Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі кездегі мәселелер және бала құқықтарын қорғау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кәмелетке толмаған балалардың құқығын қорғау

Защита прав несовершеннолетних детей

Protection of the Rights of Minors




УДК: 342.7. Ғылыми Жетекші: Ф.ғ.қ Тулекова.Г.Х

МРНТИ: 10.02.13. Дайындаған: ББ 6B04201 Құқықтану

1топ,1курс Мырзабай Диана


Аңдатпа

Бұл мақалада жалпы кәмелетке толмаған балалардың құқығын қорғау туралы мәселе қарастырылады. Жалпы балалар қоғамда ең әлсіз және ерекше қорғауды қажет ететін тобы деп айта аламыз.Сондықтан оларды қорғау тек мемлекеттің ғана емес қоеамның да ортақ міндеті болып табылады. Мақалада бүгінгі таңдағы кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау және бүгінгі таңдағы буллинг мәселесі мен оларды шешу жолдары талданады. Нәтижесінде осы мәселені мақала арқылы болдырмауға және халықтың назарын аударуға да болады.

Түйін сөздер: кәмелетке толмаған балалар,бала құқығын қорғау,құқық бұзушылықтың алдын алу,ювеналды құқық.

Аннотация

В дaнной стaтье рaссматривается проблемa защиты прaв несовершеннолетних детей. В целом, детей можно отнести к самой уязвимой и требующей особой защиты группе в обществе. Поэтому их защита является общей обязанностью не только государства, но и всего обществa. В статье aнaлизируются вопросы зaщиты прaв несовершеннолетних нa сегодняшний день, a также проблемa буллингa и пути её решения. В результате через статью можно не только предотврaтить дaнную проблему, но и привлечь внимaние общественности.

Ключевые слова: несовершеннолетние дети, защитa прaв ребёнкa профилaктикa прaвонарушений, ювенaльное право.


Abstract

This article examines the issue of protecting the rights of minors. In general, children are considered the most vulnerable group in society and require special protection. Therefore, their protection is a shared responsibility not only of the state but also of society as a whole. The article analyses the current state of child rights protection, including the problem of bullying and possible solutions. As a result, the article aims to prevent such issues and raise public awareness.

Keywords: minors, child rights protection, prevention of offenses, juvenile law.



Кіріспе


Бала-бұл адамзаттың,елдің тірегі.Сол себепті әрбір қоғам тұрақты дамуы үшін ең алдымен жас,өскелең ұрпақтың құқықтарын қорғауға міндетті.

Балалық кез -ең керемет,сезімтал,даму және қалыптасу кезеңі.Осы кезде бала өзінің тұлғалық болмысын қалыптастырады,өз ортасына,айналаға бейімделе бастайды. Осы себептен де кәмелетке толмаған балалардың,жасөспірімдердің құқықтарын қорғау-маңызды міндеттердің бірі болып табылады.

ҚР да балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған заңнамалық жүйелер қалыптасқан және бұл жүйелер; <<Неке және отбасы туралы>> кодексте, <<Бала құқықтары туралы>> заңда және Конституцияда нақты көрсетілген.

Бірақ та осы заңнамалық негіздер болғанымен,балалар құқықтарның бұзылуы-бүгінгі қоғамда маңызды,өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Оған бірнеше себептер негіз болып табылады,Мысалға тұрмыстық зорлық-зомбылық,кибербуллинг,буллинг,отбасыдағы ұрыс-керіс және қатігездік осының барлығы кәмелетке толмағандардың құқықтық қауіпсіздігіне әсерін тигізетін факторлар болып табылады.

Кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау туралы мәселе тек қана құқықтық салада ғана шектелмейді.

Ол әлеуметтік,ақпараттық,мәдени,психологиялық салалармен де байланысты.Сол себептен де бұл мәселені шешкенде тек заң ғана емес сонымен қатар қоғам да атсалысуы қажет.

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау – біріншіден ата-ана кейін педагогтар,құқық қорғау органдары және т.б ұйымдардың әрекеттері арқылы орындалуы тиіс.

Бұл мақалада кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау жолдары,қазіргі таңдағы осы тақырып бойынша өзекті мәселелер және оларды шешудің жолдары қарастырылады. Сонымен қоса, балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі институттардың рөлі мен жауапкершілігі де талданады.


Негізгі бөлім

Балалардың құқығын қорғау Қазақстан Республикасында Конституциялық деңгейде заң бойынша бекітілген. Конституцияның 27 бабы бойынша: Балаларды тәрбиелеу,қамқор болу – ата – ана мен мемлекеттің бірлескен міндеті. Осы себептен Қазақстан 1994 жылы БҰҰ – ның Балалар құқықтары туралы конвенциясын қабылдаған болатын. Қазіргі таңда бүкіл ел де Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі омбудсмен институты, қорғаншылық және қамқоршылық органдары жұмыс атқарады. Сонымен қоса, осы бойынша жауапты органдардың өкілеттіктері мен міндеттері де нақты жазылған. Елімізде 6 млн. астам бала бар. Әр облыста 200 мың бала оның 500 астамы ата – ана қамқорлығынсыз қалған балалар немесе жетім балалар. Мемлеккт басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев жыл сайын өзінің жолдауында осы кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау туралы шараларды күшейту және бақылау керек екенін атап өтеді. Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, балаларды қатыгездік пен қылмыстық шабуылдардан қорғау прокуратураның негізгі міндеттерінің бірі болып саналады. Осы бойынша 2023 жылы аталған мәселе бойынша 50 тексеру мен талдаулар жүргізілді және 200 ден астам заң бұзушылықтар анықталып,2500 баланың құқықтары қорғалған болатын. Нәтижесінде облыстардағы қылмыстық жағдайларды талдау соңғы жылдарда кәмелетке толмағандардың арасындағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың 45% азайғанын көрсетті. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған заңнаманы сақтау саласындағы жергілікті атқарушы органдардың қызметі прокуратураның бақылауында болады. Қазіргі таңда кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар көбейген. Жасөспірімдер жасайтын қылмыстық құқықбұзушылықтың бірнеше түрлері бар: бұзақылық,есірткі сату,буллинг,кибербуллинг немесе денсаулыққа ауыр зиян келтіру.

1.Қазіргі қоғамдағы негізгі ең көп таралған мәселелердің бірі буллинг. Соңғы жылдары мектептерде немесе колледждерде буллинг – яғни өз қатарластарына қысым көрсету – кең таралған. Бұл балалардың психологиясына өте қатты әсер етеді. Мысал: осы жақында ғана Семей қалксындағы жағдайды айта өтсек, өзінен үлкен және өзімен қатарлас балалар мектеп оқушысына қысым көрсеткен болатын,яғни олар өз қалағанын жасап баланы қорлап,мазақ етіп,тепкілеп денсаулығына ауыр зиян келтірген болатын.

2. Екінші өзекті мәселе отбасындағы зорлық-зомбылық.Көп жағдайда балалар отбасындағы жанжалдың, ұрыс керістің құрбанына айналады,яғни бұл баланың психологиясына,дамуына тікелей әсер етеді. Кей жағдайда ата – анасы бөлек тұратындар бар мысалы анасы басқаға үйленіп өгей әкесімен тұратын балалар бар ол кезде де балалар өгей әкесінің тарапынан зорлық – зомбылыққа ұшырап жатады ол кезде бала анасына айтпай оған шыдап та жататын кездері болады бұл да заңға қайшы,яғни бұл кезде баланың құқығы бұзылыды, ал ата – аналар бұл әрекеттер үшін заңмен жазаланатынын білмейді.

3. Ал үшінші өзекті мәселе ол кибербуллинг – яғни бұл интернеттегі қауіптер. Қазір бұл мәселе өте өзекті десекте болады, себебі жалған ақпараттар,зорлықты насихаттайтын контенттер,эктремистік мазмұны бар нәрселер балалардың санасына зиянын келтіреді. Әсіресе әлеуметтік желілерде балалардың жеке ақпаратының таралуы немесе суреттерінің таралуы – олардың қауіпсіздігіне үлкен қатерін тигізеді, міне осыдан бөлек қаншама кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтар бар біз оны білмейміз, бірақ осы бойынша құқық қорғау органдары,балалар омбудсмені біздің елде жұмыс жасауда бірақ әлі де әлсіз. Ал енді осы бойынша келісетін және келіспейтін шетелдік ғалымдардың мысалын айта кетсек:

Келісетін ғaлым мен оның тұжырымдaры:

1.Thomas Hammarberg

Ол бaлaлaр құқықтaрын қорғaу — қоғaмдық және сaяси бaсым бaғыт болуы тиіс, себебі бaлa құқықтaрының бұзылуы кейінгі ұрпaққa тікелей әсер етеді деп есептейді.

Мысaлға айтсақ: ЮНИСЕФ-тің 2023 жылғы бaяндaмасындa көрсетілгендей, бaлалaрғa қaтысты зорлық-зомбылық фaктілерінің aлдын aлу үшін мемлекет пен қоғaмның бірігуі қaжет.

Келіспейтін немесе сын айтқан ғалым:

1.Michael Freeman

Ол бaлaлaр құқықтaры жиі деклaрaтивті сипaттa қaлып қояды, aл нaқты қорғaну тетіктері жетіспейді деп сын aйтaды.

Мысaлға айтсақ: Кейбір дaмушы елдерде бaлa құқықтaрын қорғaуғa aрнaлғaн зaңдaр бaр, бірaқ құқықтық инфрaқұрылым әлсіз – мәселен, Үндістaндa бaлaлaр еңбегімен күрес бaяу жүруде.

Осыған байланысты мысал айта өтсек екі ғалымның айтып отырғаныда өте орынды мысалдар, Себебі бала құқықтары қазірден қорғалмаса ол болшақ ұрпағымызға әсерін мәндетті түрде тигізеді осы себептен қоғам мен мемлекет те бірігуі тиіс әсіресе біздің елде, себебі біздің елде Michael Freeman айтқандай нақты қорғану тетіктері шынымен де жетіспейді яғни бала құқықтарын қорғау туралы заң бар,бірақ инфрақұрылым әлсіз. Қазақстандада тура осындай мәселе себебі бізде кәмелетке толмағандардың құқықтары көп бұзылып жатыр бірақ осы мәселеге байланысты заңдар бар болғаныменде орындалмайды, тек резонанс туған жағдайда ғана органдар өз жұмысын нақты орындайды оған мысал 2024 те болған жағдай Шерзат Полаттың ісі,бірақ бұл кәмелетке толмағандардың құқықтарының бұзылуына жатпасада Шерзат әлі кәмелетке толмаған 16 жасар бала болатын сол себептен осы мақалаға қосуды дұрыс деп айтсақ та болады. Оның да денсаулығына өзінен үлкен адамдар зиянын тигізген болатын бұлда кәмелетке толмаған баланың құқығының бұзылғанына нақты дәлел деп айтуға болады. Бұдан бөлек те қаншама жағдайлар бар оған мысал айтатын болсақ өте көп сол себептен ең өзекті деген мәселердің бірін бұл мақалада айтып кеттік.

Қорытынды

Кәмелетке толмаған балалардың құқығын қорғау – өркениетті қоғамымыздың басты көрсеткіші болып табылады. Баланың құқықтарын қорғау тек заңмен шектелмеуі тиіс,ол қоғамның адамгершілік парызы,азаматтық жауапкершілік. Әрбір бала – бақытты болуға,қорғануға,қамқорлыққа лайықты. Ендеше, олардың құқығын қорғау біздің бүгінгі таңдағы борышымыз бен міндетіміз болып саналады.

Шешім

Балалар құқықтарын қорғауда жақсы нәтиже алу үшін бірнеше шешімдер қабылдау керек.Біріншіден құқықтық психологиялық сауаттылықты арттыру керек,яғни мектептерде құқықтық сауат негіздерін оқыту,тренингтер мен семинарлар ұйымдастыру керек. Цифрлық қауіпсіздік шараларын күшейту, яғни кибербуллингке қарсы тиімді алгоритмдер мен тез әрекет жасайтын механизмдер енгізілуі керек.







Пaйдaлaнылған әдебиеттер:


1. Қaзaқстaн Республикaсының Конституциясы. – 1995 ж. 30 тaмыз (өзгертулермен және толықтырулармен).

2. «Бaлa құқықтaры турaлы» Қaзaқстaн Республикaсының Зaңы. – 2002 жылғы 8 тaмыз.

3. Қaзaқстaн Республикaсының «Неке (ерлі-зaйыптылық) және отбaсы турaлы» Кодексі. – 2011 жылғы 26 желтоқсaн

4. Қaзaқстaн Республикaсының «Білім туралы» Зaңы. – 2007 жылғы 27 шілде.

5. Қaзaқстaн Республикaсының Қылмыстық кодексі. – 2014 жылғы 3 шілде.

6. Қaзaқстaн Республикaсының Әкімшілік құқық бұзушылық турaлы кодексі. – 2014 жылғы 5 шілде.

Мырзабай Диана Хожахалақызы

Телефон нөмір:8 (747) 045 06 52

email: myrzabaidiana@gmail.com

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.05.2025
231
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі