400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Кәсіпкерлік және бизнес негіздері

Материал туралы қысқаша түсінік
Кәсіпкерлі және бизнес негіздері Қысқа мерзімді жоспар 10 Сынып Кәсіпкерлікке кіріспе Кәсіпкерлі және бизнес негіздері Қысқа мерзімді жоспар 10 Сынып Кәсіпкерлікке кіріспе
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім:

Экономикалық құбылыс ретіндегі кәсіпкерлік

Педагогтың аты-жөні:

Зарком А Е

Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Кәсіпкерлікке кіріспе

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

10.1.1.1 «жеке кәсіпкер», «бизнесмен», «қажеттілік», «игілік» түсініктерін түсінеді;

        1. кәсіпкерліктің пәнін, мақсаттары мен міндеттерін түсінеді

Сабақтың мақсаты:

  • «жеке кәсіпкер», «бизнесмен», «қажеттілік», «игілік» түсініктерімен танысады;

  • кәсіпкерліктің пәні, мақсаттары және міндеттерімен танысады

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі /уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

  • Мұғалім оқушыларды оқу іс-әрекетіне және жаңа білімді меңгеруге дайындайды;

  • Оқу үрдісінде мотивация беруге жағдай қалыптастырады.

Жалғыз ағаш жапырақтармен жамылды, сіздердің арқаларыңызда әр түрлі түске боялды.

Ағаштың әдемі безендірілуі сіздердің күтулеріңіз және ұмтылыстарыңызға байланысты болды.

Осылайша, сабақтың жақсы өтуі және тапсырмалардың жақсы орындалуы да сіздерге байланысты болады ма?

Бүгінгі сабақта барысында сіздер табандылық, белсенділік танытып, бір – біріңізбен жақсы қарым-қатынаста болсаңыздар, сабақ табысты деңгейде өтеді деп үміттенемін!

«Жетістіктер ағашы» ойыны.

Саламатсыздар ма оқушылар! Сіздердің жақсы көңіл күймен келгендеріңізге қуаныштымын! Балалар, мына жалғыз тұрған ағашқа көңіл аударсаңыздар (тақтада жапырақтарысыз ағаш бейнеленген ватман ілінген). Әрқайсыңызда әр түрлі түстегі жапырақтар бар (парталарының үстінде). Сіздер осы жапырақтарды алып, біздің жалғыз тұрған ағашты түрті-түсті жапырақтармен толтырсаңыздар (әр оқушы өзіне ұнаған түстегі жапырақты таңдап, ағашқа бекітеді).

Оқушылар жапырақтарды бекіткеннен кейін:

- жасыл түсті жапырақтарды таңдағандарыңызға, бүгінгі сабақ табысты болады деп күтеміз.

Кызыл түсті жапырақ таңдағандар – қарым-қатынас орнатқысы келеді.

Сары түсті жапырақ таңдағандар – белсенділік танытады деп күтеміз.

Көк түсті жапырақ таңдағандар – табандылық танытады деп күтеміз

«Жетістіктер ағашы» ойыны.

Флипчарт немесе ватман (Жапырақтарысыз ағаш суретін салыңыз). Әр түрлі түстегі жапырақтар. Сабақ презентациясы

Сабақтың ортасы

Сабақ басында
мұғалім оқушыларды оқыту процесінің аспектілерімен таныстырады. Оқушыларға
1)
atameken.co порталына қалай тіркелу керектігін көрсету керек;

2) тоқсанды ұйымдастыру: қандай
бөлімдер мен тақырыптар оқытылады.

Кәсіпкерлік және бизнес негіздері бойынша алғашқы сабағымызға қош келдіңіздер! Сіздердің жаңа пәннен қандай да бір нәтижелер күтетініңіз белгілі, яғни кәсіпкер болу үшін не
қажет екенін түсіну, ол сізге қаншалықты қажет
екенін анықтау, өз бизнесіңізді жүргізу мен ұйымдастыру әдістері мен жолдарын үйрену және т. б. сияқты күрделі сұрақтарға жауап алғыңыз келетіні сөзсіз. Ал кәсіпкерлікке тікелей байланысты мұндай сұрақтарға жауапты сіз ұсынылып
отырған пәнді оқу барысында міндетті түрде
ала аласыз.

Келесі сұрақтарды қоя отырып, сыныпта оқушылармен талқылаңыздар:

Кәсіпкер деген кім?

Бизнесмен деген кім?

Кәсіпкер болуы үшін не қажет?

Олардың басқа адамдардан қандай айырмашылығы бар?

Олар өз алдына қандай мақсаттар қояды?

Біз бүгінгі сабақты ең қарапайым
нәрселерден бастаймыз: кәсіпкер мен бизнесменнің кім екенін, олардың басқа адамдардан
қандай ерекшелігі бар екенін, алдына қандай
мақсаттар қоятынын талқылаймыз.

Біз пәнімізді кәсіпкердің сөздікте берілген
анықтамасынан емес, оның басқа адамдардан
несімен ерекшеленетінінен бастаймыз. Басқаша айтқанда, біз кәсіпкерлік ойлауды қоршаған әлемде болып жатқан жағдаяттар мен
оның ресурстарына тек тұтынушы ретінде емес,
керісінше жасампаз әрі әлемді өзгертуші қабілет
тұрғысынан қарастырамыз.

Содан кейін мұғалім сыныпқа кәсіпкерлік
ойдың ерекшеліктері, кәсіпкер мен бизнесменнің айырмашылығы, кәсіпкерліктің
тақырыбы, мақсаттары және тапсырмалары
туралы айтып береді.

1 -Тапсырма, оқулықтың 8,9 беті

Өз елді елді мекеніңізден шыққан кәсіпкерге мысал келтіріңіз.

Қазақстанда ең беделді кәсіпкер ретінде кімді санауға болады? Неге олай санайтыңызды түсіндіріңіз.

Табысты кәсіпкердің, бизнесменнің ерекше сипаттарын келтіріңіз.

2 -Тапсырма, оқулықтың 9 беті

Кәсіпкерлік қызметпен айналысудың 5 артықшылығы мен кемшіліктерін көрсетіңіз.

Артықшылықтар (мысалы: шығармашылық еркіндігі);

Кемшіліктер (мысалы, мөлшерленбейтін жұмыс кестесі):

1 және 2-тапсырмаларды орындау кезінде
оқушыларға өз ауылдарында, қалаларында және
елінде тұрып, жұмыс істейтін шынайы адамдардың көрнекі мысалдарын еске түсіруге мүмкіндік беру керек. Егер мүмкіндік болса «Атамекен» ҰКПның (Кәсіпкерлер палатасы) өкілдерін шақырып, кәсіпкерлер, олардың кәсіби қалыптасуының қызықты оқиғалары туралы фильм көрсеткен
дұрыс.

Бағалау формасы «Лайк» ( )















Өзін-өзі бағалау, өзара бағалау, ұжымдық бағалау

10 сыныпқа арналған «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқулығы. Авторлары; Е.С. Дуйсеханов, С.А. Щеглов, Д.Ханин, А.А. Сейтенова.

1-бөлім

Сабақтың соңы

Өткен тақырыпты бекіту мақсатында оқушыларға «Кәсіпкерлік ойлау қабілеті дегініміз не?» тақырыбына викторина сабағын немесе сынақ сабағын өткізіп жіберуге болады

4 тапсырма, оқулықтың 9 беті.

Өзіңіздің және өз достарыңыздың бизнес әлемі туралы көзқарасыңызды салыстырыңыз. Ұқсастықтар мен айырмашылықтарды көрсетіңіз.

5 тапсырма, оқулықтың 9 беті.

Кәсіпкерлік қызметпен айналысу арқылы өз мақсатыңызға қалай жетуге болатынын көрсетіңіз.

4 және 5-тапсырмалардың материалдары қиын ситуацияларды шешу дағдыларын
қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Көңіл-күй және эмоциональды жағдайдың рефлексиясы:

Парталас көршіңізге арналған үш сөйлемнің біреуін таңдаңыз:

-Жарайсың,

-Бүгінгі сабақтағы жұмысың мені қанағаттандырады,

-Өзіңді бүгінгі сабақта жақсы көрсетуіңе болар еді

https://4brain.ru/blog/пирамида-франклина/)



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
02.11.2022
1340
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі