Материалдар / Кәсіп және бизнес негіздері (11 сынып)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Кәсіп және бизнес негіздері (11 сынып)

Материал туралы қысқаша түсінік
Кәсіп және бизнес негіздері пәні бойынша 34 сағатқа арналған ұзақ мерзімді жоспар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қырқүйек 2023
1592
23 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Жалпы орта білім беру деңгейінің 11-сыныптарына арналған

«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы ( жаратылыстану-математикалық бағыт)

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Оқу бағдарламасы «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген).

2. Ұсынылып отырған пән Қазақстан Республикасының Президенті жолдауындағы Қазақстанның модернизациясы аясында және алға тартылған басымдықтардың бірі - нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру арқылы бизнес ортаны түбегейлі жақсарту мен кеңейтуге сәйкес Қазақстан Республикасының мектептеріне арналып әзірленді.

3. Пәнді оқытудың мақсаты кәсіпкерлік, экономика, менеджмент және маркетинг негіздері бойынша оқушыларға базалық білімдер беру; өз таңдауы үшін жауапкершілікке үйрету, кәсіпкерлік ойлау жүйесі мен белсенді өмірлік ұстанымдарын қалыптасыру; қазіргі заманғы нарықтық жағдайда болашақтағы дербес әрекетіне қажетті дағдылардың практикалық базасын қалыптастыру болып табылады.

4. Оқыту міндеттері:

1)оқушылардың кәсіпкерлік пен бизнестің теориялық негіздерін қалыптастыру;

2) оқушылардың жеке қаржылық сауаттылықтың тәжірибелік дағдыларын меңгеруі;

3) оқушыларда өз жетістіктері мен өмірлік ұстанымдарына қатысты жауапкершілік сезімін қалыптастыру;

4) оқушыларда кәсіпкерлік ойлауды және өз әлеуетін жүзеге асыру мүмкіндіктерін көре білу біліктілігін қалыптастыру;

5) бизнес-идеяларды ойлап табу дағдыларын қалыптастыру және оларды кәсіпкерлік әрекет деңгейіне дейін дамыту;

6) бизнес-модельдеу дағдыларын дамыту және бизнестің өміршеңдігін арттыру мақсатында бәсекелестіктің құбылмалы жағдайларына бейімделе білу;

7) зерттеу дағдыларын қалыптастыру және заманауи ақпараттық технологияларды қолдану.

5. «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәнінің ерекшеліктері:

1) пәнді Қазақстанның кәсіпкерлігі практикасы мен ерекшеліктерінің, даму тарихы мен қалыптасуының негіздеріне сүйене отырып, оқу пәнін құру;

2) оқытудың интерактивті және топтық ойын әдістемесі мен технологиясына, оқу үдерісіне оқушыларды белсенді араластыру жолдарына сүйене отырып оқу процесін құру;

3) Қазақстандық және әлемдік нарық жағдайларындағы кадрлық үрдістер мен жаппай кәсіпкерліктің (өмір сүру стилі ретіндегі кәсіпкерлік) даму үрдістері тұрғысынан талап етілетін ХХІ ғасыр дағдыларын қалыптастыру;

4) оқушының өмірлік саналы ұстанымдарын және өз әрекеті бойынша жасаған таңдауына жауапкершілікпен қарау қасиетін қалыптастыру үшін коучингтік тәсілдемелерді қолдану;

5) практикалық дағдылар мен біліктіліктерді қалыптастыруға бағытталған тренингтік форматты қолдану, сонымен бірге үдерісті ойындар (ағылш. gamification) пайдалану арқылы алғашқы тәжірибені қалыптастыру.

6) синергетикалық әсер алу мақсатымен пәнді өңіраралық деңгейде меңгертудегі өзара әрекеттестік аясында ақпарат алмасу үшін "Кәсіпкерлік және бизнес негіздері" курсы бойынша мектеп оқушыларының арнайы ресурсында ғаламтор-қауымдастық құру. Осы on-line порталы арқылы электрондық кітапхана базасы мен жұмыс материалдарының базасын, вебинар және қонақ алаңдарын, олимпиада, байқау және т.б. іс-шаралар алаңдарын құру, стартаптар мен инвесторлар арасындағы қарым-қатынас алаңдарын қалыптастыру;

7) пәнді практикалық және әдіснамалық тұрғыдан барынша тиімді толықтыру мен қамтамасыз етуге септігін тигізетін инфрақұрылым жасау:

- Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік білім беру ассоциациясына мүше Қазақстанның кәсіпкерлік ЖОО-ы;

- «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;

- «Джуниор Эчивмент Қазақстан» қоғамдық қоры;

8) білім беру процесін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы дағдыларды дамытуға бағытталған үдерісті автоматты симуляциялайтын арнайы онлайн және офлайн ойындар арқылы қолдау.

9) клиентке бағытталуды дамыту үшін ойлау-дизайны қағидаларын қолдану.

2-тарау. «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру

6. «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:

1) 11-сыныпта - аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды.

Оқу бағдарламасы «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 тіркелген).

8. «Экономикалық құбылыс ретіндегі кәсіпкерлік» бөлімі келесі бөлімше-н тұрады:

1) «Кәсіпкерлікке кіріспе»;

2) «Қазақстан экономикасына тарихи экскурс»;

3) «Кәсіпкерлік тәсілдеме: бастама-қ және даму мен жаңашыл-қа үздіксіз ұмтылу»;

4) «Өндіріс үрдісіне қатысатын ресурстар»; 5) «Нарықтың қызмет ету механизмі»;

6) «Нарықтық тепе-теңдік».

9. «Заманауи жағдайлардағы кәсіпкерлік» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

1) «Бизнес неден басталады?»;

2) «Кәсіп-к қызмет түрлері, кәсіпкер-ң ұйымдастыруш-қ-құқықтық формалары»;

3) «Стартап мәдениет»;

4) «Кәсіпкерл-і инновациялар мен трендтер (әлемдік, аймақтық және жастардың)»;

5) «Қазіргі жағдайдағы бәсекенің дамуы»;

6) «Баға белгілеу - экономикалық категория ретінде баға қызметі мен мәні»;

10. Оқу пәнінің мазмұны 11-сыныпта 2 бөлімнен тұрады:

1) «Стартап акселератор (1)»;

2) «Стартап акселератор (2)»;

11. «Стартап акселератор (1)» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

1) «Питчинг»;2) «Команда құру және кәсіпкерлік қызметтегі командалар рөлі»;

3) «Канва бизнес-моделі, маңызды құндыл-ы анықтау. Бизнес-жоспар құрылымы»;

4) «Стартап-жобалардағы маркетинг»;

5) «Стартап-жобалардағы коммуникация арналары;

6) «Тұтынушылық және сатыпалушылық бейілділік»;

7) «Стартаптардағы пайда арналары».

12. «Стартап акселератор (2)» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

1) «Бизнес ресурстар және ресурстарды басқару»;

2) «Кәсіпкерлік қызметтегі серіктестік»;

3) «Бизнестегі маңызды қызмет»;

4) «Кәсіпкерлік қызметтегі салықтар»;

5) «Шығындар құрылымы»;

6)«Жоба-ң аяқталуы және оның нәтиже-н талдау – бизнес-жобалардың питчингі».

14. «Кәсіп-к және бизнес негіз-і» оқу пән-ң 11-сыныптағы базалық білім мазмұны:

1) « Стартап акселератор (1)». 10 сыныпта алынған білім мен дағдылар негізінде жеке өзіндік бизнес-идеямен жұмыс жасау. Жеке бизнес-модельді құру туралы түінікті қалыптастыру, өзгерістерді басқару дағдылары. Бизнес-модель жүйесін құру призмасы тұрғысынан жеке бизнесті құру мен жүргізудің тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру. Оқушылардың жеке бизнес-идеяларын қорғауы (жаздық демалысқа үй тапсырмасы), идеялардың келісілген бағалауы мен 2-5 адамнан тұратын командалар құру (хакатон форматында қызығушылық танытқан тараптар (мектептер, аймақтық жоғары оқу орындары, жергілікті компаниялар) тарапынан мәселелерді құруға да мүмкін болады). Заманауи стартап-акселераторлар мысалымен негізгі құрал – канва бизнес-моделімен (Canvas) танысу. Бизнес-жоспар құрылымын түсіну. Өз өнімнің/қызмет көрсетудің құндылық ұсынысын, қолданушылар сегментін, коммуникациялар арналарын, пайдаланушылармен қатынас пен табыстар түсімдерін анықтау. Тоқсандықтың оқу үдерісінің құрылымы: 1. Теориялық оқыту сабағы; 2. Өзінің жеке жобасын жасауда алынған білімдерді қолдану бойынша топтарда тәжірибелік жұмыс жасау;

2) «Стартап акселератор (2)». Оқушылардың өзіндік жеке жобаларын жасаудың қорытынды кезеңі. Маңызды құндылықтарды құруға қажетті ресурстармен (материалды, физикалық, адами, зияткерлік) танысу. Әр ресурстарды талдау: оқушылардың жеке жобаларына қажетті ресурстарды таңдау, ресурстар құнын анықтау, олардың орналасуын анықтау. Маңызды құндылықтарды құру үшін ресурстарды басқару. Бизнес-концептіні құру (бизнес-модельдер, нарық мәселелері, команданың сипаты, мақсаттар). Тоқсандықтың оқу үдерісінің құрылымы: 1. Теориялық оқыту сабағы; 2. Өзінің жеке жобасын жасауда алынған білімдерді қолдану бойынша топтарда тәжірибелік жұмыс жасау;

3-тарау. Оқыту мақсаттарының жүйесі

15. Бағдарламаны оқуға ыңғайлы болу үшін кодтар енгізілді. Кодтың бірінші саны оқу сыныбын білдіреді, екінші және үшінші сандары – бөлім мен бөлімше нөмерін береді, төртінші сан – оқыту мақсатының реттік саны. Мысалы, кодта «2.1.» – бөлім мен бөлімше саны, «2» – мақсаттың реттік саны.

Бөлім

Бөлімше

11-сынып білім алушыларының білім нәтижесі

сағ

Күні

Ескерту

Стартап акселератор (1)

1.1 Питчинг

11.1.1.1 кәсіпкер (стартапер) үшін питчингтің мәні мен мағынасын түсінеді;

11.1.1.2 оқу-ойын жағдайында өз идеяларын іске асыру үшін питчинг дағдыларын қолданады

2




1.2 Команда құру және кәсіпкерлік қызметтегі командалар рөлі

11.1.2.1 команда мүшелері арасындағы рөлдерді анықтайды;

11.1.2.2 оқу-ойын жағдайында командаға қажетті адамдарды тарту үшін шешендік өнер дағдыларын қолданады

2



1.3 Канва бизнес-моделі, маңызды құндылықтарды анықтау. Бизнес-жоспар құрылымы

11.1.3.1 бизнес модель түсінігін суреттейді;

11.1.3.2 Канва бизнес моделінің және бизнес-жоспардың құрылымын түсінеді;

11.1.3.3 оқу-ойын жағдайында өз стартап идеялары үшін маңызды құндылықтарды қалыптастыру дағдыларын қолданады

3



1.4 Стартап-жобалардағы маркетинг

11.1.4.1 стартап жоба үшін маркетингтің мәнін түсінеді;

11.1.4.2 тұтынушылар сегменттерін мен олардың қажеттіліктерін, нарық сыйымдылығын талдайды;

11.1.4.3 өміршеңдігі ең төмен өнімнің (MVP) қағидаларын түсінеді;

11.1.4.4 өз стартапында ең аз мөлшерде өнімді сату туралы шешім қабылдайды

3



1.5 Стартап-жобалардағы коммуникация арналары

11.1.5.1 тұтынушыға құндылық «Қалай» (қандай арналар нәтижесінде) жеткізіледі? - деген сұраққа жауап береді;

11.1.5.2 қандай да бір коммуникация арналарын таңдау қандай пайда әкелетінін түсіндіреді

2



1.6 Тұтынушы-лық және сатып алушылық бейілділік

11.1.6.1 «тұтынушылық және сатып алушылық бейілділік» түсінігін ажыратады;

11.1.6.2 коммуникация каналдары арқылы тұтынушылармен өзара қатынас стратегиясын құрады

3



1.7 Стартаптар-дағы пайда арналары

11.1.7.1 AB-тест, пайда түсімі арналарының мәнін түсінеді;

11.1.7.2 кіріс құрылымын талдайды;

11.1.7.3 оқу-ойын жағдайында AB-тестіні талдау мақсатында қолданады

3



Стартап акселератор (2)

2.1 Бизнес ресурстар және ресурстарды басқару

11.2.1.1 стартаптарда ресурстардың мәні мен маңызын түсінеді;

11.2.1.2 адами, қаржылық, материалдық, интеллектуалды, бизнес ресурстарды ажыратады

5



2.2 Кәсіпкерлік қызметтегі серіктестік

11.2.2.1 стартап үшін аутсорс пен серіктестіктің мәні мен мағынасын түсінеді;

11.2.2.2 серіктестіктің қағидаларын сипаттайды;

11.2.2.3 өз жобасы үшін серіктестер тізімін құру үшін дағдыларын қолданады

3



2.3 Бизнестегі маңызды қызмет

11.2.3.1 операциялық қызметтің мәнін түсінеді;

11.2.3.2 өз стартапында операциялық қызметті анықтау үшін дағдыны қолданады

2



2.4 Кәсіпкерлік қызметтегі салықтар

11.2.4.1 салық және оның мемлекет үшін маңызын сипаттайды;

11.2.4.2 салық режимдерінің ерекшеліктерін ажырата біледі

2



2.5 Шығындар құрылымы

11.2.5.1 шығын құрылымын түсінеді;

11.2.5.2 Стартап жобасында шығыс пен кіріс құрылымын талдайды

2



2.6 Жобаның аяқталуы және оның нәтижелерін талдаубизнес-жобалардың питчингі

11.2.6.1 стартап жобаның инвестициялық тартымдылығын түсінеді;

11.2.6.2 инвесторлардың назарын аудару үшін шешендік өнер (питчинг) дағдыларын қолданады

2





Барлығы

34



16. Осы оқу бағдарламасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарға арналған «Кәсіпкерлік пен бизнес негіздері» оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу бағдарламасының Ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

17. Бөлімдер және бөлімшелер бойынша тоқсандықта бөлінген сағаттар саны мұғалімнің қарауы бойынша жіктеледі.


5


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!