|
Мотивациялық-
қозғаушылық
|
Шаттық
шеңбері:
Отбасының гүліміз,
Көңілді өтер күніміз.
«Қайырлы таң!» деп айтамыз,
Бір болып, кеште қайтамыз
Қонаққа әдемі қазақ қыздарының
ұлттық киімін киіп қуыршақ Айдана келеді.
|
Үстелді жартылай шеңбер жасап
отырады.
Бір- бірімен амандасады.
Амандасады.
Назар аударып қарайды.
|
|
Ұйымдастыру– іздестіру
|
Әңгімелесу:
Қазақтың қандай
ұлттық киімдерін білесіңдер?
-Ал, осы
киімдерді әдемілеуде қандай ою – өрнектерді қолдануға
болады?
-Айдананың үстіндегі көйлегі
қандай?
-Тақияны кімдер
киген?
|
-Мыналар
жатады: ерлер киімі: тон, шапан, тымақ, бөрік, тақия, ерлер
желеткесі, комзолдары, шалбар, етіктері т.б. түрлері өте көп.
Әйелдер киімі: көйлек, жаулық, бешпет, камзол, бас киімінің
алуан түрлері, бөрік, тақия, сәукеле
т.б.
Мысалы: желет, камзол, шапан, тақияны
әшекейлеу. Мүйіз тектес ою- өрнектер: мүйіз,
қошқармүйіз, т.б. ою – өрнектер
қолданылады.
-Әдемі
көйлек.
-Камзол.
-Әдемі ою – өрнекпен
жиектелген.
-Аталарымыз тақия киген
|
|
|
Аталарға әдемі тақияны сыйға
тартуды ұсынады.
Тақияның пішіні, көлемі, түр – түстері де әртүрлі
болатынын түсіндіреді.
Тақия
– шағын сәтен,
шұға, барқыт тәрізді маталардан тігіледі. Ол зерлі, үкілі, оқалы,
сырма, шошақ төбе, тікше, қатипа тәрізді бірнеше түрге
бөлінеді.
Дидактикалық ойын: «Камзолды
әшекейлеу»
Әдемі ою-өрнектерінің суреттерін көрсете отырып,
камзолды әшекейлеуді ұсынады.
Осы камзолды қызғалдақ гүлімен
әшекейлеуді көрсетеді, желіммен ұқыпты жұмыс жасауларын
қадағалайды.
Сергіту сәті:
Ал, балалар тұрайық,
Ою-өрнек сызайық.
Құс қанаты, қошқар мүйіз,
Ирек су, гүл шоғыры.
Ою-өрнек әлемі,
Қылқаламды алайық,
Сызып өрнек салайық.
Қамзолға ою – өрнекті
жапсыру реттілігі
1. Қамзолдың суретін қарайды.
2.Тақияның бейнесін
көрсетеді.
3. Ою – өрнектерді өз
қалаулары бойынша таңдап алып, қамзол мен тақияға
орналастырады.
4.Әдемілеп ою-өрнектерді
қамзолға және тақияға жапсырады.жапсырады.
Дидактикалық ойын: «Кім не
киеді?»
Балалардың алдарында әртүрлі киімдер жатыр. Әр
бір балаға қуыршақтар таратылады (қыз бала, ұл
бала).
Ою -
өрнек. Ою - өрнек
ұлттық сана оятар, Ою - өрнек
үнсіз ғана ой айтар. Ою - өрнек
шеберлікке жетектеп, Білгеніңді
қажетіңе жаратар. Он
саусақтан
өнер тамған
шеберлер, Өрнектегі
ұлттық сипат алады. Ою - өрнек
намысыңды оятып, Жігеріңе қайрат
беріп жағады.
|
Тыңдайтындарын, жақсы көретіндерін
айтады..
Мұқият тыңдайды.
Қызғалдақ гүлін желіммен ұқыпты
жапсырады.
Қызғалдақ гүлін желіммен ұқыпты
жапсырады.
Қимылдарды көрсетіп,
қайталайды.
Мұқият тыңдайды.
Киімдерді алып, қуыршақтарды
киендіреді.
Өлең жолдарын қайталайды.
|
|
|
Дидактикалық ойын:"Тақияны
тап"
Шарты: балаларға осы суреттегі
баскиімдердің ішінен тақияның суретін тауып салуды,оның шетін
өрнектермен әшекейлеуді; жақсы шыққан суреттерді көрмеге қоюды
ұсынады.Тақияны қандай қандай ою-өрнектермен әшекейлеуге болатынын
атап өтеді.
|
Ойынға белсене қатысады.
Қылқаламмен пішіні дөңгелек тақияның шетіне нүктелерінің көмегімен
ою салып,нүктелер арқылы салынған өрнектерді бояумен әдемілеп
бояйды.
|