400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 25 материал табылды

Кәсіп пен еңбек

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ жоспары ұстаздарға арналған. Өз сабақтарында қолдануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 8 «А»

Күні: 

Сабақтың тақырыбы: Талғаулы салалас құрмалас сөйлем

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға талғаулы салалас құрмалас сөйлем туралы түсінік беру, қалай жасалатыны жөнінен хабардар ету;

2. Дамытушылық: жылдам әрі қатесіз жазу, жазбаша жұмыстарды орындату, еске сақтау қабілетін дамыту;

3. Тәрбиелік: ауызекі сөйлеу кезінде мәдениеттілікті сақтауға, сабақ барысында бірінің сөзін бірі бөлмей сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:

Пән аралық байланыс: қазақ әдебиеті

Көрнекіліктер:

Қолданатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап әдісі

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастырушылық кезең. (3 мин)

1) Оқушыларды түгендеу

2) Үй тапсырмасы. 111-жаттығу. Екі оқушыдан сұрау, қалған оқушылар сол оқушылар айтып жатқан кезде тексеріп отырады.

Тақтаға 2 оқушыны шығарып талдау жұмысы. Тыныс белгісін қойып, талдау. Қалың жұрт екіге бөлінеді: ұқпаған өлік, түсінген тірі. Екеуінің шұғылданғандығы сондай-ішке кірген кісіні аңғармайды. (10 мин)

ІІІ. Жаңа тақырып өту. Талғаулы салалас құрмалас сөйлем

1.Талғау деген сөзді қалай түсінесіңдер?

2.Талғау сөзінің синонимі қандай?

Мен не бұл адамдардың ортасынан кетуім керек, не болмаса барша жанға тынышсыз болатын зұлымдықты қоюым керек екен ғой. Өзі кетіп құтылды, әйтпесе өзіміз-ақ тастатқалы жүр едік. Сөз бен қылық суық көңілді жылытады немесе жылы көңілді суытады. Талғаулы салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-біріне тәуелсіз, дербес әрекеттерді баяндайды да, солардың тек біреуі ғана жүзеге асатынын білдіреді (ережені оқушылар өздері қорытып шығарады).

Сөйлемге талғаулық мағына беретін және жай сөйлемдерді бір-бірімен құрмаластыратын жалғаулықтар: не, немесе, я, яки, болмаса, әйтпесе, әлде. (Слайдқа топтастыру)

Екі жай сөйлемнің арасында немесе шылауы бір рет келсе, онда сөйлемдер арасына үтір қойылмайды. (10 мин)

Жаттығу жұмысын орындату.

113-жаттығу.

Төмендегі сөйлемдердің қайсысы жай сөйлем, қайсысы талғаулы салалас құрмалас? Ойларыңды ережелерге сай дәлелдеңдер.

1.Я алқымда булығып ашу тұрды, я көзінде жаңа бір үрей тұрды.

2.Күндіз ылғи ұзақ жырлар жырланады немесе әредікте шешендер, ділмарлар айтқан тақпақ, тартыс, билік, даулар айтылады.

3.Бұл істің шындығын не көзімен көрген айтар, не құлағымен естіген айтар. (10 мин)

Сабақты қорыту:

1) Сабақты қорытындылап ереже сұрау

2) Үйге тапсырма беру. 114-жаттығу.

3) Оқушыларды бағалау


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 қараша
756
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі