КӘСІБИ МАМАН ДАЯРЛАУДЫҢ НЕГІЗІ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

КӘСІБИ МАМАН ДАЯРЛАУДЫҢ НЕГІЗІ

Материал туралы қысқаша түсінік
тәжірибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

КӘСІБИ МАМАН ДАЯРЛАУДЫҢ НЕГІЗІ –

баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру



Каркынбаева Гульмира Ошакбаевна
Бақанас аграрлы–индустриалдық колледжі МКҚК

Директордың ОІЖ орынбасары



Кәсіби білім беру – өнеркәсіпғылымтехника және мәдениеттің әртүрлі салалары үшін жоғары, орта және төменгі білікті мамандар даярлау.  Кадрларды кәсіптік қайта даярлау – білім беру жүйесінің маңызды саласы болып табылатын мамандар мен жұмысшыларға кәсіптік білім беру, оларды мамандыққа даярлау,  қайта оқыту және олардың біліктілігін көтеру. Бастауыш кәсіптік білім беру ісі негізгі жалпы білім беру базасы негізінде кәсіптік мектептер мен кәсіптік-техникалық колледждерде  жүзеге  асырылады және ол еңбек қызметінің түрлі бағыттары бойынша білікті жұмыскерлерді (жұмысшыларды, қызметшілерді) қайта даярлауға бағытталған.

Мемлекет басшысы баса назар аударып отырған  баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру жобасы үкіметтің қаулысымен жылдам қолға алынып, ол үшін жоспарлы жұмыстар жүзеге асырылуда. Жастардың білімін жетілдіру үшін қажетті жағдай жасау туралы «Қазақстан – 2050» стратегиясында: «Біздің жастары­мыз оқуға, ғылым-білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, техноло­гияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануы тиіс.  Біз бұл үшін барлық мүмкіндікті жасап, ең қолайлы жағдаймен қамта­масыз етуіміз керек. Біздің басты мақсат – 2050 жылы мықты мемлекет, дамыған экономика және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру» деп  көрсетілген болатын.

Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру – бұл азаматтардың қайта білім алуы мен тегін оқу курсынан өтіп, өз кәсібін бастауға жол бастайтын үлкен мүмкіндік. Осы ретте аудан орталығындағы іргелі білім ордасы, кәсіптік-техникалық білім берудің қара шаңырағы, 40 жылдық тарихы бар оқу орны – Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжі де мемлекет басшының нәтижелі саясатын іске асыруда ауқымды жұмыстарды орындауда. Сөзіміздің дәлелі, биылғы 2017-2018 оқу жылынан бастап 1201000- Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету жәндеу және пайдалану, «1504000 – Ферма шаруашылығы», «0508000 – Тамақтандыруды ұйымдастыру», «1114000 – Дәнекерлеу ісі» мамандықтары бойынша «Баршаға арналған кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы  аясында 127 студент қабылданды. Білім алушы студенттер қазіргі уақытта колледждің материалдық-техникалық базасын, инженер-педагогтар әлеуетін  тиімді пайдалана отырып, білім стандарттарына сәйкес сапалы білім алуда.

жылы Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары  бөлімі мен  Алматы облыстық кәсіпкерлер палатасының мемлекеттік тапсырысы негізінде «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік дамыту» бағдарламасы бойынша көптеген азаматтар Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжінде  қысқа мерзімді курсын оқып, қайта кәсіптік даярлаудан 249 білім алушы өткен болатын. Бағдарлама бойынша білім алушылар «Ферма шаруашылығы», «Дәнекерлеу ісі», «Аспазшы», «ЭВМ операторы», «Шаштараз» мамандықтары бойынша өз білімдерін жетілдіріп, кәсіп ашуға ынталанды.

Кәсіптік-техникалық білім беру сала­сына, яғни колледждерге айрықша маңыз берілу себебі, кәсіпорындардың сұра­нысына ие жұмысшы мамандықтары бойынша білікті кадрлар арнайы дайын­да­лады. Білім ордасынан алып шыққан білімдерін өндірістің әр алуын салаларында шыңдайтын жастар, өндіріс орнының табысты еңбек етуінен әсер етуші фактор. Бір құптарлығы, кәсіптік білім беру мекемелерінде білім беру ісі әлеметтік серіктестіктер мен жұмыс берушілердің тікелей қатысуымен жүргізілуде. Сөзіміздің тағы бір дәлелі, Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжінде «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша «Дуальды оқыту »технологиясы енгізілген.

Әлеуметтік серіктестік аясында Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжі негізінен ауыл шаруашылық саласына білікті жас кадрларды даярлау үшін 10-нан астам өндірістік мекемелермен келісім шартқа отырды. Соның ішінде «Аспазшы» мамандығы  бойынша «Іле» мейрамханасы, «Айтуар» мейрамханасы, “Ботагөз” кафесі, “Шапагат” ЖК негізгі әлеуметтік серіктестер болып табылады. «Ферма шаруашлығы» бойынша колледж бен жұмыс берушілер арасында тұрақты әріптестік орнату мақсатында «Өтес БиоАзия» ЖШС, «Динара» ЖШС, «Алинұр» ЖК, «Шалқыбекова» ЖК, мекемелерімен Меморандум жасалды.

Қазіргі таңда «Аспаз» мамандығы бойынша дуалды оқыту жүйелі түрде іске асырылуда. Оқу-жұмыс бағдарламасы бойынша І курстың ІІ семестрінде оқушылар өндірісте тәжірибе сағаттарын өтеді. Семестр бойынша бұл тәжірибе 120 сағатқа жетеді. ІІ курста аптасына 2 күннен, жалпы 396 сағат өндірісте болады. Сонымен қатар, ІІ курста 4 апталық оқу тәжірибесі де өндірісте өткізіліп, ал 2 апталық оқу тәжірибесін колледж базасында өткізу жоспарланып отыр. ІІІ курста аптасына 3 күн – 504 сағат және жұмысшы мамандығын алу тәжірибесі 360 сағат (10 апта) өндірісте өтпек, теориялық сабақтары колледжде өтіліп, қалған уақытта оқушылар толығымен өндірісте болады деп жоспарланған.

Елбасы­ның арнайы тапсырмасымен қайта құрыла бастаған әлемдік деңгейдегі колледждер техникалық және кәсіптік білімді бас­қа­рудың жаңа жүйесін қалыптастырса, кә­сіптік лицейлерді әлемдік тәжірибеге сәй­кес колледжге айналдыру жұ­мыстары да толық жүзеге асы­рылды. Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру жобасын одан әрі жалғастыру туралы үстіміздегі жылдың 10 – қаңтарындағы «Төртінші революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауында да айтылған болатын. Жолдау жүктеген міндеттерге сәйкес қарымды қызметтер мен табысты жұмыстар атқару басты міндет. Алдағы уақыттар еншісінде де кәсіби маман даярлау мен бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыруда «Баршаға арналған кәсіптік-техникалық білім» жобасы жалғасын таба түседі деп сенеміз.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.05.2018
616
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі