400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Камзол мен шапанды безендіреміз.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы


3-ұОқ. қАмзОЛ мен ШАПАнды БЕзЕндіРЕміз

(сәндік жапсыру)


мектеп/мұ:


Күні:

Педагогтің аты-жөні:


сынып/топ:

қатысқандардың саны:

қатыспағандардың саны:


ұОқ-нің оқыту мақсаттары

0.1.3.1. Қазақстан халықтарының сәндік-қолданбалы өнерінің желісімен, өрнектерді симметриялы, ырғақпен, пішіндер мен ою элементтерін кезектестіре отырып, жапсырудағы өрнек элементтерінің кеңістіктік қатынасын есепке ала отырып, геометриялық пішіндер, өсімдік элементтері негізінде өрнектерден жапсырулар құрастыру.

0.2.1.3. Табиғи және қолдан жасалғандардан, екіге, қатпарлап бүктелген қағаздардан түрлі симметриялық пішіндерді қиып алу.

0.2.2.4. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру.


Күтілетін нәтижелер

Барлық тәрбиеленушілер:

-геометриялық пішіндер, өсімдік элементтері негізінде өрнектерден жапсырмалар құрастыра алады;

-қағаз парағын толтыра алады, заттарды бір сызыққа орналастыра алады;

-жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіреді. қайшыны дұрыс ұстап, оны еркін қолдана алады.


Көптеген тәрбиеленушілер:

-жапсырудағы өрнек элементтерінің кеңістіктік қатынасын есепке ала отырып, өрнектерді симметриялы, ырғақты орналастыруды біледі.



Кейбір тәрбиеленушілер:

-елестету бойынша суреттер жасай алады.

тілдік мақсаттар

дағдыларды дамыту:

-сөзбен түсіндіру арқылы композицияны нақтылау;

-жұмыс әдістері мен кезектілігі туралы айтып беру;

-ұлттық дәстүрлермен және қолөнерлермен, халық шығармашылығы бұйымдарымен танысқан кезде сөздік қорды байыту;

-түстерді, пропорциялық қатынастарды сөзбен сипаттау;

-қазақ, ағылшын тілдерінде таныс сөздерді есту арқылы тану;

-өзінің және басқалардың жұмыстарын талқылау және түсіндіру.

Көптілділік: ою – орнамент – decorative pattern.


негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

-қамзол, шапан, ою-өрнек, геометриялық фигуралар, түс, реңк, сұлба, екіге бүктелген, қатпарланған.


талқылауға арналған сұрақтар: Қазақтың қандай ұлттық киімдерін білесің? Ою-өрнек дегеніміз не?

Қандай түстерді пайдаланамыз? Не себепті? Оюды параққа қалай орналастырамыз?

Қағазды екіге қалай бүктейді? Қатпарлап ше?


Алдыңғы білім

Қайталау және ырғақ қағидалары негізінде қарапайым өрнектер құрастыру. Қазақ халқының салт-дәстүрлерімен танысу. Желіммен және қайшымен жұмыс. Қағазды бірнеше қабат етіп бүктеу, геометриялық сәндік элементтерді, фигураларды бірден көп етіп қию, шаршыларды,

тіктөртбұрыштарды, шеңберлерді, сопақ пішіндерді екіге бөліп қию, шаршыларды диагоналі бойынша қию және т.б.


Жоспар


Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс- әрекет

Ресурстар


і. Оң көңіл күй орнату.

0–1 минут

(ұ) ұОқ-де оң көңіл күй орнату. Балалар шаттық шеңберін құрып тұрады. Қолыңды бер, шеңберге кел.

Күлім қағып, ойна да күл. Қол ұстасып, ширақ басып, Біз жүреміз достасып.

Музыкалық сүйемелдеу.


II. өмірлік тәжірибені өзектендіру.

мақсат қою

2–5 минут

(ұ) Педагог тәрбиеленушілерге қазақ оюларының белгілі элементтерін атауды ұсынады: тұмарша, бестаңба, балта, ирексу, жіліншік, гүл, омыртқа, қайнар, ботагөз, қошқармүйіз.

Балалар олардың неге ұқсайтынын айқындайды.

Педагог балалардың назарын қамзол мен шапанның суретіне аударып, мақсат қоюға әкеледі.

ҰОҚ-не дайындықты тексеру. Тәрбиеленушілер клеенканы төсейді, үстелдің оң бұрышына қайшы, желім жаққыш, қарындаштар мен фломастерлер салынған стақанды қояды. Стақанның қасына желім, қағаз қиындыларын салуға арналған ыдысты қояды. Қиып алынған суреттерге желім жағуға арналған қағаз парақтарын дестелеп қояды. Артық желімді сүртуге арналған шүберекті орналастырады. Оң жақта түрлі түсті қағаздар.


Иллюстрациялар, тұсаукесер слайд. Балаларға арналған ұлттық көйлектер.




Түрлі түсті қағаздар, жай қарындаштар, ПВА желімі (немесе қарындаш-желім), желімге арналған жаққыш, шүберектер, төсейтін клеенкалар.



III. ұОқ-нің тақырыбы бойынша жұмыс

6–25 минут

(ұ) Әліппе-альбомдағы материалмен жұмыс.

Педагог тәрбиеленушілерге әліппе-альбомдағы суретке қарап, қазақ ұлттық киімінің таныс элементтерін атауды ұсынады (тақия, көкірекше, қамзол). Олардың немен безендірілгенін анықта.

«Ою» ұғымын айтып бер. Ою – белгілі бір тәртіпте орналасқан өрнек.

Қамзолды ирексу оюларымен, ал бешпентті гүл оюымен сәндеуді ұсынады.

(ұ) «тату-тәтті саусақтар» жаттығуы.

Бұл саусақтар шымшылайды (бас бармақпен және сұқ саусақпен екінші қолымыздың алақанын шымшылаймыз).

Мына саусақтар серуендейді (сұқ саусақ пен ортаңғы саусақты екінші қолдың үстімен «жүргіземіз»).

Әліппе-альбом,

қазақ оюларынан жасалған сәндік жапсырма үлгісі.







Музыкалық сүйемелдеу.



Мыналар әңгіме-дүкен құрғанды ұнатады (ортаңғы саусақ пен аты жоқ саусақты қимылдатып, бір­біріне үйкейміз).

Мыналар ұйқыны жақсы көреді (аты жоқ саусақ пен шынашақты алақанға қысамыз).

Бас бармақ пен шынашақ жуынғанды жақсы көреді (бас бармақты және шынашақты айналдыра қозғаймыз). (ұ, Ж) Жұмыстың орындалу технологиясы

Педагог балаларды жұмыс алгоритмімен таныстырады. Ою- өрнекке қызыл, сары, көк, жасыл түстер ерекше әдемі реңк беретінін айтады. Қағаз бүктеу білігіне назар аудартады (бұрышты бұрышқа).

Ирексу: көлемі 6х6 см шаршыны төрт кішкентай шаршыға бөлеміз. Екі шаршыны элементтің орталығы үшін қалдырамыз. Ал қалған екеуінен диагональ бойынша бір бұрыштан екінші бұрышқа дейін екі үшбұрыш қиып аламыз. Әліппе-альбомның суретінде көрсетілгендей, өрнек құрастырамыз.

Гүл: түрлі түсті қағаздан дайындалған шаршыны екіге бүктейміз, үлгінің көмегімен немесе жадымыз бойынша гүлдің жартысының суретін саламыз. Қиып алып, бүктеуін жазамыз.

Одан кейін әзірлемелерді қамзолдың немесе шапанның сұлбасына орналастырамыз. Жұмыс кезінде педагог гүлдің симметриялы құрылысына – бір жағы екінші жағының айнадағыдай көшірмесі болып табылатындығына назар аудартады.

Педагог жұмыс кезеңдерін атап отырады.

Балалардың назарын ойдағы композицияны құрастыру үшін қиып алынған суреттерді жапсырылатын бетке, яғни фонға ретімен орналастыру керектігіне аударады. Егер ойдағы композиция ұнамаса, бөлшектерді басқаша қоюды үйретеді. Қиюдың кейбір тәсілдерін көрсетеді. Бұрыңғы өткен тәсілдерді есіне түсірген тәрбиеленушілерді мадақтайды.

(ұ) қауіпсіз жұмыс жүргізу ережесі

Педагог сабақ барысында қайшымен жұмыс істеу ережесін еске салады. Тәрбиеленушілердің назарын қағазды үнемдеп пайдалану керектігіне аударады. Ірі қиындыларды лақтырмау қажет, оларды ұсақ бөлшектерді жасау үшін пайдалануға болатынын ескертеді.











Түрлі түсті қағаздар, жай қарындаштар, ПВА желімі (немесе қарындаш-желім), желімге арналған жаққыш, шүберек, төсейтін клеенка. Жадынама (плакат немесе тұсаукесер слайд).


IV. ұОқ қорытындылау. Рефлексия.

26–30 минут

(ұ, ө) Шағын көрме ұйымдастырылады. Балалар талқылап, ең үздік жасалған қамзолдар мен көкірекшелерді таңдайды.

«Бес саусақ әдісі».

Балалар шеңберге тұрып, сол қолымен оң қолындағы таңдалған саусақты көрсетеді. Одан кейін, таңдалған саусаққа байланысты сұраққа жауап береді.

Ш (шынашақ) – ойлау үдерісі. Сабақта қызықты және жаңа не болды?

Ш (шылдыр шүмек) – мақсаттың жақындығы. Неге қол жеткіздің? О (ортаңғы саусақ) – рухани жағдай. Сенің көңіл күйің қалай?

С (сұқ саусақ) – қызмет, көмек. Бүгін сен кімге жәрдемдестің, немен қуанттың?

Б (бас бармақ) – сергектік, физикалық жағдай. Бүгін менің физикалық жағдайым қандай болды? Бүгін мен өз денсаулығым

үшін не істедім?


Жұмыстарын көрмеге қояды.









Музыкалық сүйемелдеу.


1


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
5 маусым
969
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі