Материалдар / Карта «МИРАС» ойыны

Карта «МИРАС» ойыны

Материал туралы қысқаша түсінік
«МИРАС» картасы ойыны болашақта да қазақстандық білім беру жүйесінде кеңінен қолданылып, балалардың математикалық сауатылықғын көтеруге, карта «МИРАС» ойыны білімді жаңғыртуға қызмет ететіні сөзсіз.
Материал тегін
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Мақала

Тақырып: : Карта «МИРАС» ойыны:

Пәні: Математика

Идея авторлары: Ергалиев Сакен және Нарымбетова Айжан:

Кіріспе:

Білім беру жүйесінде оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, олардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру бүгінгі күнде маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Осы мақсатта әртүрлі әдіс-тәсілдер мен жаңа технологиялар қолданылып келеді. Олардың ішінде ойын элементтерін енгізу оқушылардың білімін тереңдетіп, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда «МИРАС» картасы ойыны сияқты қызықты әрі танымдық ойындар балалардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып, есептер шығару процесін жеңілдетеді. Бұл ойын түрі оқушыларға математикалық формулаларды түсіндіру, есептерді шешу дағдыларын қалыптастыру мақсатында қолданылады. Ойын барысында оқушылар картадағы әртүрлі тапсырмаларды орындап, формулаларды шығарып, өздерінің логикалық және есептік қабілеттерін сынайды.

«МИРАС» ойыны – бұл математика пәнін қызықты әрі нәтижелі түрде үйренуге көмектесетін бірегей әдіс болып табылады. Картадағы әрбір бөлім оқушыларға жаңа білім мен тәжірибе алуға мүмкіндік береді, олар есептерді шешіп, түрлі формулаларды пайдалана отырып, математикалық сауаттылықтарын арттырады. Осылайша, ойынның арқасында оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып, оқу процесі жеңіл әрі көңілді өтеді.

Мақсаты:

Мақсатымыз — оқушыларға математикалық ұғымдар мен дағдыларды ойын арқылы меңгерту. Карта « МИРАС» ойыны математикалық білімді оқушыларға қызықты, жан-жақты және шығармашылық тұрғыда ұсынуға мүмкіндік береді. Бұл ойынның көмегімен математиканың әр түрлі бөлімдеріне қатысты тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың есептеу қабілеттері мен логикалық ойлау дағдыларын арттыруға, формулаларды тез жаттауға болады.



Өрлеу «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауы:

Қазақстанның білім беру жүйесінде үнемі ізденіс пен жаңашылдыққа ұмтылатын ұстаздардың үлесі зор. Солардың қатарында Ергалиев Сакен және Нарымбетова Айжан сияқты білім саласының нағыз үздіктері бар. Өрлеу «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауының аймақтық кезеңінің «Математикалық сауаттылық» аталымыда жүлделі І орынға ие болып, «МИРАС» картасы ойыны арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытуға бағытталған ерекше жобаларын ұсынды.

Ергалиев Сакен мен Нарымбетова Айжан — өз мамандықтарына адал әрі жаңашыл ұстаздар. Олар педагогика саласында жылдар бойы қызмет атқарып, өздерінің шығармашылық көзқарастарымен білім беру процесін әрдайым жаңартып отырады. «МИРАС» картасы ойыны жобасын жасауда олар тек оқушыларға білім берумен шектелмей, ұлттық мұраларды жаңғырту және оны болашақ ұрпаққа насихаттау міндетін алды.

Педагогикалық идеялар байқауы — мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін, инновациялық тәсілдерін танытуға арналған алаң. Қазақстанның түкпір-түкпірінен түрлі пәндер бойынша қатысқан ұстаздар арасында үздіктер анықталады. Байқауға қатысу арқылы мұғалімдер өздерінің педагогикалық тәжірибесін бөлісіп, білім беру жүйесіне жаңа шешімдер мен әдістер енгізуге мүмкіндік алады.

«МИРАС» картасы ойынының идеясы

Ергалиев Сакен мен Нарымбетова Айжанның жобасы балалардың математикалық сауатылық деген қызығушылығын арттыруды көздейді. «МИРАС» картасы ойыны — бұл математикалық есептеулерге, формулаларды жаттауға бағыталған ерекше педагогикалық құрал. Ойын әртүрлі тарауларды қамти отырып, оқушылардың қызығушылығын арттырып, олардың білімін кеңейтеді. «МИРАС» карталарын ойнау арқылы білімдерін тереңдете алады.

Ойынның негізгі ерекшелігі — оның интерактивтілігі мен шығармашылық әдістері. Ұстаздар мен оқушылар осы карта ойынын пайдалана отырып, топтық жұмыс, пікірталас, зерттеу сияқты әдістерді қолдана алады. Бұл балалардың сыни ойлау, коммуникативтік дағдыларын дамытып қана қоймай, математика пәніне деген қызығушылықтарын арттырады.

Ойын үшін арнайы карта жасалады. Картада әртүрлі математикалық сұрақтар, тапсырмалар мен есептер, формулалар бар. Әр тапсырма белгілі бір математикалық дағдыға немесе ұғымға негізделеді.

Ойыншылар: Ойынға бірнеше оқушы қатыса алады. Олар топтарға бөлініп, карта тарқатылыады, соңғы карта ашып тасталынады. Әр картаның ортасында түрлі формулалар мен есептер, бес, алты бірдей жауаптар картаның бұрышында болады. Мүмкіндігінше көп тапсырмаларды орындап, есептердің жауатарымен шығарып, карта бұрышындағы жауаптарымен басылып отырады. Белгілі бір уақыт аралығында қолында карта қалмаған оқушы жеңінпаз атанады. Қолында карта қалаған оқушы жеңіледі Сондықтан, «Карта МИРАС» ойыны білім берудің маңызды бөлігіне айнала алады және математика сабағында оның қолданылуы оқу үдерісін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

Қорытынды

Ергалиев Сакен мен Нарымбетова Айжанның жобасы карта «МИРАС» ойыны математика пәнін оқытуда қолдануға тиімді құрал болып табылады. Бұл ойын оқушыларды математикалық біліммен ғана емес, логикалық ойлау, шешім қабылдау және топта жұмыс істеу сияқты маңызды дағдылармен де қаруландырады. Ойын арқылы оқушылар математикалық ұғымдарды тереңірек меңгеріп, математикаға деген қызығушылықтарын арттырады. Сонымен қатар, ойын барысында балалардың шығармашылық қабілеттері мен сыни ойлау дағдылары дамиды. Сондықтан, карта «МИРАС» ойыны білім берудің маңызды бөлігіне айнала алады және математика сабағында оның қолданылуы оқу үдерісін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Мұндай педагогикалық идеялардың дамуы білім беру жүйесінің инновациялық жолмен алға жылжуына септігін тигізеді.

Ұстаздардың бұл жобасы өрлеу «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауының аймақтық кезеңінің «Математикалық сауаттылық» аталымыда жүлделі І орынға ие болып, олардың ұстаздық жолында үлкен жетістіктерге жеткендігін дәлелдейді. «МИРАС» картасы ойыны болашақта да қазақстандық білім беру жүйесінде кеңінен қолданылып, балалардың математикалық сауатылықғын көтеруге, карта «МИРАС» ойыны білімді жаңғыртуға қызмет ететіні сөзсіз.



Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі