жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Кәмелет жасқа толмағае және толған балалардың құқұғын қорғау.
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
Тақырыбы : Кәмелет жасқа толмаған және толған балардың құқұғын қорғау
Пәні: Әлеуметтік жұмыстың нормативтік құқықтық негіздері
Орындаған: Қaбылқыз Ділнар ,
Сералы Айсауле
КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН НЕМЕСЕ ТОЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК АСПЕКТІЛЕРІ
Балалардың құқықтарын қорғау – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Бұл процесс баланың жасына қарамастан (кәмелетке толмаған немесе еңбекке қабілетсіз кәмелетке толған балалар), олардың лайықты өмір сүруіне, дамуына және құқықтық мүдделерінің сақталуына кепілдік береді.
Келесі тармақтарда кәмелетке толмаған балалардың құқұқтары жайлы айтылады;
Кәмелетке толмаған балалардың құқықтары (18 жасқа дейін)Кәмелетке толмағандардың құқықтары Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Неке
және отбасы туралы» Кодексімен және
«Бала құқықтары туралы» Заңымен
реттеледі.
Өмір сүру және отбасында тәрбиелену құқығы: Әрбір бала өз ата-анасын білуге, олармен бірге тұруға және олардың қамқорлығында болуға құқылы.
Жеке басына тиіспеушілік: Бала кез келген түрдегі зорлық-зомбылықтан, қанаудан және қатыгездіктен қорғалуы тиіс.
Мүліктік құқықтар: Бала ата-анасынан немесе басқа туыстарынан алимент алуға, сыйға тарту немесе мұрагерлік жолымен мүлік иеленуге құқылы.
Білім алу және денсаулық сақтау: Тегін орта білім алу және мемлекеттік кепілдік берілген көлемде медициналық көмек алу құқығы.
Кәмелетке толған балалардың құқықтарын қорғау (18 жастан жоғары)18 жасқа толғаннан кейін адам толық әрекет қабілеттілігіне ие болғанымен, кейбір жағдайларда олардың құқықтарын қорғаудың ерекше тетіктері сақталады:
Еңбекке қабілетсіз балаларды асырау: Егер кәмелетке толған бала бірінші немесе екінші топтағы мүгедек болса және көмекке мұқтаж болса, ата-анасы оны асырауға міндетті.
Оқу кезеңіндегі қолдау: Жоғары немесе орта арнаулы оқу орындарында күндізгі бөлімде оқитын 21 жасқа дейінгі балалардың ата-анасынан алимент өндіруге немесе әлеуметтік жеңілдіктер алуға белгілі бір құқықтары бар.
Тұрғын үй құқығы: Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар кәмелетке толғаннан кейін де мемлекеттен тұрғын үй алу кезегінде тұру құқығын сақтайды.
Құқықтарды қорғау тетіктеріБалалардың құқықтары бұзылған жағдайда келесі органдар қорғауды жүзеге асырады:
Қорғаншылық және қамқоршылық органдары: Баланың өміріне немесе денсаулығына қауіп төнгенде жедел шаралар қолданады.
Сот органдары: Алимент өндіру, ата-ана құқығынан айыру, мүліктік дауларды шешу.
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл (Омбудсмен): Балалардың мүдделерін мемлекеттік деңгейде қорғап, заңнаманың сақталуын қадағалайды.
Прокуратура: Балалардың құқықтары туралы заңдардың орындалуына жоғары қадағалауды жүзеге асырады.
Мемлекеттің рөлі және әлеуметтік кепілдіктер Мемлекет балалардың құқықтарын қорғау мақсатында әлеуметтік жәрдемақылар төлеуді, инклюзивті білім беруді дамытуды және қиын жағдайға тап болған отбасыларға психологиялық-құқықтық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.
Қазіргі уақытта бала құқықтары туралы түсінік алыс , бөгде, жат немесе ерсі идея болып табылмайды . Бірнеше онжылдықтар бойында балаларды қорғау туралы айту барынша қарапайым әрі қабылдауға болатын құблыс болып табылады . Бұл баланы ересек өмірге барар жолда адамзаттың әлсіз , жетілмеген және қаблетсіз жаратылысы ретінде анықтайтын мемлекеттік заңдардың , нормалары мен қатынастарының нәтежиесі болып табылады . Өмірінің осы кезеңінде бала ересектер тарапынан қорғау мен көмекке мұқтаж , қоғам оны түсінуге және аяушылық және парасаттылық таныта отырып , бірлесіп қимыл жасауға тиіс .
Бізде балалардың құқұқтарын қорғау туралы конвенция БҰҰ Бас Ассамблеясымен 1989 жылы 20 қарашада қабылданды. Ол 1990 жылы 2 қыркүйектке күшіне енеді .
Қазақстан бұл конвецияға қатысуға 1994 жылы 16 маусымда қол қояды . Ал 1994 жылы 8 маусымда Жоғары Кеңестің қаулысымен ресми түрде ратификациялап , өз міндетін алады . Конвецияның жалпы мақсаты - әр баланың жетістіктерін құрметтеуді ілгері жылжыту және қамтамасыз етуді , барлық балалар үшін өз құқұқтарын пайдалануды ақиқатқа айналдыру.
Балаларға арналған жекеленген құқұқ түсінігі және осы құқұтарға қарым қатынастағы өзгнріс тек Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін неғұрлым анықтала бастады .
НЕГІЗГІ ҚАҒИДАТТАР
Балалар құқұқтары адам құқықтары секілді , тұтастай алғанда , бөлінбетіндігіне қарамастан , көп адамдар қазіргі кезде балалардың кейбір құқұтары неғұрлым маңызды және баршаны қамтиды деп санайды , оларды баланың бірде бір құқұғы осы маңызды баптарды ескермейінше толығымен жүзеге асырыла алмайтындай соншалықты маңызды құқұтар деп қарастырылады .
бап) өмір сүру құқұғы ;
-Әрбір баланың өмір сүруге құқұғы бар , және үкімет баланың психикалық , эмоциялық , ақыл ой , әлеуметтік және мәдени деңгейін қолдай отырып , оның аман есен , сау болып дамуын қамтамасыз етуге міндетті .
бап) Кемсітпеу құқығы ;
-Әрбір бала нәсіліне , терінің түсіне , жынысына , тіліне , дініне , әл ауқаты мен әлеуметтік шығу тегіне қарамастан , осы Конвецияда көрсетілген барлық құқұқтарға ие . Ешкімді кемсітуге болмайды .
бап) Ой пікірін білдіру құқұғы ;
-Бала өзіне қатысты барлық мәселелер бойынша көзқарасын еркін білдіруге құқылы .
бап) Бланығ мүдделерін қорғау ;
-Шешімдер қабылдау барысында үкімет балалардың мүдделерін барынша қамтамасыз етіп оларға ерекше қорғау мен күтімді көрсетуі тиіс .
Балалардың қарулы қақтығыстарға қатысуы жөніндегі хаттама
Екінші дүниежүзлік соғыс кезінен бері балалар барған сайын соғыс құрбандарына көбірек айналуда , оларды қарулы қақтығыстарға қатыстыру үшін барынша жиі , әрі неғұрлым кең ауқымда тарату орын алып отырды . Түрлі деректерге сәйкес соңғы қарулы қақтығыстарға 30 елде шамамен 8-18 жас арылығы 300 000 баланың соғыс қимылдарына әскер ретінде қатыстырылғанын көрсетіп отыр . Сондықтан кәмелетке толмаған әскерлер феномені мемлекеттердің , сондай ақ халықаралық заңнамалардың назарын аударды . 1977 жылдан кейін 1949 жылы қабылданған Женева конвенциясына I және II қосымша хаттамалар арқылы жасы 15 ке толмаған баларды қарулы қақтығыстарға қатыстыру үшін қатыстыруға тиым салынды . 1990 жылы күшне енген Бала құқтары туралы конвенциясына қосымша хаттамаларда дайындалған осыған ұқсас стандартты өзінің 38 бабында бекітті . Алайда Бала құқтары жөніндегі комитет бұл саладағы қорғаныс жүйесін жетілдіруді таап етуді талап етуді жалғастыра берді , бұл 2002 жылы 12 ақпанда күшіне енген Балалардың қарулы қақтығыстарға қатысуы жөніндегі факультативтік хаттаманың қабылдануына алып келді .
Осы хаттамаға сәйкес балалрдың қарулы қақтығыстарға қатысуына байланысты мынадай ережелер бектілген ;
- Мемлекеттер 18 жасқа толмаған бірде бір адамның олардың қарулы күштерінінң құрамында соғыс қимылдарына тікелей қатыспауын қамтамасыз етуі тиіс делінген (1 бап)
-18 жасқа толмаған адамдарды міндеттеп тартуға тиым салынады (2 бап)
-Мемлекетің қарулы күштернің қатарына ерікті түрде шақвруңа болады , бірақ жаңадан шақырылған адам 16 ға толған болуы тиіс жәнеде жаңадан шақырылған адамның өзініңде , сондай ақ оның ата анасының немесе заңды қамқоршыларының саналы түрде берілген келісімі қажет (3 бап)
Денсаулық сақтау , мүгедектігі бар балалардың құқұқтары , әлеуметтік қорғау және өмір деңгейі
Денсаулық сақтау құқұғы барлық халықаралық құқұқтарда мойындалған . Баланың денсаулық құқығын Бала құқықтары туралы конвеция да мойындайды . Негізгі мақсаты денсаулық деңгейінің жоғары болуына қол жеткізу , денсаулық пен денсаулықты оңалту мүмкіндктерін , сондай ақ тамақтану , гигиена мен профилактиканы қоса алғанда , денсаулықтың негізгі көрсеткіштерін жақсарту , отбасын жоспарлау , мемлекеттің аналарды босанғана дейін және босанғаннан кейін кейін медициналық көмекпен қамтамасыз ету міндетін қоса алғанда , денсаулық сақтау құқұғының бір бөлігі болып табылады . Денсаулық сақтау құқұғығы сондай ақ балаларды ерте жастағы балалар некесі , қыз балаларды сүндеттеу секілді зиянды дәстүрлерлі тәжербиелерден қорғауды қамтамасыз етеді .
Денсаулық сақтау құқұғы өмір сүру құқығымен , сондай ақ тиісті деңгейде өмір сүру құқығымен тығыз байланысты .
Мемлекет қажет болған жағдайда , ата аналаға материалдық көмек пен қолдау көрсетуге , атап айтқанда тамақ , киім , баспанамен қамтамасыз етуге , олардың аталған құқұқты іске асыруға жауаптылығы үшн жауапкершлік арқалайды . Конвецияға қатысушы мемлекеттер әрбір баланың физикалық , ақыл ой , рухани , адамгершілік және әлеуметтік дамуына қажетті өмір сүру деңгейіне құқұғын мойындайды .
(26 бап) бойынша әр мемлекет әрбір баланың әлеуметтік қамтамасыз ету , оның ішінде әлеуметтік сақтандыру бойынша құқұғын толық іске асыруға қол жеткізу үшін қажетті шаралар қабылдауға міндеттеді .
(23 бап) бұл бізде арнайы мүгедектігі бар балаларға және оладың қажеттіліктеріне арнаулы құрастырылғын жеке бап боп болып табылады . Мүгедектіг бар балалардың күн сайын басынан кешіретін қиындықтары әлеуметтік , мәдени және физикалық сипатқ ие , сондай ақ олар қоршаған орта мен адамдарғада қатысты . Мүгедектердің құқұқтары туралы заң 2007 жылы қабылданған , ол жақта (мүгедектігі бар балалар адамның барлық құқықтарын және негізгі бостандықтары басқа балалармен тең негізде толық пайдалануға тиіс) делінген .
Балалардың білім алу құқығы
Білім алу құқұғын халықаралық құқық адам құқықтары , жалпыға бірдей және өңірлік құжаттар бойынша мойындайды . Атап айтқанда ЮНЕСКО ның білім беру саласындағы кемсітпеушілкке қарсы күрес туралы конвециясының маңызы зор , ол мұндай кемсітпеушілікке тиым салады және мемлекетте тиісті білім берумен қамтамасыз етуге міндеттейді . Бұдан басқа қатысушы мемлекеттерді тегін міндетті бастауыш білімен қамтамасыз етуге міндеттейді .
Блім алу құқұғы сонымен қатар мектепке үзбей барып тұруы үшін баланы қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету құқығын да қамтиды , ол көп жағдайларда баланың денсаулғына зиян немесе оның білім алуына кедкргі келтіретін кез келген еңбек түрімен айналысуға тиым салумен тығыз байланысты . Бұл туралы Бала Құқықтары жайлы конвецияның (32 бап) айтылған болатын .
Баланың білім алу құқұғын тағы бір маңызды аспектісі білім алу мақсаттарына қатысты . Мемлекеттер баланың жеке басының даму мүмкіндікттерін , шығармашылық қаблеттерін , талантын , ой және дене қаблеттерін барынша дамыту мүмкіндіктерін қамтамасыз ете отырып , білім алатын балаға қатысты өзінің көзқарасын қайта қарауға тиіс .
-(28 бап) Білім алу құқығы ;
-(29 бап) Білім алу мақсаттары ;
-(31 бап) Демалыс , бос уақыт және мәдени өмір ;
Қолданылған Әдебиеттер
Қазақстандағы баларға арналған мекмелер мониторингі бойынша материалдар жинағы -ЮНИСЕФ Қазақстандағы БҰҰ Балалар қоры
БҰҰ бала құқықтары туралы конвенциясы ЮНИСЕФ
https://www.unicef.org/kazakhstan/media/4966/file/CRC-Kazakh.pdf
https://www.unicef.org/kazakhstan/media/1286/file/
https://www.unicef.org/kazakhstan/kk/media/11811/file/962023_KAZ.pdf.pd

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген