Кәсіпорын - шаруашылық объектісі, экономикалық жүйенің негізгі буыны ретінде

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кәсіпорын - шаруашылық объектісі, экономикалық жүйенің негізгі буыны ретінде

Материал туралы қысқаша түсінік
Кәсіпорын - шаруашылық объектісі, экономикалық жүйенің негізгі буыны ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

М.ТЫНЫШБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР АКАДЕМИЯСЫНЫҢ

ШЫМКЕНТ АLT КӨЛІК КОЛЛЕДЖІ


БЕКІТЕМІН

Колледж әдіскері

Утесинова Г.А________

2024-2025 оқу жылы

Оқу сабақ жоспары №1

Модуль/пән атауы

Кәсіпорында болып жатқан экономикалық процестерді талдау және бағалау

Сабақтың тақырыбы

Кәсіпорын - шаруашылық объектісі, экономикалық жүйенің негізгі буыны ретінде

Педагог

Еркебекова Ж

Курс


Топ







Сабақтың өткізілетін күні







Сабақтың түрі

Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың мақсаты немесе оқыту нәтижелері

Білімділік: Басқарудағы жүйелік тәсілдің негіздері туралы білім білік дағдыларын қалыптастыру

Тәрбиелік: Пәнге қызығушылығын тәрбиелеу және өз бетінше жұмыс істеуге тәрбиелеу

Дамытушылық: Басқарудағы жүйелік тәсілдің негіздері туралы логикалық ойлауын дамыту

Бағалау критерийлері

Тақырыпты меңгеріп, білім қоржындарын кәсіпорын - шаруашылық объектісі, экономикалық жүйенің негізгі буыны ретінде меңгеру.

Оқу - әдістемелік құралдар, әдебиеттер

1. Бекбосынова А. Салық жүйесінің негіздері - Фолиант, 2011.

2. Елшібаев Р.Қ. Кәсіпкерлік, Фолиант, 2014.

Техникалық құралдар, материалдар

Интерактивті тақта, слайдтар, үйлестірмелі карточкалар, оқулықтар және т.б.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері


1.Ұйымдастыру кезеңі:

(5 минут)

Студенттерді аудиторияға кірер алдында әр қадамдарына сұрақ қою арқылы сәлемдесу.

2.Үй тапсырамасын тексеру кезеңі

  1. инут)

Сұрақ алмасу сонымен қатар карточкалар арқылы жауап беру

3. Жаңа материалды түсіндіруге дайындық кезеңі (жаңа тақырыпты болжау) / Практикалық, зертханалық жұмысқа дайындық кезеңі

( 5 минут)

Кез келген кәсіпорын заңды тұлға болып табылады.

Кәсіпорын - шаруашылық коммерциялық қызметті жүргізетін, меншік,шаруашылықты жүргізу немесе мүлікті оперативті басқару құқығында өзміндеттемелері боынша жауап беретін жеке субъект болып саналады.

Кәсіпорын – қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру және табыс табу

мақсатында өнім өндіру (қызмет көрсету) үшін құрылған шаруашылық жүргізуші

субъект.

Экономикалық әдебиеттерде кәсіпорын мен фирма ұқсас ұғым деп айтылады.

Дегенмен, екі түсінік арасында кейбір айырмашылық бар

Кәсіпорын – өнім немесе бұйым өндіру, қызмет көрсету, жұмыстар

атқарумен, өнімдерді өткізумен айналысатын өндірістік бірлік ретінде

түснідіріледі.

Термин «Фирма» (ағылшын сөзі) кәсіпорынның белгілі бір атауы.

Фирма – заңды кәсіпкерлік жеке дара бірлік.

Фирма болып, ірі концерндерді де, сонымен қатар шағын компанияны да

айтуға болады.

Өндірістік кәсіпорынға тән белгілер:

Ұйымдық біртұтастық.

Кәсіпорын құрылтай құжаттарында көрсетілген басқару тәртібі мен өзінің

ішкі құрылымы бар ұйымдастырылған ұжым болып саналады.

Экономикалық біртұтастық – материалдық, қаржылық ресурстардың,

есепке алу мен жұмыс нәтижелері, жоспарлаудың жалпы ортақ болуымен

түсіндіріледі.

Өндірістік-техникалық біртұтастық. Дайын өнім өндіру немесе өндіріс

үрдісінің жалпылығымен түсіндіріледі.

Технологиялық үрдістердің біртұтастығы жағдайында кәсіпорын

технологиялық жағынан біртекті цехтар мен бөлімшелерден тұрады. Бұл

технология, техника, тұтынылатын шикізаттар, өндірісті ұйымдастыру

әдістерінің өзара байланысымен толықтырылады.

Мүліктерінің болуы және жауапкершілік. Кәсіпорынның негізгі және

айналым ресурстарынан тұратын мүліктері бар, оларды сатып алу,

пайдалану өткізу, есептен шығару т.б. жұмыстарды өз бетінше жасай алады.

Кәсіпорын өзінің міндеттемелері бойынша өз бетінше жауап береді.

Оперативті-шаруашылық, экономикалық қызметті өз бетінше жүргізу.

Кәсіпорын әртүрлі келісімшарттар мен операцияларды өзі жүргізеді, пайда

алып, өз бетінше шығынға ұшырайды, пайдасы арқылы тұрақты қаржылық

жағдайын және алдағы уақытта да дамуын қамтамасыз етеді.

Идентификациялық белгілерінің болуы. Кәсіпорын басқа кәсіпорындардан

ерекшеленетін болуы тиіс, осы мақсатта кәсіпорынға атау беріледі,осы

атауы арқылы жеке мүліктік құқықтары мен міндеттемелеріне жауап береді.

Кәсіпорынның қызмет етуі барысындағы негізгі мақсаттары бар:

стратегиялық, яғни ұзақмерзімді кезеңге мақсат қою және ағымдық (1 жылға

дейінгі атқарылатын жұмыстарды жоспарлау)

4.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі (Практикалық, зертханалық жұмысты орындау кезеңі)

(30 минут)

Өндірістік кәсіпорынның негізгі міндеттері

1. Сұранысты жоғары сапалы өнімдермен қамтамасыз ету

2. Қалыпты еңбек шарттарын құру және ынталандыру

Кәсіпорында жұмыскерлерді ынталандыру, оларға қалыпты жағдай жасау арқылы

жоғары нәтижелерге қол жеткізуді білдіреді.

3. Кәсіпорынның ырғақты жұмысына қол жеткізу.

4. Қоршаған ортаны қорғау

5. Кәсіпорын қызмет ететін өңірлерде халықтар үшін жұмыс орындарын құру

Сонымен қатар міндеттеріне салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті

төлемдерді төлеуі қажет.

Кәсіпорынның негізгі қызметтері:

1. Ресурстық

2. Ұйымдастырушылық

3. Өндірістік

4. Қаржылық-экономикалық

5. Кәсіпкерлік

6. Өнімді өткізу

ҚР Азаматтық кодексіне (Қазақстан Республикасының Кодексі 1994 жылғы 27

желтоқсандағы № 268-ХIII) сәйкес, барлық заңды тұлғалар 2-ге бөлінеді:

коммерциялық

коммерциялық емес ұйымдарға

5.Жаңа материалды бекіту кезеңі. (Практикалық, зертханалық жұмысты тапсыру кезеңі)

(20 минут)

Қызмет ету сипаты бойынша өндірістік, өндірістік емес болып бөлінеді.

Дайын өнімнің экономикалық мәні бойынша:

-Өндіріс құралдарын шығаратын; тұтыну заттарын шығаратын (нан, сүт

өңдеу, тігін, парфюмериялық-косметикалық).

Өнімнің қызмет ету сипаты бойынша:

Еңбек құралдарын шығаратын (машина саласы), еңбек заттарын шығаратын

(тоқыма фабрикалары, цемент, кірпіш зауыты, металлургиялық комбинат).

Еңбек затына әсер ету сипаты бойынша – кен өндіру, өңдеуші.

Технология сипаты бойынша – үзікті технологиялық үдерісі (тоқыма, ұн

тартатын, судалық құрылыс); үздіксіз (химия, нан зауыты, мұнайды қайта өңдеу).

Өндіріс типтері бойынша - жаппай (темекі фабрикасы, ұн тарту, көмір

шахтасы), сериялы (станок, темір бетон шығаратын зауыт, кондитерлік), бірлік

(сувенир фабрикасы, тәжірибелік-сынақ өндірісі).

Жаппай өндіріс – біртекті өнімдерді ұзақ уақыт көп мөлшерде шығаруды

білдіреді.

Сериялық өндіріс – өнімнің кең номенклатурасы, оларды үнемі қайталанатын

сериямен шығару.

Жеке өндіріс – өнім номенклатурасы кең, шектелген көлемде шығару

6.Үй тапсырмасы туралы ақпараттандыру кезеңі минут)

(5 минут)

Жаңа тақырып бойынша Эссе жазу

7.Сабақты қорытындылау және рефлексия

(5 минут)

Тақырып бойынша тест сұрақтары:

1. Кәсіпорын қызметінің мақсатына байланысты кәсіпорындардың түрлері:

1) Коммерциялық, коммерциялық емес

2) Өндеу және өндіру

3) Ірі, орта, шағын

4) Қор сыйымдылықты, материал сыйымдылықты, еңбек сыйымдылықты

5) Жаппай және сериялық

2. Қандай кәсіпорындар шағын кәсіпорындар болып табылады?

1) Жұмыскерлер саны 100 адамнан аспауы керек

2) Жұмыскерлер саны 150-200 адам

3) Жұмыскерлер саны 200-300 адам

4) Жұмыскерлер саны 250 –адамнан асатын

5) Жұмыскерлер саны 101-250 адам

3. Қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру және табыс табу мақсатында өнім өндіру

(қызмет көрсету, жұмыс орындау) үшін заңдарда белгіленген тәртіппен заңды тұлға

құқығымен құрылған шаруашылық жүргізуші субъект:

1) Кәсіпкерлік

2) Өндіріс

3) Бизнес

4) Кәсіпорын

5) Кәсіпкерлік бірлестік

4. Кәсіпорынның өз атын, мақсатын, құқын, негізгі қызметін, ережелерін көрсететін негізгіқұжат?

1) Кәсіпорынның жарғысы

2) Кәсіпорынның балансы

3) Кәсіпорынның ұжымдық келісім

4) Кәсіпорынның қаржылық есеп беру құжаттары

5) Еңбек шарты

5. Қай коммерциялық ұйымның жарғылық капиталы құрылтайшылардың үлесіне бөлінеді,жарғылық капиталы 100 АЕК кем болмауы тиіс?

1) Шаруашылық серіктестік

2) Өндірістік кооператив

3) Акционерлік қоғам

4) Корпорация

5) Сенім серіктестігі

Дұрыс жауаптары:

1.1)2. 2)3.4)4. 1)5. 1)



Педагог: ___________________________________























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.05.2025
111
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі