400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кәсіпкерліктің объектілері мен субъектілері

Материал туралы қысқаша түсінік
колледждің 2- курс студенттеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Оқытушы: Еркебаева А.Ж.

Пәннің аты: «Ұйым экономикасы»

Оқу тобы: 3 УиА 17-1 « » 2019 жылы.

Сабақтың тақырыбы: Кәсіпкерліктің объектілері мен субъектілері.



Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың мақсаты:

  • Оқу:Ұйымның шығындарын, өнімді өндіруге кеткен шығындарды анықтау және өнімнің өзіндік құнына кіретін шығындарды, олардың топтастырылуы жайлы білімді қалыптастыру және алынған білімдер мен дағдыларды бекіту


  • Дамытушылық: Білімгерлердің сын тұрғысынан ойлау, модульдік технологиялардың элементтерін пайдалана отырып, танымдық қабілеттерін, өз бетімен жұмыс жасау, сөздік қорын, сұрақ қоя білуге үйрету, шығармашылық қабілеттерін дамыту.



  • Тәрбиелік: Меңгерілетін материалға деген қызығушылықты, пәнге деген сүйіспеншілікті, ісіне жауап бере алатын тұлғаны тәрбиелеу.


Пән аралық байланыс: Экономикалық талдау және қаржы есебін талдау , Қаржылық есеп.


САБАҚТЫҢ ЖАБДЫҚТАЛУЫ


Көрнекі құралдар: (Power Point) бағдарламасы бойынша слайдтар, сызбалар, қима қағаздар.

Техникалық оқыту құралдары:

(Power Point) бағдарламасы бойынша слайдтар

Оқыту әдістері:

Интерактивті технологиялық әдістерді, лекция сабағында қолдану.

Қолданылған әдебиеттер: Р.Қ.Ниязбекова «Кәсіпорын экономикасы ». Ө.Шеденов «Жалпы экономикалық теория». Г.Теңізбаева «Кәсіпорын экономикасы».

Сабақты жүргізу кезеңдері

(негізгі және қажетті әдістемелік түсіндірмелер мен ұсыныстар)

Қолданылатын оқу құралы, технологиялық оқу құралдары және оқыту әдістері.

Бөлінген уақыт (мин)

1.Ұйымдастыру кезеңі:

- Аудитория дайындығын тексеру.

- Білімгерлерді түгендеу.

- Білімгерлерді сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Интерактивті тақта бағдарламасы Power Point бағдарламасы


3 мин.

2.Өткен тақырыпты жалпылама қайталау


1. Сұрақ-жауап

2. Өткен тақырыптар бойынша Термин сөздіктер

Интерактивтсұрақтар


Фронтальды сұрау ауызша.

15 мин.

3.Жаңа тақырыпты баяндау.


Тақырып: Ұйым шығындары және олардың топтастырылуы.

  1. Шығындардың мәні және түрлері

  2. Өнімдерді өндіру және оны сату шығындары

  3. Өнімнің өзіндік құнын төмендету жолдары

ПК, проектор интерактивті тақта


50 мин.

4.Тақырыпты бекіту (жаңа тақырыпты түсіндіру барысында бөлімдерден кейін немесе тақырып толық түсіндірілгеннен кейін).


1. Рефлекция жасау ( нені білем, нені білдім, нені білгім келеді).

2. Тест сұрақтармен жұмыс.

Фронтальды сұрау интерактивті тақта.



15 мин.

5.Сабақты қорытындылау және бағалау


1.Тақырыптар бойынша орындаған жұмысқа түсінік беру.

2.Бағаларды қою.




5 мин.

6.Үй тапсырмасы:

Конспект бойынша қайталау.




2 мин.




ІІ. Өткен тақырыпты қайталау



2.1.«Кім көп біледі» сұрақ- жауап тапсырмасы

Қима қағаз

1.Кәсіпкерліктің мәні неде...

Қима қағаз

2.Кәсіпкерліктің түрлері...

Қима қағаз

3.Табыс әкелетін қызметтің түрі...

Қима қағаз

4.Адам еңбегі ресурстарын пайдалануға байланысты табыс...

Қима қағаз

5.Кәсіпорында жұмсалатын ақша қаражаты..

Қима қағаз

6.Табыс әкелетін кез-келген қызметтің түрі....

Қима қағаз

7.Қаржылық кәсіпкерліктің обьектісі...

Қима қағаз

8.Экономикалық шаруашылық іскерлік жүйесінің үлгісі

Қима қағаз

9.Кәсіпорынның ең басты мақсаты...

Қима қағаз

10.Кәсіпкер неге бара білу тиіс...


2.2. «Дұрыс таңда» тест тапсырмас


1.Экономика нешеге бөлінеді

А) Макроэкономика

Б)Өндірістік емес

В)Салаэкономика

ГShape2 Shape1 ) Микроэкономика Жауабы


2. Кәсіпкер дегеніміз

А)Адамды өндірісітік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам

Б)Табыс әкелетін кез-келген қызмет түрі

В)Тұтынушының ақша төлеп аталатын қажетті заттарды өндіруді өз міндетіне алатын адам

Г)Адамның бизнесте жаңалық аша білуі




3.Кәсіпкерлік қызмет дегеніміз...

А)Өндірістік, коммерциялық

Б)Кәсіпкерлік

ВShape4 Shape3 )Қаржылық кеңес беру

Г)Өндірістік емес Жауабы



4.Экономика жағынан алып қарағанда кәсіпкерліктің өзара байланысқан жағы:

А)Жалпы экономикалық мәні

БShape6 Shape5 )Шаруашылық мәні

В)Ерекше әлеуметтік формалары

Г) Коммерциялық жағы Жауабы


5. Нарықтық экономиканың аралас әлеуметтік бағытталған екі секторлық ортасы бар оларды ата...

А) Шаруашылық

Б) Жеке меншік

В)Коммерциялық

ГShape7 Shape8 ) Компаниялық Жауабы



3.Жаңа тақырыпты баяндау

Тақырып: Кәсіпкерліктің жауапкершіліктері мен субьектілері.

1.Кәсіпкерліктің субьектілері және олардың түрлері

2.Нарықтық инфрақұрылым субьектілері шағын кәсіпкерліктің дамуына әсері

3.Инфра құрылымның мәні мен маңызы.

4. Шағын кәсіпкерлік субьектілері мен жауапкершіліктері.

1.Кәсіпкерлік- азаматтар мен олардың бірлестіктерінің пайда немесе өзіндік табыс алуға бағытталған бастамашылық дербес қызмет.Кәсіпкерлікті азаматтар өз атынан өзінің мүліктік жауапкершілік кепілдігімен немесе яғни тұдғаның (кәсіпорынның) атынан және соның жауапкершілігі кепілдігімен жүзеге асырады.Кәсіпкерлік кәсіпорынның ұйымның –құқықтық нысаны арқылы айқындалатын шектегі мүліктік жауапкершілікті көздейді.

Қазақстан азаматтары мен шет мемлекеттердің бірлестіктері кәсіпкерлік субьектілері болып табылады.кәсіпкерлік жалдамалы еңбекті қолданбай немесе жалдамалы еңбекті қолданып, жаңа тұлға құрамай, заңды тұлға құрып жүзеге асырылады. Жалдамалы еңбекті қолданбай жүзеге асырылатын кәсіпкерлік жеке еңбек қызметі ретінде тіркеледі, жалдамалы еңбекті қолдану жолымен жүзеге асырылатын кәсіпорын ретінде тіркеледі.

Кәсіпкерліктің негізгі атқаратын қызметтері:

  1. Новаторлық қызмет: Әрбір кәсіпкер өзінің мақсатына жету үшін кәсіпкерлікті ұйымдастырудың жаңа формаларын, жаңа технологияларды қолдануға мүдделі болады.Бұл қызмет өнімнің бәсекеге қабілеттілігін және сапасы туралы мәселелерді шешеді.



  1. Ұйымдастыру қызметі: Әрбір кәсіпкер минималды шығын жұмсау және максималды пайда табу мақсатымен ең тиімді өндірісті таңдайды.Өндірісті ұйымдастыру кезінде кәсіпкер жер,еңбек капитал ресурстарын бір процеске біріктіреді.





  1. Тәуекелеге бара білу қызметі:Әрбір кәсіпкер тәуекелге бару үшін істелетін істің айқындылығын талдап, қорытындысына не болатынын білген жөн.Кәсіпкер тек қана өз уақыты, еңбегін, іс қабілеттілігін тәуекелге салмайды, сонымен бірге өндіріске кеткен өзінің серкітестіктерінің немесе акционерлерінің қаржыларын тәуекелге салады.

  2. Басқару қызметі:Әрбір кәсіпкер шаруашылықты жүргізуде негізгі шешімдерді қабылдау инициативасын өз жауапкершілігіне алады:

  • Кадр мәселесін

  • Өнімді сатып өткізу

  • Банк жүйесімен байланысты мәселелерді

1Кәсіпкерліктің обьектісі

  • Шаруашылық қызметтің кез-келген түрі

  • Коммерциялық делдалдық

  • Инновациялық,кеңес беру іс-әрекеттері

  • Құнды қағаздармен операцияларга



Кәсіпкерліктің экономикалық әлеуметтік және құқықтық жағдайлары



Экономикалық жағдайлары.

  • Нарыққа тауар

  • Қызметтер ұсыну

  • Тауарлардың қызметтердің алуан түрлері

  • Тұтынушылардағы тауарлар көлемі,яғни олардың сатып алу қабілеттілігі

  • Жұмыс орының және жұмыс күшінің артық-кемдігі

  • Еңбек ақы қорының артық-кемдігі

  • Қарыз беретін мекемелердің ақша ресурстары болуы қажет

Әлеуметтік жағдайлары

  • Кәсіпкерлікті ұйымдастыру қалыптастыру үшін тұтынушыларда тауар сатып аларлық қаражаты болуы.

  • Олардың тауарға ,қызметке деген талғамы, төлем қабілеттілігі бар сұранысы болуы

  • Әлеуметтік жағдай әрбір адамның жұмыс орнындағы жағдайы, еңбек ақы мөлшерімен байланысты.

  • Әрбір кәсіпкер әлеуметтік мәселелерге белсенді араласып, жағдай жасалуы тиіс: денсаулық сақтау, жұмыс орнын жасақтау, еңбек ақы мөлшерін қадағалау.



Құқықтық жағдайлары



  • Кәсіпкерлікті реттейтін заңдар және нормативтік-құқықтық жағдайлардың болуы: Қазақстан республикасының Азаматтық Кодексі, салық туралы заңдар, кәсіпкерлерді қорғайтын заңдар, шағын және орта бизнесті қолдайтын органдар, меншікке құқықтық заңдар.





2.Нарықтық инфрақұрылым субьектілері, шағын кәсіпкерліктің дамуына әсері

Кәсіпкерлік субъектілері үшін инфрақұрылымдық нарықтарды құрайтын нарықтық механизмдерді жетілдіру өте өзекті мәселе болып табылады, өйткені, бұл мемлекеттегі кәсіпорындардың даму проблемасына жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.





Нарықтық инфрақұрылымның субьектілерінің үздіксіз жұмыс істеуіне мыналарға мүмкіндік береді.

  • Шаруашылық бірліктері арасындағы келісім шарт жасауда шығындар көлемін азайтуға, сондай-ақ тауар өтімі мен қозғалысы кезіндегі шығындарды азайтуға:

  • Аталған келісім шарттардың орындалуын жеңілдетуге; кәсіпорын ішіндегі өндірістік процестердің үздіксіздігі мен тұрақтылығы қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

  • Қызмет есебінен айналым қаражаттарының айналымдылығын жеделдету, қызметкерлер мен мердігерлерді сапалы әрі тез іріктеу, жетілдірілген арнайы байланыс құралдарын пайдалану.

  • Айналым қаражатының жылдамдығына шешуші әсер ететін маңызды факторлардың бірі әртүрлі экономикалық субьектілердің төлемдерін қабылдау,аудару және беру бойынша банк жүйесінің тез және үздіксіз жұмыс істеуі.

  • Жалға беру және лизинг қызметінің, бағалы қағаздар эмиссиясының, менеджмент, инжиниринг саласындағы қызметкерлері кәсіби дайындау және қайта дайындау есебінен кәсіпорындардың дамуы.

  • Тауарлар мен қызметтердің тұтынушыларға дайін жарнама және басқа да жылжыту құралдарын пайдалану арқылы тұтынушылардың сұранысын, нақты нарықтардың сыйымдылығын зерттеу бойынша қолданбалы зеттеу жұмыстарын пайдалану арқылы жеткізу бойынша маркетингке ықпал ету.



Нарықтық инфрақұрылдымның арнайы субьектісінің кәсіпорындармен жұмыс кезіндегі табыс көп жағдайда оның қызметінің екі бағытымен анықталады

1.Бастапқы кезде негізгі назар кәсіпкерлердің нақты бір тобына бағытталуы керек, содан соң қызмет істеу механизмі қосылып, жанданған соң қызметті тұтынушылар нарығы кеңеюі

2.Кәсіпорын қажеттіліктерінің өзгерістерімен байланысты ұсыныс түрлерінің ассортименттерін міндетті түрде кеңейту керек.

Кәсіпкерліктің экономикалық потенциалын бағалай отырып: нарықтық инфрақұрылым-субьектілерінің мамандары, өз қызметтерінің потенциалды тұтынушылары, сұраныстарының көлемін анықтау керек. Кәсіпкерлік субьектілерінің қажеттіліктерін- анықтауда сонымен қатар қызметтің потенциалды тұтынушыларын мақсатты түрде жіктеу қажет қалалық кәсіпкерлік және ауылдық жерлердегі кәсіпкерлік. Субьектілерінің қызметін шұғыл жоспарлау қаржы ресурстарына, қызметкерлерінің санына олардың алға қойған мәселелерді орындай алуына негізделуі керек.Жалпы алғанда нарықтық инфрақұрылым субьектілерінін құрудың мақсаты-кәсіпкерлік субьектілерінің қызмет ету және даму үшін қажетті ресурстарға қол жетімділігін қамтамасыз ету.

Кәсіпкерлік субьектілері үшін - инфрақұрылымдық нарықтарды құрайтын нарықтық механизмдерді жетілдіру өте өзекті мәселе, өйткені бұл мемлекеттік кәсіпорындардың даму проблемасына жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Заңды тұлға құрамайтын жеке адамдар және қызметкерлерінің орташа жылдық саны 50- адамнан аспайтын және активтерінің жалпы құны орта есеппен бір жыл ішінде алпыс мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын , кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғалар кәсіпкерлік субьектілері- болып табылады.

Кәсіпкерліктің қоғамдық аса маңызды қызметі ретінде нарықтық экономиканың жоғары икемділігін қамтамасыз ету функциясын айтуға болады.

Кәсіпкерліктің даму процесі: өндірістік шаруашылық қызмет процесінде оларды әлсіз ететін кәсіпкерлік субьектілерінің ерекше мінездемелеріне байланысты болады.

  • бастапқы капиталдың болмауы проблемасы,

  • қаржылық тұрақсыздық

  • капиталды толық пайдалану мүмкіндігінің болмауы

  • несие алудағы кепілмен қамтамасыз етудегі қиындықтар

  • нарық коньюктурасының тез өзгеруіне байланысты жоғары тәуелділік

  • шикі зат пен материалдармен жабдықтаудағы туындайтын қиындықтар (ұсақ партиялар, жоғары бағалар) табиғи монополистерден жабдықталу бойынша қорғалмауы ( отын, электр энергиясы, транспорт, байланыс).

Нарықтық инфрақұрылымның субьектілерінің үздіксіз жұмыс істеуіне мыналар мүмкіндік береді.

  • Шаруашылық бірліктер арасындағы келісім шарт жасауда шығындар көлемін азайтуға, сондай- ақ тауар өтімі мен қозғалысы кезіндегі шығындарды азайтуға;

  • Жоғарыда аталған келісім шарттардың орындалуын жеңілдетуге;

  • Кәсіпорын ішіндегі өндірістік процестердің үздіксіздігі мен тұрақтылығымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.



3.Инфра құрылымның мәні мен маңызы.

«Инфрақұрылым»- түсінігі экономикалық категория ретінде, шаруашылық қызметтің нәтижелілігін қамтамасыз ететін қажетті элемент ретінде біздің санамызға мықты орнығып алса да, отандық және шетелдік зерттеушілердің көз қарасы бойынша оның мәні,мазмұны және нақты құрамы әлі де болса ашық қалып отыр.

  • Инфрақұрылымның қалыптасуы - тек қана функциялар мен принциптердің жиынтығы ғана емес, нарықтық шаруашылықтың бір бөлігі және оған сәйкес материалдық өндіріс саласының барлық құрамдас элементтерінің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін шаруашылық субъектілердің жиынтығы ретінде анықтауға мүмкіндік беретін күрделі механизм.

.



  • Нарық негіздерін зерттеудің кез келген түрі -таным субъектісінің алдына нарықтық инфрақұрылымның қалыптасу мәселесін қояды, өйткені нарықтық шаруашылықтың тиімділігі белгілі бір деңгейде қоғамдық өндіріс процесінің жалпы құрылымдық элементтерінің жағдайына байланысты болады

.
Инфрақұрылым біртұтас экономикалық жүйенің маңызды компоненті-

  • Нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен нарық инфрақұрылымының арасындағы, сонымен қатар инфрақұрылымның өз ішіндегі теңдікті сақтау қажеттілігі оның барлық элементтерінің жетілуі мен дамуына кешенді түрде ықпал етуді талап етеді

Қазіргі заманғы нарықтық жүйе-

  • өз дамуының жоғары деңгейіне жетті, өйткені оған қажетті инфрақұрылымды жасау барлық өндіріс процесін қамтитын іс-шараларды жүзеге асыруды талап етеді.

Инфрақұрылымды жіктеуге әртүрлі көзқарастарды жүйелей келе оны келесі блоктарға біріктіруге болады :өндірістік инфрақұрылым, нарықтық инфрақұрылым;




  • Өндірістік инфрақұрылымды - кестеде көрсетілген белгілер бойынша қарастыру оның дамуын кешенді талдауға, диспропорцияны, жетілдіру бағыттарын анықтауға, аймақтық бағдарламаларды жасаған кезде пайдалануға мүмкіндік береді.

  • Бұл жіктеудің теориялық мәні – оның көмегімен өндірістік инфрақұрылымды аймақтық экономиканың кешенті құраушысы ретінде қарауға болады, ал тәжірибелік мәні – жіктеу белгілеріне сәйкес әр топтағы мәселелер мен қарама-қайшылықтарды есепке алуға мүмкіндік береді.

  • Әлеуметтік инфрақұрылым – адамның жеке және қоғамдық қажеттіліктерін іске асыру кезінде әртүрлі қызмет түрлерін ұсыну арқылы кешенді ұдайы өндіруге мүмкіндік беретін салалар мен қызмет түрлерінің жиынтығы.







Жоғарыда айтылғандай біз инфрақұрылым категориясына келесідей анықтама бердік: нарықтық инфрақұрылым дегеніміз бұл – негізгі қызметі тауар қозғалысының нарықтық шаруашылық шеңберіндегі негізгі процестеріне қызмет көрсетуге, сатушылар мен сатып алушылар іздеуге, кәсіпорындар арасындағы шаруашылық байланыстарды, ресурс ағымдарының қозғалысын, сондай-ақ кәсіпкерлік құрылымдардың жұмысын жолға қоюға бағытталған шаруашылық субъектілердің жиынтығы болып табылады.



IV.Шағын-кәсіпкерлік субьектілері мен жауапкершіліктері.



Кәсіпкерліктің жауапкершілілігі

  • кәсіпорын деңгейінде инфрақұрылымдық кешендерді қалыптастыруға жағдай ж жасайды.Мысалға айта кету керек (ақпараттық қамсыздандыру бөлімшелері, талдау және сервисті қызмет көрсету және т.б). Бұл жағдайда инфрақұрылымдық қамсыздандыру орташа шығындардың төмендеуін қамтамасыз ететін фактор есебінде жұмыс атқарады

  • Мұнда нарықтық инфрақұрылым субъектілерінің және шағын кәсіпорындардың өзара байланысы қаржылық, ақпараттық, кеңес беру, кадрлық, ғылыми, және басқа да ұсыныстар шеңберінде жүзеге асуы мүмкін. Бұл функцияларды іске асыратын нарықтық инфрақұрылымның субъектілері мамандандырылған болуы мүмкін, яғни көп профильді сияқты тек бір ғана ұсыныс түрінің көрсетілуін қамтамасыз етеді.

  • кәсіпкерліктің қалыптасу және даму проблемаларын аймақтық деңгейде қарастыру қажет, ол келесі факторларға негізделеді: экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, географиялық.

  • Олардың ішінде ең маңыздысы шикізат ресурстарымен қамтамасыздандыру, қызмет көрсету және өтім нарығы, еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету, сондай-ақ аймақтық нарықтық инфрақұрылымның даму деңгейі болып табылады

Аймақ деңгейінде нарықтық инфрақұрылым субъектілерінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етукәсіпкерлік субъектілерімен ара қатынасының кеңею жағдайларына мынадай жауапкершілік жүктеу керек.

  • нарықтық инфрақұрылымның аймақтағы кәсіпкерліктің даму деңгейіне сәйкестігі, кәсіпкерліктің қажеттіліктерінің толық есепке алынуын;

  • нарықтық инфрақұрылым субъектілерінің аймақ кәсіпкерлері үшін ыңғайлы қызмет бағасына бағытталуын;

  • көрсетілетін қызметтердің көп түрлілігі мен кешентілігі мақсатында инфрақұрылымның әр түрлі субъектілерінің қызметтерін реттелуін;



Шағын кәсіпкерлік субъектілер республиканың барлық аймақтары мен шаруашылық кешеннің барлық саласында құрылып, жұмыс істеу үстінде. Олар әртүрлі тұтыну тауарлары өндірісімен айналысуда, қызметтің кең түрін көрсетуде, азық-түлік өнімдерін өндіруде, ауыл шаруашылық өнімдерін өсіріп, сауда-делдалдық, коммерциялық және қаржылық қызметпен айналысуда.



Шағын қалалар мен ауылдық мекендердегі шағын кәсіпорындар келесі проблемаларды шешуге мәжбүр болып отыр:

  • жергілікті нарықтың аздығы бизнес ауқымын шектеуі мүмкін;

  • коммуникацияның әлсіз жүйесі үлкен аумақтарда бизнес жүргізу шығындарын көбейтеді;

  • кәсіпкерлер кәсіпкерлік қызметті жүргізу үшін капиталдың жетіспеушілігіне ұшырайды;

  • халықтың еңбек қабілетінің аясы тарылады;



Қазақстандағы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны .Шағын кәсіпкерліктің даму динамикасы

Кәсіпкерліктің даму динамикасын оның құрылу кезеңінен бастап бағалау мүмкін емес. 1991 жылдан бастап шағын кәсіпкерлік субъектісін анықтау критерийіне, ұйымдастыру-құқықтық формасына, субъект мәліметтерін есепке алу жүйесіне бірнеше рет өзгерістер енгізілді. Жеке зерттеушілердің мәліметтеріне қарағанда, шағын бизнес субъектілері қызметінің нәтижелерін салыстыру шағын кәсіпкерліктің негізгі нормативтік-құқықтық базасы қалыптасқан 1991 жылдан бастап байқалады.





Кәсіпкерліктің дамуының аймақтық аспектілерін зерттеудің бірнеше себептерге байланысты ерекше мәні бар:

  • кәсіпорындар өзінің өндірістік-шаруашылық қызметінде ең алдымен жергілікті нарықтың қажеттілігін қанағаттандыруға жұмыс істейді. Сондықтан кәсіпкерлік белсенділіктің әсер ету аясы нақты бір территорияның экономикалық-географиялық жағдайларымен анықталады;



  • нарықтық экономиканың негізгі белгісінің бірі микродеңгейде шаруашылық маңызды шешімдер қабылдауда болып табылады. Фирманың өмір сүруінің сыртқы ортасы тиімді қызмет үшін жағымды болуы қажет, ал ол аймақтарда қалыптасады;

  • кәсіпкерлік аймақтардың белгілі бір шаруашылық оқшаулануы жағдайында

  • аймақтық экономиканың құрылымын тиімділеудің маңызды факторы болуы қажет;

Бірлескен кәсіпкерлік екі не бірнеше елдер серіктестерінің өндірістік-шаруашылық қызметінің кең ауқымды нысаны, яки өндіріс пен айналыс аясындағы, ғылыми-техникалық, инвестициялық және қызмет көрсету салаларындағы бірігу;



Жеке кәсіпкерлік кәсіпкерлік қызметпен заңды тұлға құрмай айналысу; мемлекеттік кәсіпкерлік – ұлттық экономиканы дамыту үшін тауарлар шығаратын, қызметтер көрсететін мемлекеттік кәсіпорындардың қызметі, тәуекелдікті кәсіпкерлік – көбінесе ғылымды көп қажетсінетін салаларға бағытталған, жаңа технологияны жасаумен және таратумен айналысатын, яки инвестициядан табысты кем алу қатері үлкен салалардағы ұсақ фирмаларға тән кәсіпкерлік.











Шағын кәсіпкерліктің және жеке кәсіпкерліктің салыстыру динамикасы



 





3.1.Жаңа тақырыпты бекіту

Терминдік сөздік (глосарий)

Шағын кәсіпкерлік субъектілері заңды тұлға құрмайтын жеке адамдар және қызметкерлерiнiң орташа жылдық саны 50 адамнан аспайтын және активтерiнiң жалпы құны орта есеппен бiр жыл iшiнде алпыс мың еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын, кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын заңды тұлғалар болып табылады

Шағын кәсiпкерлiктiң инфрақұрылымы өз iсiн ұйымдастыруға жәрдемдесудi, маркетинг, инжиниринг және менеджмент саласындағы ақпаратпен қамтамасыз етудi, шағын кәсiпкерлiктi материалдық-техникалық, қаржылық және басқа да ресурстармен коммерциялық негiзде қамтамасыз етуге жәрдем көрсетудi қоса алғанда, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жұмыс iстеуi мен дамуының жалпы жағдайларын қамтамасыз ететiн, құрылатын немесе пайдаланылатын ұйымдар кешенi;

Бірлескен кәсіпкерлікекі не бірнеше елдер серіктестерінің өндірістік-шаруашылық қызметінің кең ауқымды нысаны, яки өндіріс пен айналыс аясындағы, ғылыми-техникалық, инвестициялық және қызмет көрсету салаларындағы бірігу;

Жеке кәсіпкерлік кәсіпкерлік қызметпен заңды тұлға құрмай айналысу; мемлекеттік кәсіпкерлік ұлттық экономиканы дамыту үшін тауарлар шығаратын, қызметтер көрсететін мемлекеттік кәсіпорындардың қызметі, тәуекелдікті кәсіпкерлік – көбінесе ғылымды көп қажетсінетін салаларға бағытталған, жаңа технологияны жасаумен және таратумен айналысатын, яки инвестициядан табысты кем алу қатері үлкен салалардағы ұсақ фирмаларға тән кәсіпкерлік.

Ресурстар тауарлар мен қызметер өндіру кезіндегі адамның шаруашылық әрекеті үшін қажетті, пайдалануға әзірленген игіліктер.

Табысуақыт бірлігінде келіп түскен ақша немесе түсім. Табыстыңтөртнегізгіформасыбелгілі:

рента, еңбекақы, пайдажәнепайыз


Кәсіпкертабысалуүшінтәуекел мен қорқынышқабаратыннарыққатынастарыныңжекесубъектісі.


Кәсіпкерлікқызметтабысалуғабағытталғаназаматтардыңдербесинциативалыққызметі.Табысалумақсатындаөндірісфакторларынқосукәсіпкерлікқызметтікбастымәніболыптабылады.



1V.Үй тапсырмасы 3 мин

Сабақты қорытындылау және білімді бағалау


Үй тапсырмасы

























































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
26.03.2019
4007
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі