Карвинг әдісі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Карвинг әдісі

Материал туралы қысқаша түсінік
«Карвинг» дегеніміз –бұл көкөністер мен жемістерден кесінді жасау өнері. Тарих мәліметіне жүгіне отырып, көкөністерден кесінді жасау алғашқы рет бұдан 800 жыл бұрын Тайланд және Қытай елдерінде пайда болған. Жергілікті аспазшылар патшаларды қабылдауға әдеміленген ас мәзірлерін дайындауға, жігер-күштерін салып, сондай бір шабытпен әзірлеген.
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Теректі колледжі» МКҚК

Оқу сабағының жоспары

Сабақ тақырыбы

Карвинг әдісі

Модуль / пән атауы

КМ.04 Дайын өнімді безендіру және өткізу

Педагог

Ихсанова Жанат Жумабаевна дайындады


1.Жалпы мәліметтер

Курс

3

Топ

Сабақ нөмірі


Сабақтың түрі

кіріспе

1.Мақсаты, міндеттері

Карвинг әдісімен тағамдарды безендіру

3.Күтілетін нәтижелер

Капвинг әдісімен түрлі бейнелер жасай алады, тағамдарды безендіре алады.

4.Қажетті ресурстар

Оқулықтар: Тамақтандыру кәсіпорындарының жабдықтары Қ Күзембаев, Тағам дайындау технологиясы Р Мец, Қоғамдыұ тамақтандыру кәсіпорындарында өндірісті ұйымдастыру Г.Д. Кокимбекова, Стандарттау, метрология және сәйкестікті бағалау К.Акишев, Тамақтандыру кәсіпорындарындағы менеджмент Г.Кузембаева

https://kasipkor.kz/. LCD панель, мультимедиялық мінбер, бейнефильмдер, тақырыптар бойынша слайд-презентациялар, сандық білім беру ресурстары





5.Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

- Оқушылардың сабаққа қатысуы мен құралдарын тексеру;

- Топқа бөліп сабаққа зейін аудару;

ІІ. Кіріспе нұсқау
- Сабақтың тақырыбы және мақсатын таныстыру;
Жасыру әдісі арқылы сабақтың тақырыбын анықтау

Тест сұрақтары (Балық тағамдары)



1.«Қамырдағы балық» тағамын дайындау үшін балықты өңдеу процессі

А. Ұрғылау

В. Аунату

С. Жаншу

Д. Маринадтау

Е. Панирлеу

2. Тоңазытылған балықтарды жібіткенде, тағамдық бағалы заттары сақталып, жібіту уақыты қысқаратын жібіту әдісі

А. Буда

В. Өте жоғары жиіліктегі электр өрісінде қыздыру

С. Суда

Д. Аралас

Е. Ауада

3. «Жасыл майда қуырылған балық» тағамына берілетін тұздық

А. Сүт

В. Салат асқатығы

С. Томат

Д. Қаймақ

Е. Майонез

4. Балық котлет массасынан,бір порцияға 1-2дана, қалыңдығы 2см, диаметрі 6см, дөңгелек-жалпақ формаланған шала фабрикат

А. Котлет

В. Тефтель

С. Фрикаделька

Д. Тельное

Е. Биточка

5. Ащы тұздалған балықтарды ылғалдау мерзімі

А. 14 сағат

В. 8-12 сағат

С. 18 сағат

Д. 20 сағат

Е. 16 сағат

6. Балық котлет массасына ұсақтап туралған пияз, жұмыртқа қосып, салмағы 12-15г, бір порцияға 8-10 дана, майда шар түрінде формаланған шала фабрикат

А. Биточка

В. Тельное

С. Тефтель

Д. Котлет

Е. Фрикаделька

7. Желе дайындау үшін қолданылатын балықтың тағамдық қалдықтары

А. Қабыршақ

В. Май

С. Шеміршек

Д. Уылдырық

Е. Сүттен

8. Қамырдағы балық шала фабрикатына қолданылатын қамыр

А. Тұщы

В. Льезон

С. Кляр

Д. Ашылған

Е. Ащы

9. Балықты пісіру процесінде, оның формасы, консистенциясы және түсін сақтау үшін қосатын өнім

А. Тұз

В. Май

С. Сірке суы

Д. Қант

Е. Маргарин

10. «Қамырдағы балық» шала фабрикатының өлшемі

А. Қалыңдығы 1,5 см, ұзындығы 10 см

В. Қалыңдығы 1 см,ұзындығы 8-10 см

С. Қалыңдығы 2,5,ұзындығы 14 см

Д. Қалыңдығы 2 см,ұзындығы 12 см

Е. Қалыңдығы 3см,ұзындығы 15 см

сұрақтар


Сабақтың ортасы

Жаңа сабақты түсіндіру:

Бүгін біздің сабағымыздың тақырыбы « Карвинг элементтерін пайдалана отырып жемістен дайындалған салатты безендіру».





«Карвинг» дегеніміз –бұл көкөністер мен жемістерден кесінді жасау өнері. Тарих мәліметіне жүгіне отырып, көкөністерден кесінді жасау алғашқы рет бұдан 800 жыл бұрын Тайланд және Қытай елдерінде пайда болған. Жергілікті аспазшылар патшаларды қабылдауға әдеміленген ас мәзірлерін дайындауға, жігер-күштерін салып, сондай бір шабытпен әзірлеген.



Шеберлер бізге таныс тамыр-түйнектерді, соның ішінде –сәбізді, тұрыпты, шалқанды әдемілеуге бағындыра білген. Сонымен қатар, басқа көкөністермен бірге, яғни бұрыш, қызанақ, қарбыз және асқабақтар мерекелік үстелден ең басты орын алған. Табиғаттың өзінің берген сыйлары сиқырлы күйде экзотикалық құстарға, тоты құс пен павлинге немесе әдеміленген раушан, түймедақ гүлдеріне айналған.



Соңғы кезде көкөніс, жеміс-жидектерден сәнді кесінді жасау Азия елдерінің жоғарғы мәдени деңгейіне жетті. Көкөністерді шеберлі кесінді жасау мейрамханаларда, сонымен қатар отбасы мейрамдар салтына кірді. Адамның денсаулығына пайдалы көкөністерден мультфильм батырларын, әр түрлі пішінділерді кескіндеу арқылы балалардың тәбетін ашатын күнделікті дастархандарды мерекелік дастарханға айналдыруға болады.



Карвинг жасау үшін арнайы құралдар және пышақтар пайдаланады. Арнайы құралдар болмағандықтан бүгін біз қарапайым пышақпен кесінді жасауға үйренеміз.



Бұл салат мерекелік дастарғанға қоюға немесе далаға серуендеуге шыққанда өте орынды болады. Себебі ол сыбағалы болып жасалады, әр адамға бір гүлден. Кішкентай өткір пышақтын көмегімен алмадан гүл жасау сіздіңде қолыңыздан келеді. Алманы лимонмен өңдеу кезінде, алма өте ұзақ сақталады. Ол қарайып кетпейді. Йогурпен араластырылған салат тоназытқыштың ішінде 3 сағатқа дейін, ал араластырылмаған салат 6-8 сағатқа дейін сақталады. Салатты дайындауға 10 минут уақыт кетеді.

Көкөніс Carving мұқият тазалау және жуу кейін жүргізіледі. пішіні және өлшемі бойынша тең болып табылады дана біртекті жемістер, тұрақты аралықтарда термоөңдеу жолымен дайындалады.


Кесілген көкөністер қарапайым нысанын берілуі мүмкін, және сіз фигуралар түрлі оларды қосуға болады. Жемістер, сондай-ақ кесілген немесе қысқартуға болады. кесуге көкөніс арнайы қуыстан жүзеге асырылады немесе пышақ пайдаланып тегістеу болады.

Жұмысты орындау барысы


1. Жемістерді жуады. Алманы алып жоғарғы төбесін кесіп алады.


2. Жіңішке пышақпен 2-3 см тереңдікте дөңгелентіп кеседі.


3. Дәндерін пышақпен ойып алады.


4. Алманың қабырғасының қалындығын бірдей етіп, шай қасықпен жұмсақ жерін түбіне дейін қырып алады. Ішіне жеміс салаты сиятындай етіп қырып тазалайды. Алманың айналасын лимон шырынымен өңдеп, азықты орайтын жұқа пленкамен орайды.


5.Салат дайындау: алмұрт пен бананды қабықтарынан тазартады, апельсиннің жұмсақ жерін алады. Барлығын ұсақ кубик түрінде турайды.


6. Салатқа йогурт құйып, апельсин шырынын қосады.


7.Гүл жасау: алманың жоғарғы төбесін алып гүл жасайды.Ол үшін өткір кішкентай, тайский немесе орақша пышақты қолданады. Желектің ортасын 45º бұрыш жасап, 2 жапырақша кесекті жасайды. Осылайша 6-7 желек алу үшін кесіктер дайындайды.


8. Гүлдің басын лимон шырынымен өңдейді.


9. Жұмсағын қырып алған алмалардың ішіне дайындалған салатты салады.


10. Қабығынан тазартылған кивиді тілімшелеп турайды да дайын салаттын үстін безендіреді.


11. Дайын гүлді ағаш таяқшалар көмегімен алмадан дайындалған ыдысқа бекітеді.

Бақылау сұрақтары

  1. Карвинг әдісінің құрал-жабдықтары

  2. Карвинг әдісі деген не?

  3. Карвингтың шығу тарихы

. 1- тапсырма. "Оқы,ойлан ,жаз»әдісі.

Оқулықпен жұмыс ,экран арқылы мәтін беріледі.


Презентация, бейнероликтер

Оқу құралдары,тіректік конспект, макеттер, интерактивті тақта.







Презентация







бейне жазба.






























Сабақтың соңы

Үй тапсырмасы туралы ақпараттандыру:

- Үйге тапсырма Лекция







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.06.2023
574
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі