400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Калифорниялық шылаушын – топырақтың досы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды Калифорниялық шылаушынмен таныстыру, оның табиғаттағы және ауыл шаруашылығындағы пайдасын түсіндіру, бақылау және зерттеу дағдыларын дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Бекітемін

Қызылорда облысының білім басқармасының

Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің

№18 «Қуаныш» бөбекжай - бақшасы КМҚК

меңгеруші Нукесариева Мадина Тишбайқызы

https://youtu.be/MV8lT4n7pjU?si=QR5so3sZeMsV2Gs1



Жоба орындаушы: Базарбай Айлин Бахадурқызы 5 жас

Жоба жетекшісі: Кенжебекова Алтын Амиртаевна, тәрбиеші

1. Жобаның атауы: «Калифорниялық шылаушын – топырақтың досы»

2. Жобаның мақсаты: Балаларды Калифорниялық шылаушынмен таныстыру, оның табиғаттағы

және ауыл шаруашылығындағы пайдасын түсіндіру, бақылау және зерттеу дағдыларын дамыту.

3. Міндеттері:

• Шылаушын туралы бастапқы түсінік қалыптастыру;

• Шылаушынның тіршілік ету ортасын зерттеу;

• Шылаушынның топыраққа пайдасын бақылау;

• Қорытынды жасап, балалардың сөйлеу, ойлау дағдыларын дамыту.

4. Зерттеу кезеңдері:

I кезең – Дайындық кезеңі

• Балалармен «Жәндіктер қайда тұрады?» тақырыбында әңгіме.

• Шылаушын туралы мультфильм/сурет көрсету.

• Сұрақ қою: «Ол не жейді? Қайда тұрады?»

II кезең – Зерттеу кезеңі

• Бақылау: тірі Калифорниялық шылаушынды қарау немесе фото/видео арқылы.

Тәжірибе «Бидай өсіру»

• Әр ыдысқа бірдей мөлшерде бидай дәнін отырғызу

• Бірдей мөлшерде су құю

• Күн сайын бақылау: қайсысы тез өседі, түсі қандай, биіктігі қалай?

• 5 күн ішінде фотолар түсіру

• Балалармен бірге салыстыру: қай ыдыстағы бидай биік, жасыл, жақсы өскен?

• Қай топырақ пайдалы екенін анықтау

• Балалар өз ойларын айтып үйренеді

• «Биогумус – табиғи тыңайтқыш, ол өсімдікті жақсы өсіреді» деген тұжырым

• Қай топырақ пайдалы екенін анықтау

• Балалар өз ойларын айтып үйренеді

• «Биогумус – табиғи тыңайтқыш, ол өсімдікті жақсы өсіреді» деген тұжырым

Тәжірибе «Калифорниялық шылаушын ылғалды жерді ұнататынын бақылау»

Құрал-жабдықтар:

• 1 дана жалпақ ыдыс

• бір құты су

• 4–5 Калифорниялық шылаушын

• Таймер (5–10 минут)

• Апта бойы бақылау дәптері немесе сурет парағы

Тәжірибе барысы:

1-қадам: Табақшаның бірнеше бөлігіне су тамызамыз..

2-қадам:Шылаушынды табақшаның ортасына (екі ығалдың шекарасына) қоямыз.

3-қадам:Балалармен бірге шылаушынның қай жаққа қарай жылжитынын бақылаймыз.

4-қадам:Уақытты белгілейміз (5 минутта қайда барды? 10 минутта қайда жасырынды?)

Күтілетін нәтиже:

• Шылаушын ылғалды жағына жылжиды

• Құрғақ жерде жүрмейді, тоқтап қалады

Тәжірибе «Шылаушындардың туннель қазуы»

Мақсаты: Шылаушындардың топырақ ішінде қозғалу арқылы туннель (жол) қазатынын бақылау.

Құрал-жабдықтар:

• Мөлдір пластик ыдыс

• Құмы немесе қара топырақ

• 6–7 Калифорниялық шылаушын

• Жапырақ, көкөніс қалдықтары (қорек)

• Су бүріккіш (топырақты сәл ылғалдандыру үшін)

• Апта бойы бақылау дәптері немесе сурет парағы

Тәжірибе барысы:

1-қадам: Дайындау

• ыдыстың ішіне топырақ пен құмды қабаттап саламыз (мысалы: қара топырақ – сары құм – қара

топырақ).

• Үстінен аздап су бүркіп, ылғалды етеміз.

• Жапырақ пен азық қалдықтарын үстіне саламыз.

• Шылаушындарды ішіне жібереміз.

• ыдыстың сыртын қара қағазбен орап, күн түспейтін жерге қоямыз.

2-қадам: Бақылау

• Күн сайын бір мезгілде қағазды шешіп, бөтелкенің бүйірінен шылаушындардың қозғалысын

көреміз.

• Олар қайда жүргенін, қанша туннель қазғанын байқаймыз.

• Топырақтағы жолақтардың бұзылған жері – шылаушын қазған жол.

Нәтиже:

• Шылаушындар топырақ ішінде туннель қазады

• Қозғалған жерлерін көзбен көруге болады

• Бұл процесс топырақты қопсытады және ауа кіргізеді

«Шылаушындар – кішкентай қопсытқыштар! Олар жер астында жол салып, топырақты байытады»

III кезең– Қорытындылау

• Балалар өз бақылауын айту:

• Шылаушын топырақты қалай өзгертті?

• Не жеді? Қозғалды ма?

• «Шылаушын – пайдалы жәндік» деген тұжырымға келу.

5. Күтілетін нәтиже:

• Балалар Калифорниялық шылаушын туралы негізгі мәліметтерді біледі;













Shape1



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
25 қазан
188
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі