400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Карабаева Жадра Азимхановна

Материал туралы қысқаша түсінік
Көлемі әр- түрлі ұшы өткір,пішіні сопақ көкеністердің суретін салуға үйрену.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Педагогтың аты - жөні: Карабаева Жадра Азимхановна

Мерзімі: 31.10.19ж

Тобы: Мектепке дейінгі ересек жас «Қарлығаш» тобы

Білім беру саласы: «Шығармашылық», «Таным», «Қатынас»

ҰОҚ: Сурет салу, қарапайым математика, сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Кішкентай және үлкен сәбіздер»

ҰОҚ мақсаты:

Көлемі әр- түрлі ұшы өткір,пішіні сопақ көкеністердің суретін салуға үйрену.

Күтілетін нәтиже:

-Пішіні сопақ көкөністердің суретін әртүрлі тәсілдермен салуды біледі, - олардың түсін атап, ажыратады,салыстырады .

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Сұрақ-жауап , әңгімелеу, ойын, топтастыру әдісі,миға шабуыл.

Жоспарлау

ҰОҚ кезеңдері

Жоспарланған іс- шаралар

Ресурстар

ҰОҚ басталуы


Блаларды ұйымдастыру

Жұмбақ шешейік

Қылқиып ұзын құлағы,

Елеңдеп қорқып түрады.

                             (қоян)

Жер бетінде шашы бар

Жер астында басы бар

                              (сәбіз)

Жауабы сурет арқылы көрсетіледі,бүгін біздің тақырыбымыз не жайлы болмақ екен? Балалар біз күнделікті өмірде, балабақшада көкеністер мен жемістерді жиі қолданамыз, себебі оның дәрумені өте көп, денсаулығымызға  пайдасы өте зор.

ҰОҚ негізгі бөлігі

- Көкөністер қайда өседі?

-Олардың бізге қандай пайдасы бар?

Ғажайып сәт:

Қоянның келуі.

Қоян: Сәлем, балалар!

Тәрбиеші: Сәлеметсің бе! Балалар бізге қонаққа кім келді?

Тәрбиеші: Қоянның қолында себеті бар екен оның ішінде не бар екенін көрейік.

1 Тапсырма

Ойын: «Шамдар» педагог жетекшілігімен жүргізілетін ойын.
Мақсаты: қасиеттері бойынша заттарды топтастыруға, түстерді, өлшемдерді ажыратуға жаттықтыру; зейіндерін дамыту.

Бақылау:Жетелеуші сұрақтар.

Кері байланыс. «Бас бармақ» әдісі

әдісі»

Тәрбиеші: Балалар қоянның сүйікті асы не? (сәбіз)

Олай болса қоянға сәбіз туралы тақпақ

айтып берейік.

Кім бар сәбіз шырынын

Жастайынан ішпеген?

Mені жеген адамдар

Кем болмайды күшке де!

Тәрбиеші: Қоян қысқа дайындалып жатыр екен,қысқа азық керек сондықтан біз оған көмектесіп сәбіздің суретін салып берейік.

Сергіту сәті:

«Сәбізден салат жасау»

Сәбізді қолымызға алып

Сыртын тазалаймыз

Сумен жуамыз

Үккіштен өткіземіз

Қант себеміз

Тұз себеміз

Сүт құямыз

Енді барлығын араластырамыз

Міне дайын нәр тағам дәруменге бай тағам.

Демалдыңдар ма, енді үстел үстінде жатқан заттарға қараңдар: сәбіз, қылқалам мен бояулар. Солардың көмегімен біз бүгін сәбіздің суретін саламыз. ТРИЗ технологиясының бастырма әдісі. Таза парақ бетіне кесілген сәбізге бояуды жағып, қағаз бетіне мұқият басытрамын. Сәбіздің пішіні пайда болды. Сәбіздің жоғары жақтағы жасыл шаштарын қылқаламмен саламыз.

ТРИЗ технологиясының монотипия әдісі-суреттің симметриялы бейнесі:

-альбом парағын көз мөлшермен екіге бөлу;

-бір бөлігіне бояу жағу;

-содан соң қағазды бүктеу.

Балалар, жұмысты қалай орындау керектігі түсінікті ме? (Иә).

Ендеше жұмысқа кірісейік (Балалар сурет салуға кіріседі).

Жарайсыңдар, жұмыстарың өте әдемі болды.

Қоян: Рахмет балалар сендер қандай ақылдысыңдар енді мен орманға қайтайын, сау болыңдар.













ҰОҚ қорытынды бөлімі

Ойын: «Көкөніс пен жемістерді ажырат» құрылымдалған ойын.

  • Балалар, біз ненің суретін салдық? (Сәбіздердің).

  • Жұмыс барысында нені пайдаландық? (сәбіз, бояу, қылқалам).

  • Балалар сендерге кімнің суреті ұнады? Неге?

  • Ал маған барлық жұмыс ұнады. Себебі, олар өте ұқыпты, таза орындалған.

















































Тұрар Рысқұлов ауданы ,Көгершін ауылдық округіндегі

«Ақбота» бөбекжай - бақшасы МКҚК

















Ашық оқу қызметі

Тақырыбы: «Кішкентай және үлкен сәбіздер»

Мектепке дейінгі ересек жас«Қарлығаш» тобы



















Тәрбиеші: Карабаева Ж.







2019-2020 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 мамыр
545
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі