Картоп қуаты жоба

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Картоп қуаты жоба

Материал туралы қысқаша түсінік
Еліміз, бүкіл әлем энергия өндірудің жаңа әдісі мен үнемдеу жолын іздестіріп жатқанда, мен де оған тамшыдай болса да өз үлесімді қоспақ ойым бар. Зерттеу жұмысының мақсаты: Картоп және басқада көкөністерден электр тоғын өндіру. Зерттеу жұмысының міндеті: мектеп бағдарламасымен шектеліп қалмай, картоп энергиясы туралы теориялық білімімді эксперимент және практика жүзінде пайдалану. Зерттеу жұмысының гипотезасы: картоп сағатқа батареяның орнына жұмыс атқара алауы мүмкін, Жұмыстың зерттеу әдісі ақпарат жинау, сауалнама, нәтижені талдау,тәжірибе жасау, салыстыру,талдау,қортындылау. эксперименталды, практикалық болып табылады. Өйткені жоба өз қолыммен жасалды, барлық құрал-жабдықтар күнделікті тұрмыста қолданып жүрген заттар. Зерттеу жұмысының өзектілігі: Балмалы энергия біз өмір сүріп жатқан заманның ең ауқымды мәселесі. Сондықтан қолданыстағы батареялар дұрыс қоқысқа тасталмаса, ыдырауға өте ұзақ уақыт кетеді. Демек, күнделікті тұрмыста энергияны аз тұтынатын электр құрылғыларын пайда
Материалдың қысқаша нұсқасы

Shape1





«Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Кеңсай орта мектебі» Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесі»













Ғылыми жоба тақырыбы:



«Картоп -қуаты»





Бағыты: Экология

Орындаушы : Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Кеңсай орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

6 сынып оқушысы Дүйсенбекқызы Алтынай



Жетекшісі: Осы мектептің география пәнінің мұғалімі Қапсадықова Назым Жанболатқызы



Жұмыстың орындалған уақыты: 2024 оқу жылы







2024-2025 оқу жылы



Мазмұны

Кіріспе...................................................................................................................7-8

1. Негізгі бөлім. ................................................................. ....................................9

1.1. Картоп және батарея туралы жалпы түсінік ...............................................10

1.2. Практикалық бөлім ........................................................................................11

1.3 Сауалнама және акция ...............................................................................12-13

1.4 Мен жасаған картоп сағаты қалай жұмыс істейді?.....................................14

1.5 Практикалық қолдану.....................................................................................16

Қорытынды............................................................................................................17

Әдебиеттер.............................................................................................................18

Қосымша А.............................................................................................................19



























Аннотация

Балмалы энергия біз өмір сүріп жатқан заманның ең ауқымды мәселесі. Сондықтан қолданыстағы батареялар дұрыс қоқысқа тасталмаса, ыдырауға өте ұзақ уақыт кетеді. Демек, күнделікті тұрмыста энергияны аз тұтынатын электр құрылғыларын пайдалану үшін, көкөністер мен жемістерді баламалы қуат көздері ретінде пайдаланатын болсақ, экономика мен экологияға өз үлесімізді қоса отырып, қоршаған ортаны ластанудан сақтай аламыз. Қазіргі таңда әлемнің қарқынды дамуы, жер бетіндегі адам санының көбеюі, адамзаттың тұтынушылық қабілетінің өсуі әсерінен, біздің өмірімізге ең қажетті азық – түлік, ауыз судың тапшылығы көп елдерде сезілуде. Ал ХХІ - ғасырды электр құрылғыларынсыз (компьютер, теледидар, телефон, ас үй құрылғылары т.с.с) елестете алмаймыз. Біздің өмір сүруіміз үшін электр энергиясының алар орны ерекше. Күн сайын оған деген сұраныстың артуынан, тұтынушыларды электр энергиясымен толық қамтамасыз ету әлем елдерінің басты мәселесіне айналды. Осындай ауқымы орасан зор мәселенің шешімін табуға, осы жоба жұмысым арқылы, аз да болса өз үлесімді қостым деп санаймын.





























Абстаркт

Альтернативная энергия-самая масштабная проблема того времени, в котором мы живем. Поэтому существующие батареи очень долго разлагаются, если их не утилизировать должным образом. Следовательно, чтобы использовать электрические устройства с низким энергопотреблением в повседневной жизни, используя овощи и фрукты в качестве альтернативных источников энергии, мы можем защитить окружающую среду от загрязнения, внося свой вклад в экономику и экологию. В настоящее время под влиянием стремительного развития мира, роста численности людей на земле, роста потребительских способностей человечества, в странах с наибольшим дефицитом продовольствия, питьевой воды, необходимых для нашей жизни. А XXI век мы не можем представить без электроприборов (компьютер, телевизор, телефон, кухонная техника и т.д.). Для нашего существования особое место занимает электричество. С каждым днем из-за повышенного спроса на него, полное обеспечение потребителей электроэнергией стало главной проблемой стран мира.































Abstract

Alternative energy is the biggest problem of the time in which we live. Therefore, existing batteries take a very long time to decompose if they are not disposed of properly. Therefore, in order to use low-energy electrical devices in everyday life, using vegetables and fruits as alternative energy sources, we can protect the environment from pollution by contributing to the economy and ecology. Currently, under the influence of the rapid development of the world, the growth of the number of people on earth, the growth of the consumer abilities of mankind, in countries with the greatest shortage of food, drinking water, necessary for our lives. And we cannot imagine the 21st century without electrical appliances (computer, TV, telephone, kitchen appliances, etc.). Electricity occupies a special place for our existence. Every day, due to the increased demand for it, the full provision of electricity to consumers has become the main problem of the countries of the world.



































Еліміз, бүкіл әлем энергия өндірудің жаңа әдісі мен үнемдеу жолын іздестіріп жатқанда, мен де оған тамшыдай болса да өз үлесімді қоспақ ойым бар.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Картоп және басқада көкөністерден электр тоғын өндіру.

Зерттеу жұмысының міндеті: мектеп бағдарламасымен шектеліп қалмай, жел энергиясы туралы теориялық білімімді эксперимент және практика жүзінде пайдалану.

Зерттеу жұмысының гипотезасы: картоп сағатқа батареяның орнына жұмыс атқара алауы мүмкін,

Жұмыстың зерттеу әдісі ақпарат жинау, сауалнама, нәтижені талдау,тәжірибе жасау, салыстыру,талдау,қортындылау. эксперименталды, практикалық болып табылады. Өйткені жоба өз қолыммен жасалды, барлық құрал-жабдықтар күнделікті тұрмыста қолданып жүрген заттар.

Зерттеу жұмысының өзектілігі:

Балмалы энергия біз өмір сүріп жатқан заманның ең ауқымды мәселесі. Сондықтан қолданыстағы батареялар дұрыс қоқысқа тасталмаса, ыдырауға өте ұзақ уақыт кетеді. Демек, күнделікті тұрмыста энергияны аз тұтынатын электр құрылғыларын пайдалану үшін, көкөністер мен жемістерді баламалы қуат көздері ретінде пайдаланатын болсақ, экономика мен экологияға өз үлесімізді қоса отырып, қоршаған ортаны ластанудан сақтай аламыз.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Ауқымды баламалы энергия көздері мен экология тақырыптарын саралап, талдай отырып картоп сағатының модельін жасап ,жасалған көрнекілікті мектеп оқушыларына оқу көрнекілігі ретінде қолдану арқылы, сарқылқылмайтын энергия көздерін игеруге ынталандыру және экологиялық білімдерін толықтыру.











Кіріспе

Қазіргі заманды электр энергиясынсыз мүлдем елестету мүмкін емес. Энергия – бұл адамзат тіршілігінің дамуына жағдай жасаушы және ынталандырушы бірден-бір табиғи қайнар көз. Қарапайым ғана мысал: егер электр энергиясы болмаса, үйіңіздегі теледидар, тоңазытқыш, телефоныңыз істен шығады, киім үтіктей алмайсыз, компьютер қоса алмайсыз. Әлем де үлкен үй секілді: энергиясыз зауыттар мен ірі кәсіпорындар жұмыс істеуін тоқтатады, ал олар болмаса, азық-түлік өндіріліп, киім-кешек шығарылмайды, жұмыссыздық белең алады, адамдар кедейшілікке ұшырайды… Былайша айтқанда, электр энергиясы — тұтас әлем экономикасының бүлкілдеп соғып тұрған «қантамыры». Күн сайын оған деген сұраныстың артуынан, тұтынушыларды электр энергиясымен толық қамтамасыз ету әлем елдерінің басты мәселесіне айналды. Біздің болашағымыз өзіміздің қолымызда. Сондықтан еліміз, бүкіл әлем энергия өндірудің жаңа әдісі мен үнемдеу жолын іздестіріп жатқаны баршамызға мәлім. Қазіргі таңда дүниежүзінде минералдық отын тапшылығы байқалуда. Қарқынды пайдалану жағдайында мұнай тек 50 жылға,газ 50 жылға, ал көмір 150 жылға жетеді. Бұл мәселе болашақта дүниежүзі баламалы энергия көздеріне көшетіндігін дәлелдейді.

Адамзаттың сұранысының артуына байланысты болашақта күн мен желден де басқа заттардан энергия алуға тура келетіні белгілі және ол прцесс қазіргі уақыттан бастап қолға алынып келеді. Мысалы Ресейлік ғалымдар кәдімгі көкөністер мен жемістердің тек тағамдық тұрғыдан ғана емес пайдалы екенін бұрыннан анықтаған. Апельсиндер, лимондар және басқа да жемістер мен көкөністер қарапайым батареялар сияқты қуатты болмаса да, бос электр энергиясын өндіру үшін тамаша электролиттер болып табылады.

Үнді ғалымдары жеміс-жидектерді, көкөністерді және олардан алынған қалдықтарды энергияны аз тұтынатын қарапайым тұрмыстық техника үшін қуат көздерін өндіруде пайдалануды ұсынады. Ерекше батареялардың ішінде өңделген банандардан, апельсин қабығынан және басқа да көкөністер мен жемістерден жасалған паста және мырыш пен мыстан жасалған электродтар бар. Осы төрт батареяның бір уақытта жұмыс істеуі қабырға сағатын іске қосуға, электронды ойын мен қалта калькуляторын пайдалануға мүмкіндік береді, ал қол сағаты үшін бір батарея жеткілікті.

Sony компаниясы АҚШ-та өткен ғылыми конгрессте жеміс шырынымен жұмыс істейтін аккумуляторды таныстырды. Егер сіз мұндай батареяны 8 мл шырынмен «толтырсаңыз», ол бір сағат жұмыс істей алады. Жаңа өнімді ойыншылар мен ұялы телефондарда қолдануға болады.

Ұлыбританиядан келген бір топ ғалымдар қуат көзі картоп болып табылатын компьютер жасап шығарды. Негізі төмен қуатты IPte1 386 процессоры бар ескі компьютер болды, оған қатты дискінің орнына 2 мегабайттық жад картасы орнатылды. Бұл құрылғы 12 күн сайын ауыстырылатын 12 картоппен қоректенеді.

Қазіргі уақытта адамның шаруашылық қызметі барған сайын қоршаған ортаны ластаудың негізгі көзіне айналуда. Қалдықтарды жою ережелеріне деген немқұрайлы көзқарасымыз неге әкелетінін білмейміз. Табиғат барлық қоқысты «қорыта» алмайды. Мысалы, AA батареяларының ыдырауы үшін кемінде 10 жыл қажет. Кәдімгі AA аккумуляторына қарасаңыз, ондағы мына белгіні әрдайым дерлік көресіз: «Лақтырмаңыз, арнайы қайта өңдеу орнына апару керек». Ал аккумулятордағы бұл белгі бір себеппен тұрарлық! Қоқыс жәшігіне абайсызда лақтырылған бір АА батареясы ауыр металдармен шамамен 20 шаршы метр жерді ластауы мүмкін деп есептеледі, ал орман аймағында бұл екі ағаштың, екі меңнің, бір кірпінің және бірнеше мың жауын құртының мекендейтін ортасы! Батареялардың құрамында көптеген әртүрлі металдар – сынап, никель, кадмий, қорғасын, литий, марганец және мырыш бар, олар тірі ағзаларда, соның ішінде адам ағзасында жиналып, денсаулыққа айтарлықтай зиян келтіреді.































Негізгі бөлім

    1. Картоп және батарея туралы жалпы түсінік.

Кіріспе бөлімде аталып өткендей баламалы энергия өте қызықты, әрі терең ойланатын, болашақты қамтамасыз ететін, ауқымы зор тақырып. Жоба тақырыбын алуыма tik-tок желіснен көрген видео себепкер болды. Видеодан көрген энергия алуды жаратылыстану сабағында пән мұғалімінен сұрап қызығушылық білдірдім. Соның нәтижесінде осы тақырыпты терең зерттеп, жоба жұмысын жасадым.

Менің алып отырған картоп қуаты тақрыбында оқушыларға арналған әртүрлі дайын тәжрибе жасауға арналған жиынтықтар бар екенін ғаламтор арқылы білдім. Бірақ мен өз қолыммен жасап көз жеткізуді мақсат етіп алған себепті, барлық тәжірибеге қажетті заттарды іздей отырып білімімді толықтырдым жәнеде жетекші көмегімен жоба жасалынды.

Практикалық бөлімге өтпес бұрын картоп және батарея туралы ақпараттарды жинақтап алдым.

Картоп (немісше Kartoffel), түйнекті алқа, ақтүйнек (лат. Solanum tuberosum ) – алқалар тұқымдасына жататын көп жылдық дақыл. 150-ге жуық түрі белгілі. Бір жылдық дақылдық негізінен, 2 жақын түрге бөлінеді. Анд картобы (andіgenum) Колумбия, Эквадор, Перу, Боливия және Аргентинада өседі.Чили (Еуропа) Картобы (tuberosum) климаты қолайлы елдерде өседі. Қазақстанға Еуропадан әкелінген, республиканың барлық аймақтарында өсіріледі. Жарықсүйгіш, ылғалсүйгіш (әсіресе, гүлдеу және түйнектүзілу кезінде), суыққа төзімді дақыл. Отаны – Оңтүстік Америка, күні бүгінге дейін осы аймақта табиғи жағдайда өсетін жабайы картоп түрлерін кездестіруге болады. Оңтүстік Америкадан Еуропаға 1565 жылы әкелінген. Ең алғаш Франция ханшайымы Мария-Антуанетта картопты насихаттау үшін оның гүлін шашына қыстырған екен. Бұл сәндік король сарайы қызметкерлерінің барлығына лезде мода болып, кеңінен тараған. Осыдан кейін Францияда картоп өсіру қолға алынады. Тіпті король ХVІ Людовик картопты кеңірек наихаттау мақсатында қала маңындағы өз бақшасына тек қана картоп отырғызып, оны күзетуді бұйырды. Бір қызығы: картоп ұрлаушыларды тек қана айыптап, «ұрыларды ұстамауға» міндеттейді. Бұл әрекет картоптың сол елде кең таралуына қолайлы жағдай туғызған. Картоптың отаны Чили болып саналады. 1560 жылдары Испанияға әкелінген картоп кейін Еуропа мен Азияға таралады. Ал Ресейге ол І Пертдің ұсынуы бойынша 1765 жылы әкелінген. Қазіргі заманда дүние жүзінің бырлық елдерінде егіледі.

Италиялық Алессандр Вольта 1800 жылы формасы қазіргі батареяға ұқсайтын тұңғыш батарея тізбегін жасады. Яғни, Волтьа батареясы. Уолта батареясының тапқырлануы электр қайнарына болған зерттеуді шабыттандырып, кейінгі мотордан генераторға дейінгі электр көліктерін жасауға үлкен үлес қосты. Ол дербес токпен қамауға жаңа жол салып қана қалмастан, «Екінші реткі қозғаушы күш төңкерісіне» де орай жаратты. Кейін ғалымдар электр өлшемінің кернеу бірлігін «Вольт» атауымен атады.

Дербес электр қайнары ретінде батареяда өнімділігі жоғары, тұрақты, сенімді, алып жүруге қолайлы болу сынды артықшылықтары бар. Ол бүгінгі күндегі өнеркәсіп, хабар-байланыс, мемлекет қорғанысы, ғарыш технологиясы және күнделікті тұрмысқа кең көлемді қолданылуда. Батареяның жаппай қолданылуы айналып келіп батарея өнеркәсібінің дамуын ілгерілетіп, көптеген жаңаша батареялар жарыққа шықты.

Батареялар әртүрлі пішіндер мен өлшемдерде келеді. Бірақ олардың барлығы бір принцип бойынша жұмыс істейді.калай

Батарея - бұл арнайы химиялық затқа - электролитке салынған екі металл пластина. Металл пластиналардың «+» және «-» шығыстары бар. Шам қосылған кезде химиялық реакция басталады: электролитте «+» пластинасынан «-» пластинкасына электр тогы өтеді.

Бірақ, мәселенің екінші жағы да бар. Көп мөлшердегі жарамсыз батарея ортаны ластап, адамдардың денсаулығына кесірін тигізуде. Бір тал жетінші нөмірлі батарея 600 литр суды ластайды. Бір тал бірінші нөмірлі батарея шірігенде бір квадрат метр жердің пайдалану құнын жояды. Жарамсыз болған батарея тұрмыстық қоқыстармен бірге біржақтылы етілсе, ол шіріген соң оның құрамындағы сынап, кадеми, қорғасын, никель сынды ауыр металлдар су мен топырақты ластап, азықтық тізбек арқылы ең соңында адамның денсаулығына ауыр зиян келтіреді екен. Сондықтан, жарамсыз батареяны жинап, арнайы біржайлы ету өте маңызды. Әлемде жарамсыз батареяны жоюдың өнімді амалы жоқ, тек кеңінен таралған мынадай әдістері бар: қатырып терең көму, керексіз кен құдықтарына тастау, жиып алып қайта өңдеуге беру.

1.2 Практикалық бөлім

Осы орайда 20 наурыз 2024 жылы Бүкіләлемдік Жер күнініе орай мектепте акция ұйымдастырдым. Ондағы мақсатым бір күн болсада қоршаған ортаға өз үлесімді қосу. Акция барысында 1 батарея әкелген балаға бір тәтті ауыстырып алды. Нәтижесі әрине қуантарлықтай болмады бірақ қоршаған ортаға аз да болса пайдам тиді деп білемін. Жобамен жұмыс істей жүріп, біз пайдаланылған батареяларды жинап, оларды арнайы жинау орындарына тапсыру арқылы қоршаған ортаны сақтауға лайықты үлес қоса аламыз деген ой келді. Сіз сыныпқа шағын контейнер немесе қорап қойып, сыныптастарды үйден пайдаланылған батареяларды әкелуге шақыра аласыз. Олар жиналып жатқанда, оларды жинау орындарының біріне апарыңыз. Бәлкім, алдағы уақытта мектебіміздің басқа сыныптары да біздің акцияға қосылып, осылайша қоршаған ортаны қорғау сынды маңызды іске барлығымыз тікелей атсалысатын болармыз.

Бұл қабылдау пункттерінің қайда екенін білу керек. Біздің елімізде электронды қалдықтарды жинау және өңдеу бойынша 19 мамандандырылған кәсіпорын бар. Оның ішінде: Алматыда-7, Астанада-5, Ақтөбеде-2, қаласында жұмыс істейді. Дегенмен,бұлар түгелдей электронды қалдықтарды өңдеумен айналысады дей алмаймыз айналысады. Басым бөлігі оларды тек бөлшектеп, сұрыптап елдегі және шет елдегі арнайы компанияларға тасымалдайды . Акцияның нәтижесіні орташа деңгей көрсетуін оқушылардың экологиялық білімінің аз болуы немесе болашаққа көзқарастарынын әртүрлі болғанынан деп түсіндім.

Shape2 Shape3

1-сурет Жер күніне арналған акция

Акцияның нәтижесі оң болмаған себепті,мен сыныптастарым арасында жемістер мен көкөністерден электр энергиясын өндіру мүмкіндігі туралы не білетінін білу үшін сауалнама жүргіздім және келесі нәтижелерді алдым: жартысынан астамы оқушылар көкөністер мен жемістерден электр энергиясын өндіру мүмкіндігі туралы ештеңе естіген жоқ және бұл қоршаған ортаны сақтауға қалай көмектесетінін білмейді. Сондықтан менің жұмысым тек олар үшін ғана емес, сыныптастарыма да қызықты, тәрбиелі болуы керек деп ойлаймын.

Сыныптастарынан алынған сауалнама мониторингі.

1. Қалай ойлайсыңдар, көкөністер мен жемістерден электр тогын алуға болады ма? а) иә; б) жоқ; в) білмеймін.

1-диаграмма

Көкөністер мен жемістерді батарея ретінде пайдалану қоршаған ортаны сақтауға көмектеседі деп ойлайсыз ба? а) иә; б) жоқ; в) білмеймін.

2-диаграмма



1.4 Мен жасаған картоп сағаты қалай жұмыс істейді?

2 картоп кез келген сорт, 2 дана мыс таяқшасы,оң және теріс зарядтты сым, 2 дана мырыш таяқшасы, 2 аллигатор қысқышының жиынтығы (әрқайсысы сыммен жалғанған 2 қысқыш болуы керек), 1-2 вольтты цифрлық сағат.Батареяларды сандық сағаттан шығарып алып тастаймыз. Аяқтағаннан кейін картоп батареялардың функциясын ауыстыра отырып, сағат ішіндегі батарея терминалдарының оң (+) және теріс (-) ұштарына қосылады. Егер сағатта оң (+) және теріс (-) батарея қосқыштары таңбаланбаған болса, оларды батареяларды қосу әдісіне қарай тұрақты маркермен белгілеп қоямыз .Егер олар таңбаланған болса, оң жақ "+" белгісімен, ал теріс "-" белгісімен белгіленеді.

2-сурет Картоп сағатын жасап жатқан сәттен көрініс

Картоп сағаты қанша уақыт жұмыс істейді?

Картоп батареясы қанша уақытқа созылатыны көп нәрсеге байланысты. Біріншіден, егер ол шын мәнінде сымға жалғанған болса ғана "таусылады". Егер ол сымға қосылмаған болса, онда ол теориялық тұрғыдан картоп нашарлағанға дейін созылады. Сондай -ақ, бұл сізде қанша мырыш бар екеніне байланысты, себебі мырыш батареяны қуаттандыратын реакцияға үйренеді. Егер сіз құрамында мырыш аз ғана болатын металл бөлігін қолдансаңыз, онда ол ұзаққа созылмайды. Бірақ егер сіз мырыштың үлкен, қатты бөлігін қолдансаңыз, сіздің батареяңыз ұзақ уақыт жұмыс істей алады! Бұл картопқа да байланысты - кейбіреулер басқаларға қарағанда жақсы жұмыс істейді. Егер сіз белгілі бір картоптың қанша уақытқа созылатынын нақты білгіңіз келсе, оны білудің жалғыз жолы.

Картоп сағатты қалай қуаттайды?Картоп сағаты химиялық энергияны электр энергиясына айналдыру арқылы жұмыс істейді, содан кейін ол сағатты қуаттандыру үшін қолданылады. Картоп мырыш пен мыс жолақтарымен (электродтардың рөлін атқаратын) бірге аккумулятор қызметін атқарады

Құрамында картоп бар металл тақталар сағатты басқару үшін электр қуатын өндіретін қарапайым батареяны құрайды. Сағаттың жұмыс істеуіне жеткілікті электр қуатын өндіру үшін екі картоп қажет. Картоптың құрамында ток ағынына ықпал ететін қышқыл бар. Электр тогы мырыш пен мыс пластиналарының арасындағы сымдар арқылы сағатқа өтеді. Ток сағатты жұмыс істейді.

Мен басқа көкөністер мен жемістердің сағатының жұмыс істейтінін тексеруді шештім. Менің тәжірибем көрсеткендей, пайдаланылатын жемістер мен көкөністердің ішінде электр тогының ең жақсы көздері лимон, алма және картоп болып табылады. Ең жаманы лимон болды. Қызылша сияқты көкөніс электр энергиясының көзі емес. Кесте 1 көкеністердің канша вольт көрсетуі

р/с

Көкеністер

Канша Вольт

1

картоп

0,30

2

лимон

0,24

3

алма

0,10

4

қызылша

0

3-сурет Әртүрлі көкеністерге жасаған эксперимент

1.5 Практикалық қолдану.

Алынған нәтижелерден кейін бізде сұрақ туындады: жеміс-көкөніс сағаттарын өмірде қай жерде қолдануға болады?

- Ауылдық жерлерде ауыл тұрғындары көкөніс пен жеміс-жидек көп болғандықтан, пайдаланылған батареяларды қоқысқа тастауға мүмкіндік жоқ;

- мектепте жаратылыстану, қоршаған әлем, ,биология және физика сабақтарында электр тогын генерациялау бойынша тәжірибелер жүргізу мақсатында;

- Үйде ақша үнемдеу және үйіміздің қоршаған ортасын қорғау үшін, өйткені біз қолданатын батареяларда денсаулығымызға зиянды металдар бар.





Жоба барысында интернет көздерінде осындай дайын тәжрибе жүргізуге

арналған жиынтықтардың бар екенін білдім. Бірақ менің өз қолыммен жасап,

Көзіммен көрген картоп қуаты сағатым өте қызықты болды.































Қорытынды.

Дәстүрлі энергия көздері ретінде органикалық отын, яғни көмір, мұнай, газ пайдаланылатыны белгілі. Бірақ табиғатта қоры шектеулі: ерте ме, кеш пе, ол таусылады. Сондықтан бүгінгі таңда баламалы энергия көздерін іздестіру өте маңызды мәселе болып отыр.

Бүгінгі күні баламалы энергетика қарқынды дамуда. Оның себебі экологияның нашарлауы болып келеді.

Қазіргі таңда әлемнің қарқынды дамуы, жер бетіндегі адам санының көбеюі, адамзаттың тұтынушылық қабілетінің өсуі әсерінен, біздің өмірімізге ең қажетті азық – түлік, ауыз судың тапшылығы көп елдерде сезілуде. Ал ХХІ - ғасырды электр құрылғыларынсыз (компьютер, теледидар, телефон, ас үй құрылғылары т.с.с) елестете алмаймыз. Біздің өмір сүруіміз үшін электр энергиясының алар орны ерекше. Күн сайын оған деген сұраныстың артуынан, тұтынушыларды электр энергиясымен толық қамтамасыз ету әлем елдерінің басты мәселесіне айналды. Осындай ауқымы орасан зор мәселенің шешімін табуға, осы жоба жұмысым арқылы, аз да болса өз үлесімді қостым деп санаймын.

Менің жасымдағы балалар қолдарындағы телефон арқылы, өте көп ақпарат ала алады, сол себепті оларды қандайда бір нарсемен қызықтыру қиын деп білемін. Бірақ мен істеп жатқан жұмысым өте қызықты болды. Мені қызықтырған барлық сұрақтарға жауап бере алдым. Өткізілген эксперименттер жемістер мен көкөністерден ток көздерін құру мүмкіндігі туралы гипотезаны растайды. Мұндай батареяларды энергияны аз тұтынатын құрылғыларды басқару үшін пайдалануға болады. Менің болжамым

расталды.

















Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.Ғылыми –техникалық мерзімдік басылымдар

а) Электроэнергетика

ә) Энергия.Экономика. Техника

2.О.Мұсабеков. Ғылыми-технологиялық революция кезеңінде физикалық білім беру. Математика және физика журналы 2003 ж №5

3.«Күннің құрылымы және негізгі сипаттамалары». «Күн- жер байланысы». С. Түяқбаев, Б.А. Кронгард, В.И. Кем.

4.«Физика, математика және информатика» журналы № 4 2005 ж.

5.7-11 сынып физика және география оқулықтары мектеп баспасы 2004-2007 ж

6.Экология, экономика, природа: - Учеб.пособие, «Ғылым», Алматы

7. Қосымша ақпарат көздері

8. Жас талап-kz 2011ж ,Физика, математика , химия.

9. Интернет желісі











Қосымша А

Сауалнама

1.Картоптың 150 түрі барын білесіңбе?

а) иә; б) жоқ; в) білмеймін.

2. Картоптың отанын білесің бе?

а) иә; б) жоқ; в) білмеймін.

3. Қалай ойлайсың, көкөністер мен жемістерден электр тогын алуға болады ма?

а) иә; б) жоқ; в) білмеймін.

4. Көкөністер мен жемістерді батарея ретінде пайдалану қоршаған ортаны сақтауға көмектеседі деп ойлайсын ба?

а) иә; б) жоқ; в) білмеймін

5. Батареяның қандай зияны бар білесің бе?

а) иә; б) жоқ; в) білмеймін

6. Баламалы энергияны болашакта колданатынымызды білесіңбе?

а) иә; б) жоқ; в) білмеймін

7. Картоптан энергия өндіруге болатынын білесіңбе?

а) иә; б) жоқ; в) білмеймін

8. Картоп сағаты туралы естідіңбе?

а) иә; б) жоқ; в) білмеймін































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.01.2025
236
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі