Материалдар / Калдық кескіндермен жұмыс жасау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Калдық кескіндермен жұмыс жасау

Материал туралы қысқаша түсінік
Қалдық кескіндермен жұмыс жасау арқылы көрнекіліктер жасау.Білім саласындағы кез келген пән-қандай ортада болмасын өзінің айтар ойы, өмірге деген көзқарасы, нақты жеке тұлғаны қалыптастыруға өзіндік үлес қосары анық. Технология пәнінің басты мақсаты-оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына ықпал ете отырып, қазіргі заманның технологиялық мәдениетіне, яғни бұйымдарды көркем жобалауға, өңдеп, өндіруге бейімдеу болып табылады. Сондай-ақ оқушылардың тұрмыстық қатты қалдықтардың пайда болуының алдын алуды және оларды азайтып оларды өңдеп, кәдеге асырудың жолдарын анықтап, практикалық тәжірибе алуын қарастырады. Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар туралы мәліметтерді жинақтау және оларға талдау жасау. Тұрмыстық қалдық заттарды өңдеудің әлемдік әдістерімен танысу және оларға талдау жасап, экологиялық тиімдісін анықтау.Ауданымыздың тұрмыстық қатты қалдықтармен ластану дәрежесін бағалау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қырқүйек 2021
481
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Shape1



[Введите название организации] 



«Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі





[Введите подзаголовок документа] 

Shape4 Shape3 Shape2

[Введите название документа] 



User

Алғашқы әскери және

технологиялық дайындық пәні

мұғалімі











2020-2021 оқу жылы



[Введите название документа] 



Кіріспе

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Белогор негізгі орта білім беретін мектебі










Тақырыбы: 










Технология пәнінің мұғалімі: Гусманов.Б.Б.














Шыңғырлау ауданы 2019ж

Жоспар


І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

а) Оқушыларға кәсіптік бағдар беру

ә) Технология пәні бойынша кәсіби бағытта оқыту

б) Ою-өрнектерді технология сабағында қолдану

в) Қолөнерге баулу арқылы оқушылардың шеберлігін дамыту

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер




































І. Кіріспе


І. Білім саласындағы кез келген пән-қандай ортада болмасын өзінің айтар ойы, өмірге деген көзқарасы, нақты жеке тұлғаны қалыптастыруға өзіндік үлес қосары анық. Технология пәнінің басты мақсаты-оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына ықпал ете отырып, қазіргі заманның технологиялық мәдениетіне, яғни бұйымдарды көркем жобалауға, өңдеп, өндіруге бейімдеу болып табылады. Сондай-ақ оқушылардың тұрмыстық қатты қалдықтардың пайда болуының алдын алуды және оларды азайтып оларды өңдеп, кәдеге асырудың жолдарын анықтап, практикалық тәжірибе алуын қарастырады. Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар туралы мәліметтерді жинақтау және оларға талдау жасау. Тұрмыстық қалдық заттарды өңдеудің әлемдік әдістерімен танысу және оларға талдау жасап, экологиялық тиімдісін анықтау.Ауданымыздың тұрмыстық қатты қалдықтармен ластану дәрежесін бағалау.

Технология атты жаңа интегративті білім саласын меңгеру оқушылардың жалпы білім мен дағдыны меңгеруіне мүмкіндік береді, интеллектуалдық, тұлғалық, этикалық дамуын, қазіргі әлеуметтік-экономикалық және экологиялық жағдайларға бейімделуін қамтамасыз етеді.

ІІ. а) Мектеп қабырғасында білім алып, тәрбиеленіп жаткан жас ұрпақ қолөнер туралы білім алу керек, оның ішінде қалдық материалдарды меңгеріп олардан күнделікті өміріне қажетті түрлі бұйымдар жасап өнердің жаңа бір түрімен танысады. Осы бағдарлама бойынша оқушылардың қолөнер шеберлігін дамытамыз, эстетикалық тәрбие береміз және де қалдық материалдарды тиімді пайдаланып бұйым жасау жолдарын үйретеміз. Менің 5-9 сыныптарға технология пәнінен сабақ бергендегі байқағаным, кез келген 5 сынып оқушысы бастауышта алған білім негізінде бір қол өнер түріне ынта-ықыласы болады. Сол қол өнер түрі оған ұнайды. Мұғалім оқушының сол қызығушылығын анықтап, сол қол өнер түрі бойынша оқушыны бейімдеуі керек. Сондықтан 5-сыныпта оқу жылы басында «Ынта – ықыласын анықтау картасын» жүргіземін. Бұл анықтау картасына қол өнер түрлерінің қатарына «Қалдық материалдарды тиімді пайдалану және олардан түрлі бұйымдар жасау» қоса жазылған. Қалдық материалдарды тиімді пайдалану және олардан түрлі бұйымдар жасау өмірге, қоғамға қажеттілігін үнемі сабақта айтып, дәлелмен нақтылап түсіндірсе, әрине оқушылардың бейімділігін дамытуға болады.

ә) Қазіргі таңда жеке тұлғаны қалыптастыру технология пәні мұғалімдерінің алдарына қоятын мақсаттар мен міндеттеріне өте жауапкершілікпен қарауды талап етеді. Оқушыларға білім, білік және кәсіптік бағдар беру барысында мұғалім әр оқушының алдында оның келешегіне шын мәнінде жауапты екендігін сезіну қажет. Осы үлкен міндетті атқару үшін технология пәнінің мұғалімінің өзі білімді, мәдениетті, жаңашыл болуы қажет деп ойлаймын. Әрине, көптеген мектептерде бұрынғы ізбен «еңбек сабағы» деп көңіл бөлмеуі де мүмкін, бірақ өз пәнін жоғары бағалайтын мұғалім парызын ұмытпауы керек. Сол себептен әр сабағын жаңашылдандырып өткізуді мақсат етіп, күрделі дайындықпен сабақты өткізуге қалыптасқан жөн. Сабақтың сапасы – ол оқушының білімділігі, біліктілігі, мәдениеттілігі.

Бұл салада бірінші сәттілік:

мұғалім проблемасын анықтап, алдына мақсат қояды;

Екіншісі - тақырыптық күнтізбелік бағдарламаны жан-жақты зерттеп, мектеп ерекшелігін ескере отырып, дұрыс құруы, мұғалімнің мақсатына жету жолының ашықтығы.Оқушылардың қызығушылығы мен бейімділігін дамыту. Қол өнер түрлерін сезінуіне, еңбекті бағалауына, сүйіп атқаратын жұмысқа дағдылануға, жауапкершілікті сезінуге, мінез-құлық және қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға септігін тигізеді.

Сабақ барысында ұлдарды қол өнер түрлерімен қалдықтардан бұйым жасауға үйретудегі мақсатым-халқымыздың ежелден келе жатқан ұлттық өнерлерімен оқушыларды жеке таныстырып, үйрету. Сапалы білім берумен қатар еңбекке де баулу, үйрету аса қажет, жастарымыздың өнерлі болуы қоғамдық өмірімізге үлкен әсерін тигізеді деп ойлаймын. Тұлғаның эстетикалық бейнесі өнер мен табиғатты қабылдауы, қорғау және адамдар арасындағы қарым-қатынастағы қызметі арқылы көрінеді. Талантты және дарынды оқушылардың бойында даму және шығармашылық қабілеттер өнердің түрлі саласында өз ерекшелігіне қарай көрінеді.

б) Жеткіншек ұрпақты ұлттық сезім мен рухта тәрбиелеуде ұлттық өнердің алатын орны ерекше. Қазақ халқының қолөнерінің арнасы кең, түрі сан алуан. Халқымыздың өмір тіршілігінде ою-өрнек қатыспайтын саланы табу қиын. Өнердің басқа да түрлері секілді қолданбалы қолөнері технология пәнінде ұлттық ою-өрнекті қастерлеуге жол ашады. Дәстүрлі қазақ өнерінің ерекшелігін айтқанда, қазақ өміріндегі ежелден дамыған ою-өрнек ерекше эстетикалық сезімді үнсіз айғақтайды. Ою-өрнектің көнеден келе жатқанын дәлелдейтін бұйымдар мұражайларда сақталуда.Адамдар ертеден-ақ өздерін қоршаған айнала дүниені тасқа бейнелеген, бертін келе киім-кешектеріне, қолданатын бұйымдары мен ыдыстарға қарапайым сурет ретінде салған, осылай бірте-бірте ою-өрнек пайда болды.

Ою-өрнек халықпен бірге жасасып, оның рухани материалдық игілігіне айналып келеді. Бүгінгі таңда қайта дамып, бай мазмұн, жаңа түр тауып, өнер саласында биік деңгейде дамуда. Өнер өшпейді, сөнбейді, көнермейді. Қалдық материалдарға ою өрнектерді қосып түрлі бұйымдар жасау. Әрбір сабақта кәсіпке оқыту әрбір оқушының өмірі үшін өте қажет деп санаймын. Өйткені талаптанған бала әрқашан өз мақсатына жетеді.

в) Қазіргі заманғы мектептің алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі-оқушыларда білім мен шеберліктің қалыптасуы болып табылады. «Жасөпірімнің дербестігі педагогикалық мақсатқа бағытталса, жақсы нәтижелерге жеткізеді, жауапкершілік сезімін арттырады, шығармашылық бастаманы дамытады, оны белсенді етеді»,- деп жазды

Н. Левитов. Көркемдік –қолданбалы жұмыстар барысында оқушылардың еңбек білімі мен шеберлігін қалыптастыру үрдісінің педагогикалық мақсаты болу үшін оқып, үйрету барысында олардың ақыл-ой қабілеттері мен іс-әрекеттер ерекшеліктерін ескеру керек.

Қазіргі кезде заман талабына сай, мектептің, ұстаздардың алдына қойған мақсаты-мектеп қабырғасында тәрбиеленіп келе жатқан жас ұрпақты ұлтымыздың көнеден келе жатқан салт-дәстүрімен таныстыру, еңбекке деген шеберлігімен икемділігін, өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Бұл тек ұстаздардың ғана емес, сонымен қатар қазақтың көне салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тұрмыс –тіршіліктерін, қолөнерін жадымызда ұстау, келешек ұрпаққа үйрету, жөн сілтеу, ата-бабаларымыздың дәстүрін ұмыт қалдырмау-баршамыздың парызымыз.

Егеменді қазақ мемлекетінің болашақ ұрпақтарының сана-сезімін, ұлттық психологиясын, оның сонау ерте замандағы ата-бабалар салт-дәстүрімен, мәдениетімен сабақтастыра отырып, халықтық қолөнерін сақтап қалуға тәрбиелеу-ұлтжанды ұлғатты ұстаздардың абыройлы ісі.

Келешек мектептер 12 жылдық оқу бағдарламасында да біздің қазақтың қолданбалы қолөнерінің оқушыларға беретін тәрбиелік мәні өте зор болмақ. Ұлттық тәрбие беру бесігіндегі оқушылардың ата-баба дәстүрін, мәдениетін, қолөнерін және азаматтық арнадағы асыл қасиеттерін еңбекке баули отырып, жан-жақты эстетикалық тәрбие беру, мәдени мұраны жүйелі меңгеруге, рухани мұрасын бағалай білуге тәрбиелеу мүмкіндіктері қарастырылады. Сондықтан оқу-тәрбие жұмысының барысында, технология сабағында оқушыларға «Қалдық материалдарды тиімді пайдалану және олардан түрлі бұйымдар жасау» технология пәнінің үйірме жұмыстарында халқымыздың ұлттық қолөнерін халқымыздың салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен таныстыра отырып, оқушының іскерлігін, дағдысын, еңбекке деген ынтасын қалыптастыруды негізгі мақсат етіп қою біздің міндетіміз. Ұлттық мәдениетке негізделген қазақ мектебінің қайта түлеуі қазіргі таңдағы көкейкесті мәселе болып отыр. Өйткені оқушылардың көркемдік білім алуын арттыру және рухани деңгейін дамыту, шығармашылыққа тәрбиелеу қазіргі білім беруде көзделіп отырған мәселе. Осы тұрғыдан келгенде оқушылардың жұмыс істеу әдет – дағдыларын көркем шығармашылық іскерлікпен жалғастырып дамыту мәселесі қарастырылады. Оқушыларды әсемдікті сезініп, түсініп, қадірлей білуге баулу эстетикалық тәрбие беру арқылы іске асырылады.

Өнер мен білім беру ісін бір-бірімен ұштастырып, бала санасына ұялатуда үлкен жүрек, мол іждағат, мейірімділікпен қоса, кәсіби дарын ізденімпаздық, іскерлік керек екендігін баса айтуымыз керек.

Мектепте технология сабағын халықтық педагогикамен ұштастырудың маңызы зор. Еңбек оқушылардың ең бірінші өмірлік қажетіне айналу үшін, еңбек ету талабын адамның бойында тәрбиелеудің зор маңызы бар. Бұл міндет- адам өзі ынта қойған еңбекпен шұғылданып, оның бейімділігімен мүддесіне сай келетін және адамгершілік қанағат беретін іспен шұғылданған жағдайда жүзеге асырылады. Сондықтан да бұл міндеттерді шешу еңбекті дұрыс таңдап алумен аса тығыз байланысты.

Технология сабағы- мектеп оқушыларын рухани байытып, дүниетанымын қалыптастыратын пәндердің бірі. Технология пәнінде ұлттық қолөнерді, тәрбиені үйрету арқылы мынадай дағдыларды немесе іскерлікті қалыптастырамыз:

  • еңбекқорлыққа;

  • ұлтжандылыққа;

  • рухани мәдениетке;

  • іскерлікке;

  • шыдамдылыққа;

  • ізденімпаздылыққа.

Халық қолөнерінің бай мұраларын жинап, сұрыптай отырып, заманымызға сай лайықты сапа, түр беру әдісімен оларды ілгері дамыта беруіміз керек.

Қолөнер халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасқан өміршең өнер. Қолөнер өзіне тән әлемі, қоршаған ортасы, өзіндік күші бар, ол ешқандай өтпелі құндылықтарға бағынбайды. Өзіне деген тыныштық пен сенім бізге белгілі бір дағдылар мен икемдерге жеткізеді.




















ІІІ. Қорытынды




Ұлттық педагогиканың насихаттауда қай пәннің болса да ыңғайы мен мүмкіндіктері мол. Соның ішінде технология сабағында халқымыздың қолөнеріне үйрету арқылы оқушыларға ұлттық дәстүрде тәрбие берудің артықшылығы көп. Қолөнерге баулу, шығармашылықпен ұштастырып білім беру, еңбек етуге баулу мен қатар ата-бабамыздан қалған салт-дәстүрге тәрбиелеу қазіргі заман талабы. Қолөнерге қызықтыру үшін кез келген бұйымның, туындының жасалу құпиясын, тарихын ашып көрсетсек, қосымша әдебиеттерден мағлұматтар берсек, қайталанбас ерекшеліктерге толы жасалу технологиясымен таныстырсақ оқушы іскерлікпен шығармашылыққа кіріседі. Оқыту үрдісінің ғылыми негізі мұғалімнің өз жұмысын жоспарлай білгеніне байланысты, сонымен бірге ол оқушының іс-әрекетін де ұйымдастыра білуінде. Оқыту бағдарламасының логикалық жүйілілігін сақтау, ең алдымен, күнтізбелік тақырыптық жоспарды дұрыс ұйымдастыру білуде.

«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға», - деп қазақ халқының ұлы, кемеңгер, данышпан ақыны Абай айтқандай, зерек те, іскер бес саусағынан өнер таматын шәкірттерді оқытуға, үйретуге біз, ұстаздар, әрқашанда дайынбыз. Бабаларымыздан жеткен асыл мұраны шаң басқан жерінен сілкіп, тот басқан бетін ашып, кейінгі ұрпаққа жеткізетін кез жетті деп ойлаймыз.

Ұстаздық- ұлы ұғым, сондықтан ұлттық мектептің ұлы мұратын ұмытпай, бойымыздағы білімімізді, ұрпақтан ұрпаққа жалғастыру міндетіміз.































Пайдаланылған әдебиеттер:

1.С. Нұрпейісов «Қазақ халқының ою-өрнегі»

2.К.Өстеміров, Н.Адамқұлов «Технология оқулығы» 7 сынып

3.Журнал «Мектептегі технология» № 6, 2006 жыл

4.С.Қ. Қасиманов «Ою-өрнек кешені»

5.«Ою-өрнектер» кітабі.

6.«Технология» журналы.

7.Үй-тұрмыстық энциклопедиясы.

8. Интернет.

















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!