Материалдар / Кәсіпкерлік бағыт
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Кәсіпкерлік бағыт

Материал туралы қысқаша түсінік
Кәсіптің түрлері
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қырқүйек 2020
418
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Сабақтың тақырыбы: «Бухгалтерлік баланстың құрылымы »

Пәннің аты: «Бухгалтерлік есеп негіздері»

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушылардың «Бухгалтерлік есеп негіздері» пәнінен білім деңгейін жетілдіріп бухгалтерлік баланстың мазмұны мен құрылымымен таныстыру.

  2. Дамытушылық: жеке тұлғаның дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру,білімділікке, шапшаң ойларын қорыта білуге үйрету, экономиалық танымын дамыту, шығармашылық қабілетін арттыру.

  3. Тәрбиелік. Өзіне сын көзімен қарай білуге,ұжыммен жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, еңбек сүйгіштікке, өз мамандығына адал қызмет етуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ.

Сабақтың әдісі: Сыни тұрғыдан ойлау технологиясының әдісі бойынша жүргізу.

Сабақтың көрнекілігі: дербес компьютер, интерактивті тақтамен,тірек сызбалар,слайдтармен жұмыс жасау.

Сабақ СТО бағдарламасы бойынша 3 кезеңнен тұрады.

I.Қызығушылықты ояту.

II.Мағынаны ашу.

III.Ой толғанысы.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдері

Іс-әрекеттері

Уақыты

I.Қызығушылықты ояту

Оқушыларды түгендеп,оқушы көңіл күйін бағыттау,сабаққа деген ынтасын ояту.Үй тапсырмасын сұрау «Дөңгелек стол» стратегиясы.Сөзжұмбақ шешу.

25минут

II.Мағынаны ашу

Жаңа сабақ.

Жаңа сабақты меңгеру бойынша «топтастыру» стратегиясы мен «сәйкестендіру» кестесі.

40 минут

III.Ой толғанысы

«Инсерт» стратегиясын қолданып жаңа сабақты қорытындылау.

25 минут



«Бухгалтерлік есеп негіздері» пәні күрделі пән оны жаттап алу мүмкін емес,түсінуқажет. Егер ол пән оқушыны қызықтырмаса,не істеу керек? Міне осындай әр түрлі ойлардан кейін оқушы жүрегіне жол тауып,білімге жетелеу үшін оқушылады қызықтыратындай әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану жолын қарастырдым. Соның бірі сыни тұрғысынан ойлау технологиясының әр түрлі стратегияларын өз сабақтарымда қолданып бастадым. Нәтижесінде:

-сабақтың мазмұны,сапасы арта бастады;

-жауапкершілік,шығармашылық қабілеті қалыптасты;

-оқушы өзін-өзі бағалап,білім деңгейін арттыра алды

-пәнге деген қызығушылығы арттыра алды.

Осыған орай БУХ-18-2 тобында «Бухгалтерлік баланстың мазмұны мен құрылымы» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткіздім және сол тәжірибеммен сіздермен ой бөліскелі тұрмын.

I.Қызығушылықты ояту. Қызығушылықты ояту кезеңі- мұнда өткен тақырыптан не біледі, не айта алады,өткенді еске түсіру, ой қозғап, әсер ету кезеңі болады. Оқушыларды түгендеп, оқушы көңіл күйін бағыттау, сабаққа деген ынтасын ояту.Топқа бөлу.

Сабақтың бұл кезеңіне 25 минут беріліп, «Дөңгелек стол» стратегиясын пайдаландым.Оқушыларға өткен тақырыптар бойынша құрастырылған сөзжұмбақтар берілді, сөзжұмбақтағы шешілген жауаптарға түсініктеме бере отырып, өтілген тақырыпты оқушылар айтып шығады. Осы сөзжұмбақты шешу арқылы жаңа тақырыпқа өтеміз,яғни әр топқа таратылады,оқушылар ұжымдасып шешеді сосын слайдтан тексеріліп шыққан сөз бүгінгі жаңа тақырып екені айтылыды.

1

2

3

4

5

6







Б


Л


Н



А


А


С



























  1. Кәсіпорындағы берешек

  2. Кәсіпорынның кассадағы,есеп айырысу шотындағы бағалы қағаздары

  3. Жеке және заңды тұлғалар арасындғы өзара міндеттемелер мен шарттарды қабылдау

  4. Ақша аударушыдан ақша сомасын клиенттерге аудару

  5. Қарызын өтеуге шамасы жоқ борышкер

  6. Қатаң түрде таллас орындалатын құнды қағаз

Жауабы:

1.Дебитор

2.Қаражат

3.Келісім

4.Инкасса

5.Банкрот

6.Вексель

II.Мағынаны ашу. Мағынаны ашу кезеңінде-нақты тақырыпты оқытушы сұрақ-жауап арқылы түсіндіріе отырып, өз беттерімен ойларын ортаға салып, жаңа сабақ , жаңа идеяны жүзеге асыруға талпынады, Яғни оқушы ескі мен жаңаны ұштастырып ойын кеңейтеді. Жаңа сабақ оқушыларға түсінікті болу үшін тақырыпқа байланысты жасалған тірек сызбаларды пайдаландым.

Жаңа сабақты меңгергенін бақылау мақсатында «топтастыру» стратегиясы мен «сәйкестендіру» кестесі берілді. Оқушылар кітаппен, топпен жұмыс жасай отырып,әр топтан бір оқушы жаңа тақырыпты презентациялап қорғайды.Сабақтың бұл кезеңіне 40 минут берілді.

Сәйкестендіру кестесі арқылы оқушылардың білімін тексеру.

І "Қысқа мерзімді активтер"

1. ұзак мерзімді кредиторлық берешек

ІІ "Ұзақ мерзімді активтер"

2.салықтар бойынша міндеттемелер

ІІІ"Қысқа мерзімді міндеттемелер"

3. негізгі құралдар


IV "Ұзақ мерзімді міндеттемелер"

4.резервтер

V "Капитал"

5. ақша қаражаты және олардың эквиваленттері


Жауаптары:

І - 5

ІІ - 3

ІІІ - 2

IV - 1

V - 4

СТО технологиясы бойынша Топтастыру стратегиясы арқылы бухгалтерлік баланстың активін ашу.



ұзаң мерзімді қаржылық

инвестициялар

Shape1 ұзақ мерзімді үлес қосу әдісімен

дебиторлық берешек есептелінетін инвестициялар

Shape3 Shape2

Shape4

АКТИВ



инвестициялық негізгі құралдар

Shape5 Shape6 жылжымайтын мүлік

Shape7 Shape8

Shape9 Shape10 биологиялық активтер барлау және бағалау

Shape11 активтері



материалдык емес активтер кейінге қалдырылған

салықтық активтер

өзге де ұзак мерзімді активтер

III.Ой толғанысы. Ой толғанысы кезеңінде оқушы не білгенін қорытып,саралап,бекіту арқылы білімін жинақтайды. Жаңа өтілген тақырыпты оқушылардың қаншалықты меңгергенін білу мақсатында және сабақты бекіту мақсатында Инсерт стратегиясы қолданылып, оқушылар кестені толтырып және өзін-өзі бағалайды.

V ( бұрыннан білемін )

+(мен үшін жаңалық )

  • (келіспеймін,

менде басқа мәлімет бар )

?( түсінбедім,

терең білгім келеді )







ІV.Жаңа сабақты бекіту.

Жаңа сабақты бекіту кезінде студенттерге сұрақтар қойылып, берген жауабына және сабаққа белсенді қатысып отырғанына қарай бағаланады.

Бекіту сұрақтары:

1. Баланстың актив жағында қайсысы көрсетіледі?

2. Баланстың пассив жағында қандай ақпарат ашылып көрсетіледі?

3. Бухгалтерлік баланс құрылымы қандай?

4. Баланстық тепе-теңдік түсінігі?


V.Үйге тапсырма.

Бухгалтерлік баланстың мазмұны мен құрылымы”.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!