400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

КАНЗАШИ--ЖІБЕК ЛЕНТАЛАР ӘЛЕМІ 4-7сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Канзаши –бұл түрлі-түсті жібек таспалармен жұмыс жасау техникасы жаңа бағыттқа өте бай өнер түрі. Оқушылар сабақта шығармашылық орталығында жібек таспаны кестелеп үйрену, әртүрлі жібек таспалармен жұмыс істеу техникасын меңгеру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің

«Техникалық шығармашылық орталығы»

мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны













.

«КАНЗАШИ--ЖІБЕК ЛЕНТАЛАР ӘЛЕМІ» ҮЙІРМЕСІ

(АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА)


Қосымша білім беру педагогы: КАКИМОВА Н.М.




















Төлеби ауылы

2015 жыл





Түсінік хат.

Канзаши –бұл түрлі-түсті жібек таспалармен жұмыс жасау техникасы жаңа бағыттқа өте бай өнер түрі. Оқушылар сабақта шығармашылық орталығында жібек таспаны кестелеп үйрену, әртүрлі жібек таспалармен жұмыс істеу техникасын меңгеру.

Канзаши – бұл жапондардың дәстүрлі шаш үлгісі үшін , шашқа арналған әшекей. «Канзаши» бастапқыда иероглиф және сөзбе сөз аударғанда шашқа арналған түйреуіш деп түсіндіріледі. Ия, «канзаши» сөзінің өзі екі сөздің қосындысынан құрылады «ками»- «шаш» + «сасу» - «түйреу» мағынасын білдіреді.

Tsumami Канзаси – шашқа арналған матадан жасалған күрделі орнамент әшекей. Канзаси оригами тәсілін пайдаланып квадрат жібек ленталардан бүктелген жапырақшалар. Нақты гүлдің көлеміне байланысты, маталардан күрделі жапырақшалардың санына байланысты 5жапырақшадан 75 жапырақшаға дейін немесе оданда көп болуы мүмкін. Канзаши алғашқы рет Жапон әйелдері шаш үлгісін өзгерткен кезде,шамамен төрт жүз жыл бұрын пайда болған. Тарэгами (ұзын төгілген шаш) дәстүрдегі стилден, әйелдер канзаши түйреуіші және канзаши тарағымен шашты жинайтын әралуан таңғаларлық үлгіде әртүрлі бейнеге келтірілетін нихонгами деп аталатын стилге көшеді. Соңғы уақыттарда канзаши элементтерін сонымен қатар түйреуіштерге (заколки) жібек таспа, шифон,органзуді және т.б. шашқа арналған әшекей ретінде пайдаланады.

Канзаши әшекейлерінің көмегімен қайталанбас кез келген шаш үлгісінің образын жасап шығаруға болады. Кезкелген сәнді киімге, кезкелген мерекеге, кезкелген шашқа! Сонымен қатар кеуде түйреуіші, аспалы шаш бау, алқа, сапыншақ, сырға, картиналарға арналған композиция, мерекелерге арналған әшекейлер ретінде құрастыруға болады. Үйірме жұмысының бағдарламасы киімдерге, тұрмыстық әшекейлерді, бұйымдарды ескеріп жасауға арналған .

Бағдарламада жеке орындауға арналған тапсырмалар ғана емес, сонымен қатар ұжыммен орындауға арналған тапсырмалар да ұсынылады. Жеке орындауға арналған тапсырмалар оқушылардың жас мөлшеріне қарай ескеріледі, тапсырма өте күрделі, қиын болмауы керек. Ұжыммен жасалатын жұмыстар көлемді, ауқымды декоративті бұйымдар болуы мүмкін. Дүкендерге қарағанда арзанға түсетін сыйлықтарды әр оқушы өз қолымен жасауға қабілетті. Шығармашылық ойлауға, фантазияға, армандауға, құрастыруға, жаңа бұйымдардан қайталанбайтын көп кәдесыйлар, сыйлықтар жасауға мүмкіндік береді. Бағдарламада балаларды еңбекке қызықтырып жеңіл түрінен күрделі тапсырмалар жан-жақты қамту қарастырылған. Баланың өз бетінше қандайда бір нақты жұмысты ұқыптылықпен көптеген еңбек операцияларын істеуге үйрету. Сабақта балалардың барлығы жұмыспен қамтылуы керек,барлығының жұмысқа деген қызығушылығы сақталып, қоршаған ортаны қуантуға , жетістіктерімен таңқалдыруға үйрету. Берілген бағдарлама процесінде балаларды жұмысқа, шығармашылыққа қызықтырып, жетістікке жетуді көздеу.

Бағдарламаның қажеттілігі:

«Жібек ленталар әлемі» үйірмесінің бағдарламасы оқушылардың жеке шығармашылықтарын ашуға, жеке стилдегі талғамын қалыптастыруға тәрбиелейді. Бағдарлама балалардың шығармашылық қабілеттілігін оятып, өз бетімен жаңа бастаманы сенімділік пен шеберлікті дамытуға бағытталады. Атлас ленталармен және маталармен жұмыс істеу технологиясын меңгеру. Интернет ресурстары мен әдебиеттерді өз бетінше қабылдап үйрену.

Бағдарламаның мақсаты:

Оқушыны шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, жетістіктерін бағалап көрсету, белсенділігін қалыптастыру, өздігінен еңбек етуге дайындау, іскерлігін дамыту.

Бағдарламаның оқытудың міндеттері:

  • Балалардың бойына негізі шеберлікті қалыптастыру, іскерлікке, әдептілікке, қажетті білімділікке машықтандыру;

  • Балалардың творчестволық қабілетін ашу және дамыту;

  • Балаладдың өзін өзі тануға,көркемдік талғамын, логикасын, арман қиялдарын,ақыл– ілтипатын, іске асыруға жол ашу;

  • Эстетикалық шынайы қатынас,халық творчествосына бастау, өз Отанының мәдениетіне қызығушылық тудыру;

  • Еңбекқорлыққа , әдемілікке, төзімділікке, ынталы болуға, мақсат қоюға, пысықтыққа тәрбиелеу, бастаған істі аяғына дейін жеткізуге, сыныптағы жолдастарымен қарым-қатынаста әдепті болу, пайдаланған материалдарды ысырап етпеу;

  • Еңбек мәдениетінің негізін қалыптастыру.

  • Үйренгенді өмірде қолдану, ерекшеліктерін, айырмашылықтарын қарастыру.

Оқу және тәрбие процесінің әдіс формаларын жандандыру :

Әңгіме, әдебиеттермен жұмыс,үлгілерді көрсету және талдау, суреттер,әртүрлі жаттығулар орындау, ойын, көрме жұмыстар, танымдылық пен мәселелі әңгімелер, әртүрлі типтегі сабақтар өткізу; білім мен шеберлікті тексеру байқауы, сабақ оқыту, мерекелік ойындар.

Оқытудың негізгі әдістері және тәсілдері.

Үйірме сабағында теориялық ақпараттар беріледі (лекция, әңгіме, әрүрлі көрнекілік көмектер, әдістемелік дидактикалық материалдар). Практикалық сабақтарда кесте үлгілері, құрал жабдықтар, көнекілік құралдар (технологиялық нұсқау картасы) пайдаланылады.

Оқу процесінде әртүрлі әдістер қолданылады:

  • өнер түрлерінің алмасуы;

  • мазмұны мен тәсіліне қарай әралуандылығы;

  • оңайынан күрделісіне қарай.

Бағдарламаны өткізуде келесі оқыту әдістері қолданылады:

1. Ауызша: әңгімелесу, пікірлесу, түсіндіру.

2. Көрнекілік: дайын бұйымдарды көрсету.

3. Практикалық: үлгілерді және дайын бұйымдарды дайындау, тігіс түрлерін қайталау,жабыстыруды (аппликация) орындау.

4. Аналитикалық: өзін – өзі бақылау, өз өзіне талдау жасау, дайын нұсқауларды салыстыру, анықтау.

5. Ағартушылық жұмыс: әдемілік туралы, жақсы талғамы, өз стилін табуға ниеттену.

Күтілетін нәтиже мінездемесі.

Оқушылар үйірмеде алған білімдерінің нәтижесінде білу керек:

  • атлас таспамен жұмыс істеу, жеке гигена және еңбек қауіпсіздігінің ережесі, құрал жабдықтар, материалдар туралы;

  • сәндік қолданбалы өнердің адам өміріндегі рөлі мен орны туралы;

  • сәндік қолданбалы өнердің түрлері туралы;

  • таспамен кестелеу туралы;

Шеберлік:

  • қажетті құрал жабдықтармен жұмыс істеу;

  • жұмысты ары қарай жалғастыруға ниеттену( материал таңдау),

  • панноға орналастырып, гүлдерден композиция жасау, 2-3 тәсілдерімен таспамен гүлдерді кестелеу.

Оқу бағдарламасы 2 жылға 9-17 жастағы балаларға арналған. Бірінші оқу жылында сабақ аптасына 2-рет 2 сағаттан (барлығы 144 сағат), екінші оқу жылында аптасына 2- рет 3сағаттан (барлығы 216 сағат).

Бағдарлама 5-7 сынып оқушыларына арналған. Жіп, тері, мата қалдықтары, әртүрлі тоқыма және жібек(атлас) материалдарын пайдалану – бұл курстың өзекті мүмкіндіктері. Қол өнердің әдемі және қызықты хоббиі – бұл атлас таспалардан бұйымды қолдан жасау.



























ТАҚЫРЫПТЫҚ – ОҚУ ЖОСПАРЫ


№

Бөлімдер

Сағат саны

І – оқу жылы

ІІ – оқу жылы

Барлық

сағат


практ

Барлық

сағат


практ

1.







Кіріспе бөлімі.

Осы шығармашылықтағы оқушылардың алғашқы дайындық деңгейін анықтау. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау.




8



3



12



5

2.

«Канзаши» техникасы және тарихы.

6

5

3

2

3.

Жапырақшалар. Күлтешелер.

6

3

3

2


4.

Күрделі жапырақшалар мен күлтешелерді біріктіріп, құрастыру.

10

9

-

-


5.

Гүлдерді жинақтау, дайындау.

22

18

-

-


6.

Үшкір жапырақшалар олардың жасалу түрлері.

16

14

60

48


7.

Дөңгелек жапырақшалар олардың жасалу түрлері.

16

14

54

49


8.

Сәндік қолданбалы өнердің басқада техникасымен танысу.

40

37

54

49


9.

Өзіндік шығармашылық жұмыстар.

16

16

24

24

10.

Жұмыстардың көрмесі, іс- шаралар ұйымдастыру.

4

-

6

-



Барлық сағат саны:


144с.


216с.












БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАЗМҰНЫ

Бірінші оқу жылы

Кіріспе бөлім.

Қауіпсіздік техникасы.

Оқушылырмен , отбасымен танысу.

ТШО да сабақ өткізу ережесі,мекемеде экскурсия жасау. Пәннің мақсаты мен міндетімен танысу. Электр үтігімен, қайшымен, оттықпен, ыстық желіммен жұмыс істегенде ҚТ ережесі. Жүмыс орнының жұмысқа дейінгі және кейінгі орны. Сабақ өткізу ережесімен таныстыру. Кесетін өткір заттарды пайдалану әдіс тәсілдерімен таныстырып, қауіпсіздік ережесін сақтау.

«Канзаши» техникасы және тарихы.

Жұмыс жоспарымен танысу. «Канзаши»техникасының тарихы. «Канзаши»техникасындағы топиарий. Топиария дайындау технологиясы. Техникалық ақпарат. Жұмыс жоспарымен танысу. «Канзаши» дайындауға арналған негізгі құрал жабдықтар: жібек таспалар, қайшы, ине,жіп, оттық, ыстық желім (термопистолет), «Момент» желімі, түрлі түсті моншақтар.

Практика. Қол жұмыстарымен үлгілерді орындау.

Жапырақшалар, күлтешелер.

Жұмыс жоспарымен танысу. Қауіпсіздік техникасы. Түрлі түсті таспалардың түрлері. Жібек, органза және т.б. таспалардың түрлерімен, құрылымымен танысу. Күлтеше үшін таспа бүктеудің орындалуының негізгі әдістері:

  • үшкір жапырақшалар мен дөңгелек жапырақшалар жасау;

  • үшкі күлтешелер мен дөңгелек күлтешелер жасау.

Материалдар. Түрлі түсті таспалар, шаблондар,кесу, желімдеу құрал жабдықтары.

Практика. Жапырақшалар мен күлтешелерді кесіп үлгісін дайындау.

Гүлдің негізін жасап бекіту. Қосымша детальдарды дайындау. Сәндік жұмысты әшекейлеу.

Үшкір жапырақшалар олардың жасалу түрлері.

Әртүрлі таспалардың түрлерімен танысу,олардың айырмашықтары. Үшкір жапырақшалардың таспалармен жасалу технологиясы. Жапырақшалардың жасалу кезеңдері. Гүлдердің жасалу негізі. Түстермен айналдыру . Картинаны өңдеп бітіру.

Материалдар. Түрлі түсті таспалар, шаблондар,кесу, желімдеу

құрал жабдықтары.

Практика. Суреттің композициясын құрастыру. Мәнерлі көркем

бұйымды дайындау үшін таспаларды таңдау, түстеу және мақсаттағы түстерді құрастыру. Таспаларды кесу , жапырақшаларды негізіне бекіру. Жұмысты әшекейлеу.

Дөңгелек жапырақшалар олардың жасалу түрлері.

Таспалардың түрлері. Дөңгелек жапырақшалар, олардың жасалу технологиясы. Жапырақшалардың жасалу кезеңдері. Бұйымды өңдеп бітіру.

Материалдар. Ені 5 см,4см, 2,5см,таспаларды дайындау. Екі қабатталған дөңгелек жапырақшалар детальдары. Желім, оттық, қайшы .

Практика. Таспаларды таңдау. Өлшеммен квадраттар кесіп дайындау. Бір тұтас бөлшектерді құрастыру. Қажетті композицияны жасау.

Сәндік қолданбалы өнердің басқада техникасымен танысу.

Үйірмешілерді сәндік қолданбалы өнердің әртүрлі техникасымен танысу.

Әртүрлі көбелектерді құрастыру . Жай бір қабатталған және көп қабатталған хризантема құрастыру. Екі таспамен шашқа тағатын доға (ободок) тоқу. Салпыншақ дайындау.

Материалдар. Ені 5 см,4см, 2,5см,таспаларды дайындау. Екі қабатталған дөңгелек жапырақшалар детальдары. Желім, оттық, қайшы .

Практика. Таспаларды таңдау. Өлшеммен квадраттар кесіп дайындау. Бір тұтас бөлшектерді құрастыру. Қажетті композицияны жасау.

Өзіндік шығармашылық жұмыстар.

Ені 5 см лента кескіні, моншақ, бисер, рәзіңке, түйреме, шашқа тағатын доға. Канзаши техникасымен гүлдерлі дайындау. Бұйымды әшекейлеу.

Бұйымды әрлеу. Объекті әшекейлеу. Тауарға түр беру. Жұмыстар көрмесі.

Жұмыстардың көрмесі, іс- шаралар ұйымдастыру.

Сыйлықтар дайындау. Техникалық ақпарат. Детальдарды зерттеу. Объектілерді дайындау. Жұмыстар көрмесі. Қорытынды сабақ.


Екінші оқу жылы

Кіріспе бөлім.

Қауіпсіздік техникасы.

Оқушылырмен , отбасымен танысу.

ТШО да сабақ өткізу ережесі,мекемеде экскурсия жасау. Пәннің мақсаты мен міндетімен танысу. Электр үтігімен, қайшымен, оттықпен, ыстық желіммен жұмыс істегенде ҚТ ережесі. Жүмыс орнының жұмысқа дейінгі және кейінгі орны. Сабақ өткізу ережесімен таныстыру. Кесетін өткір заттарды пайдалану әдіс тәсілдерімен таныстырып, қауіпсіздік ережесін сақтау.





«Канзаши» техникасы және тарихы.

Жұмыс жоспарымен танысу. «Канзаши»техникасының тарихы. «Канзаши»техникасындағы топиарий. Топиария дайындау технологиясы. Техникалық ақпарат. Жұмыс жоспарымен танысу. «Канзаши» дайындауға арналған негізгі құрал жабдықтар: жібек таспалар, қайшы, ине,жіп, оттық, ыстық желім (термопистолет), «Момент» желімі, түрлі түсті моншақтар.

Жапырақшалар, күлтешелер.

Жұмыс жоспарымен танысу. Қауіпсіздік техникасы. Түрлі түсті таспалардың түрлері. Жібек, органза және т.б. таспалардың түрлерімен, құрылымымен танысу.Күлтеше үшін таспа бүктеудің орындалуының негізгі әдістері:

  • үшкір жапырақшалар мен дөңгелек жапырақшалар жасау;

  • үшкі күлтешелер мен дөңгелек күлтешелер жасау.

Материалдар. Түрлі түсті таспалар, шаблондар,кесу, желімдеу құрал жабдықтары.

Практика. Жапырақшалар мен күлтешелерді кесіп үлгісін дайындау.

Гүлдің негізін жасап бекіту. Қосымша детальдарды дайындау. Сәндік жұмысты әшекейлеу.

Күрделі жапырақшалар мен күлтешелерді біріктіріп,

құрастыру.

Идея таңдау. Техникалық ақпараттар. Материал таңдау. Бұйымды құрастыру және әшекейлеудің жалпы мағлұматы.

Үлгілерді дайындау. Қайшымен жұмыс жасағанда кауіпсіздік ережесі. Үлгілеу, құрастыру. Гүлдерді дайындауға арналған пайдаланылатын маталар. Жеке гүлдер дайындау. Монтаждау. Детальдарды қосу. Композиция дайындау. Бұйымдарды әрлеу. Әрлеуді аяқтау. Дайын бұйымдарға рең түстерін келтіру үшін әшекейлеу.

Материалдар. Түрлі түсті таспалар, шаблондар,кесу, желімдеу құрал жабдықтары.

Практика. Таспаларды таңдау. Таспаларды кесу. Дайындаған детальдарды біріктіру.Керекті композицияны құрастыру. Гүлдерді негізіне бекіту. Жұмысты әшекейлеу.

Гүлдерді жинақтау, дайындау.

Қауіпсіздік техникасын сақтау. Техникалық ақпарат. Жеке құрастыру жұмыстары. Эскиз дайындау. Құрастыру. Үлгілеу. Пішу. Монтаждау. Детальдарды дайындау. Детальдарды қосу. Композиция дайындау. Бұйымдарды әрлеу. Әрлеуді аяқтау. Дайын бұйымдарға рең түстерін келтіру үшін әшекейлеу.

Материалдар. Түрлі түсті таспалар, шаблондар,кесу, желімдеу құрал жабдықтары.

Практика. Таспаларды таңдау. Таспаларды кесу. Дайындаған детальдарды біріктіру.Керекті композицияны құрастыру. Гүлдерді негізіне бекіту. Жұмысты әшекейлеу.

Үшкір жапырақшалар олардың жасалу түрлері.

Әртүрлі таспалардың түрлерімен танысу,олардың айырмашықтары. Үшкір жапырақшалардың таспалармен жасалу технологиясы. Жапырақшалардың жасалу кезеңдері. Гүлдердің жасалу негізі. Түстермен айналдыру . Картинаны өңдеп бітіру.

Материалдар. Түрлі түсті таспалар, шаблондар,кесу, желімдеу құрал жабдықтары.

Практика. Суреттің композициясын құрастыру. Мәнерлі көркем

бұйымды дайындау үшін таспаларды таңдау, түстеу және мақсаттағы түстерді құрастыру. Таспаларды кесу , жапырақшаларды негізіне бекіру. Жұмысты әшекейлеу.

Дөңгелек жапырақшалар олардың жасалу түрлері.

Таспалардың түрлері. Дөңгелек жапырақшалар, олардың жасалу технологиясы. Жапырақшалардың жасалу кезеңдері. Бұйымды өңдеп бітіру.

Материалдар. Ені 5 см,4см, 2,5см,таспаларды дайындау. Екі қабатталған дөңгелек жапырақшалар детальдары. Желім, оттық, қайшы .

Практика. Таспаларды таңдау. Өлшеммен квадраттар кесіп дайындау. Бір тұтас бөлшектерді құрастыру. Қажетті композицияны жасау.

Сәндік қолданбалы өнердің басқада техникасымен танысу.

Үйірмешілерді сәндік қолданбалы өнердің әртүрлі техникасымен танысу. Әртүрлі көбелектерді құрастыру . Жай бір қабатталған және көп қабатталған хризантема құрастыру. Екі таспамен шашқа тағатын доға (ободок) тоқу. Салпыншақ дайындау.

Материалдар. Ені 5 см, 4см, 2,5см, таспаларды дайындау. Екі қабатталған дөңгелек жапырақшалар детальдары. Желім, оттық, қайшы .

Практика. Таспаларды таңдау. Өлшеммен квадраттар кесіп дайындау. Бір тұтас бөлшектерді құрастыру. Қажетті композицияны жасау.

Өзіндік шығармашылық жұмыстар.

Ені 5 см лента кескіні, моншақ, бисер, рәзіңке, түйреме, шашқа тағатын доға. Канзаши техникасымен гүлдерлі дайындау. Бұйымды әшекейлеу.

Бұйымды әрлеу. Объекті әшекейлеу. Тауарға түр беру. Жұмыстар көрмесі.

Жұмыстардың көрмесі, іс- шаралар ұйымдастыру.

Сыйлықтар дайындау. Техникалық ақпарат. Детальдарды зерттеу. Объектілерді дайындау. Жұмыстар көрмесі. Қорытынды сабақ.


Бірінші оқу жылында оқушының білімдері мен

шеберлігінен күтілетін нәтиже.


Білу керек


Жасай алу керек

Жұмыс орнын ұйымдастыру ережесі.


«Канзаши» туралы және шығу тарихы.


Әмбебап атлас таспалар мен жіптер және үтікпен жұмыс жасағанда қауіпсіздік техника ережесі.


Сәндік қолданбалы өнердің түрлері, бұйымдарды жасау үшін әртүрлі материалдар мен құрал жабдықтар.


Бұйымдардың дайындауда түр түстерінің композициясы туралы ақпараттар.


Бұйымда қолданылатын материалдар туралы ақпараттар.


Жұмыс орнын дайындап және оны таза ұстау қажет.


Үтікпен,түйреуішпен, тігін инесімен, қайшымен, оттықпен сабақта жұмыс ережесін сақтау.


Материалдарды жұмысқа дайындау.


Атлас таспаларлың теріс және оң жақтарын ажырата білу.


Атлас таспалардан кәдесыйлар және бөлшектерін жасау.


Таспадан аксессуары дайындау.

Жасалған детальдардан композиция жасап әрлеп әшекейлеу.



Бірінші оқу жылында оқушының білімдері мен

шеберлігінен күтілетін нәтиже.


Білу керек


Жасай алу керек

Қолмен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережесі.


Оттықпен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережесі.


Ленталармен кестелеу принцпінің орындалуы.


Канзаши дайындау технологиясы.


Ленталарды таңдауда түстердің композициясы.


Үлгіні қалай жасау.





Лентадан жасалған детальдарды бір бірімен біріктіріп, жабдықтарды шаблондарды пайдаланып, фактураларды, суреттерді лентаның түсіне қарай таңдап, лентаны жұмысқа дайындау.


Жұмысқа керек материалдарды таңдай білу.


Жұмыс жасау уақтысын жоспарлай білу.


Жұмыс жасағанда жіберілген қателерді тауып, түзете білу.


Жолдастарына көмек көрсету.
























Пайдаланылған әдебиеттер.

  1. «Вышивка лентами» Гаврилова В.Ю., «Книжный клуб» Ермакова С.О., Харьков, 2008 г.

  2. «Цветочные фантазии» Диана Лэмп, «Контект» Москва Зуевская Е. 2008г.

  3. «Вышивка шелковыми лентами» Чотти Д., ООО «АСТ-Прес- книга» Москва Деркач Т. 2005г

  4. «Вышивка лучшие техники» Вия Лори, ОАО «Самарский дом печати» Самара Зуевская Е.2008г.

  5. «Рельефная вышивка»

Энциклопедия «Объемная вышевка» Ди Ван Никерс, «АСТ – пресс СКД» Москва Деревянко Т. 2008г

  1. «Вышивка» Деньченко Л.В., «Эксмо» Москва Клюшкина Л. 2008г.

  2. «Вышивка шелковыми лентами» Энн Кокс, «Кристина» Москва Гагарина М. 2006г.

Интернет- материалы:


  1. www.silk-ribbon.ru

  2. www.webposidelki.ru



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қаңтар
804
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі