Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Каримбаева Шырын Кусаиновна

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: Жол ережесін сақтайық.
Мақсаты: бағдаршам және жолда жүру ережелері туралы түсініктерін одан әрі кеңейту. Жаяу жүргіншілер жолы, жол жиегіндегі жол.Көлік ішінде басқаларға кедергі жасамай тәртіп сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:жол белгілерінің макеті,тақпақтар,ойындар,бейнеролик.
Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік,ойын.
Бигивалді компанет: бағдаршам-светофор.

Шаттық шеңбері.
Алдымыздан кезіккен,
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен,
Иіліп сәлем береміз.

Тәрбиеші: Балалар бүгін біз сендермен Жол ережелері еліне саяхатқа барамыз.

1. Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялайды. (Автобус)

Біз саяхатқа бару үшін қандай көлікпен барамыз?

Балалар:Автобуспен.

Тәрбиеші:Дұрыс айтасыңдар.Олай болса бәріміз автобусқа отырып,өзімізді қоғамдық орында қалай ұстайтынымызды ескерту белгілерін есімізге түсірейікші.

-Автобусқа мінер кезде автобустың артқы есігінен кіріп,алдыңғы есігінен шығу керек.

-Автобуста егер үлкен кісілер не болмаса кішкентай бөпелері бар адамдарға болса орын беру керек.

-Автобустың ішінде айқайлап сөйлеуге,қатты күлуге болмайды.

-Автобустың терезесінен және есігінен басымызды шығарып тұруға болмайды,бұл өте қауіпті.

-Балалар біз келетін жерімізге жеттік.Автобус қайда келіп тоқтады?

Балалар:-Аялдамаға.

Тәрбиеші:Дұрыс айтасыңдар.Аялдама-ол автобус,көлік күтетін жер.Бұл жерге қоқыс лақтыруға болмайды.Арнайы қоқыс салатын жәшік бар.

Біз Жол жүру ережелері еліне де жеттік.

Дидар:Жол жүрудің тәртібін,

Ережесін білеміз.

Сақтағанда қатерден,

Сау саламат жүреміз.

2.Арқаным тым ұзын,
Ала алмайсың бір үзім. (Жол)

Алдымызда не көріп тұрмыз?

Балалар:Жолдар.

Тәрбиеші:Жолдар ұзын-қысқа,кең-тар болады.Осы жолдармен көліктер жүреді.Мынау жаяу жүргіншілер жолы.Бұл жолмен адамдар жүреді.




Диляра:Қауіпті ғой көше тым,

Қумай жолдың төтесін.

Жолақтарды іздеймін,

Жаяу адам өтетін.

3. Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)

Көшенің қиылыстарында бағдаршам орналасқан.Ол жол тәртібін ретке келтіреді.Бағдаршамның 3 көзі бар.Қызыл көзі жанса-тоқта,сары көзі жанса-дайындал,жасыл көзі жанса-жүр дегенді білдіреді.Жолдың арғы бетіне өту үшін ақ жолдың үстімен өтеміз.Кейбір көшелерде бағдаршам жоқ болса, онда жолдың сол жақ бетіне қараймыз да жолдың ортасына өтеміз сосын жолдың оң жақ бетіне қараймыз.

С.Алихан:Ата-ананың сенімін,

Еске ұстап ақтай біл.

Жолдан өтер жаяудың,

Ережасін сақтай біл!

4.Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырықпен түзеткен. (Милиционер)
Милиционер-жол қауіпсіздігін,жолда жүру ережелерін,көліктердің бір-бірімен қақтығысып қалмауын,адамдардың көліп апатына ұшырап қалмауын қадағалайды.

Айбар:Бұзба көше тәртібін,

Ұрынарсың апатқа.

Қызықты өтсін әр күнің,

Жақын болма шатаққа.

Қимылды ойын: «Бағдаршам»

Жүргізуші жасыл түсті көрсеткенде балалар жүреді, сарыны көрсеткеде алақандарын соғады, қызыл түсті көрсеткенде тыныштық сақтаймыз.

Сергіту сәті:  

Біз тәртіпті баламыз,

Ережені сақтаймыз!

Оңға, солға біз қарап,

Жолдан өте аламыз.

Жол белгілері:1.Үшбұрышты пішіннін ішінде велосипедтің суреті бұл-велосипедпен жүруге тыйым салынады делінген.

2.СТОП-аялдамасыз қозғалуга тыйым салынады.

3.Балаларды тасымалдау.

Жол белгілерінің түрлері көп: Ескерту белгілері:жолдың қауіпті бөлігінің жақындағанын хабарлайды. Ол айналасы қызыл жолақпен көмкерілген ақ түсті тең қабырғалы үшбұрыш түрінде жасалып, ортасына қауіп түрін айқындайтын шартты белгілер салынады.

Басымдылық белгілері: көше қиылыстарын, жолдың жіңішкерген бөлігін, кесіп өту кезектілігін белгілейді. Олар пішіндері мен түстері әр түрлі.

Ақпараттық-көрсеткіш: белгілер қозғалыстың белгілі бір режимдерін енгізеді немесе күшін жояды, сондай-ақ елді мекендер мен басқа да нысандардың орналасуы туралы хабарлайды. Олардың өлшемдері, пішіндері мен түстері әр түрлі болып келеді. Қызмет көрсету белгілері жол бойында және жолдан әр түрлі қашықтықта орналасқан қызмет көрсету нысандары туралы ақпарат береді. Пішіндері тік төртбұрыш болып жасалып, жиектері қалың көк жолақпен көмкеріледі, ақ түсті ортасында нысандар туралы шартты белгілер көрсетіледі. 

Ерасыл: Ерасыл деген баламын,
Мектепке енді барамын.
Жүруді де үйрендім,
Көшесінде қаланың.
Жол шетіне келгенде,
Тоқтай қалып мен демде.
Көз саламын арнайы       

Белгісі бар жерлерге.   

Ойын: «Белгілерді құрастыр».

Шарты: Балаларға бірнеше бөлікке бөлінген  сурет қиындыларынан жол белгілерін құрастыруды тапсырады.

Қорытындылау:

Жол тәртібін білейік.
Аман – есен жүрейік.

Сахналық көрініс: «Қасқыр мен Қоян»

Қоян:
- Ой, Қасқыр саған не болған?
Қасқыр:
- Ештеңе болған жоқ.

Қоян:
- Онда неге аяғың ақсаңдап қалған?

Қасқыр:
- Ой, Қоян, сенен ешнәрсе де жасыра алмайды екенсің. Көлікке жабысамын деп...

Қоян:
- Сен не көлікке жабысып жүрсің бе?

Қасқыр:
- Иә

Қоян:
- Жүріп бара жатқан көлікке жабысуға болмайтынын білмейсің бе?

Қасқыр:
- Баратын жеріме тез жетейін деп...

Қоян:
- Тез жетейін  деп өзіңе не болғанын көрдің бе?

Қасқыр:
- Көрдім.

Қоян:
- Көшеде қалай болса солай жүруге, көліктерге жабысуға болмайды ғой.

Қасқыр:
- Ал егер асығып тұрсам ше?

Қоян:
- Қаншалықты асығып тұрсаң да,  жол ережесін сақтау керек.

Қасқыр:
- Жол ережесін?

Қоян:
- Иа, жаяу жүріп бара жатқан адамдарға, жүргізушілерге арналған ережелер болады. Сол ережелерді сақтау керек.

Қасқыр:
- Ал сол ережелерді сақтамасаң не болады?

Қоян:
- Жол ережесін сақтамағандарға айыппұл салады, ең қорқыныштысы сен сияқты жарақат алады.

Қасқыр:
- Қоян,  жол ережесі деген не ол?

Қоян:
- Ал сен оның не екенін білмейсің бе?

Қасқыр:
- Жоқ.

Қоян:

Ендеше « Бір дерек» айдарын көрейік. Сонда жол ережесін білетін боласың.

Бейнеролик:

«Сұрақ-жауап»  ойыны.

- Бағдаршамның неше түсі бар?     Үш:  қызыл, сары, жасыл.

- Қай түс жанғанда машиналар жүреді?  - жасыл

- Көлік күтетін жерді қалай атайды?  - аялдама

 - Көшеде жаяу жүрген адамдарды кімдер дейді?  - жүргішілер

- Бағдаршамның «қызыл» көзі не дейді?   «Тоқта!» - дейді.

- Жаяу адамдардың өтетін жолындағы сызықты не дейді?  - Ақ жолақ немесе зебра жол.

- Бағдаршам жоқ көшеден қалай өтеміз?  - Көшенің ортасына келгенде оң жаққа қарайды.

- Жарайсыңдар балалар! Жақсы, дұрыс жауап бердіңдер.

Бүгінгі оқу іс – әрекетінде не жайында айтық?   - Көше қауіпсіздігі, жол ережесі, белгілер жайында.








Алматы облысы Көксу ауданы Балпық би ауылы

«Алпамыс» бөбек-жай балабақшасы














«Жол ережесін сақтайық»

(тәрбие сағаты)











Тәрбиеші:М.Оташбаева














2018-2019 оқу жылы.

Picture 2


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.02.2021
320
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12