-
7 «ә»
класс
Сабақтың тақырыбы: §35
Канада. Орталық Америка
елдері.
Сабақтың
мақсаты:
Сабақтың міндеттері:
білімділігі: Канаданың географиялық орны,
геологиялық құрылысының
ерекшеліктерін ұғыну,
климаты, өзен, көлдері туралы
білімдерін тереңдету.
дамытушылық: оқушылардың жан-жақты ойлау
қабілетін дамыту, ғылыми дүниетанымды қалыптастыра отырып, нақты
қисынды және қисынды сөйлеу дағдыларына үйрету.
тәрбиелік:
экономикалық сауаттылыққа тәрбиелей отырып, қиыншылықтарды
жеңудегі өжеттілікке, туған елге, жерге деген сүйіспеншілікке
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: интерактивті
әдіс
Сабақтың көрнекілігі: физикалық карта,
слайдтар
I. Ұйымдастыру
кезеңі. ( 2- 3 мин)
Оқушылардың сабаққа зейінін сабаққа бұра отырып, сабаққа
даярлығын, қызығушылығын арттыру.
II. Үй тапсырмасын
тексеру. ( 10- 12
мин)
Біз
өткен сабағымызда қандай тақырыпқа
тоқталған едік? §34 Халқы және елдері. Америка
Құрама Штаттары деген тақырыпты
өткен болатынбыз. Олай болса сол тақырыбымызды тағы еске түсіріп
өтейік.
«Кім тапқыр?»
ойыны
-
Солтүстік Американы қандай
халықтар мекендейді?
-
Солтүстік Америкада дүние
жүзіндегі ең дамыған ел?
-
АҚШ
жағалауын қандай мұхиттар шайып
жатыр?
-
АҚШ жерінің ауданы жөнінен
нешінші орында?
-
АҚШ-тың астанасы қалай
аталады?
-
АҚШ арқылы Солтүстік
Америкадағы ағып өтетін ең ірі өзен?
-
АҚШ-тың ең ірі
қаласы?
-
Солтүстік Америка
материгіндегі елдер?
III. Жаңа сабақ
барысы. ( 15- 20
мин)
Өздерің
айтып өткендей Солтүстік Америка материгіне жататын елдер. Яғни
біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы
Канада, Орталық Америка туралы.
Канада дүние жүзі жерінің ауданы жөнінен Ресейден кейін екінші орын
алатын, жоғары дамыған ел. Канада жерінің ауданы (9976) мың км
материктің солтүстік бөлігімен Канаданың Арктикалық архипелагындағы
аралдарды алып жатыр. Астанасы- Оттава қаласы.
Канада
жерінің табиғат жағдайлары да әркелкі. Суық арктикалық
шөлдер мен тундра алып жатқан
жазықтарда қойөгіз бен Солтүстік бұғысы Карибу
тіршілік етеді.
Канаданың
басты байлығы – көгілдір
көлдер мен қалың ормандар.
Көлдердің жалпы саны
жөнінде Канада дүние жүзінде
бірінші орын алады. Жалпы айтқанда Канада ормандарға
бай.
Мұнда
Америкалық көгілдір шырша, бал
карағай, қарағай өседі. Сондықтан
жергілікті халық ағаш дайындау және оны өңдеумен
айналысады.
Канаданың жер қойнауы
пайдалы қазбаларға өте бай.
Канаданың
бай табиғи қорлары шаруашылықтың сан алуан салаларын дамытуға
мүмкіндік береді. Өз жерінен өндірілетін металдардан пайдаланып,
жұмыс істейтін зауыттарда ұшақтар, ірі мүхит
кемелер, жеңіл автомашиналар жасалады.
Яғни
балалар! Ормандарда терісі бағалы аңдардан
Бұлғын, Күзен, Ақкіс пен жыртқыштардан Қара
аю-барибал, сілеусін,
кайот тіршілік етеді. Аталған
аңдардың қандай пайдасы бар? Оқушылар өз ойын
айтады.
Канада
жалпы айтқанда халықтың
тұрмыс жағдайы
жағынан өте жоғары елдердің
қатарына жатады.
Ал, енді осы тақырыптан
алған білімдеріңді байқау үшін, мынандай тапсырмалар
беріледі.
«Кім картаны жақсы
біледі?» ойыны.
-
Канаданың
астанасың дүние жүзі саяси
картадан көрсету.
-
Орталық Америка елдерін
картадан көрсету.
-
Гренландия аралы қай елдің құрамына
кіреді.
-
Канаданың негізгі халқы
Еуропадан қоныс аударғандар ол қалалар қалай аталады?
IV. Сабақты
бекіту: (5
мин)
а) «Топтастыру
стратегиясы»
ә)
«Графикалық диктант» Ия - ^; Жоқ -
_
Сұрақтар.
-
Жер
көлемі бойынша ең үлкен 10 елдің құрамына Канада кіре ма?
Ия
-
Оңтүстік
Америка ең ыстық материк пе?
Жоқ
-
Мадагаскар көл ме?
Жоқ
-
Гренландия аралы Орталық
Америка құрамына енеді
ма? Жоқ
-
Дүние жүзіндегі халқының
саны ең көп елдерге АҚШ кіре ма? Ия
-
Жердің серігі ай ма?
Ия
-
Бес мүхит бар ма?
Жоқ
-
«География» грек тілінен аударғанда саяхаттау деген
мағынаны білдіреді?
Жоқ
9. ТМД елдерге Мексика, Франция
кіре ма? Жоқ
10.Дамыған елдерге АҚШ,
Германия, Жапония жата
ма? Ия
V. Үйге
тапсырма: (2 мин)
§35
. Канада. Орталық
Америка елдері.
VI. Оқушыларды бағалау
( 3
мин)