы болған металл – алтын.

Ғалымдардың есептеуінше жыл сайын жерге 3000 т жуық метеорит түрінде кездесетін таза металл — темір.

Қазақстан металлургиясының дамуына баға жетпес үлес қосқан қай ғалым?

Қаныш Сәтбаев

“Қ. Сәтбаевтың Қазақстан металлургиясына тигізген үлесі”тақырыбында хабарламалар тыңдау

Жаңа білімді меңгеру кезеңі

Кальций деген күміс түсті металмын,

Өмір бойы керегіңе жете алдым.

Менмін – ақ бор, әктас, мәрмәр, ғанышпын,

Тіршілікке қажет металл аталдым.

Қыртысында жердің мен де кездесем,

Артық болмас “Жер металы мен десем”

Ғарыштағы ракета да, ұшақтан,

Қолтаңбамды табасың сен іздесең.

Жануардың бақалшағы, қаңқасы,

Жер бетінің минералды әр тасы.

Сан құрылыстың сәулеті, негізі,

Қаланады менен ғана ойланшы.

Қайталау – оқу айнасы

Периодтық жүйедегі орны бойынша сипаттама беру:

Ca – 4 период, ІІ топтың негізгі топшасының элементі, сілтілік жер металы, s элемент.

Реттік нөмірі 20, 20 протон, 20 нейтрон, ядро заряды +20, электрондар саны – 20. Ar – 40.

Электрондық формуласы 1s2 2s2 2p6 3s2 3p6 4s2

Валенттілігі: ІІ

Тотығу дәрежесі: 0, +2

Білгенге — маржан

Кальций. Периодтық жүйедегі орны, қасиеттері жүктеу

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
900
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі