400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық-құқықтық формалары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Кәсіпкерлер өз құқықтары туралы біледі
Материалдың қысқаша нұсқасы



ІІ бөлім. Кәсіпкерлік қызмет түрлері, кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық-құқықтық формалары

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар:

Қатыспағандар:



Сабақтың тақырыбы

Кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық-құқықтық формалары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.2.2.1 Кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық-құқықтық формаларын ажырата біледі;


Сабақтың мақсаты

Қолайлы жағдай туғызу. Оқушылардың өздігінен:

  • Кәсіпкерлік қызмет түрлерін ажырата білуіне;

Бағалау критерийі (Күтілетін деңгейлік нәтижелер)

  1. меңгеру деңгейі. Барлық оқушылар кәсіпкерлік қызмет түрлерін біледі.(өнімсіз деңгей)

  2. меңгеру деңгейі. Олардың ішінен көбісі: жеке кәсіпкерлік туралы біледі. Оқушылар алған білімін тереңдетеді, жүйелейді (конструктивті деңгей);

  3. меңгеру деңгейі. Олардың ішінен кейбірі: Жастар саясаты туралы өз түсініктерін айтады.Тақырып бойынша алған білімінің толықтылығы қамтамасыз етіледі (өнімді деңгей). Тақырыпты толық меңгерген оқушы шығармашылық тапсырманы орындайды.

Тілдік мақсаттыр

Лексика және терминология: әйелдер мен жастар кәсіпкерлігі- женское и молодежное предпринимательство- female, youth entrepreneurship, әлеуметтік кәсіпкерлік- социальное предпринимательство-social entrepreneurship

Құндылықтарға баулу

Сын тұрғысынан олау, топтық жұмыс барысында өзара сыйластық, құрметпен қарау, ынтымақтастық, ашықтық, басқалардың пікірлерін тыңдауға, өз пікірін айтуға дағдыланады.


Қолданылатын әдіс-тәсілдер

«Ой бөлісейік». «Шеңбер бойымен сұрақ қою», «Сұрақтарға жауап берейік» дағдысы. «Шешен» әдісі, «Ойланайық, талқылайық» дағдысы

Қолданылатын ресурстар

Оқулық, оқушының жеке дәптері, мұғалім кітабы, флипчарт, стикерлер

Алдыңғы білім

Өткен тақырып бойынша сұрақтар беріп, осы сабақпен лоикалық көпір құру, мысалы: «Есіңе түсір!» айдарындағы сұрақтар бойынша: Кәсіпкерлік дегеніміз не? Кәсіпкерлік функциялары мен принциптеріінің мәні неде?

Сабақтың барысы, кезеңдері және оқушы мен мұғалімнің әрекеттері

Сабақ басы (5 минут)

  1. Оқушылармен амандасу. Мұғаліп сыныпта жағымды ахуал орнату үшін «Қиял әлемі!» тренингін ұйымдастырады. Оқушылар бір-біріне бұрылып, алдында тұрған оқушыға сәттілік тілейді.

  2. Оқулық және дидактикалық материалдармен танысу: олардың мақсаты, мазмұн, ерекшеліктері.

  3. Сыныпты топтарға бөлу. Сынып екі топқа бөлінеді. Әр топ өздерінің басшысын және топтың атауын таңдайды. Мысалы, 1-топ: «жеке кәсіпкер»; 2-топ: «Заңды тұлға».

  4. Тақырыпқа деген қызығушылықты ояту, проблемалық жағдаят тудыру.

Қолайлы психологиялық ахуалдықұру үшін оқушыларды «Досыңды сезін» ойынына шақырады. Оқушылар әр шеңберде тұр. Мұғалім әр оыншыға кезек-кезек оның ішкі сезімін білдіретін іс-қимылдар жасауын сұрайды. Қалған оқушылар олардың көрсеткен қимылдарын қайталап, не сезгенін айтады.Жұптасқан оқушылар сұрақтарды талқылайды, пікір алмасады. Мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдайды, оларды толықтырады. Жеке оқушылардың жауаптарына ауызша түрде пікірін айтады немесе түзетеді. Мұғалім оқушылармен бірге сабақтың тақырыбын нақтылайды. Оқушылар оның мақсат, міндеттерін болжайды.

Сабақтың ортасы- тақырыпты өз бетімен меңгеру (30 минут)


  1. «Сұрақтарға жауап берейік» дағдысы. «Шешен» әдісі бойынша бетпе-бет сауалнама.

Сұрақтар:

  1. Шағын кәсіпкерлік субьектілеріне қандай кәсіпорындар кіреді?

  2. Орта кәсіпкерлік субьектілеріне кімдер кіреді?

  3. Кәсіпкерлердің бизнесмендер санатына өтуіне қандай факторлар әсер етеді?

  4. Кәсіпкерлік қызметтің қандай түрлері бар?

  5. Жеке кәсіпорындар қандай түрлері бар?

  6. Жеке кәсіпкердің құқықтары қандай?

  7. ЖК-нің кемшіліктері қандай?

  8. Қандай жағдайда ЖК өзіне тиесілі мүлікпен міндеттемелері бойынша жауап беруге тиіс?

  9. ЖК қандай әдіспен қарыздарын төлейді?

  10. «Серіктестік» термині нені білдіреді?

  11. Шешім қабылдау үдерістерінің серіктестіктері ерекшеліктері неде?

  12. Толық жауапкершілікті серіктестік дегеніміз не?

  13. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік дегеніміз не?

  14. Акционерлік қоғам дегеніміз не?

  1. Оқушылар бірінен соң бірі сұрақтарға жауап береді, мұғаліммен бірге незізгі идеяларын талқылайды, оны дәптеріне жазады.

  1. «Ойланайық, талқылайық» дағдысы (топтық жұмыс). Мұғалім сұрақ карталарын топ жетекшілеріне таратады және: «Сұрақтарды талқылап, жауап беріңіздер» - дейді.

1-топ: 1. Бизнесмен не себепті өз бизнесін дамыту жіне кеңейту үшін еңбек етуі керек? 2. Өнімдердің жетіспеушілігі неге байланысты туындауы мүмкін? 3. Неліктен кәсіпкерге қосымша қызметкерлерді жалдауға тура келеді?

2-топ: 1. Кәсіпкерлердің қорқынышы қай кезде нақты қауіп-қатерге айналуы мүмкін? 2. Неліктен кәсіпкер үнемі өз өнімдерін алға жылжытып, жарнама жасап отыруы мүмкін? 3. Кәсіпкер бизнесмен болғанда не себепті тауар өндірумен айналысуын тоқтатады? 4. Неліктен фирма құру әрқашан тәуекелмен байланысты?

Топтар кезекпен сұрақтарға жауап береді. Мұғалім олардың ойын дамытуға көмектеседі. Бір идея толығымен қарастырмағанша, әртүрлі сұрақтар қойылады.

  1. «Ой бөлісейік». «Шеңбер бойымен сұрақ қою» стратегиясын пайдаланып, пікір алмасыңыздар/жұптық жұмыс/.

1. Сіз-еркіндік пен жеделдікті жақсы көретін адамсыз. Кәсіпкерлік қызметтің қандай түрін таңдайсыз және неліктен?

2. Электр құралдарын өндіру үшін көп көлемде инвестиция тартуыңыз керек. Кәсіпкерлік қызметтің қандай түрін таңдайсыз және неліктен?

3. Кәсіпкерліктің қандай түрін ашар едіңіз?

4. ЖК, ЖШС, АҚ қызметтеріне екі мысалдан келтіріңіз.

5. ЖК ашудың қажеттілігі неде?

Тапсырма






Кестені толтырыңыз.











Кәсіпкерліктің

Меншік

Табыс

Жауппкершілік

Артықшылықта

Кемшіліктері

түрлері

иесі



ры


Жеке












Серіктестік












Корпорация

















Дескриптор Білім алушы


кәсіпкерліктің түрлері бойынша меншік иесін анықтайды;


  • кәсіпкерліктің түрлері бойынша табыстың бөлінісін анықтайды;


  • кәсіпкерліктің түрлері бойынша жауапкершілікті анықтайды;


  • кәсіпкерліктің түрлері бойынша артықшылықтарын ажыратады;


  • кәсіпкерліктің түрлері бойынша кемшіліктерін ажыратады;



«Жеті шырақ» жаттығуы (жақсы баяу музыкамен орындалады). Ыңғайлы отырып, көзіңізді жұмып, терең демалыңыз. Сізден шамамен бір метр қашықтықта жеті жанып тұрған шырақ бар екенін елестетіп көріңіз... Мүмкіндігінше баяу, терең дем алыңыз. Енді осы шырақтардың біреуін өшіру қажет деп ойлап көріңіз. Деміңізді толығымен шығарып, оның бағытына қарай барынша үрлеңіз. Шырақ жалыны дірілдеп барып өшеді... Сіз қайтадан баяу тыныс алып қалған шырақты біртіндеп үрлеп өшіресіз.

  1. Рефлексивті ринг.

Сөйлемдерді аяқтаңыздар:

Бүгін мен ... білдім. Мен ... үйрендім. Мені ... таңғалдырды. Менде .. жақсы шықты. Маған ... қиын болды. Мен ... жасай алар едім. Енді мен ... түсіндім. Мен ... жасап көремін. Енді мен ... жасай аламын. Менің ... жасағым келеді. Маған ... қызық болды.

Сабақтың соңы. Кері байланыс (5 минут)

Жұмыстарының нәтижесін оқушылар өздері бағалайды.

Ауызша бір-бірін бағалайды.

Үй тапсырмасы

«Төңкере оқыту» талаптарына сәйкес, оқушылар келесі тақырыптағы теориялық материалды үйде өз бетімен оқи алады. Олар мәтіннің соңында берілген сұрақтарға қысқаша жауап береді. Осылайша, келесі сабақтағы жаңа тақырыпты оқушылар өздігінен меңгеру үшін алдын ала үйде дайындалады. Бұл сыныптағы практикалық тапсырмаларға қажетті уақытты үнемдейді.

54-55 беттегі мәтінді оқу.

Рефлекция











Қорытынды бағалау

1. Қандай екі нәрсе табысты болды?




2. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады?(оқытуды да, оқуда да ескеріңіз)?




3. Сабақ туралы пікіріңізді жазыңыз?






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 мамыр
2369
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі