«Кәсібім – нәсібім» педагогтарға арналған кәсіби жанудың алдын алу тренингі.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Кәсібім – нәсібім» педагогтарға арналған кәсіби жанудың алдын алу тренингі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагогтардың кәсіби компетенттілігін арттыру және қызметтік міндеттерін тиімді орындауға жағдай тудыру үшін кәсіби жанудың алдын алуы мен оны жеңуі бағытындағы теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын жаңарту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Кәсібім – нәсібім» педагогтарға арналған кәсіби жанудың алдын алу тренингі.

Сабақтың мақсаты:  Педагогтардың кәсіби компетенттілігін арттыру және қызметтік міндеттерін тиімді орындауға жағдай тудыру үшін кәсіби жанудың алдын алуы мен оны жеңуі бағытындағы теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын жаңарту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Қажетті заттар: үлестірмелі қағаздар, маркер, А3 қағаз, әуен т.б.заттар.

Қатысушылар санаты: мұғалімдер, әлеуметтік педагогтар, психологтар және т.б. білім беру саласындағы мамандар.

Сабақтың жоспары:

  1. «Сәлемдесу» жаттығуы

  2. «Әнмен бой сергіту» жаттығуы

  3. « Суреттерді аяқтайық » жаттығуы 

  4. «Орныңды жылдам ауыстыр» жаттығуы

  5. «Әріптік мәтін» жаттығуы

  6. «Дракон» ойыны.

  7. Релаксасия: «Комплимент» ойыны.

Сабақтың барысы: Сәламатсыздар ма құрметті әріптестер! Бүгінгі біздің «Кәсібім – нәсібім» педагогтарға арналған кәсіби жанудың алдын алу тренинг сабаққа қош келдіңіздер.

1. «Сәлемдесу» жаттығуы
Мақсаты: оқушылардың қарым-қатынас жасауын жақсарту. Шарты: Жүргізуші бір рет қол соққанда қатысушылар ортаға шығып, бір-бірімен емін-еркін жүріп амандасады.Екі рет қол соққанда қатысушылар бір-бірімен иық қағысып амандасады, үш рет қол соққанда арқасымен амандасады.

2. «Әнмен бой сергіту» жаттығуы

Жүргізуші танымал 3-4 ән аты жазылған қағаз таратады. (Әр әнге сондай қағаз саны тең келеді) Қатысушылар өзіне тиген ән әуенін жүріп ыңылдап салады. Ойынның міндеті өзі сияқты ән әуенін салып тұрған адамды іздеп тауып, қосылуы түптеп келгенде осындай үш, не төрт топ құралады. Мысалы: Азамат бригаданың әуенін салып тұрса Хадиша өз әуенін естіп Азаматпен бір топты құрайды.

3.« Суреттерді аяқтайық » жаттығуы 
Мақсаты :
Оқушылардың логикалық ойлауын , көру арқылы есте сақтауын , ойша жұмыс істей білуін дамыту . 
Алдын-ала тақтаға мысықтың және қоянның құлақтары салынған плакат ілініп дайындалады . Оқушылардың көздері шарфпен байланады да , олар кезек-кезекпен шығып , бірі денесін , бірі басын , бірі аяғын салады , осылайша жалғаса береді . 

4. «Орныңды жылдам ауыстыр» жаттығуы

Нұсқау: Ойыншылардың ішінен бір жүргізуші таңдалынады. Ол барлық ойыншыларда кездесетін бір затты байқап, команда береді. «Кімнің киімінде қалтасы бар, солар орын ауыстырсын». Сол кезде осы команданың қатысы бар ойыншылар жылдам орындарын ауыстыруы керек, ал олар ауысып жатқанда жүргізуші бос орындыққа отырып қалу керек. Қай қатысушы орынсыз қалса, сол келесі жүргізуші болып ойынды жалғастырады.

Әрбір ұстаз кез-келген жағдайлардан, педагогикалық әрекеттен өзінің шеберлігімен жол тауып шыға білу керек емес пе?

Олай болса, біздің қазіргі ойын жаттығуымыз сіздердің шеберліктеріңізді, өздеріңізді терең тануға, сондай-ақ өзгелердің психологиялық ерекшеліктерін тануға көмектеседі.

5. «Әріптік мәтін» жаттығуы

Әріптік мәтіннің ішінде алдағы саяхатта сендерге ең қажетті қасиет туралы айтқан, Абайдың өлең шумағын оқи аласыңдар. Тапсырма: әріптік мәтінді тездетіп қарап, дәптерге өлең шумағын жазыңдар.

МӘТІН бсиренодіақылөңілдащеулдцузцьпдпқайратидрщеоғүшкщузцлақжүректіқзеркңіалещгобірдейхуривлушеитвлыдцөқңқіұстақтоькгңщіқьтігудасондалпдвжвөһәдвбютолықадвжыэаплокөіләдыболасыңһіоәұоывелденоушушуқірәлцущлцаабөлеквддущөәһғң (Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек)

6. «Дракон» ойыны.

Топ қаиарласып тұрады, әр қатысушы алдыңғы ойыншының белінен ұстайды. Саптың алдындағы ойыншы дракон «басы», соңғы қатысушы «құйрығы». «Басы» «құйрығын» ұстауға тырысады, ал басы бұлтып ұстатпауы керек. Жаттығу барысында барлық қатысушы қолдарын жібермей қозғалады.

Талқылыу.

Қазіргі сезімімдерін, көңіл-күйін қысқаша білдіреді.


7. «Комплимент» ойыны.

Жаттығудың тапсырмасы – қатысушылардың бірін бірі түсінісуі арқылы эмпатия деңгейін көтеру, тіл табыса алу қасиетін, бірі бірін толық тануын дамыту. Тренингке қатысушылар шеңбер бойымен орналасады. Кез келген қатысушы жағымды комплимент айтады. Ал қалғандары ол кімге арналғанын табады. Комплимент алған қатысушы ойынды әрі қарай жалғастырады. Барлығы түгелдей жағымды эмоция алмайынша ойын аяқталмайды.

Осы жаттығу тренингке қатысушылардың қаншалықты қызығушылықпен тапсырмаларды орындағандарын дәлелдеді.

Тренинг аяқталғаннан кейін қортынды ширингте «Тренинг саған не берді?» деген сұраққа қатысушылар өздерінің ойларын ортаға салды.

Рефлекция.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.10.2025
66
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі